------------Бұйрықтан үзінді------------------
"Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 14 наурыздағы N 56-ө Өкімінің 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 2000 жылғы 28 қыркүйек N 224 және Қазақстан Республикасының Сатистика агенттігі төрағасының 2000 жылғы 29 қыркүйек N 84 "ҚҰЖЖ кодтарын иемдену мәселесі жөнінде статистика органдары мен әділет органдарының өзара іс-қимылы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1299 нөмірімен тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2...
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігіТіркелім Статистика агенттігінің
қызметі комитетінің
Төрағасы Төрайымы
---------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекеттік жалпы жіктеуішін жүзеге асыру туралы" 2000 жылғы 26 маусымдағы N 1130 P001130_ қаулысына сәйкес Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне (бұдан әрі - Тіркелім) және филиалдар мен өкілдіктердің тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) ҚҰЖЖ коды енгізілді.
Тіркелімге және Тізілімге, сондай-ақ деректердің бірыңғай электрондық банкіне ҚҰЖЖ кодын енгізуді қамтамсыз ету үшін әділет органдары статистика органдарымен бірлесіп мынадай иемдену тәртібін жүзеге асырады:
1. Әділет органдары тіркеу сәтінен бастап 10 күн ішінде тіркелген, қайта тіркелген және таратылған (Тіркелімнен, Тізілімнен шығарылған) заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы статистика органдарын жазбаша түрде хабардар етеді.
2. Статистика органдары әділет органдарының хабарларын алғаннан кейін 10 күн ішінде жазбаша түрде тіркеу органын ҚҰЖЖ кодтарын иемдену туралы хабардар етеді.
3. Осы бұйрықтың кешіктірілмей орындалуы туралы аумақтық әділет және статистика органдарының назарына жеткізілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің бірінші орынбасары Ю.К. Шоқамановқа және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметті комитеті төрағасының орынбасары Е.Ә. Сапаровқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының
Статистика жөніндегі Әділет министрлігінің
агенттігінің Тіркеу қызметі комитетінің
Төрағасы Төрағасы