Қазақстан Республикасы Қаржы министрі мен Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі төрағасы бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы № 12 және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 11 Бірлескен Бұйрығы.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-баптың 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға (барлау, бірлескен барлау және өңдеу жүргізуге, сондай-ақ көп кездесетін пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруге) арналған келісім-шарттардағы жазылу жүргізілетін бонустың мөлшерін белгілеудің тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, 1999 жылғы 22 маусымдағы № 315 мен Қазақстан, Республикасы Инвестициялар жөніндегі агенттігі Төрағасының 1999 жылғы 22 маусымдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 2 шілдеде № 827 болып тіркелген);
      2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 22 маусымдағы № 315 және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 22 маусымдағы № 1 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 18 қазандағы № 448, Инвестициялар жөніндегі агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 18 қазандағы № 0-1/170 бірлескен бұйрықтарының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 қарашада № 1286 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты мемлекеттік органдарының басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік органдардың басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                     Энергетика және минералдық
      ______________ Б. ЖӘМІШЕВ          ресурстар министрі
                                         _______________ С. МЫҢБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады