Әлеуметтiк-саяси жарнама жөнiндегi облыстық сараптау комиссиясы туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімінің шешімі 2000 жылғы 4 қыркүйектегі N 199 Павлодар облысының әділет басқармасында 2000 жылғы 28 қыркүйекте N 440 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 2003 жылғы 18 маусымдағы N 18 шешімімен.

       Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 2003 жылғы  18 маусымдағы N 18 шешімімен.

      "Қазақстан-2030" Стратегиясы шеңберiнде әлеуметтiк-саяси жарнаманың, оның идеологиялық және эстетикалық мазмұнының сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру, облыстың елдi мекендерiнде сыртқы жарнаманың сапасыз дайындалуы мен орналастырылуының алдын алу мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
      1. Әлеуметтiк-саяси жарнама жөнiндегi облыстық сараптау комиссиясы құрылсын, оған үйлестiрушi органның функциясы берiлсiн, құрамы және Ережесi бекiтiлсiн (1, 2-қосымшалар).
      2. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi елдi мекендерде орналастыруға жоспарланған сыртқы әлеуметтiк-саяси жарнаманың идеологиялық мазмұнының мәселелерiн облыстық сараптау комиссиясымен келiсетiн болсын.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Н.Түменоваға жүктелсiн.
 
      Облыс әкімі
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы
7 қыркүйектегі N 196 шешiмiне 1-қосымша
 
 
                 Әлеуметтiк-саяси жарнама жөнiндегi облыстық сараптау комиссиясының ҚҰРАМЫ Түменова Бақыт Ниязбекқызы - облыс әкiмiнiң орынбасары, төраға Наурызбаева Гүлбарам - облыс бойынша ақпарат және қоғамдық Әуезханқызы келiсiм басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары (келiсiм бойынша) Комиссия мүшелерi: Ахметова Күлжан - Павлодар қаласы әкiмiнiң орынбасары Мұқышқызы Артемьев Вячеслав - "Стандарттау, метрология және сертификаттау Михайлович қазақстандық орталығы" РМК-ның Павлодар филиалының бастығы (келiсiм бойынша) Афанасьева Валерия - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк Никандровна университетi орыс филологиясы кафедрасының доцентi, педагогика ғылымының кандидаты (келiсiм бойынша) Бабкин Константин - бас маман - облыс әкiмiнiң баспасөз хатшысы Валерьевич Баймолдин Қажыбек - Павлодар облыстық Суретшiлер Қамалұлы одағының төрағасы (келiсiм бойынша) Қанафина Айым - облыс мәдениет департаментiнiң бастығы Мүкәрамқызы Қабдуәлиев Марат - облыс коммуналдық шаруашылық, көлiк және Зейнекенұлы коммуникациялар департаментi бөлiмiнiң бастығы - облыстың бас сәулетшiсi Мусина Ғалия - облыс әкiмi аппаратының бөлiм меңгерушiсi Қайроллақызы Поповиченко Татьяна - облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм Васильевна басқармасы бөлiмiнiң бастығы (келiсiм бойынша) Текжанов Хафиз - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк Ахметұлы университетi қазақ тiлi практикалық курсы кафедрасының меңгерушiсi, тiлдердi дамыту жөнiндегi үйлестiру орталығының басшысы, доцент (келiсiм бойынша)
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы
7 қыркүйектегі N 196 шешiмiне 2-қосымша
 
 
                 Әлеуметтiк-саяси жарнама жөнiндегi
                 облыстық сараптау комиссиясы туралы
                              ЕРЕЖЕ
 
                       1. Жалпы ережелер
 
      Әлеуметтiк-саяси жарнама жөнiндегi облыстық сараптау комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) жергiлiктi атқару органдарының сыртқы әлеуметтiк-саяси жарнаманың жүйесiн реттеу және сапасын жетiлдiру жөнiндегi қызметiн үйлестiру үшiн облыс әкiмiнiң шешiмiмен құрылады.
      Комиссия құрамына облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының, мәдениет департаментiнiң, "Стандарттау, метрология және сертификаттау қазақстандық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Павлодардағы филиалының, облыстық сәулет мекемесi мен Суретшiлер одағының, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетiнiң, облыс және Павлодар қаласы әкiмдерi аппараттарының өкiлдерi кiредi. Комиссияны облыс әкiмiнiң әлеуметтiк-экономикалық мәселелерге басшылық жасайтын орынбасары басқарады. Комиссия мәжiлiстерi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi. 2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары Көрнекi құралдардың рәсiмделуiн реттеу және сыртқы әлеуметтiк-саяси жарнаманың сапасын бақылау комиссияның негiзгi мiндетi болып табылады. Комиссия негiзгi мiндетiне сәйкес мынадай функцияларды атқарады: облыстың барлық елдi мекендерiнде орналасқан жарнама қалқандарына сараптама жасайды; қоғамдық-саяси жарнаманың жай-күйi мен мазмұнын, оның дайындалу сапасын бақылау жүйесiн қалыптастырады. 3. Комиссияның өкiлеттiлiгi Комиссия өз құзыры шеңберiнде: сыртқы әлеуметтiк-саяси жарнаманың сапасы мен мазмұнына бақылау жасаудың нысаны мен тәртiбiн анықтауға;
      өз мәжiлiстерiне облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттiк басқару органдарының, сыртқы жарнамалық бұйымдар шығаруға кәсiптенген әр түрлi меншiк нысанындағы мекемелердiң, кәсiпорындар мен фирмалардың басшыларын шақырып, олардың есептерiн тыңдауға;
      жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларынан мазмұны мен эстетикалық орындалуы жағынан сапасыз әлеуметтiк-саяси жарнама объектiлерiн алып тастауды, ауыстыруды, сыртқы жарнама құралдарын дайындағанда "Қазақстан Республикадағы тiл туралы" Заңның нормаларын қатаң сақтауды талап етуге;
      жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының орындауына мiндеттi хаттамалық шешiмдер қабылдауға; Комиссия жұмысына қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпараттарды белгiленген тәртiпте сұратып алуға; әлеуметтiк-саяси жарнама жөнiндегi қалалық, аудандық комиссиялардың қызметiн үйлестiруге және бақылауға құқылы. 4. Комиссия қызметiн тоқтату Облыс әкiмiнiң шешiмiмен Комиссияның қызметi тоқтатылады, ол қайта құрылады және таратылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады