Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың бiр қызметкерiне ағымдағы шығындар нормативтерiн бекiту туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкiмiнің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 380 шешімі. Қызылорда облысының Әдiлет басқармасында 2001 жылғы 16 қаңтарда № 542 болып тiркелдi. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 358-1 "Бюджет жүйесі туралы" Заңына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. 2001 жылға жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне ағымдағы шығындар нормативі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. 2001 жылға жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкері нормативіне кіретін ағымдағы шығындар тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Облыстық қаржы басқармасы жыл сайын қаржы жылына бюджетті құрау кезінде ағымдағы шығындар нормативіне Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленетін тиісті тұтыну бағаларының индекстерін қолданатын болсын.

      С. Нұрғисаев

  Қазақстан Республикасы
  Қызылорда облысы әкімінің
  2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 380
  шешімімен бекітілген
  1 қосымша

2001 жылға жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне ағымдағы шығындар нормативі


1 қызметкерге ағымдағы шығындар нормативі (мың теңге)


Мемлекеттік органның облыстық аппараты үшін

Мемлекеттік органның аудандық және Қызылорда қалалық аппараттары үшін

Мемлекеттік органның Арал және Қазалы аудандық аппараттары үшін

Мемлекеттік органның ауылдық және
Қыстақтық аппараттары үшін

Мемлекеттік органның Арал және Қазалы аудандарындағы ауылдық, қыстақтық және қалалық аппараттары үшін

Норматив

411

295

331

211

246

      Жергілікті органдарды ұстауға кететін шығындар былайша анықталады

      Е = N х L

      L - жергілікті органдардың қызметкерлерінің штаттық санының лимиті

      М - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне ағымдағы шығындар нормативі

  Қазақстан Республикасы
  Қызылорда облысы әкімінің
  2000 жылғы 25 желтоқсандағы
  № 380
  шешімімен бекітілген
  2 қосымша

2001 жылға жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкері нормативіне кіретін ағымдағы шығындар тізбесі

      111. Негізгі жалақы

      112. Қосымша ақшалай төлемдер

      113. Жеңілдіктер бойынша өтемақы төлемдері

      121. Әлеуметтік салық

      133. Ағымдағы шаруашылық мақсатқа құралдар мен материалдар сатып алу

      134. Жұмсақ бұйымдар мен киім-кешек сатып алу

      136. Іс сапар шығыны

      138. Ғимарат жалдау төлемі

      141. Коммуналдық қызметтер төлемі

      142. Байланыс қызметтері төлемі

      144. Электр энергиясы төлемі

      145. Жылу төлемі

      146. Ғимараттық қызметтер бойынша төлем

      147. Көлік қызметтері

      151. Жабдықтар мен бұйымдарды ұстау және ағымдағы жөндеу

      152. Ғимараттарды, үйлерді ұстау және ағымдағы жөндеу

      159. Басқалай ағымдағы шығындар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады