Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 қараша N 1300 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.01.31 № 31 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Қазақстан Республикасы нотариустарының нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539 V980564 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Нұсқаулықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулық";
      2) 2-тармақтың 15) тармақшасы алынып тасталсын;
      3) 9-тармақтағы "нотариаттық кеңсесі" деген сөздерден кейін "немесе жеке қызметпен айналысатын, нотариус кеңсесі" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Нотариус куәландыратын мәмілелерге, өтініштерге және басқа құжаттарға нотариустың қатысуымен қатысушылардың қолдары ғана қойылмай, олардың өз қолымен жазған аты-жөндері де жазылады.";
      5) 24-тармақтағы "нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың" деген сөздерден кейін ", бұл туралы құжаттың өзіндегі мәтінде және нотариус тексерген, куәландырған жазбасында белгі жасауды" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 38-тармақтағы "суреттегі тұлға мен азаматтың бір екендігі салыстырып расталғанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      7) 39-тармақта:
      екінші абзацында "Тізілімдер" деген сөзден кейін ", олардағы нотариаттық іс-әрекеттерді тіркегенге дейін" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші абзац алынып тасталсын;
      8) 42-тармақтағы "нотариат кеңсесінің" деген сөздерді "нотариус" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) 43-тармақта:
      1) тармақшадағы "олардың" деген сөз "филиалдардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) тармақша алынып тасталсын;
      10) 45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "45. Нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға уәкілетті басқа да адамдар жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің құпиялылығын сақтауға міндетті.
      Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен құжаттар олардың өндірісіндегі істер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының жазбаша талабы бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ олардың қызметін тексеруді және бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті әділет органдары мен нотариаттық палаталарға беріледі.
      Көрсетілген сұрау салулар жазбаша нысанда жасалуға және барлық қажетті деректемелерді (сұрау салушы органның атауы, сұрау салудың күні мен нөмірі, қозғалған немесе өндірістегі қылмыстық немесе азаматтық істер жөніндегі мәліметтер, сұрау салушы лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты, телефоны, лауазымның атауы мен қолы басылады) қамтуға тиісті.
      Сұрау салынушы органның қажетті деректемелерін қамтитын нотариаттық іс-әрекеттер туралы жазбаша талап бланкіде ұсынылмаған жағдайда, сұрау салу мөр таңбасымен бекітіледі.".
      11) мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
      "45-1. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариаттық куәландырылған, сондай-ақ нотариат берген құжаттардың көшірмелері тек қана олардың атынан немесе тапсырмасы бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жасалған, оларға не олардың уәкілетті адамдарына қатысты осы іс-әрекеттер жасалған заңды және жеке тұлғаларға беріледі.
      Уәкілеттік берілген адамдар деп заңмен белгіленген тәртіпте көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды алуға арнайы уәкілеттік адамдар деп танылады.
      Нотариус куәландырған немесе берген құжаттар жоғалған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың жазбаша арыздары бойынша олардың атынан немесе тапсырмасы бойынша осы нотариаттық іс-әрекет жасалған, не олардың уәкілетті адамдарының жоғалған құжаттардың дубликаттары беріледі.
      Құжат дубликаты куәландырылған немесе берілген құжаттың барлық мәтінін, нотариустың куәландырылған жазбасымен қоса қамтуы тиіс.
      Құжаттың дубликатында белгіленген нысан бойынша куәландыру жазбасы жазылады.
      Егер, нотариус дубликатты сенімді тұлғаға сенімхат негізінде берген жағдайда, куәландырылған жазбада дубликат алушы адамның тегі, аты және әкесінің аты жазылады.";
      12) 59-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Нотариустың қызметі тоқтатылған не мемлекеттік нотариаттық кеңсе таратылған жағдайда нотариаттық куәландырылған немесе берілген құжаттарға жоғарыда көрсетілген түзетулерді құжаттар сақтауға берілген нотариус, нотариатқа палата енгізеді.";
      13) 60-тармақта:
      1) тармақша мынандай редакцияда жазылсын:
      "1) рента шарты";
      7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) заңды мұрагерлердің олардың және мұраға әуестік кезектілігі мен олардың үлестерінің мөлшері туралы келісімі;
      8) алиментті төлеу туралы келісімі";
      14) 65-тармақтағы "куәландырылуы мүмкін" деген сөздер"куәландырылады" деген сөзбен ауыстырылсын.
      15) 66-тармақ алынып тасталынсын;
      16) 67-тармақтың бірінші, екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шартты бұзу мәмілелері тіркеуші органда тіркелген жағдайда шартқа қосып келісім құру жолымен рәсімделеді. Мұндайда нотариус тиісті келісімді куәландырады және оны белгіленген тәртіп бойынша тіркейді.
      Тиісті органда тіркеуден өтпеген шарт тараптардың бірлескен өтініштері негізінде шарттың барлық даналары мен тізілімдері жазбаша өтініш жолымен бұзылады. Мұндайда құқықтарын белгілейтін құжаттар мүлік иесіне қайтарылады.
      Шартты бұзу тәртібіне қарамастан нотариус тараптардағы ерлі-зайыптылар келісімін талап етуге міндетті.";
      17) 68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "68. Соттың заң күшіне енген шешіміне сәйкес мәміле жарамсыз деп танылса, нотариус бұл туралы нотариустың іс-қағаздарына сақталынған тізілімге және мәміле данасына жазба жасауға міндетті.";
      18) 69-тармақтағы:
      "не тараптардың келісімі бойынша бұзылған жағдайда" деген сөздер алынып тасталынсын.
      19) 73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "73. Ерлі-зайыптылардың біреуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөніндегі мәміле жасасқан кезде, егер неке шартымен мүліктің өзге тәртібі белгіленбеген болса, екіншісінің келісімі керек болады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені және белгіленген тәртіппен нотариаттық куәландыруды және (немесе) тіркеуді талап ететін мәмілені жасасу үшін ерлі-зайыптылардың екіншісінің нотариаттық куәландырылған келісімін не иеліктен айыруға жататын мүлік иесінің некеде тұрмайтыны туралы арызды талап ету қажет.";
      20) 74-тармақта:
      "қолының түпнұсқалығын куәландыру" деген сөздерден кейін "нотариатпен" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Ерлі-зайыптылардың некелік қарым-қатынастарын нотариус неке туралы куәлік бойынша тексереді, бұл туралы арызда белгі жасайды және куәліктің нөмірін және берілген күнін, құжатты берген органның атауын көрсетеді.";
      21) 76-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Сондай-ақ егер ортақ үлесті меншіктің басқа қатысушылары жылжымайтын мүлік орналасқан жерде тұрмаса және олардың мекен-жайы белгісіз болған жағдайда, иеліктен айыру шарты куәландырылуы мүмкін. Оны растайтын анықтама бюросының (адрес столының) тиісті құжаты ұсынылуға тиіс.";
      22) 84-тармақтағы "иеліктен алынатын мүлікке" деген сөздер "Тыйым салудың (қамауға алудың) әліпбилік есеп кітабы бойынша және" деген сөздермен толықтырылсын;
      23) 93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "93. Нотариус өмір бойы асырау шартын мынадай талаптар сақталынған жағдайда куәландырады:
      1) сатылу бағасының есебінен рента төлеуші тұрғын үй, тамақ пен киімі, күтім мен қажетті көмек қажеттіліктерін қамтамасыз ету түріндегі өмір бойы асырауды жүзеге асыруға міндеттенеді. Сондай-ақ рента төлеушінің жол-жораға қызметінің ақысы да қарастырылуы мүмкін;
      2) асыраудың жалпы көлемінің құны шартта белгіленуі тиіс, мұндайда бір айдағы асыраудың жалпы көлемі заңнама кесімдері белгіленген жалақының екі айлық көлемінен кем болмауы керек.";
      24) 94-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      "94. Өмір бойы асырау шартының мәтінінде барлық көрсетілген шарттар анық баяндалуы керек. Сонымен бірге асыраудағы мерзімді төлемдерді ақша түрімен төлеуді заттай алмастыру ұсынысы шартпен қарастырылуы мүмкін.";
      25) 96-тармақтағы "нотариаттық органның мүлікке тыйым салудың (қамаудың) жоқтығы туралы анықтамасын талап етеді" деген сөздер "Құқықтық кадастрдың тіркеу бетінен үзінді көшірме бойынша тыйым салу жоқ екендігі фактісін белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) мынадай мазмұндағы 96-1 тармақпен толықтырылсын:
      "96-1. Нотариус мүлікті сыйға тарту шартын куәландыру кезінде ҚР ҚК-нің 509-бабына сәйкес осы нотариаттық іс-әрекетті жасаудан бас тарту үшін негіздердің бар-жоғын тексереді. Бұл жөнінде нотариус шарт мәтініне тиісті жазу жазылады.";
      27) 97-тармақтағы "қажет жағдайда жұбайдың келісімін" деген сөздер "сондай-ақ жұбайдың келісімін не иеліктен алынатын мүліктің меншік иесінің некеде тұрмайтыны туралы арызды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      28) 137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "137. Өсиет өсиетті қалдырушының өз қолымен жазылуға не оны құрастырудың орны, күні мен уақыты көрсетіле отырып өсиет қалдырушының өз қолы қойылуға тиіс.
      Нотариус өсиет қалдырушының сөзінен өсиетті жазып алған және оған қолы қойылған кезде өсиетке қол қоятын куәгерде қатысуға тиіс.
      Өсиет қалдырушының сөзінен өсиетті жазып алған кезде нотариус жалпыға ортақ техникалық құралдарды (жазу машинкасын, дербес компьютерін және т.б.) пайдалануы мүмкін.
      29) мынадай мазмұндағы 137-1-тармақпен толықтырылсын:
      137-1. Өсиет қалдырушының тілегі бойынша нотариус оның мазмұнымен таныспай-ақ құпия өсиетті куәландыруы мүмкін.
      Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупі ескеріліп, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуға және қолы қойылуға, екі куәнің және нотариустың қатысуымен куәлар өз қолдарын қоятын конвертке желімденіп салынуға тиіс.
      Куәлар қол қойған конверт куәлардың және нотариустың қатысуымен, нотариус куәландырып қол қоятын басқа конвертке салынып желімденеді, оған нотариус куәландыру жазбасын жазады.
      Нотариус конверт құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауды қабылдау кезінде қолданатын ережелерге сәйкес нотариуста сақталуы мүмкін.
      Құпия өсиетті куәландырғанда нотариус ҚР АК-нің 1050-бабында көрсетілген өсиет нысанына қойылатын талаптарды өсиет қалдырушыға түсіндіруге міндетті.";
      30) мынадай мазмұндағы 137-2-тармақпен толықтырылсын:
      "137-2. Өсиет қалдырушының сөзінен нотариус жазып алған өсиетті өсиет қалдырушы өсиетке қол қойылғанға дейін нотариустың қатысуымен және куәлардың қатысуымен толық оқуға тиіс.
      Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті жеке өзі оқи алмайтын жағдайда болса, ол үшін оның мәтінін нотариустың қатысуымен куә жария етеді, бұл туралы өсиет қалдырушының жеке өсиетті оқи алмауының себебі көрсетілген куәландырған жазбаға дейінгі өсиет мәтініне тиісті жазу жазылады.
      Егер өсиет куәнің қатысумен жасалса, өсиеттің мәтіні мен тізілімде куәнің тегі, аты, туған жылы мен жері, сондай-ақ тұрақты мекен-жайы көрсетілуге тиіс. Өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да нақ осындай мәліметтер қосылуға тиіс.
      ҚР АК-нің 1050-бабының 4-тармағында көзделген адамдар куәлер бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының өсиетке орнына қол қоя алмайды.";
      31) 138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "138. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өз қолымен қол қоя алмайтындай жағдайда болса, оның өтініші бойынша нотариустың өсиет қалдырушының және куәгердің қатысуымен өсиетке басқа адамның қолы қойылады. Бұл ретте өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебі көрсетіле отырып, өсиет мәтінінде және куәландыру жазбасында тиісінше жазу жазылады.";
      32) мынадай мазмұндағы 139-1-тармақпен толықтырылсын:
      "139-1. Егер көрсетілген өсиеттегі мұрагер мұра ашылғанға дейін қайтыс болатын, оны қабылдамайтын не одан бас тартатын немесе лайықсыз мұрагер ретінде мұрадан шеттетілетін жағдайда, сондай-ақ мұрагердің мұра қалдырушының құқықтық шарттарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда өсиет қалдырушының басқа мұрагерді тағайындауы мүмкін.";
      33) 141-тармақтағы:
      "заң бойынша жасы кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз мұрагерлердің құқығы бар" деген сөздер "заң бойынша жасы кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз мұрагерлердің құқықтары туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бірақ бұл ереже тек ақша салымға (салымдарға) өсиет жасау кезінде қолданылмайды" деген сөздер алынып тасталсын;
      34) 143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "143. Өсиет қалдырушы мұрагердің мінез-құлқының сипатына қатысты, олар қайтыс болған жағдайда олармен мұраға қалдырылған мүлікке билік ету бостандығын шектейтін талаптан басқа, мұраны алуды белгілі бір талаптармен шарт қоюға құқылы.
      Мұрагерді тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкімге енгізілген құқыққа қарсы талаптар жарамсыз.
      Нотариус өсиеттік бас тартуды, міндеттерді жүктеуді, мұрагерді қосымша тағайындауды, өсиет орындаушыны тағайындауды қамтитын талаптардың өсиетке енгізілуі мүмкіндігін өсиет қалдырушыға түсіндіреді.";
      35) 144-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өсиеттің мәтініне өсиетті орындаушыны тағайындау туралы шарттың қосылуы мүмкін. Өсиетті орындаудың мұрагер болып табылмайтын адамға жүктелуі мүмкін. Бұл жағдайда осы адамның өз қолымен жазылған өсиеттің өзінде, не өтінішке қоса берілген өтінішінде білдірілген келісімі қажет.";
      36) 146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "146. Өсиеттің:
      1) Өзі бұрын жасаған өсиеттен (толық немесе ішінара) бас тарту туралы нотариусқа арыз беру;
      2) жаңа өсиет жасау жолымен күшінің жойылуы мүмкін.
      Өсиеттің:
      1) өзі бұрын жасаған өсиеттің белгілі бір бөлігін өзгерту туралы өз қолымен жазған арызды нотариусқа беру;
      2) бұрын жасалған өсиеттің бір бөлігін өзгертетін жаңа өсиет жасау жолымен өзгертілуі мүмкін.
      Өкіл арқылы өсиеттің күшін жоюға немесе өзгертуге жол берілмейді. Өсиеттің күшін жою немесе өзгерту туралы арыздағы қолдың түпнұсқалығы нотариаттық куәландырылуға тиіс.
      Нотариус өсиеттің күшін жою немесе өзгерту туралы хабарлама алған жағдайда, сондай-ақ бұрын жасалған өсиеттің күшін жоятын немесе өзгертетін жаңа өсиет алған кезде нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімде, әліпбилік кітапта, істерде сақталатын өсиет данасында, мүмкіндігіне қарай - өсиет қалдырушыдағы өсиет данасына бұл жөнінде жазба жасайды, ол алынады (күші жойылған жағдайда) және арызбен бірге (егер арыз берумен өсиеттің күші жойылса немесе өзгертілсе) істердің сақталатын данасында тігіледі.
      Өсиеттің күшін жою немесе өзгерту туралы хабарлама нотариаттық куәландырылуға тиіс ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабы).";
      37) 148-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Өкіл тікелей өзіне қатысты, бір мезгілде өзі өкіл болып табылатын басқа адамға қатысты сенімхат бойынша іс-әрекеттер жасай алмайды.".
      38) 149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "149. Сенімхат мәтінінде оның жасалған (қол қойылған) жері мен күні, сенім білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты мен туған жері, тұратын жері (заңды тұлғалар үшін - заңды тұлға органының толық атауы мен орналасқан жері) және сенім білдірілген адамның тегі, аты, әкесінің аты мен тұратын жері, ал қажет болған жағдайларда атқаратын қызметі де көрсетілуге тиіс.";
      39) 150-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Өкілдің сыйға тартуды жасауға сыйғатартылушы аталмаған және сыйға тартылған заты көрсетілмеген сенімхаты жарамсыз.";
      40) мынадай мазмұндағы 151-1 тармақпен толықтырылсын:
      "151-1. Сенімхат заңды тұлғаның талабы бойынша оның атынан нотариаттық куәландырылуы мүмкін. Бұл жағдайда сенімхатқа қол қойған лауазымды адамның өкілеттігі тексерілуге тиіс.
      Мемлекеттік органның, коммерциялық немесе коммерциялық емес органның атынан ақшаны және басқа да мүліктік құндылықтарды алуға немесе беруге сенімхатқа осы ұйымның бас (аға) бухгалтерінің қолы қойылуға тиіс.";
      41) 152-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхат негізінде одан әрі қайта сенім білдіруге жол берілмейді.";
      42) 154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бас тарту туралы сенім білдірушінің (ұсынылушының) арызы нотариаттық куәландырылуға тиіс. Бұл ретте сенім білдіруші сенім білдірушіге және сенім білдірушіге мәлім үшінші тұлғаларға, сенімхат берілген өкілдікке, сондай-ақ сенімхатты куәландырған нотариусқа сенімхаттан бас тартылғаны туралы хабарлауға міндетті."
      43) 155-тармақтағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Құрылтайшылық Шарт пен шаруашылық серіктестік Жарғысына құрылтайшының(ларының) атынан сенім хат бойынша іс-әрекет жасайтын оның құрылтайшысының(ларының) мен өкілінің(дерінің) қолдары қойылады";
      44) 157-тармақта "сақтаушыға" деген сөз "мұраны сенімгерлікпен басқарушыға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      45) 158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "158. Нотариус мұра ашылған жер бойынша, бір немесе бірнеше заңды мұрагерлердің өтініші бойынша, сондай-ақ егер заң бойынша мұрагерлер жоқ немесе белгісіз болса, жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындайды.
      Мұраны сенімгерлікпен басқарушының тағайындалуымен немесе оның таңдалуымен келіспейтін мұрагер заң бойынша оның тағайындалуын сотта даулауға құқылы.
      Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, сенімгерлікпен басқарушының оған қажетті шығыстардың орны толтырыла және мұраның есебінен қисынды сыйақы төлене отырып, олардың талабы бойынша кері шақырылып алынуы мүмкін.";
      46) 159-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер мұрагерлердің арасында тұратын жері нотариусқа белгісіз адамдар бар болса, нотариус олардың тұратын жерін анықтауға (мұрагерлерден, олардың көршілерінен сұрастыруға, адрестік бюродан және т.б. мәліметтерді сұратуға) қисынды шаралар қабылдауға міндетті.";
      47) 163-тармақтың 10) тармақшасындағы "қажет жағдайларды" деген сөздер алынып тасталсын;
      48) 164-тармақта "мұралық мүлікті сатушыны", "сақтаушының", "сақтаушы", деген сөздер "сенімгерлік басқарушыны", "сенімгерлік басқарушының", "сенімгерлік басқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылысын:
      "Сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау туралы нотариус қаулы шығарады.
      Қаулыда:
      1) қаулының шығарылған күні, уақыты мен жері;
      2) қаулыны шығарған нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, оның лицензиясының нөмірі не мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы;
      3) тағайындалатын мұраны сенімгерлікпен басқарушының тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен жері, оның тұрғылықты жері, төлқұжаттық деректері;
      4) мұра қалдырушының тегі, аты мен әкесінің аты, сонда-ақ қайтыс болған күні, соған қатысты қорғау шараларын қабылдау қажет болатын мүліктің атауы мен тұрған жері көрсетіле отырып, мұралық мүлікті қорғауға қабылданған шаралар туралы тапсырманың мазмұны;
      5) мұраны сенімгерлікпен басқарушының өкілеттігін түсіндіру жөніндегі жазба;
      6) мөрінің бедерлемесі қоса берілген нотариустың қолы болуға тиіс."; 
      49) 165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мұралық мүлік сақтауға берілген сенімгерлікпен басқарушы мұралық мүлікті ысырап еткені, иеліктен айырғаны немесе жасырып қалғаны үшін және мұрагерлерге келтірілген шығындар үшін жауапкершілігі жөнінде тілхат алына отырып ескертіледі. Тілхат мұралық мүлік тізімдемесі актісінде баяндалуы немесе жеке құжат түрінде болуы мүмкін.";
      50) 166-168 тармақтар алынып тасталсын;
      51) 171-тармақтағы "сақтаушының" деген сөз "сенімгерлікпен басқарушының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      52) 176-тармақтағы "мұрагерлік құқық бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      53) 177-тармақта:
      "мұрагерлердің" деген сөз алынып тасталсын;
      "сақтаушыға" деген сөз "сенімгерлік басқарушыға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      54) 179-тармақтағы "сақтаушы" деген сөз "сенімгерлік басқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      55) 180-182 тармақтар алынып тасталсын;
      56)  183-тармақтағы "қажет жағдайда қаржы (салық) органына немесе прокурорға" деген сөздер алынып тасталсын;
      57) 184-тармақтың бірінші абзацындағы "береді" деген сөз "мұрагердің өтініші бойынша беруге міндетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      58) 185-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "185. Мұраға құқық туралы куәлік мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін беріледі.
      Өсиет бойынша, сондай-ақ заң бойынша мұра қалдырылған кезде, егер нотариуста куәлік алуға өтініш етушілердің арасында тиісті мүлікке не бүкіл мұраға қатысты басқа мұрагерлердің жоқ екендігі туралы сенімді деректері болса, куәліктің мерзім біткенге дейін берілуі мүмкін.
      Мұраға құқық туралы куәлікті берудің бұрын белгіленген мерзімдерінің әрбір нақты жағдайында нотариус басқа мұрагерлердің жоқтығын растайтын құжаттар тізбесін өз бетімен белгілейді.";
      59) 186-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "186. Мұраны қабылдаудан бас тарту туралы арызды нотариус мұраның ашылған орны бойынша, ол өзінің мұраға қатыстылығы жөнінде білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап алты айдың ішінде қабылдайды. Дәлелді себептер болған кезде бұл мерзімнің сотпен, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
      Нотариус мұрагердің арызын мұраны қабылдаудан бас тарту құқығынан айырылған жағдайда, ҚР АК-нің 1074-бабының 4-тармағымен көзделген, сондай-ақ қамқоршылық пен қорғаншылықта тұрған адамдардың мұрада бас тартуы кезінде қамқоршылық пен қорғаншылық органдары алдын-ала рұқсат бермеген жағдайларда қабылдамайды. ("Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабы)
      Мұраны қабылдаудан бас тарту, өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлерден басқа, өсиет бойынша немесе заң бойынша кез келген кезектегі мұрагерлердің арасынан басқа адамдардың пайдасына жасалуы мүмкін.
      Егер мұрагер өсиет бойынша, заң бойынша да мұраны қабылдауға шақырылатын болса, оның осы негіздер немесе негіздердің екеуі бойынша да мұрадан, сондай-ақ, мұраның қалған бөлігінің мұраға қабылдануына қарамастан, өсім құқығы бойынша өзіне тиесілі мұрадан бас тартуға құқылы.
      Арызды қабылдау кезінде нотариус мұрагерлерге мұраны қабылдаудан бас тарту туралы іс-әрекеттердің тұрлаулылығын түсіндіреді бұл туралы арызда тиісінше жазба жазылады.";
      60) 188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "188. Мемлекеттің атынан өсиет бойынша мұраны беру жөніндегі өтінішті мұраның ашылған жері бойынша тиісінше түрде ресімделген сенімхаты бар салық органы береді.";
      61) 189-тармақтағы "мұраны қабылдағаны" деген сөздер алынып тасталсын;
      62) 192-195 тармақтар алынып тасталсын;
      63) 196-тармақта:
      "мұра" деген сөзден кейін "өсиет бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      "(қаржы)" деген сөз "(салық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      64) 197-тармақтың 3) тармақшасындағы "мұраны қабылдау туралы арыз берушілердің" деген сөздер "мұрагерлердің мұра қалдырушылармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      65) 198-тармақтағы "сонымен қатар азаматтың қайтыс болғандығы жөніндегі хабарлама туралы заңды күшіне енген сот шешімі" деген сөздер алынып тасталсын;
      66) 201-тармақтың  3), 5) тармақтары алынып тасталсын;
      67) 202-тармақта:
      бірінші абзацтағы "расталады" деген сөздің алдында "қажетті жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзацындағы "төлқұжат" деген сөз "куәлік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      68) 203-тармақ "Бұл келісім жазбаша нысанда мұраға құқық туралы куәлік берілгенге дейін мәлім етілуге тиіс" деген сөздермен толықтырылсын;
      69) 204-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тіркеуге жатпайтын мүлік міндетті нотариаттық сақтандыруды қажет етпейді.";
      70) 211-тармақ алынып тасталсын;
      71) 213-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
      72) 214-тармақ алынып тасталсын;
      73) 215-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мұраға құқық туралы куәлікті беру кезінде нотариус басқа мемлекеттік кеңселерден және жеке нотариустардан да мұраның ашылған жері бойынша мұрагерлік істің жоқтығы туралы ақпараттық анықтаманы талап етеді.
      Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлікті беру кезінде, өсиет басқа нотариуспен куәландырылған жағдайда, нотариус өсиеттің өзгертілмегені және күшінің жойылмағаны туралы мәліметтерді өсиеттің сақталу орнынан талап етеді. Көрсетілген мәліметтер өсиеттің өзінде күні қойыла отырып баяндалуға және құзыретті адамның қолымен және мөрімен бекітілуге тиіс.";
      74) 219-тармақтың екінші абзацындағы "мұраға" деген сөздің алдынан "Өсиет бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      75) 222-тармақтағы "мұраны қабылдау туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
      76) 225-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;
      77) 232-тармақ алынып тасталсын;
      78) 241-тармақтағы "әділет мекемесіне" деген сөздер "тіркеу органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      79) 242-тармақтағы "әділет мекемесіне" деген сөздер "органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      80) 246-тармақтағы "келмеген" деген сөзден кейін "және заңдық мәні болған" деген сөздермен толықтырылсын;
      81) 257-тармақтағы "мәміле мәнінің мазмұндамасы болып табылмайтын" деген сөздер алынып тасталсын;
      82) 258, 259-тармақтар алынып тасталсын;
      83) 263-тармақтағы "Аталған құжаттың түпнұсқалылығы, егер құжат шетел мемлекетінің сотына немесе өзге мекемесіне ұсынуға арналған жағдайларда куәландырылуы мүмкін" деген сөйлем алынып тасталсын;
      84) 266-тармақта:
      екінші абзацтағы "аудармашының да, құжатты аударуға берген адамның да" деген сөздер "осы Нұсқаулықтың 14-тармағының талаптарына сәйкес, және аудармашының өкілеттігін тексереді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Аудармашының өкілеттігі оның біліктілігін растайтын (білімі туралы диплом, аудармашы қызметіне қабылданғаны туралы бұйрық және т.б.) құжат бойынша тексеріледі.";
      85) 268-тармақтың бірінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Нотариус бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын және онда қойылған қолдардың түпнұсқалығын, заңның, соның ішінде осы Нұсқаулықтың 249-255, 257, 262-тармақтарының қағидалары бойынша талаптарға сәйкес келетінін куәландырады.
      Газет басылымдарының, кітаптардың, мақалалардың, монографиялардың, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңға тәуелді актілерінің аудармаларымен нотариаттық әрекеттер жасау авторлық құқықтар сақтала отырып және заңмен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      Құжатты шет тілден орыс тіліне аударудың дұрыстығын куәландыру кезінде аударма жеке парақта жасалады және түпнұсқа құжатпен бірге (тууы туралы, неке туралы куәліктерден, төлқұжаттардан, сондай-ақ әр түрлі куәліктерден, кредиттік карточкалардан, автокөлік құралдарына жүргізушілік құқықтары мен техникалық төлқұжаттарынан басқа) осы Нұсқаулықтың 37-тармағында көзделген тәртіппен тігіледі.";
      86) 289-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "289. Депозитке ақша қабылдау кезінде нотариус борышкердің жеке басын анықтайды және оған ҚР нотариустарының депозиттік операциялар есебінің тәртібі туралы Нұсқаулық қағидаларына сәйкес ақша жарнасы жөніндегі түбіртекті береді.
      Борышкердің өтініші бойынша ақша жарнасы жөніндегі жазудың берешекті белгілейтін құжатта жазылуы мүмкін.";
      87) 291-тармақ алынып тасталсын;
      88) 292-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "292. Жарнаның түскендігі жөнінде нотариус несиелерге (депонентке) хабарлайды. Депоненттің арызы бойынша депозиттен ақша беруді жүргізеді.
      Депоненттің жеке басын анықтау туралы жазуды оның жеке басын куәландыратын құжат деректемелерін көрсете отырып, нотариус арызда жазады, сондай-ақ депозиттік ақшаны алуға оның құқығын растайтын құжаттың (мұраға құқық туралы куәлік, сенімхат және б.) атауы көрсетіледі.
      Ақша заңды тұлғаларға төлемдік тапсырмалармен олардың шоттарына аударылады.".
      89) 295-тармақтық бірінші абзацы алынып тасталсын;
      90) 296-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Ақшаны қайтару туралы жеке және заңды тұлғалардың талаптары осы Нұсқаулықтың 23-тармағының талаптарына сәйкес жазбаша білдірілуге тиіс.";
      91) 17-тарау алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрық ол заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
        Әділет министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады