Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХXІV сессиясының 2010.12.13 N 388 шешімімен.
"Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiк беру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" 1999 жылғы 7 сәуiрдегi№N 374-1 Z990374_ Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Алматы қаласының құрметтi азаматы атағы туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1994 жылғы 12 тамыздағы II-сессиясының қаулысы 4 тармағының және осы қаулының N 1 қосымшаның 7 тармағы мен ескертпесiнiң күшi жойылған деп танылсын.
2. "Алматы қаласының құрметтi азаматы атағы туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1994 жылғы 12 тамыздағы II-сессиясының қаулысы 4 тармағы мына редакцияда мазмұндалсын:
"Алматы қаласының Әкiмiне "Алматы қаласының құрметтi азаматы" атағын алған азаматтарға бiр жолғы сыйақы төлеу үшiн ақша қаражатын бөлу көзi мен тәртiбiн белгiлеу ұсынылсын". Осы қаулының N 1 қосымшаның 6 тармағында "куәлiк, кеуделiк белгi" сөздерiнен кейiн "және жүз ең төменгi есептемелiк көрсеткiш көлемiнде бiр жолғы сыйақы" сөздерiмен толықтырылсын. N 1
қосымшаның 8 және 9 тармақтары тиiсiнше 7 және 8 тармақ болып саналсын.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының
86 және 87
баптарына сәйкес қаулы мен NN№1,2 қосымшалардағы "Мәслихат-Депутаттар
жиналысы", "қала әкiмшiлiгiнiң басшысы", "аудан әкiмшiлiгiнiң басшысы"
атаулары тиiсiнше "Мәслихат", "қала Әкiмi", "аудан Әкiмi" атауларына
ауыстырсын.
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихаты VI-сессиясының
төрағасы
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы
(маман Сариева А.)