Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округін құру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық мәслихаттың үшiншi сессиясы мен облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 23 ақпандағы N 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 2000 жылғы 24 сәуірде N 476 тіркелген

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "Батамша поселкелік", "Батамша поселкесі" сөздері "Бадамша ауылдық", "Бадамша ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңы 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес жасалған Қарғалы ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысы негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмi Шешім етті:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әкiмшiлiк орталығы Бадамша ауылы Бадамша ауылдық округi құрылсын, сызба-картаға сәйкес оның құрамына елдi мекендер мен жалпы көлемi 1557 гектар аумақ кiргiзiлсiн.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қайтадан құрылған Бадамша ауылдық округiн ұстау шығыны2000 жылғы аудан әкiмi аппаратының аудан орталығын дамыту бөлiмiн ұстауға қаралған лимит көлемiнде жүргiзiлсiн.

      3. Облыстық статистика басқармасы (А.Д. Мұқаев) облыстық әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң есептiк мәлiметтерiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.

      4. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (М.Н. Жекеев) ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жер-кадастр құжаттарын тәртiпке келтiрсiн.

      Ескерту. 4 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Облыстық Мәслихат сессиясының төрағасы
      Облыс Әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады