Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 2000 жылғы 20 шілде N 308 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 2 тамыз N 1208 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.

      Валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы Қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Шетел валютасын пайдаланумен байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Сембиев Н.Қ.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 24 сәуірдегі N 130 қаулысымен бекітілген Шетел валютасын пайдаланумен байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

      Келісілген:
      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасы
      Бағалы қағаздар жөніндегі          Ұлттық Банкі Басқармасының
      ұлттық комиссиясы                  2000 жылғы 20 шілдедегі
      Ұлттық комиссияның атқарушы        N 308 қаулысымен
      директоры-мүшесі                   бекітілген
      20 шілде 2000 ж.

Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 2.2-тармақтың:
      бiрiншi азатжолындағы "Валюталық" деген сөздiң орнына "Осы Ереженiң 2.2.-1-тармағында көзделген жағдайларды ескермегенде, валюталық" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Мынадай мазмұндағы 2.2.-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2.2.-1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына көшуiн (ауысуын) көздейтiн капитал қозғалысына байланысты операциялар жасауға лицензия алу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне мынадай құжаттар ұсынады:
      1) өтiнiш;
      2) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерi;
      3) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органы берген зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесi;
      4) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға резидент еместердiң бағалы қағаздарына инвестиция жасауға жазбаша келiсiмi;
      5) кастодиандық шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
      6) лицензия беру туралы өтiнiш бергенге дейiн 10 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақыт бұрын берiлген бюджетке салық және басқа мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң жоқ екендігі жөнiндегi салық органының құжаты. Құжаттар пакетi толық берiлмеген жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өтiнiш берушiден ең соңғы мерзiмдегi бюджетке салық және басқа мiндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екендiгi туралы салық қызметi органының құжатын сұратуға құқылы.".
      3. 2.5-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне осы Ереженiң N 5 қосымшасына сәйкес мәлiметтер беруге мiндеттi.".
      4. 2.7-тармақтағы:
      "Валюталық" деген сөздiң орнына "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға берiлетiн бас лицензиялардан басқа, валюталық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған) лицензияның қолданылуы тоқтатылған не қайтарылып алынған жағдайда бас лицензия өз күшiн жояды.".
      5. Мынадай мазмұндағы 2.10-тармақпен толықтырылсын:
      "2.10. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға резидент еместердiң бағалы қағаздарға инвестициялары бойынша шектеулер (инвестиция көлемi, бағалы қағаздардың түрлерi бойынша және т.б.) қолданылып жүрген заңдарға және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес белгiленедi.".
      6. Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереже N 5 қосымшамен толықтырылсын.

      Төраға

                               Шетел валютасын пайдалануға байланысты
                               қызметті лицензиялау тәртібі туралы
                               ережесіне
                               N 5 қосымша

                               Ұлттық Банкке есеп берілетін кезеңнен
                               кейінгі айдың 10-на дейін тапсырылады

Резидент еместердің бағалы қағаздарға инвестициялары туралы мәліметтер  ________ жылдың _______________ айы

         (бағалы қағаздардың әрқайсысы бойынша толтырылады)

      Ұйымның атауы ________________________________________________
      Пошталық мекен-жайы, телефоны, _______________________________
      Ұйымның (ОКПО) коды __________________________________________

      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы алған лицензияның номері _____________________________________________________________

      Ұлттық Банк алған лицензияның номері _________________________

      Бағалы қағаздың атауы және тіркеу номері _____________________

      Бағалы қағаздың номиналды құны _______________________________

      Эмиссия валютасы _____________________________________________

      Эмитенттің атауы _____________________________________________

     Экономика секторы және эмитенттің елі _________________________

____________________________________________________________________

                                  Саны, дана          көлемі,
                                                      мың АҚШ доллары

____________________________________________________________________

                А                Б           1              2

____________________________________________________________________

Есеп беру кезеңінің басында     10

Қаржы операциялары              20*

Алғашқы эмиссия кезінде сатып   25

алынғаны

өтелгені/сатып алынғаны         30

қайталама рыноктан сатып алу    35

- резиденттерден                40

- резидент еместерден           45

қайталама рынокта сату          50

- резиденттерге                 55

- резидент еместерге            60

Құндық және басқа өзгерістер    70

Есеп беру кезеңінің аяғында     80**        Х

Кіріс                           90

(есептелген проценттер, нақты

алынған дивидендтер)            95          Х  

____________________________________________________________________

---------------------

* 20=25-30+35+50

** 40=10+20+70

Анықтама үшін (орташа алғанда ай сайын):

Басқарудағы зейнетақы активтері, барлығы, мың теңге ________________

Оның ішінде, резидент еместердің бағалы қағаздарына

        рұқсат етілген инвестициялар үшін мың теңге ________________

        резидент еместердің бағалы қағаздарына нақты

        инвестициялаған активтері, мың теңге _______________________

оның ішінде, осы бағалы қағаздарға инвестициялаған активтері,

мың теңге _______________________

Ұйымның басшысы _________________

Бас бухгалтер ___________________

Орындаушы ____________ (аты-жөні, тел.)

Мәліметтер нысанын толтыру бойынша нұсқаулар алу үшін ҚРҰБ Валюталық реттеу және бақылау басқармасына өтініш жасау керек, тел. 504-683.

      Оқығандар:
      Багарова Ж.А.
      Икебаева А.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады