"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі
Заңына
сәйкес және 2000 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті уақытылы жасау мақсатында Бұйырамын:
1. 2000 жылға арналған бюджетте бекітілген өткен жылы қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген шығыстар бойынша, сондай-ақ барлық деңгейдегі бюджеттер бойынша ресми трансферттерді 2001 жылғы 4 қаңтардан бастап 6 қаңтарды қоса алғанда бюджеттерге есепке алу жөнінде қорытынды операциялар жүргізу үшін 2000 жылға арналған Есептеу кезеңінің ұзақтығы белгіленсін.
2. Бюджет департаменті мен Қазынашылық комитеті осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдары мен аумақтық қазынашылық органдарына дейін жеткізсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы