Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 1999 жылғы 22 маусымдағы N 315 және Қазақстан Республикасының Инвестнциялар жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 22 маусымдағы N 1 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2000 жылғы 18 қазандағы N 448 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 18 қазандағы N 0-1/170 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 қарашада N 1286 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 18 қаңтардағы N 12 және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы N 11 Бірлескен бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.01.18 N 12 және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2010.01.19 N 11 Бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардағы жазылу жүргiзiлетiн бонустардың мөлшерлерiн белгiлеудiң тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 22 маусымдағы N 315 және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 22 маусымдағы N 1 бұйрығын V990827_ "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 96-1-бабына сәйкес келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардағы жазылу жүргiзiлетiн бонустардың мөлшерлерiн белгілеудiң тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 22 маусымдағы N 315 және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 22 маусымдағы N 1 V990827_ бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      атауында және 1-тармақта:
      "жазылу жүргiзiлетiн бонустардың мөлшерлерiн" деген сөздер "жазылу жүргiзiлетiн бонустың мөлшерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жер қойнауын пайдалануға" деген сөздерден кейiн "(барлау, бiрлескен барлау және өңдеу жүргiзуге, сондай-ақ көп кездесетiн пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiруге)" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардағы жазылу жүргiзiлетiн бонустардың мөлшерлерiн белгiлеудiң тәртiбi туралы ережелерде:
      атауында және 1-тармақта:
      "жазылу жүргiзiлетiн бонустардың мөлшерлерiн" деген сөздер "жазылу жүргiзiлетiн бонустың мөлшерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жер қойнауын пайдалануға" деген сөздерден кейiн "(барлау, бiрлескен барлау және өңдеу жүргiзуге, сондай-ақ көп кездесетiн пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiруге)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Жарлығының" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      "бастапқы мөлшердi" деген сөздер "бастапқы мөлшердi ескере отырып, бiрақ одан төмен емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "және" деген сөзден кейiн "учаскесiн (блогын) жер қойнауын пайдалану үшiн берiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      4.1-тармақ мынадай мазмұндағы б) тармақшасымен толықтырылсын:
      "б) жер асты суларына арналған келiсiм-шарттар үшiн жазылу бонусының ең аз мөлшерi 200 (екi жүз) АҚШ долларынан төмен болмауы тиiс.";
      4.2-тармақта:
      а) тармақшасының алтыншы абзацындағы "күтiлiп отырған, болжанып отырған қорлардың және С2 санаты қорларының" деген сөздер "санаттар бойынша күтiлiп отырған (болжанып отырған) жиынтық қорлардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы б) тармақшасымен толықтырылсын:
      "б) жер асты суларына арналған келiсiм-шарттар үшiн жазылу бонусының ең аз мөлшерi 400 (төрт жүз) АҚШ долларынан төмен болмауы тиiс.";
      4.3-тармақта:
      а) тармақшасында:
      бiрiншi абзацтағы "мен көп кездесетiн пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiм-шарттар" деген сөздер "көп кездесетiн пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiм-шарттарды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылып "тау-кен келiсiм-шарттары" деген сөздердiң алдынан жазылсын;
      төртiншi абзацтағы "қолданылатын проценттiк мағына 0,01%-тен төмен емес" деген сөздер "ең аз мөлшерi 0,01%-тi құрайтын проценттiк мағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ә) тармақшасының төртiншi абзацындағы "қолданылатын проценттiк мағына 0,02%-тен төмен емес" деген сөздер "ең аз мөлшерi 0,02%-тi құрайтын проценттiк мағына" деген сөздермен ауыстырылсын; 4.4-тармақтағы "Техногендiк пайда болуларды" деген сөздердiң алдынан "Жер асты суларын өндiруге және" деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Осы Ережелерге сәйкес есептелген жазылу жүргiзiлетiн бонустың мөлшерi келiссөздер барысында қайта қаралуы мүмкін, бірақ белгіленген бастапқы мөлшерден төмен болмауы тиіс.". 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнің Төрағасы Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева А.Ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады