Алматы қаласының облигациялық займ бойынша қарызына қызмет көрсетуге арналған Алматы қаласының 2000 жылғы бюджетінің шығыстар бабын қорғалған (қысқартылмайтын) баптар тізбесіне енгізу және осы займ бойынша шығыстарды жеке жолмен бөліп көрсету туралы

Күшін жойған

Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған ІV сессиясының 2000 жылғы 10 наурыздағы шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасымен 2000 жылғы 5 наурызда N 108 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының ІI сайланған VIII сессияның 2004 жылғы 29 шілдедегі N 76 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының ІI сайланған VIII сессияның 29.07.2004 N 76 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Алматы қаласының жергілікті атқару органының облигацияларын шығарудың Уақытша тәртібін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, "Облигациялық займ қызметін көрсету және облигациялар эмиссиясын өтеу" бабы бойынша 2000 жылы Алматы қаласының бюджетін қысқартуға жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасының Құны қағаздар жөніндегі Үлттық комиссиясының ұсыныстары негізінде екінші сайланған Алматы қалалық Мәслихаты

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      400 (төрт жүз) миллион теңге көлеміндегі облигациялық займға қызмег көрсетуге және Алматы қаласының облигациялар эмиссиясын өтеуге арналган шыгыстар бабы қорғалған (қысқартылмайтын) баптар тізбесіне енгізілсін.

      ІІ-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихаты ІҮ сессиясының төрайымы       А.Байсарина

      ІІ-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы                    Ж.Төрегелдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады