Жоғары кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды жүргізу тәртібі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 18 қазандағы N 1001 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдідет министрлігінде 2000 жылғы 7 қараша N 1278 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 79 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы"  Заңына  сәйкес және Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N 1305 "Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау туралы Ережесiн бекіту туралы"  Қаулысын  орындау үшiн Бұйырамын: 
      1. Қоса берiлiп отырған "Жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзу тәртiбi туралы Нұсқаулық" бекiтiлсiн. 
      2. Жоғары бiлiм департаментi (Ә.Ә. Әбжаппаров): 
      1) осы бұйрықты белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге ұсынсын; 
      2) осы бұйрықты жоғары оқу орындары назарына жеткiзсiн. 
      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi. 
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә.С. Ахметовке жүктелсiн. 

       Министр   

Қазақстан Республикасы     
Бiлiм және ғылым министрлiгiнің
2000 жылғы 18 қазандағы     
N 1001 бұйрығымен бекiтiлген  

Жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында 
мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзу тәртiбi туралы 
Нұсқаулық 
1. Жалпы ережелер 

      1. Жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзу тәртiбi туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы"  Заңына , Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N 1305 "Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау туралы Ережесiн бекiту туралы"  қаулысына  (бұдан әрi - Қаулы) сәйкес әзiрлендi. 
      Нұсқаулық ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарынан тәуелсiз, жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзудiң тәртiбi мен бiрыңғай талаптарын белгiлейдi. 
      2. Мемлекеттiк аттестаттаудың мақсаты - жоғары кәсiптiк бiлiм мамандарын дайындау мазмұнының, деңгейiнiң және сапасының жоғары кәсiптiк бiлiмнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттары талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету болып табылады. 
      3. Жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау (бұдан әрi - Аттестаттау) олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарынан тәуелсiз, жоспарлы тәртiппен, бiрыңғай нормативтiк және ұйымдастырушылық-әдiстемелiк негiзде, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) 5 жылда бiр рет жүргiзедi. 
      Жаңадан ашылған жоғары оқу орнының бiрiншi аттестатталуы бiлiм беру қызметiне құқық беретiн лицензияның алынуынан үш жыл өткеннен кейiн және сәйкестi деңгейдегi мамандардың бiрiншi шығарылуы мерзiмiнен кем емес жағдайда жүргiзiледi. 
      4. Бiлiм беру ұйымдарының филиалдары аттестаттауды Жоғары оқу орны құрамында өтедi. Осы нұсқаулықтың 13 және 29 тармақтарына сәйкес ЖОО филиалдарына олардың басты ЖОО-на сияқты талаптар қойылады. ЖОО филиалын оның орналасқан жерiне Аттестаттау комиссиясының мүшелерi барып, тексерiс қорытындыларын басты ЖОО-дағы Аттестаттау комиссиясының қорытынды анықтамасына қосады. 
      5. Қазақстан Республикасының кеңiстiгiнде құрылған және қызмет атқаратын халықаралық және шетел оқу орындары мен олардың филиалдары, егерде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келiсiмдер бойынша басқадай тәртiп белгiленген болмаса, онда Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қойылған тәртiп бойынша аттестатталады. 
      6. Оқу орнының басшылығы "Жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау бағдарламасында" (бұдан әрi - Аттестаттау бағдарламасы) көрсетiлген шынайы анық мәлiметтердiң толық көлемде ұсынылуын қамтамасыз етедi және оны өткiзу жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын iске асырады. 
      7. Жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарын аттестаттау кезiнде келесi жағдайлар белгiленедi: 
      1) бiлiм беру ұйымының сәйкестi деңгейдегi бiлiм бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру және негiзгi мiндеттi бағдарламалардың мазмұнының мiндеттi минимумы бөлiгіндегi бағыттары кезiндегi мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттар талаптарының сақталынуы; бiлiм алушылардың оқу жүктемесiнiң ең көп көлемi; бiлiм беру ұйымдарымен iске асырылатын оқу жоспарларын, бiлiм беру бағдарламаларын сараптау негiзiнде негiзгi мiндеттi бағдарламалардың, оқу үрдiсi кестесiнiң және сабақтар кестесiнiң толық орындалуы; 
      2) бiлiм беру үрдiсiнiң мақсаттары мен мiндеттерiне бiлiм алушылардың медициналық-әлеуметтiк жағдайларының және материалдық-техникалық базаның сәйкестiгi, оқу-әдiстемелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жағдайы, штаттардың жинақталуы, бiлiм беру үрдiсiне қатысушылардың құқықтарының сақталынуы, олардың әлеуметтiк қорғалуы, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарға сәйкестiгi; 
      3) бiлiм саласындағы заңнамамен және нормативтiк құқықтық актiлермен бекiтiлген басқа да талаптардың орындалуы. 

2. Аттестаттауды ұйымдастыру 

      8. Келесi оқу жылында жоспарлы аттестаттауды өткiзу кестесi Министрлiкпен оқу жылының маусым айында бекiтiледi. Аттестаттауды өткiзу жөнiндегi тапсырыстар оқу орындарымен кестенi құру басталмай тұрып бiр ай бұрын берiледi. Аттестаттауды өткiзу кестесi жоғары кәсiптiк бiлiм ұйымдарына 3 ай бұрын жеткiзiледi. 
      9. Жоғары оқу орнын аттестаттау алдында ЖОО-ның өзiн-өзi аттестаттауы болады. 
      Өзiн-өзi аттестаттаудың төмендегiдей тәртiбi ұсынылады: 
      1) ЖОО-ның өзiн-өзi iшiнара аттестациялау комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) ЖОО-ның басшысының бұйрығымен құрылып, уақыты мен жұмыс мерзiмi анықталады; 
      2) Комиссия құрамы ЖОО-ның Ғылыми кеңесiмен белгiленiп, оның басшысының бұйрығымен бекiтiледi. Комиссия құрамына Ғылыми кеңес мүшелерi, құрылымдық буындардың жетекшiлерi, тәжiрибелi оқытушылар және мемлекеттiк орган, бiлiм мекемелерi, меншiктiң кез-келген нысанындағы негiздi өндiрiстердiң өкiлдерi кiруi мүмкiн. Комиссия жұмысына оқу орындарында басқарушы қызмет атқаратындардан тағайындалған төраға жетекшілік жасайды. 
      3) Комиссия өз жұмысында Аттестаттау бағдарламасын басшылыққа алады; 
      4) бұл жұмыста факультеттердiң, кафедралардың және оларға бекiтiлген мамандықтардың өзiн-өзi аттестаттауы жүргiзiледi. Факультеттердiң, кафедралардың және оларға бекiтiлген мамандықтардың өзiн-өзi аттестаттауы материалдарының негiзiнде Комиссия жоғары оқу орнының аталған құрылымдық буындарының, сондай-ақ мамандықтарының аттестатталғаны (аттестатталмағаны) туралы шешiм қабылдайды; 
      5) барлық факультеттердi, кафедраларды, мамандықтарды аттестаттау қорытындысы бойынша жалпы жоғары оқу орнын өзiн-өзi аттестаттау туралы анықтама дайындалады; 
      6) Комиссияның жұмыс нәтижелерi қорытындылары жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесiнде талқыланып, оның қызметiне баға берiледi және соның негiзiнде тиiстi шешiм қабылданады. 
      10. Жоғары оқу орнының Ережесiне сәйкес, алдын-ала талдау және Аттестация кезiнде пайдалану үшiн, Аттестаттау бағдарламасы бойынша өткiзiлген өзiн-өзi аттестаттау материалдарын, Аттестаттау кестесiне енгiзiлген мерзiм бойынша бiр айдан кешiктiрiлмей, Аттестаттау басталғанша Министрлiкке ұсынылады. 
      11. Аттестаттау комиссиясы Аттестация басталмай тұрып 10 күн бұрын бiлiм саласындағы орталық атқару органы бұйрығыменен құрылады және бекiтiледi. Аттестаттау комиссиясының жұмысын Министрлiктiң қызметкерi басқарады және ол өзiн-өзi аттестаттау материалдарымен танысып, сәйкестi бағасын бередi (талдайды). 
      12. Қаулыға сәйкес Аттестаттауды өткiзу мерзiмi 10 күннен артық болмауы керек. Кейбiр жағдайларда бiлiм саласындағы орталық атқару органының шешiмi бойынша бұл мерзiмдi 3 күнге ұзартуға болады. Аттестаттау жөнiндегi комиссия жұмысы Аттестаттау бағдарламасына сәйкес жүргiзiледi. Комиссия мүшелерi ұсынылған материалдарды талдайды, iрiктеп бiлiм алушылардың бiлiмiн тексередi, алынған нәтижелердi өзiн-өзi аттестаттау нәтижелерiмен салыстырады. Бөлiмшелердi тексеру қорытындылары бойынша анықтамаларды комиссия мүшелерi дайындайды. Тексеру нәтижелерiмен бөлiмше басшыларын таныстырады, бұл туралы анықтамада сәйкестi жазба жазылады.
      13. Аттестаттау комиссиясына бiлiм беру ұйымы мынадай құжаттарды бередi:
      1) бiлiм беру қызметiне лицензия;
      2) оқу орнының Жарғысы;
      3) әрбiр бөлiмшелер және жалпы оқу орны бойынша өзiндiк 
аттестаттаудың материалдары;
      4) өзiндiк аттестаттауға пайдаланылған бақылау жұмыстарының түрлерi;
      5) жоғары кәсiптiк бiлiмнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi білiм
стандарттары; 
      6) оқу жоспарлары (типтiк және жұмыс) және сабақтар кестесi (оқыту түрлерi бойынша);
      7) барлық оқу жоспарлары бойынша оқу бағдарламалары (типтiк және жұмыс); 
      8) тәжiрибелердiң барлық түрi бойынша бағдарламалар, тәжiрибе
базаларымен келiсiмдер, оқушыларды тәжiрибе базаларына бекiту туралы бұйрық және оқушылардың (бiлiм алушылардың) тәжiрибе өткенi туралы есептерi;
      9) оқу зертханаларының тiзiмi және оларды оқу процесiнде пайдалану туралы хабарлама;
      10) бiлiм алушылардың өзiндiк жұмысын ұйымдастыру туралы әдiстемелiк әзiрлемелерi;
      11) кiтап қоры туралы анықтама және оны толықтыру динамикасы;
      12) бiлiм алушыларды қабылдау, ауыстыру, орнына келтiру және шығару туралы бұйрықтар;
      13) қабылдау тәртiбi, абитуриенттердiң бiлiм деңгейiн бақылау түрлерi, қабылдау комиссиясының кейiнгi 5 жылдағы есебi;
      14) бiлiм алушылардың аралық сынақтар тапсырулары туралы
қорытындылары, оқу жоспарына сабақтар бойынша емтихан билеттерi
(тестер);
      15) кейiнгi 3 жылдағы бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткiзу үшiн құрылған мемлекеттiк аттестаттау комиссия төрағаларын бекіту туралы бұйрықтар және олардың жұмысы туралы есебi; 
      16) оқу бiтiрушiлердiң, кейiнгi үш жылдағы дипломдық тақырыптарын бекiту туралы бұйрықтары, мемлекеттiк емтихан өткiзу туралы емтихандық билеттер, кейiнгi 3 жылғы дипломдық жұмыстар;
      17) оқу бiтiрушiлерге берiлетiн оқу жоспарында көрсетiлген сабақтар тiзбесi қосымша келтiрiлген құжаттың үлгiсi;
      18) оқу бiтiрушiлердiң кейiнгi 3 жылғы еңбекке орналасуы жайлы
мәлiметтер, оқу бiтiрушiлердiң сапасы туралы сын-пiкiрлер;
      19) кейiнгi 5 жылғы статистикалық есебi;
      20) өткен аттестаттаудың кемшiлiктерiн жою туралы есептерi.   

3. Мемлекеттiк аттестаттау кезiнде бiлiм
алушыларды тестiлеуден өткiзу ережелерi

      14. Министрлiктiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттарының ұлттық орталығымен (БТМС ҰО) жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн білiм беру ұйымдарын Аттестаттау кезiнде жоғары және бiтiрушi курстар бiлiм алушыларын тестiлеуден өткiзедi. 
      15. Тестiлеудiң мақсаты - бiлiм алушылардың бiлiм сапасын бағалау, бiлiм деңгейiнiң белгiленген мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм стандарттарына сәйкестiгiн анықтау. 
      16. Аттестатталатын жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушыларды тестiлеудi ұйымдастыру үшiн: 
      1) Аттестация басталуға 1 ай қалғанда БТМС ҰО мамандықтар, тiл бөлiмдерi және курстық тұрғыдан, осы оқу жылының күндiзгi оқыту нысаны бойынша студенттер құрамы туралы мәлiметтерiн ұсынады; 
      2) тестiлеудi өткiзу үшін БТМС ҰО қызметкерлерiн техникалық құралдармен (жеке компьютер, принтер және т.б.) және аудиториялармен қамтамасыз етедi; 
      3) маркерлiк сканермен қамтамасыз ету мүмкiндiгiн iздестiредi. Егерде ЖОО-да маркерлiк сканер болмаса, онда оны Аттестаттау комиссиясы қамтамасыз етуi керек. 
      17. Тестiлеу келесi негiзде жүргiзiледi: 
      Тестiк тапсырманы құрау мұнда есеп жағдайы және барлық қажеттi мәлiметтер тұжырымдалады; жауаптарда сан немесе әрiп түрiндегi шешудiң нәтижелерi бiрнеше вариант болуы мүмкiн, оның бiреуi ғана дұрыс болады. 
      Тестiк тапсырмалардың мәлiметтер базасын жасау - тестiк тапсырманың электрондық жорамал түрiнде кестеде көрсетiле отырып, бiр-бiрiмен байланыстағы кестелер түрiндегi тестiк тапсырмалар жиынтығы. 
      Сұрақтар кiтапшасын басып шығару, қағазға түсiрiлген тестiленетiн әр бiлiм алушыға емтихан кезiнде берiлетiн тестер жинағы. 
      Жауап парағын ресiмдеу - компьютерде өңдеу үшiн машина тiлiне ақпаратты аударатын арнайы автоматты есептеу құрылғысы (маркерлiк сканер) арқылы өтетiн тестiленушiнiң өзi туралы мәлiметтерi мен жауаптарды жазуға арналған бiлім алушыны тестiлеу кiру және шығу құжаты. 
      18. Жоғары курс бiлiм алушыларын тестiлеу кезiнде әлеуметтiк-iзгiлендiру, жаратылыстану-ғылыми, жалпы кәсiптiк және арнайы пәндер тiзбелерiнен шығатын, тестiлеуге арналған пәндер тiзбесi мамандықтың оқу-әдiстемелiк бiрлестiгiмен (ОӘБ) анықталынады. 
      Бiтiрушi курстар бiлiм алушыларын тестiлеу кезiнде пәндер тiзбесi жалпы кәсiптiк және арнайы пәндер циклымен анықталынады. 
      19. Бiлiм алушыларды тестiлеудi өткiзуге арналған пәндер саны 3-тен 8-ге дейiн болуы керек. 
      Тестiлеудi өткiзу кезiндегi тестiк тапсырмалардың жалпы саны - 120. 
      Тестiлеу кезiнде бiр тестiк тапсырмаға жауап беру үшiн 15 минут уақыт бөлiнедi. 
      20. Тестiлеу нәтижелерi мамандықтар бойынша емтихан ведомостары және "Жоғары және бiтiрушi курстар бiлiм алушыларын тестiлеу нәтижелерi" интеграциялық құжаты түрiнде берiледi. 

4. Тестiлеудi өткiзу технологиясы 

      21. Аттестаттау комиссиясының төрағасы (төрайымы) аттестатталатын бiлiм беру ұйымының басшысымен бiрлесе отырып, аттестация басталуға 5 күн қалған кезде бiлiм алушыларды тестілеудi өткiзудiң кестесiн келiстiредi. Білiм алушылардың бiлiмiн тестiк бақылауды өткiзуге Аттестаттау комиссиясының төрағасы (төрайымы) және БТМС ҰО өкiлi жауапты. Бiлiм алушыларды нақты тестiлеудi БТМС ҰО өкiлi iске асырады. 
      22. Аттестатталатын бiлiм беру ұйымына келгеннен кейiн БТМС ҰО өкiлі: 
      1) Аттестаттау комиссиясының төрағасына (төрайымына) БТМС ҰО емтихан материалдарын сақтауға беруi керек; 
      2) бiлiм алушыларды тестiлеу аудиторлық қорының дайындығын тексеруi керек;
      3) бiлiм алушыларды тестiлеу нәтижелерiн өңдеу үшiн техникалық
құралдарды дайындауы керек;
      4) аттестатталатын бiлiм беру ұйымының қызметкерлерi арасынан
аудитория бойынша кезекшiлер тiзiмiн бекiтуi керек;
      5) кезекшiлердi аудиториялар бойынша бөлiп, олармен нұсқаулық өткiзуi керек;
      6) аудитория бойынша кезекшiге тестiленетiн бiлiм алушылардың тiзiмiн беруi керек.
      23. Бiлiм алушыларды тестiлеудi өткiзу кезiнде аудитория бойынша кезекші:
      1) бiлiм алушылардың санын тiзiм бойынша тексеруi керек;
      2) бiлiм алушылардың аудиторияға орналасуын бақылауы керек;
      3) жауап парағын толтыру, сұрақтар кiтапшасымен жұмыс iстеу
ережелерiн түсiндiруi керек.
      24. Емтихандық материалдар пакетiн емтихан болатын күнi бiлiм беру ұйымының басшысы мен Аттестаттау комиссиясының төрағасының (төрайымының) қатысуымен БТМС ҰО өкiлi ашады. Емтиханда әр бiлiм алушы емтихандық материалдар жинағын алады. 
      25. Тестiлеу бiткеннен кейiн БТМС ҰО өкiлi Аттестаттау комиссиясы төрағасының (төрайымының) қатысуымен емтихандық материалдарды жинап алады. Білiм алушылардың тiзiмiне сәйкес тестiлеуге қатысқандардың және келмегендердiң нақты саны белгiленедi. 
      Емтихандық материалдар, пайдаланылмаған және бүлдiрiлген жауаптар парақтары конвертке салынады, мөрленедi және Аттестаттау комиссиясының төрағасына (төрайымына) берiледi. 
      26. Жауаптар парақтарын санау маркерлiк сканердiң көмегімен жасалады. Бiлiм алушыларды тестiлеудiң нәтижелерiн өңдеу арнайы бағдарламалық кешенмен iске асырылады:
      1) мамандықтар бойынша студенттердi тестiлеу жиынтығының емтихан ведомосы;
      2) "Жоғары және бiтiрушi курстар бiлiм алушыларын тестiлеу нәтижелерi" интеграциялық құжаты берiледi.
      27. Бiлiм алушыларды тестiлеудiң нәтижелерiн талдауды Аттестаттау комиссиясы iске асырады.
      28. Бiлiм алушыларды тестiлеудiң нәтижелерi туралы ақпарат мамандықтар бойынша рейтингті беру және одан әрi мониторинг жүргізу үшiн БТМС ҰО жеке есептеу желiсiнiң мәлiметтер базасына енгiзiледi.

5. Қорытынды ережелер

      29. Аттестаттау комиссиясының төрағасы (төрайымы) жеке бөлiмшелердi тексеру нәтижелерiн талдап қорытады және қорытынды анықтаманы (ЖОО-ны мемлекеттiк аттестаттау қорытындылары туралы Аттестаттау комиссиясының түйiндемесi) дайындайды. Ол мынадай бөлiмдерден тұрады:
      1) ЖОО-ның жалпы сипаттамасы;
      2) мамандар әлеуетi (кадрлық әлеуетi);
      3) оқу-әдiстемелiк жұмысы;
      4) ғылыми-зерттеу жұмысы;
      5) материалдық және әлеуметтiк негiзi (қоры);
      6) халықаралық әрiптестiк;
      7) мамандықты аттестаттау;
      8) кемшiлiктер мен ескертулер;
      9) ұйғарымдар мен ұсыныстар.
      ЖОО-ның мемлекеттiк аттестаттау қорытындылары туралы Аттестаттау комиссиясының түйiндемесiне қосымшалар:
      1) ЖОО қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi (1 қосымша);
      2) ЖОО құрылымы (2 қосымша);
      3) ЖОО ректоратының құрамы (3 қосымша);
      4) оқыту нысанына қарай студенттер құрамы (саны) туралы мәлiмет (4 қосымша);
      5) оқытушы-профессорлар құрамының (ОПҚ) саны мен сапасы 
(5 қосымша) жөнiндегi құжаттар қоса берiледi. 
      Комиссия қорытындыларымен оқу орнының басшысы танысады. Қорытынды анықтамаға комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қояды. 
      Аттестатталатын ЖОО-ның Ғылыми кеңесiнiң отырысында аттестаттау комиссиясының төрағасы (төрайымы) қорытынды анықтамамен сөз сөйлеп, ЖОО-ны Министрлiк тарапынан аттестаттау (немесе аттестаттамау) туралы қолдауын сұрайды. 
      30. Аттестаттау комиссияның түйiндемесi жоғары оқу орнының аттестатталуы немесе аттестатталмауы туралы Аттестация жүргiзетiн басқару органына шешiм қабылдауға және бұйрық шығаруға негiз болып табылады. Аттестаттау туралы оң шешiм жоғары оқу орнының бiлiм беру қызметi құқығын растады. Аттестаттау туралы терiс шешiм бiлiм беру қызметiнiң лицензиясын уақытша тоқтатуға негiз болады. 
      31. Аттестаттау комиссияның алқалы шешiмi түпкiлiктi болып табылады және бiлiм беру ұйымдарының мемлекеттiк басқару органдары қайта қарай алмайды. Аттестаттау комиссияның шешiмi белгiленген заңнамалық тәртiпте бiлiм беру ұйымдарының арыздануы бойынша қаралуы мүмкiн.
      32. Аттестатталатын бiлiм беру ұйымдарының шағым арыздарын қарастыру жөнiндегi Республикалық аттестаттау комиссиясы аттестатталатын бiлiм беру ұйымдарының шағым арыздарын қарауға өкiлеттi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады