Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктер туралы" ереже туралы" 1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстi бекiту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы 2000 жылғы 13 қазан N 393. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 қараша N 1295 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкi басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 380 (V032589) қаулысымен.

      Кредиттiк серiктестiктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктер туралы" ереже туралы" 1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 қаулысымен  бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiс бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктер туралы" ереже туралы" 1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 қаулысымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiстi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге және кредиттiк серiктестiктерге жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 13 қазандағы
N 393 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
"Кредиттiк серiктестiктер туралы" ереже туралы"
1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 қаулысымен бекiтiлген
Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгерiс

      - 6-тармақтың екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ жарғылық капиталының елу проценттен астамы мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар мемлекеттiң уәкiлеттiк берiлген органының келiсiмi болғанда ғана ауылдық кредиттiк серiктестiктердiң қатысушысы бола алады."

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады