Екінші деңгейдегі банктерге арналған ағымдағы өтімділік коэффициентінің ең аз мәнін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысы 2000 жылғы 3 қараша N 416. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 9 желтоқсан N 1324 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 тамыздағы N 287 қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің клиенттер алдындағы міндеттемелерінің уақытылы орындалуын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтімділік деңгейіне қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 V970325_ қаулысымен бекітілген Пруденциялдық нормативтер туралы ереженің 4-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Екінші деңгейдегі банктерге арналған ағымдағы өтімділік коэффициентінің ең аз мәні 0,3 мөлшерде бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
      2. Банктерді қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан

Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу 
шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік 
тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші 
деңгейдегі банктерге жіберсін.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
      Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады