Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасы 2000 жылғы 30 қазан N 401 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 1 желтоқсан N 1315 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 106 қаулысымен

      Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы  N 106  қаулысымен.
________________________________________________

      Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi жөнiндегi ұсынымдарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400  V991010_  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен кейін он төрт күн өткен соң күшіне енгізілсін. 
      2. Уәкiлеттi ұйымдар әдiлет органынан мемлекеттiк тiркелуге рұқсат алу үшiн және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратына келiп түскен жарғыларға енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтыруларды алдын ала келiсу үшiн ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енгiзiлгенге дейiн бұрынғы белгiленген тәртiпке сәйкес қаралады деп белгiленсiн. 
      3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және облыстық филиалдарына жiберсiн. 
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды уәкiлеттi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдарға жiберсiн. 
      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болсын. 
      6. Уәкiлеттi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдар осы қаулы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар күшiне енгiзiлген күннен бастап 3 айдың iшiнде өздерiнiң айырбастау пункттерiнiң үй-жайларын және жабдықтарын жаңадан белгiленген талаптарға сәйкес келтiрсiн. 
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн. 

    Ұлттық Банк

      Төрағасы

                                              Қазақстан Республикасының

                                               Ұлттық Банкi Басқармасының

                                                 2000 жылғы 30 қазандағы

                                                    N 401 қаулысымен

                                                       бекiтiлген

 
         Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен 
        айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 
                    өзгерiстер мен толықтырулар 

 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiндегi 1999 жылғы 24 желтоқсандағы мемлекеттiк тiркеу N 1010  V991010_  , мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1. Мәтiн бойынша "нотариалды куәландырылған" деген сөздер "нотариат растаған" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      2. 1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4) пошта байланысының уәкiлеттi ұйымдары - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде құрылған және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы бар пошта байланысының ұйымдары;". 
      3. 11-тармақтағы "ашылған" деген сөз "ашылатын" деген сөзбен ауыстырылсын 
      4. 14-тармақтың 1) тармақшасындағы "кадр бөлiмi мен ұйым басшысы куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесi қоса" деген сөздер алынып тасталсын. 
      5. 17-тармақтағы "бес жұмыс күнi" деген сөздер "отыз күнтiзбелiк күн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      6. 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "18. Уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң, пошта байланысы уәкiлеттi ұйымының айырбастау пунктiн ашуға берiлген тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген көшелердiң атаулары, үйлердiң номерлерi және т.б. өзгерген кезде Ұлттық Банктiң филиалы айырбастау пунктiн қайта тiркейдi. 
      Айырбастау пункттерiн қайта тiркеу айырбастау пунктiнiң үй-жайларына тексеру жүргiзбей-ақ және iс қағазында бар құжаттарды қайта ұсынбай-ақ осы Нұсқаулықта айырбастау пункттерiн тiркеу үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. 
      Уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң үй-жайларынан тыс жерде орналасқан айырбастау пунктiнiң, сондай-ақ пошта байланысы уәкiлеттi ұйымының айырбастау пунктiнiң (орналасқан жерiне қарамастан) үй-жайларының орнын ауыстырғанмен айырбастау пунктiнiң мекен-жайы өзгермейтiн болса, уәкiлеттi банк, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiк, пошта байланысының уәкiлеттi ұйымы бұл жөнiнде Ұлттық Банктiң филиалына он жұмыс күнi iшiнде жазбаша хабарлауға, осы Нұсқаулықтың 13-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды және дабыл беру құралдарын (айырбастау пунктiнде қарулы күзет болмаса) пайдалануға қабылдау (техникалық жай-күйiн тексеру) актiсiнiң түпнұсқасын немесе нотариат растаған көшiрмесiн қоса ұсынуға мiндеттi." 
      7. 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "24. Уәкiлеттi ұйымды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеу рұқсатын (бұдан әрi - рұқсат) осы Нұсқаулықтың N 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктiң филиалы бередi. 
      Ұлттық Банктiң филиалдары тiркеу журналдарында берiлген рұқсаттардың есебiн жүргiзiп отырады.". 
      8. 25-тармақтың: 
      1) 2) тармақшасындағы "қазақ" деген сөз "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      2) 4-тармақшасындағы "23-тармағының 3-тармақшасында" деген сөздер "23-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      9. 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "26. Ұлттық Банктiң филиалы құжаттар толық түскен күннен бастап 20 жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды қарайды және уәкiлеттi ұйым құрылтайшыларының (қатысушыларының) қолданылып жүрген заңдардың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сай болуын тексередi. Ұлттық Банктiң филиалы ұсынған құжаттарды қарау және құрылтайшыларды тексеру нәтижелерi бойынша рұқсат бередi немесе бас тарту себептерiн көрсете отырып рұқсат беруден бас тартады. Құжаттар жазбаша ескертпелермен қайтарылған жағдайда, уәкiлеттi орган құжаттарды қайтадан ұсынғаннан кейiн оларды қарау мерзiмi қайта есептелетiн болады.". 
      10. 27-тармақ алынып тасталсын. 
      11. 28-тармақтың: 
      1) бiрiншi азатжолындағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "Ұлттық Банктiң филиалы" деген сөздермен, "әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеу рұқсаты" деген сөздер "рұқсат" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) 2)-тармақшасындағы "23-тармағының 3-тармақшасында" деген сөздер "23-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) бесiншi азатжолы алынып тасталсын. 
      12. 29-тармақ алынып тасталсын. 
      13. 31-тармақтың: 
      1) 3) тармақшасындағы "қазақ" деген сөз "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      2) 9) тармақшасындағы "кадр бөлiмi мен ұйым басшысы куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесi қоса" деген сөздер алынып тасталсын. 
      14. 36-тармақтың: 
      1) 2)-тармақшасы алынып тасталсын; 
      2) 4) тармақшасындағы "23-тармағының 3-тармақшасында" деген сөздер "23-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      15. 37-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "5. егер уәкiлеттi ұйымның барлық айырбастау пункттерi қатарынан үш ай бойы жұмыс iстемесе, оның ішiнде оларды ашуға берiлген тiркеу куәлiгiн қайтарып алу себебi бойынша;" 
      16. Мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "37-1. Уәкiлеттi ұйым қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берiлген лицензияны жоғалтып алған жағдайда бiр айдың ішiнде Ұлттық Банкке мынадай құжаттар ұсынуға мiндеттi: 
      1) лицензияны жоғалтып алу себептерi мен жағдайлары көрсетiлген өтiнiш; 
      2) лицензияның жоғалғанын немесе ұрланғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi; 
      3) лицензиялық алымның төленгенiн растайтын төлем құжатының көшiрмесi. 
      Ұлттық Банк құжаттар толық түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензияның көшірмесiн қайта ресiмдейдi және оны уәкiлеттiк ұйымға беру үшiн Ұлттық Банктiң филиалына жiбередi. 
      Лицензияның көшiрмесi алғашқы лицензияның номерiмен және күнiмен "Көшiрме" деген сөз және лицензияның көшiрмесi берiлген күнi көрсетiлiп берiлетiн болады.". 
      17. 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "38. Уәкiлеттi ұйым қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берiлген лицензияны жоғалтып алған жағдайда бiр айдың iшiнде қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру лицензиясын қайта ресiмдеу үшiн Ұлттық Банкке өтiнiш беруге және мынадай құжаттар ұсынуға мiндеттi: 
      1) лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш; 
      2) құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулардың нотариат растаған көшiрмелерi; 
      3) уәкiлеттi ұйымның жаңа мекен-жайын көрсете отырып мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нотариат растаған көшiрмесi немесе уәкiлеттi ұйымның мемлекеттiк қайта тiркеу туралы куәлiгi; 
      4) лицензиялық алымның төленгенiн растайтын төлем құжатының көшiрмесi. 
      Ұлттық Банк құжаттар толық түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi және оны уәкiлеттi ұйымға беру үшiн Ұлттық Банктiң филиалына жiбередi. 
      Қайта ресiмделген лицензия алғашқы лицензияның номерiмен және күнiмен және оның қайта ресiмделген күнi көрсетiлiп берiлетiн болады.". 
      18. 39-тармақ алынып тасталсын. 
      19. 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "40. Уәкiлеттi ұйымның жарғысына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар немесе жарғының жаңа редакциясы әдiлет органдарында тiркелгенге дейiн Ұлттық Банктiң филиалымен алдын ала келiсiлуi тиiс. Уәкiлеттi ұйымдар жарғыға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды немесе жарғының жаңа редакциясын келiсу үшiн Ұлттық Банктiң филиалына мынадай құжаттарды ұсынады: 
      1) жарғыға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды немесе жарғының жаңа редакциясын қарау туралы өтiнiш; 
      2) жарғыға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың немесе жарғының жаңа редакциясының мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi нотариат растаған көшiрмесi; 
      3) осы Нұсқаулықтың N 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар туралы мәлiметтер (егер құрылтайшылар құрамы, жарғылық капиталдың мөлшерi немесе жарғылық капиталдағы үлестердi бөлу өзгерген болса); 
      4) осы Нұсқаулықтың 23-тармағында көрсетiлген тұлғалардың құрылтайшылар құрамына кiрмейтіні жөнiнде жазбаша растау (егер құрылтайшылар құрамы өзгерген болса). 
      Келiсу осы Нұсқаулықта рұқсат алу үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Уәкiлеттi ұйым көрсетiлген өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн бiр айдан кешiктiрмей олардың нотариат растаған көшiрмелерiнiң екi данасын Ұлттық Банктiң филиалына беруге мiндеттi, оның бiрiн Ұлттық Банктiң филиалы Ұлттық Банктiң орталық аппаратына жiбередi.". 
      20. 43-тармақтың: 
      1) 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын: "Сонымен бiрге жалға алу шартында жалға алынатын үй-жайдың мақсатқа сай пайдалануы көрсетiлуi тиiс." 
      2) 5) тармақшасының үшiншi азатжолындағы "күзет және өрт дабылы" деген сөздер "қауiп дабылы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) 6) тармақшасындағы "көшiрмесiне қоса еңбек кiтапшасынан нотариалды куәландырылған үзiндi көшiрме" деген сөздер "көшiрмесi" деген сөзбен ауыстырылсын. 
      21. Мынадай мазмұндағы 45-1 тармақпен толықтырылсын: 
      "45-1. Уәкiлеттi ұйым тiркеу куәлiгiн жоғалтып алған жағдайда он жұмыс күнi iшiнде Ұлттық Банктiң филиалына мынадай құжаттарды ұсынуға мiндеттi: 
      1) тiркеу куәлiгiн жоғалтып алу себептерi мен жағдайлары көрсетiлген өтiнiш; 
      2) тiркеу куәлiгiнiң жоғалу, жойылу немесе ұрлану фактiсiн растайтын құжаттардың көшiрмелерi. 
      Ұлттық Банктiң филиалы он жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi ұйымға тiркеу куәлiгiнiң көшiрмесiн бередi. 
      Тiркеу куәлiгiнiң көшiрмесi алғашқы лицензияның нөмерiмен және күнiмен, "Көшiрме" деген сөз және лицензияның көшiрмесi берiлген күнi көрсетiлiп берiлетiн болады.". 
      22. 46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "46. Уәкiлеттi ұйымның айырбастау пунктiн ашуға арналған тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген көше, ғимарат нөмiрлерi және т.б. өзгерген жағдайда Ұлттық Банктiң филиалы айырбастау пунктiн қайта тiркеуден өткiзедi. 
      Уәкiлеттi ұйым қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берiлген жаңа лицензияны алған кезде Ұлттық Банктiң филиалы уәкiлеттi ұйымның айырбастау пункттерiн қайта тiркеуден өткiзедi. 
      Айырбастау пункттерiн қайта тiркеу iс қағазында бар құжаттарды қайта ұсынбай-ақ айырбастау пункттерiн тiркеуге арналған осы Нұсқаулықта көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. 
      Уәкiлеттi ұйымның айырбастау пунктiнiң орнын ауыстырғанмен, айырбастау пунктiнiң мекен-жайы өзгермейтiн болса, уәкiлеттi ұйым бұл туралы Ұлттық Банктiң филиалына осы Нұсқаулықтың 43-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды және қауiп дабылы құралдарын (айырбастау пунктiнде қарулы күзет болмаса) пайдалануға (техникалық жағынан тексеруге) қабылдап алу туралы актiнiң түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесiн қоса он жұмыс күнi ішiнде хабар беруге мiндеттi.". 
      23. 47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "47. Айырбастау пункттерiнiң банктiң үй-жайында орналасқан касса бөлмесi клиенттерден оқшауланған болуы керек. Айырбастау пункттерiнiң кредиттiк серiктестiктiң, пошта байланысы ұйымының, сауда ұйымының, қонақ үйдiң, әуежайдың үй-жайында және басқа үй-жайларда орналасқан касса бөлмесi қызметкерлерден және клиенттерден оқшауланған болуы керек. Клиенттерге тек касса терезесi (терезелерi) арқылы ғана қызмет көрсетiледi.". 
      24. 48-тармақтағы "жеке тұрған ғимараттың" деген сөздер "жеке тұрған жылжымайтын ғимараттың" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      25. 51-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi азатжолдармен толықтырылсын: 
      "Ақша белгiлерiнiң түпнұсқалылығын анықтайтын техникалық құралдар сынып қалған жағдайда, басқа себеппен жұмыс iстей қалса немесе осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, айырбастау пунктi қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзудi тоқтатуы тиiс. 
      Ақша белгiлерiнiң түпнұсқалылығын анықтайтын техникалық құралдар ақша белгiлерiнiң түпнұсқалылығын анықтайтын кемiнде 3 тәсiлдi, соның iшiнде ультрафиолеттi мiндеттi түрде байланыстыруы тиiс.". 
      26. 52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "52. Уәкiлеттi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерiнiң қазыналық есте сақтау қабiлетi бар бақылау-касса машиналарын, қазыналық есте сақтау қабiлетiмен жарақталған компьютерлiк терминалдарды, барлық орындалған операциялардың түзетiлмейтiн тiркеуiн қамтамасыз ететiн бағдарламалық құралдары бар компьютерлiк жүйелердi қолдануы Қазақстан Республикасының салық заңдарымен реттеледi.". 
      27. 54-тармақтың он екiншi азатжолындағы "көшiрмесiмен қоса кадр бөлiмi мен ұйым басшысы куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесi" деген сөздер "көшiрмесi" деген сөзбен ауыстырылсын. 
      28. 55-тармақтың екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Уәкiлеттi банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерiнде тек қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ғана жүргiзуге болады. Уәкiлеттi банктердiң айырбастау пункттерi ретiнде тiркелген есеп айырысу-касса бөлiмдерінде бiр уақытта қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын және банк заңдарына сәйкес өзге банктiк операцияларды жүргiзуге ғана болады.". 
      29. 64-тармақтың бiрiншi азат жолындағы "сатып алынған және сатылған шетел валютасын тiзiмдеу журналында" деген сөздер "бухгалтерлiк құжат болып табылатын сатып алынған және сатылған шетел валютасын тiзiмдеу журналында" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      30. 65-тармақтың екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Уәкiлеттi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлетті ұйымдар тiзiмдеу журналын ресiмдеу үшiн осы тармақтың бiрiншi азатжолында көрсетiлген талапқа сәйкес Ұлттық Банктiң филиалына өтiнiш жасауы тиiс. Ұлттық Банктiң филиалы тiзiмдеу журналының белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi және оны келiп түскен күннен бастап он күн iшiнде ресiмдейдi. Уәкiлеттi банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымның бiр айырбастау пунктi үшiн бiрнеше тiзiмдеу журналдарын ресiмдеуге болады.". 
      31. Мынадай мазмұндағы 69-1 тармақпен толықтырылсын: 
      "69-1. Уәкiлеттi банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкілеттi ұйымға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берiлген лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда, анықтама-сертификаттардың пайдаланылмаған кiтапшалары Ұлттық Банктiң филиалына қайтарылуы тиiс. Ұлттық Банктiң филиалы анықтама-сертификаттардың қайтарылған кiтапшаларының құнын оларды Ұлттық Банктiң сату бағасы бойынша өтейдi.". 
      32. 73-тармақтың: 
      1) бiрiншi азатжолындағы "сатып алу және сату көлемi туралы есептi" деген сөздер "бухгалтерлiк құжат болып табылатын сатып алу және сату көлемi туралы есептi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) төртiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Шетел валютасын сатып алу және сату көлемi туралы күнделiктi есептiң бiр күнтiзбелiк айдан аспайтын мерзiмде тiгiндiлерi жасалады. Тiгiндiлер соңғы тiгiлген есеп жасалған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.". 
      33. 74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "74. Уәкiлеттi банктер Ұлттық Банктiң филиалына ай сайын, Ұлттық Банктiң филиалы белгiлеген мерзiмде банктiк статистикалық есептi ұйымдастыру мәселелерi бойынша Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген нысанда шетел валютасын сатып алу және сату көлемi туралы есеп берiп отырады. 
      Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдар Ұлттық Банктiң филиалына ай сайын, Ұлттық Банктiң филиалы белгiлеген мерзiмде осы Нұсқаулыққа N 12 қосымшада белгiленген нысанда шетел валютасын сатып алу және сату көлемi туралы есептi ұсынады. Есеп айырбастау пункттерiне қатысты берiледi. 
      Шетел валютасын сатып алу және сату көлемi туралы уәкiлеттi банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдар беретiн есептi Ұлттық Банктiң филиалдары есеп жасалған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде екi жыл бойы сақтайды.". 
      34. 76-тармақтағы "Басқарманың 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 212 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының банктерiнде статистикалық есеп берудi ұйымдастыру ережесiнде" деген сөздер Ұлттық Банктiң "банктiк статистикалық есеп берудi ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      35. 82-тармақтағы "және агенттер" деген сөз алынып тасталсын. 
      36. 84-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын: 
      "Уәкiлеттi банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлетті ұйымдардың тексеруге кедергi жасауы, оның iшiнде комиссия мүшелерiнiң (инспекторлардың) уәкiлеттi банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдардың және айырбастау пункттерiнiң үй-жайына кiруге бөгет жасауы, талап еткен құжаттарды бермеуi, уәкiлеттi банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдар қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерiне қатысты қажеттi мәлiметтер беруден бас тартуы уәкiлеттi банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдарға немесе олардың басшыларына банк заңдарында көзделген санкциялар мен басқа ықпал ету шараларын қолдануға негiз болып табылады.". 
      37. 87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "87. Уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пунктiнiң осы Нұсқаулықтың нормаларын бұзғаны анықталған кезде, Ұлттық Банктiң филиалы тәртiп бұзу түрiне қарай: 
      1) анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою үшiн белгiлi мерзiм белгiлеуге; 
      2) айырбастау пунктiн ашуға берiлген тiркеу куәлiгiн қайтарып алуға; 
      3) Ұлттық Банктiң орталық аппаратына лицензияны қайтарып алу немесе лицензияның қолданылу күші тоқтата тұру жөнiнде ұсыныс беруге құқылы. 
      Ұлттық Банктiң филиалы уәкiлеттi ұйымның айырбастау пунктi соңғы үш айда жұмыс істемеген жағдайда айырбастау пунктiн ашуға берiлген тiркеу куәлiгiн қайтарып алуға құқылы. 
      Айырбастау пунктiн ашуға берiлген тiркеу куәлiгiн қайтарып алу жөнiнде қолданылған санкциялар туралы Ұлттық Банктiң филиалы үш күндiк мерзiмде Ұлттық Банктiң орталық аппаратына хабарлап, санкция қолданудың дәлелдi негiздемесiн, тексеру актiлерiнiң және растау құжаттарының көшiрмелерiн қоса жiбередi." 
      38. N 2 және N 12 қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын. 

    Ұлттық Банк 

      Төрағасы

                                               Қазақстан Республикасының 

                                              Ұлттық Банкi Басқармасының   

                                               1999 жылғы 15 қарашадағы

                                              N 400 қаулысымен бекiтiлген  

                                               Қазақстан Республикасында   

                                              қолма-қол шетел валютасымен  

                                                айырбастау операцияларын

                                            ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 

                                                      N 2 қосымша

 
                              РҰҚСАТ 

 
          N_______ " _____"__________________ж. 

 

                                                  (берiлген уақыты)

     

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң___________________филиалы

                                            (филиалдың атауы)

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде қолма-қол

     шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшiн құрылатын

     _____________________________________________________________________ 

                 (заңды тұлғаның атауы және мекен-жайы)

     _____________________________________________________________________

     заңды тұлғаның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiне рұқсат      

     бередi.

     

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық Банкiнiң________________________

    филиалының директоры

                                             Қазақстан Республикасының 

                                              Ұлттық Банкi Басқармасының   

                                               1999 жылғы 15 қарашадағы

                                              N 400 қаулысымен бекiтiлген  

                                               Қазақстан Республикасында   

                                              қолма-қол шетел валютасымен  

                                                айырбастау операцияларын

                                            ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 

                                                      N 12 қосымша

 

     Айырбастау пунктінің тіркеу номері және мекен-жайы____________________

     

     Банк операцияларының жекеленген түрлерін 

     жүзеге асыратын, айырбастау пунктін ашқан 

     уәкілетті ұйымның тұрған жері және атауы         ____________________

     

 

                Шетел валютасын сатып алу және сату туралы

                              ЕСЕП

                 ____________________________2000 ж.

                       (айдың атауы)

     

     1. Айырбастау пункттері сатып алған шетел валютасы

     ______________________________________________________________________

     Валютаның  Ең аз бағам     Ең көп бағам   Орташа алынған   Жеке тұлға.

      атауы   (валюта бірлігі (валюта бірлігі       бағам       лардан са.

               үшін теңге,      үшін теңге,    (валюта бірлігі  тып алынған

                тиын)             тиын)           үшін теңге,   шетел валю.

                                                      тиын)     тасының 

                                                                  жалпы    

                                                                  көлемі

     ______________________________________________________________________

        А         1                2                 3              4  

     ______________________________________________________________________

     ______________________________________________________________________

     ______________________________________________________________________

    ______________________________________________________________________

    

     

     2. Айырбастау пункттерінің шетел валютасын сатуы

     ______________________________________________________________________

     Валютаның  Ең аз бағам     Ең көп бағам   Орташа алынған   Жеке тұлға.

      атауы   (валюта бірлігі (валюта бірлігі       бағам       ларға са.

               үшін теңге,      үшін теңге,    (валюта бірлігі  тылған

                тиын)             тиын)           үшін теңге,   шетел валю.

                                                      тиын)     тасының 

                                                                  жалпы    

                                                                  көлемі

     ______________________________________________________________________

        А         1                2                 3              4  

     ______________________________________________________________________

     ______________________________________________________________________

     ______________________________________________________________________

     ______________________________________________________________________

        

     

     Басшының қолы           ___________________        

      

     Бас бухгалтердің қолы   ___________________

              

     Орындаушы               ___________________

      

     телефон                 ___________________

      

     

     Ескерту: Есеп айырбастау пункттерінде жүргізілген операцияларға       

              қатысты валютаның барлық түрлері бойынша толтырылады.

     

     

     

     Мамандар:

              Омарбекова А.Т.          

              Икебаева Ә.Ж.

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады