"Қоғамдық бірлестіктердің көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда іс-шаралар өткізу кезінде ішкі істер органдары бөлімшелерінің қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 6 желтоқсандағы N 665 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 19 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1368. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 842 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 15.10.2015 № 842 бұйрығымен.

      Республикада қоғамдық бірлестіктердің іс-шаралар өткізуі кезінде тиісті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 
                              Бұйырамын
      1. Қоса беріліп отырған Қоғамдық бірлестіктердің көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда іс-шаралар өткізу кезінде ішкі істер органдары бөлімшелерінің қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын ұйымдастыру туралы ереже бекітілсін. 
      2. Ішкіісмин департаментінің, дербес басқармаларының, Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ бастықтары, облыстық ІІББ-ІІБ-нің, Көліктегі ІІБ-нің, Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бастықтары, Қазақстан Республикасы Ішкіісмині ішкі әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінің командирлеріне: 
      1) 2001 жылғы 1 ақпанға дейін сынақтар қабылдай отырып, жеке құрамның көрсетілген Ережені оқып-үйренуін ұйымдастырсын;
      2) қоғамдық бірлестіктер өткізетін іс-шараларда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік сақтауды қамтамасыз ету кезінде азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, Қазақстан Республикасызаңнамасының талаптарын қатаң басшылыққа алсын.
      3) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Қоғамдық қауіпсіздік департаментіне жүктелсін.

       Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      Ішкі әскерлер қолбасшысы
      генерал-лейтенант 

"Қоғамдық бірлестіктердің көшелерде және қоғамдық
орындарда іс-шаралар өткізу  кезінде ішкі істер органдары
бөлімшелерінің қоғамдық тәртіпті және азаматтардың
қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын
ұйымдастыру туралы"
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Ережелер қоғамдық бірлестіктердің көшелерде және қоғамдық орындарда іс-шаралар өткізу кезінде ішкі істер органдары бөлімшелерінің қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын ұйымдастыруын көздейді.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

      1. Осы Ережелерде іс-шаралар мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) Санкцияланған - алдын-ала жоспарланған, яғни оларды өткізуге әкімшіліктерге: мақсаты, нысандары, іс-шараларды өткізетін өкілеттердің (ұйымдастырушылардың) және осы акцияларды өткізу кезіндегі қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегін көрсете отырып, жазбаша өтініш беріледі;
      2) Санкцияланбаған-стихиялы, олар жергілікті атқару органдарының тиісті рұқсатынсыз өткізіледі.
      2. Санкцияланған, санкцияланбаған іс-шаралардың құрылымына мынадай акциялар енуі мүмкін: 
      жиналыстар, митингтер, көшелердегі шерулер, демонстрациялар, пикет жасау, киіз үйлерді тігу, палаталар мен өзге де құрылыс құру жатады, сондай-ақ аштық жариялау. 
      3. Қоғамдық бірлестіктер әртүрлі іс-шаралар өткізген кездегі ішкі істер органдары жұмысының құқықтық негізі болып:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Заң күші бар Жарлығы;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды жүргізу және ұйымдастыру тәртібі туралы" Заң күші бар Жарлығы;
      4) Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңы;
      5) Қазақстан Республикасының "Саяси партиялары туралы"Заңы;
      6) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері және осы Ереже табылады.
      4. Қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың жолын кесу жөніндегі іс-шаралар Конституциялық нормаларға және Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген заңдарына қатал сәйкестікте жүзеге асырылуы тиіс.
      5. Ішкі істер органдары қоғамдық бірлестіктердің көшеде және басқа да қоғамдық орындарда іс-шараларды өткізуі кезінде қалыптасқан жағдайда дәл бағалай отырып, күш пен құралдардың орналасуын сауатты жүргізуге тиіс.
      6. Қоғамдық саяси іс-шаралар өткізілген кезде полиция қызметкерлері қоғамдық бірлестіктердің беделділерімен және белсенділерімен олардың тарапынан жедел жағдайда әртүрлі құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында түсіндірме-алдын-алу жұмыстарын жүргізуге міндетті.

2. Санкцияланған іс-шараларды өткізу кезінде ішкі
істер органдарының қоғамдық тәртіпті күзетуді және
азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі жұмысын ұйымдастыру тәртібі

      7. Қоғамдық бірлестік берген өтінішке сәйкес жергілікті атқару органдары іс-шараларға санкция бергені туралы шешім қабылдайды.
      8. Жергілікті атқару органдарынан санкция берілген іс-шаралардың өтетіні туралы ақпарат келіп түскеннен кейін ішкі істер органдарының қызметкерлері:
      1) іс-шаралардың өткізілетін орны мен қатысушылардың санын біле отырып, күшпен құралдарды орналастыруға;
      2) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін  жауаптыны (адамды) осы іс шаралардағы учаскелері мен секторлардың басшыларын тағайындауға;
      3) жедел жағдай шиеленіскен кезде резервті қарастыруға (резерв белгіленген орында болуға тиісті);
      4) қоғамдық тәртіпті түзетуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етуге;
      5) жедел ахуал туралы қалалық, аудандық ішкі істер басқармаларының басшылары мен кезекшіге баяндауға;
      6) қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кіріспей (араласпай-ақ) құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы түсіндірме-алдын-ала жұмысын жүргізуге;
      7) айрықша өкім болғанша іс-шаралар өткізілетін жерде болу.

3. Санкцияланбаған іс-шаралардың өткізілуі кезінде
ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті күзету және
азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі
жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі

      9. Санкцияланбаған іс-шаралардың өткізілетіндігі туралы ақпарат келіп түскен кезде ішкі істер органдары мынадай міндеттерді орындайды:
      10. Қалалық, аудандық ІІБ, ІІБ, ІІББ инспекторы:
      1) жедел ахуалмен танысу үшін осы акция өтетін жерге барады;
      2) өткізілетін акцияның өкілдерін (ұйымдастырушыларын) қатысушылардың болжамды санын, жай көрермендерді анықтайды, олармен байланыс орнатады, сондай-ақ олардың талаптарын анықтайды;
      3) қалыптасқан жағдай туралы қалалық, аудандық ІІБ, ІІБ, ІІББ кезекші бөліміне баяндайды;
      4) акцияға қатысушылардың арасында құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі түсіндірме жұмысын жүргізеді;
      5) іс-шараларға қатысушылардың тарапынан құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде өзге де шаралар қолданады.
      11. Қалалық, аудандық ІІБ, облыстардағы ІІББ, ІІБ кезекшісі:
      1) өткізілетін іс-шаралар туралы қалалық, аудандық ІІБ-нің, облыстардағы ІІББ, ІІБ-нің бастығына баяндайды;
      2) жоғары тұрған (ІІБ, ІІМ) кезекшіге баяндайды;
      3) акция өткізілетін жерге құрамында: тергеу, криминалдық, патрульдық, қызметтердің қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен жол полициясы инспекторлары бар тіркеу жібереді;
      4) қалыптасқан жағдай туралы жергілікті атқару органдарына, сондай-ақ прокуратураның, ҰҚҚД-ның кезекші бөлімдеріне хабарлайды;
      5) өзінің қарамағындағы күштер мен құралдарды жедел басқаруды қамтамасыз етеді;
      6) қалыптасқан жедел жағдайды бақылап отырады.
      12. Тіркеу тобы:
      1) акция өткізілетін жерге шығады;
      2) жедел жағдайды талдайды;
      3) акцияға қатысушылардың тарапынан құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдайды;
      4) акцияның беделділері мен белсенді қатысушыларын айқындайды және анықтайды;
      5) акцияға қатысушылардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерін құжаттандырады, сондай-ақ, қажет болғанда әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту үшін оларға тиісті материалдар ресімдейді;
      6) кінәлі адамдарды жауапқа тарту жөніндегі өзі іс-әрекеттер прокуратура органдарымен келіседі;
      7) аудио бейне жазбаны жүргізеді;
      8) заңға  қарсы мазмұндағы ұрандарды, плакаттарды, транспаранттарды, парақтарды тіркейді;
      9) қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырады;
      10) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      13. Қалалық, аудандық ІІБ, облыстардағы ІІБ, ІІБ-нің бастығы:
      1) Әртүрлі акциялардың өткізілуі туралы алынған деректер бойынша:
      Қалалық, аудандық ІІБ бастығы ол туралы басшыларға және облыстық ІІБ-нің  кезекші бөліміне, аудан әкіміне, аудан прокуратурасына ҰҚҚД-ға баяндауға міндетті;
      №ІІБ, ІІБ-нің бастығы ол туралы ІІМ басшылығына, облыс әкіміне, облыс прокуратурасы мен ҰҚҚД-ға баяндауға міндетті;
       Бұдан әрі олар:
       2) жедел жағдаймен танысу үшін осы акция өткізілетін жерге шығуға;
       3) іс-шаралар өткізілетін жерге қатысушылардың саны шамалас болатын жеке құрамның дер кезінде келіп жетуін қамтамасыз етуге;
       4) іс-шаралар өткізілетін орынды шартты түрде учаскелерге (секторларға) бөлуге;
       5) жағдаймен танысу негізінде жоғары тұрған басшыларға қалыптасқан жағдай туралы жүйелі түрде баяндап отыратын шартты учаскелерге жауапты аға қызметкерлерді тағайындауға;
       6) жағдай шиеленіскен кезде жеке құрамның резервін қамтамасыз етуге;
       7) акцияға қатысушылардың арасында көшелерде және қоғамдық орындарды іс-шараларды өткізудің тәртібі туралы, сондай-ақ оларды ұйымдастыру және бұл ретте құқық бұзушылықтар жол беру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті;
       8) қақтығыстар туындағанда, қоғамдық тәртіпті бұзу қоғамға қарсы көріністермен ілесе жүретін жаппай тәртіпсіздікке ұласқан жағдайда ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген шаралар қолданады.

4. Ұйымдастырушылар мен белсенді
қатысушыларды ұстауды жүргізудің тактикасы 

      14. Ұстау полиция қызметкерлері жүзеге асыратын іс-қимылдардың заңға сәйкестілігіне күмән келтірмеу үшін сауатты және біліктілікпен жүргізілуі тиіс.
      15. Ұстау кезінде сыпайы, түсінетін нысанда ұстаудың себебін түсіндіру керек.
      16. Ұйымдастырушылар мен белсенділерді теріс салдарларға әкеліп соғуы мүмкін ашу тудырмау үшін тікелей іс-шаралар өткізілген орынды осы акцияға қатысушылардың көзінше ұстауға үзілді-келісілді тыйым салынады.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкіісминінің қоғамдық
      қауіпсіздік департаменті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады