Алматы қаласының сауда кәсiпорындарының қоғамдық тамақтандыру мекемелерiнiң және базарлардың 2000 жылғы көктемгi-жазғы мезгiлге жұмыстарының әзiрлiгi туралы.

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімінің 2000 жылғы 12 cәуірдегі N 366 шешімі. Алматы қалалық әділет басқармасында 2000 жылғы 17 тамызда N 151 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 5/778 қаулысымен

      Ескерту: Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 31.12.2003 N 5/778 қаулысымен.

      Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын көктемгi-жазғы мезгiлде жайлы сауда қызмет көрсетуiн қамтамасыз ету, әртүрлi ауруларды болдырмау және тағам улануын болдырмау белгiленбеген жерлерде сауда жүргiзудi болдырмау мақсатында Алматы қаласының әкiмi

                         ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудан әкiмдерiне:
      - базарлардың қоғамдық тамақтандыру орындарының, сауда кәсiпорындарының басшыларына меншiк түрiне қарамастан сауда объектiлерiн және оның аумағын тиiстi санитарлық-техникалық жағдайына келтiруiн мiндеттесiн;
      - қалалық СЭС қызметi маусымдық сауда нүктелерiн белгiлесiн (жазғы алаңдар), балмұздақты тоңазытқыштар, салқын сусындар автоматтары;
      - аудандарда белгiленбеген жерлерде сауда жүргiзуге рұқсат бермеу;
      - санитарлық-ветеринарлық сараптауды талап ететiн азық-түлiк өнiмдердi және басқа көкөнiс өнiмдерiн еркiн саудалауға тыйым салу;
      - 2000 жылдың 15 сәуiрiнен 2000 жылдың 15 мамырына дейiн сауда нүктелерiнiң, оның iшiнде базарлардың, қоғамдық тамақтандыру орындарының, көтерме сауда нүктелерiнiң көктемгi-жазғы мезгiлде жұмыстарына байқау өткiзiп, қорытынды жұмыстарын берсiн.
      2. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының бастығы (В.А.Меркер):
      - тамақ өнiмдерiн алып келу және сатуда қатаң бақылау жасасын.
      3. Алматы қаласының Бас ветеринарлық дәрiгерi (Б.А.Сәбденов):
      - қалаға мал өнiмдерiн және өсiмдiк тағамдарын алып келуге және оны сатуға қатаң бақылау жасасын.
      4. Алматы қалалық Iшкi iстер Бас басқармасының бастығы (Қ.Н.Қасымов):
      - еркiн сауда жасаушыларға тосқауыл қою шараларын белсендi өткiзсiн.
      5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсiн.

      Алматы қаласының әкiмi               В.Храпунов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады