Бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау жөніндегі кейбір шарлар туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директораты 2000 жылғы 12 қазан N 678. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 28 қарашада N 1310 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 117 қаулысымен.

       --------------Қаулыдан үзінді-------------

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
жөніндегі агенттігі басқармасының
2005 жылғы 26 наурыздағы   
N 117 қаулысына Қосымша    

Қазақстан Республикасының күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы Директоратының "Бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың заңмен қорғалатын мүдделерiн және құқықтарын қорғау жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" 2000 жылғы 12-қазандағы N 678 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1310 тiркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында 2000 жылы жарияланған, N 12)...

------------------------------------

      Бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы"  Z970077_  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңы (бұдан әрi "Заң" деп аталады) 10-бабының алтыншы азатжолын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755  U973755_  жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағының 17) тармақшасын орындау үшiн, Заңның 34-бабы 9-тармағының, аталған Ереженiң 4-тармағы 23) тармақшасының және 5-тармағы 11) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 шiлдедегі N 944  P960944_  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу туралы ереженiң 41-тармағы в) тармақшасының негізiнде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Тiркеушiнiң (ол Заңның 2-бабында айқындалған) ол қызмет көрсететiн эмитенттердiң мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссияларының жай-күйiне бақылау жасауды осы эмитенттердiң Ұлттық комиссияға бағалы қағаздарын шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептер беру мерзiмдерiн дербес есептеу арқылы: 
      1) эмитенттердiң Заңның 24-бабы 1-тармағында белгiленген мiндетiне; 
      2) эмитенттердiң бағалы қағаздардың эмиссиясына қатысты ұсынған құжаттарына (бағалы қағаздардың эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктерге, бағалы қағаздар эмиссияларының проспектiлерiне/шығарылым шарттарына, Ұлттық комиссияның бағалы қағаздардың эмиссияларына ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру туралы хаттарына (куәлiктерiне) және өзге де ықтимал құжаттарға) сүйене отырып жүзеге асыруға мiндеттi белгіленсiн. 
      2. Тiркеушiнiң ол қызмет көрсететiн эмитенттерге Ұлттық комиссияға бағалы қағаздарын шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептер берудiң қажеттiлiгi туралы жазбаша ескертпе жiберуге мiндеттi екендiгі белгiленсiн. Аталған жазбаша ескертпе: 
      1) эмитентке Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұлттық комиссияға бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептi берудiң соңғы күнi басталғанға дейiн кемiнде жиырма күнтiзбелiк күннен бұрын кешiктiрмей жiберiлуi керек; 
      2) жазбаша ескертпенiң мазмұнында эмитенттiң тiркеушiге Ұлттық комиссияға бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептi бергендігін растайтын құжаттарды ұсынудың қажеттiлiгі туралы жазба болуы керек; 
      3) жазбаша ескертпенің мазмұнында тiркеушi эмитенттен Ұлттық комиссияға бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептi бергендiгін растайтын қүжаттарды алмаған жағдайда, тiркеушiнiң осы Қаулының 3-тармағында белгiленген әрекеттердi қолданатындығы туралы жазба болуы керек. Аталған жазбаны енгiзудiң орнына жазбаша ескертпеге тиiстi сiлтеме енгiзе отырып жазбаша ескертпеге қосымша ретiнде осы Қаулының көшiрмесiн эмитентке жiберуге жол берiледi. 
      3. Тiркеушi эмитенттен Ұлттық комиссияға бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептi бергендiгiн растайтын құжаттарды алмаған жағдайда, тiркеушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұлттық комиссияға аталған есептi берудiң соңғы күнiнен кейiнгi күнi: 
      1) соттың заңды күшiне енген шешiмiн орындау жөнiндегi; 
      үзiндi-көшiрмелерге осы бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргiзудi тоқтата тұру туралы жазбаны мiндеттi түрде енгізе отырып бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзiндi-көшiрмелер беру жөнiндегі операцияларды қоспағанда: 
      эмитентпен осы бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргізуге жасасқан шартты (бұдан әрi "Шарт" деп аталады) қолдануды бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар (оның iшiнде бағалы қағаздарды эмитенттiң эмиссиялық шотынан бағалы қағаздар ұстаушылардың дербес шотына аудару жөнiндегі операциялар) жүргiзу бөлiгiнде тоқтата тұруға; 
      2) эмитенттi; 
      тiркеушiнiң бас кеңсесiнде және филиалдарында осы бағалы қағаздарды ұстаушылар үшiн қолайлы орындарда тиiстi хабарландырулар орналастыру арқылы осы бағалы қағаздарды ұстаушыларды; 
      бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушыларына жеке хабарлар жiберу арқылы (оларға өздерiне тиесiлi бағалы қағаздарын нақтылы ұстауға берген тұлғаларды олардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргiзудi тоқтата тұру туралы жазбаша ескерту мiндетiн жүктей отырып) бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушыларын; 
      өздерiнiң трансфер-агенттерiн (оларға олардың трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асыруға қатысатын бөлiмшелерiнiң үй-жайларында тиiстi хабарламалар орналастыру мiндетiн жүктей отырып): 
      бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргізу бөлігінде Шартты қолдануды тоқтата тұру туралы жазбаша ескертуге; 
      3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргiзу бөлігінде Шартты қолдануды тоқтата тұру туралы және тiркеушiнiң қолданған әрекеттерi туралы Ұлттық комиссияға хабарлауға мiндеттi екендігі белгiленсiн. 
      4. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргізу бөлiгiнде Шартты қолдануды тоқтата тұрудың осы бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушының олармен осы нақтылы ұстаушының клиенттерiнiң арасында, сондай-ақ нақтылы ұстаушының және оның клиенттерiнiң арасында операциялар жүргiзудi тоқтата тұруға әкеп соғатындығы белгiленсiн. Бұл ретте нақтылы ұстаушы тиiстi клиенттердi бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргізу бөлiгiнде Шартты қолдануды тоқтата тұру туралы, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың эмиссиясын Ұлттық комиссия Заңның 21-бабы 1-тармағының төртiншi азатжолына және 24-бабының 5-тармағына сәйкес болмаған деп тану мүмкiн екендігі туралы жазбаша ескертуi керек. 
      5. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар (оның iшiнде бағалы қағаздарды эмитенттiң эмиссиялық шотынан бағалы қағаздар ұстаушылардың дербес шотына аудару жөнiндегi операциялар) жүргізу бөлiгiнде Шартты қолдануды жаңартуды эмитенттiң бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептi Ұлттық комиссияға бергендігін растайтын құжаттардың негiзiнде тiркеушiнiң жүзеге асыратындығы белгiленсiн. Бұл ретте тiркеушi Шартты қолдануды жаңарту туралы эмитенттi, осы бағалы қағаздардың ұстаушыларын (оның iшiнде осы бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушыларын), өздерiнiң трансфер-агенттерiн және Ұлттық комиссияны осы Қаулының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген тәртiпте жазбаша ескерту керек. 
      6. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндігі белгiленсiн. 
      7. Тiркеушiлер осы Қаулы күшiне енгiзiлгеннен бастап алпыс күн iшiнде өздерiнiң бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргізу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерiне оларды осы Қаулымен белгіленген нормаларға сәйкес келтiру мақсатында өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге мiндеттелсiн. 
      8. Тiркеушiлерге осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) олар қызмет көрсететiн эмитенттердiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндет жүктелсiн. 
      9. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқарммасы: 
      1) осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және "Қазақстан Тiзiлiм ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң мүшелерi болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткiзсiн; 
      2) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алуға ниет бiлдiрген ұйымдардың назарына жеткiзсiн.
      10. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының корпоративтiк қаржылар басқармасына және Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсiн.     

       Ұлттық комиссияның Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады