Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға (барлау, бiрлескен барлау және өңдеу жүргiзуге, сондай-ақ көп кездесетiн пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiруге) арналған келісім-шарттардағы жазылу жүргiзiлетiн бонустың мөлшерiн белгілеудің тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы<*> Ескерту: Бұйрықтың атауы өзгертілді - ҚР Қаржы министрлiгi мен Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнің 2000 жылғы 18 қазандағы N 448, N 0-1/170 бірлескен бұйртарымен. ~V001286

Күшін жойған

Бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 1999 жылғы 22 маусым N 315, Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі агенттігі 1999 жылғы 22 маусым N 1. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 18 қаңтардағы N 12 және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы N 11 Бірлескен бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.01.18 N 12 және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2010.01.19 N 11 Бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Z952235_ Жарлығының 96-1-бабына сәйкес, бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға (барлау, бiрлескен барлау және өңдеу жүргiзуге, сондай-ақ көп кездесетiн пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiруге) арналған келісім-шарттардағы жазылу жүргiзiлетiн бонустың мөлшерiн белгілеудің тәртібі туралы ережелер бекітілсін. Ескерту: Бұйрықтың атауы өзгертілді - ҚР Қаржы министрлiгi мен Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнің 2000 жылғы 18 қазандағы N 448, N 0-1/170 бірлескен бұйртарымен. V001286_ 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші Инвестициялар жөніндегі вице-министрі агенттігінің төрағасы Қосымша Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Инвестициялар жөніндегі агенттігі 1999 жылғы 22 маусым N 315 1999 жылғы 22 маусым N 1 бұйрығымен бекітілген бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын (барлау, бiрлескен барлау және өңдеу жүргiзуге, сондай-ақ көп кездесетiн пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiруге) пайдалануға арналған келісім-шарттардағы жазылу жүргiзiлетiн бонустың мөлшерiн белгілеудің тәртібі туралы ережелер Ескерту: Атауы өзгертілді - ҚР Қаржы министрлiгi мен Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнің 2000 жылғы 18 қазандағы N 448, N 0-1/170 бірлескен бұйртарымен. V001286_ 1. Осы Ережелер жер қойнауын (барлау, бiрлескен барлау және өңдеу жүргiзуге, сондай-ақ көп кездесетiн пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiруге) арналған келісім-шарттардағы жазылу жүргiзiлетiн бонустың мөлшерiн айқындаудың тәртібін белгілейді. Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлiгi мен Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнің 2000 жылғы 18 қазандағы N 448, N 0-1/170 бірлескен бұйртарымен. V001286_ 2.Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының Z952235_ 96-1-бабына сәйкес жазылу жүргізілетін бонустардың бастапқы (алғашқы) мөлшерлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Құзыретті орган белгілейді не ол тендер өткізу ережелері бойынша белгіленеді.
      Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлiгi мен
               Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнің
               2000 жылғы 18 қазандағы N 448, N 0-1/170
               бірлескен бұйртарымен. V001286_
 
      3. Жазылу жүргізілетін бонустың түпкілікті мөлшері бастапқы мөлшердi ескере отырып, бiрақ одан төмен емес, экономикалық құндылықты және учаскесiн (блогын) жер қойнауын пайдалану үшiн берiлетiн кен орнының экономикалық құндылығына тікелей немесе жанама әсер ететін басқа да факторларды (таулы-геологиялық, климаттық, инфрақұрылымның даму, лицензиялық қорлардың мөлшерлерін) ескере отырып, Салық сараптамасынан өткізген кезде жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздер шеңберінде Келісімшартта белгіленеді.
      Ескерту: 3-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Қаржы министрлiгi мен
               Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнің
               2000 жылғы 18 қазандағы N 448, N 0-1/170
               бірлескен бұйртарымен. V001286_
 
      4. Жазылу жүргізілетін бонустардың мөлшерлерін белгілеу үшін Келісімшарттың түріне қарай мынадай әдіс қолданылады: 4.1. Барлауға арналған келісімшарттар үшін: а) тау-кен келісімшарттары үшін жазылу бонусының ең аз мөлшері 1000 (бір мың) АҚШ долларын құрайды; ә) мұнай, мұнайгаз және газ келісімшарттары үшін жазылу бонусының ең аз мөлшері 5000 (бес мың) АҚШ долларын құрайды; б) жер асты суларына арналған келiсiм-шарттар үшiн жазылу бонусының ең аз мөлшерi 200 (екi жүз) АҚШ долларынан төмен болмауы тиiс. Ескерту: 4.1-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлiгi мен Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнің 2000 жылғы 18 қазандағы N 448, N 0-1/170 бірлескен бұйртарымен. V001286_ 4.2. Барлауға және өндіруге арналған бірлескен келісімшарттар үшін: а) тау-кен келісімшарттары үшін: - егер қорлар Лицензияда белгіленбеген болса, жазылу бонусының ең аз мөлшері 1500 (бір мың бес жүз) АҚШ долларын құрайды; - егер қорлар Лицензияда белгіленген болса, онда: (С х 0,005%) + (Сп х 0,001%), мұнда: С - лицензиялық қызмет кезеңінде түсетін қорлардың құны, Сп -санаттар бойынша күтiлiп отырған (болжанып отырған) жиынтық қорлардың құны. Бұл ретте, жазылу бонусының ең аз мөлшері 1500 (бір мың бес жүз) АҚШ долларынан төмен болмауы керек. ә) мұнай, мұнайгаз және газ келісімшарттары үшін:
      - егер қорлар Лицензияда белгіленбеген болса, жазылу бонусының ең аз мөлшері 1500 (бір мың бес жүз) АҚШ долларын құрайды; - егер қорлар Лицензияда белгіленген болса, онда: (С х 0,01%) + (Сп х 0,002%), мұнда: С - лицензиялық қызмет кезеңінде түсетін қорлардың құны, Сп - күтіліп отырған, болжанып отырған қорлардың және С2 санаты қорларының құны. Бұл ретте, жазылу бонусының ең аз мөлшері 7500 (жеті мың бес жүз) АҚШ долларынан төмен болмауы керек. б) жер асты суларына арналған келiсiм-шарттар үшiн жазылу бонусының ең аз мөлшерi 400 (төрт жүз) АҚШ долларынан төмен болмауы тиiс. Ескерту: 4.2-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Қаржы министрлiгi мен Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнің 2000 жылғы 18 қазандағы N 448, N 0-1/170 бірлескен бұйртарымен. V001286_ 4.3. Өндіруге арналған келісімшарттар үшін: а) көп кездесетiн пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiм-шарттарды қоспағанда, тау-кен келісімшарттары үшін: С х К, мұнда: С - лицензиялық қызмет кезеңінде түсетін қорлардың құны, К - ең аз мөлшерi 0,01%-тi құрайтын проценттiк мағына. Жазылу бонусының ең аз мөлшері 1500 (бір мың бес жүз) АҚШ долларынан төмен болмауы керек. ә) Мұнай, мұнайгаз және газ келісімшарттары үшін: С х К, мұнда: С - лицензиялық қызмет кезеңінде түсетін қорлардың құны, К - ең аз мөлшерi 0,02%-тi құрайтын проценттiк мағына. Жазылу бонусының ең аз мөлшері 7500 (жеті мың бес жүз) АҚШ долларынан төмен болмауы керек. Ескерту: 4.3-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Қаржы министрлiгi мен Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнің 2000 жылғы 18 қазандағы N 448, N 0-1/170 бірлескен бұйртарымен. V001286_
      4.4. Жер асты суларын өндiруге және техногендік пайда болуларды ұқсатуға арналған келісімшарттар үшін жазылу жүргізілетін бонус 1000 (бір мың) АҚШ долларынан кем емес мөлшерде белгіленеді. Ескерту: 4.4-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлiгi мен Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнің 2000 жылғы 18 қазандағы N 448, N 0-1/170 бірлескен бұйртарымен. V001286_ 5. Осы Ережелерге сәйкес есептелген жазылу жүргiзiлетiн бонустың мөлшерi келiссөздер барысында қайта қаралуы мүмкін, бірақ белгіленген бастапқы мөлшерден төмен болмауы тиіс. Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлiгi мен Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнің 2000 жылғы 18 қазандағы N 448, N 0-1/170 бірлескен бұйртарымен. V001286_ 6. Үкіметтің немесе Құзыретті органның шешімдері негізінде жазылу жүргізілетін бонустардың өзге де бастапқы мөлшерлері белгіленуі мүмкін. Оқығандар: Умбетова А.М. Нарбаев Е.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады