РҚАО Ескертпесі: N 02-11 және 227 2005 жылғы 20 қаңтардағы Алматы қалалық Әділет департаменті хатының негізінде шешім "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабымен көзделген нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге жатпайды және онсыз қолданылады.
Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 2009.10.30 № 253 шешімімен.
"Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы", "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңына сәйкес Швейцарияның "Марсель Бошунг АГ" фирмасынан сан-салалы жол жинайтын техникасын алу мақсатында Алматы қаласының Әкiмiне теңгенiң бағамы бойынша 5169392,28 Евродан (бес миллион жүз алпыс тоғыз мың үш жүз тоқсан екi Евро сегiз центтен) аспайтын көлемде ақша қаражатын тарту рұқсат етiлсiн.
2. 2000 жылға арналған Алматы қаласының бюджетiнде аккредитив және 129569144,0 теңге (жүз жиырма тоғыз миллион бес жүз алпыс тоғыз мың жүз қырық төрт теңге) сомасында аванстық төлем ашуға байланысты шығын қарастырылсын.
3. 2001 жылдан бастап Алматы қаласы бюджетiн қалыптастыру кезiнде төлем сәтiндегi теңгенiң бағамы бойынша қосымшаға сәйкес сома үшiн заемды қайтару жөнiндегi мiндеттеменi орындауға шығын қарастырылсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика және өндiрiстi дамыту мәселесi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсiн (А.И. Шелипанов).
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының V-сессиясының
төрағасы
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы