Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012.07.16 № 01-30-1050 хатымен.
Оңтүстiк Қазақстан облысындағы мүйізді ірі-қара малының арасында қарасан ауруының анықталуына байланысты және облыс аумағына әкелiнуiне жол бермеу мақсатында, шешiм етемiн:
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы (Н.И. Приходько), облыстық жол полициясы басқармасының бастығы (М.Н. Аблазимов) кеден басқармасымен (М.С. Кенжалиев) және облыстық аумақтық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығымен (С.Б. Берiшбаев) бiрлесiп жұқпалы мал ауруының облыс аумағына әкелiнуiн болдырмаудың барлық қажеттi шараларын алсын, ол үшiн:
Оңтүстiк Қазақстан облысынан малдың, мал өнiмдерiнiң және малдан алынатын шикiзаттың әкелiнуiне, сондай-ақ жоғарыда атап көрсетiлген жүктердiң облыс аумағы арқылы өтуiне үзiлдi-кесiлдi тыйым салсын;
жол полициясы бекеттерi мен кеден пункттерiнiң жұмыс тәртiбiн
қатайтсын;
Оңтүстiк Қазақстан облысынан автомобиль, темiр жол, әуе және теңiз
қатынасы көлiгiмен мал өнiмдерi мен малдан алынатын шикiзатты тасымалдап
өткiзiлуiне бақылауды күшейтсiн.
2. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi
орынбасары С.Б. Керелбаевқа жүктелсiн.
Облыс әкімі
Мамандар:
Икебаева А.Ж.
Қасымбеков Б.А.