Дүниежүзілік банктің несие желісін іске асыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 492 шешімі. Ақмола облысының әділет басқармасында 2000 жылғы 30 маусымда N 203 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 17 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Реконструкция және Даму Банкі арасында "Жекешелендірілген ауыл шаруашылығын қолдау" Жобасын қаржыландыру жөніндегі Займ туралы келісім жасалды.
      Дүниежүзілік банк Займы Ақмола мен Алматы облысы үшін 15 млн. доллар құрайды. Бұл қаржыны реструктуризацияланған ауыл шаруашылық кәсіпорындарын несиелеуге қолдану көзделініп отыр.
      Бірақ Дүниежүзілік Банктің несиелері өте нашар игерілуде. Аудан басшылары бұл бағдарламаны жүзеге асыруға немқұрайлы қарап отыр, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер несие алу шарттарын толық білмейді.
     Дүниежүзілік Реконструкция және Даму Банкінің займдарын қолдануды тездету мақсаттарында Ақмола облысының әкімі шешім қабылдайды:
      1. Дүниежүзілік банктің несие желісі бағдарламасын іске асыру жөнінде жұмысшы орган ретінде облыстық ауыл шаруашылық басқармасы (Т.С. Махметов) белгіленсін.
      2. Қаржыландырудың басты бағыттары ретінде мыналар белгіленсін:
      2.1. Қайта өңдеу кәсіпорындарының техникалық модернизациясы мен шикізат сатып алу үшін айналыс қаржыларын толықтыруға;
      2.2. Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер ауыл шаруашылық техникаларын, егін жинау комбайндарын сатып алуға.
      3. Аудан әкімдері ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің Дүниежүзілік банктің несие желісін игеруі бойынша жұмыстарын жандандырсын, аудан әкімі орынбасарларының бірін жауапты атқарушы етіп белгілесін.
      4. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Т. Махметов "Ақмолалық ауылдық консультация орталығы" қоғамдық қорының төрағасы С. Әшебековпен келісе отырып мамандарды аттестациялау және оқыту, оларға несие алу шарттары бойынша түсінік беру жұмыстарын жүргізсін, несие алушыларға бизнес-жоспарлар әзірлеуге және бекітуге, екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жүргізуге көмек көрсетсін. Жүргізіліп жатқан жұмыс барысы бойынша ай сайын жазбаша ақпарат беріп отырсын.
      5. Облыс әкімінің 19.03.1999 ж. N 115 "Дүниежүзілік Реконструкция және Даму Банкінің жекешелендірілген ауыл шаруашылықты қолдау жобасын жүзеге асыру жөніндегі Консультациялық Кеңес құру туралы" шешімі күшін жойсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
 
      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады