Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 31.12.2003 N 5/778 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 160-1 "Қоршаған ортаны қорғау" туралы Заңының 10 бабының 2 тармағы, 20 бабының 1 тармағы және 29 бабы негiзiнде, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 01.12.98 жылғы N 1213 ~P981213 "Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы алу ережесi" туралы бекiтiлген Қаулысының 8, 12, 13 баптарына сәйкес Алматы қаласының Әкiмi
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшiн 2001 жылға арналған төлемдер мөлшерi 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап бекiтiлсiн (N№1 қосымша).
2. Алматы қаласында тiркелген табиғатты пайдаланушыларға 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоршаған ортаны ластағаны үшiн 2001 жылғы төлемдер мөлшерiне сай төлемдер жасау жүктелсiн.
3. Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасы (Шатов Е.И.), Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алматы қалалық салық комитетi (Қалижанов Б.У.), Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау қоры (Жұбатов Ж.) қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдердiң уақытылы түсуiн қамтамасыз етсiн.
4. Қалалық қоршаған ортаны қорғау қоры (Жұбатов Ж.) бұқаралық ақпарат құралдары ("Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерi) арқылы қоршаған ортаны ластағаны үшiн 2001 жылға арналған төлемдер мөлшерiн 2001 жылдың 31 желтоқсанына дейiн табиғатты пайдаланушыларға жеткiзсiн.
5. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 29 қарашада қабылдаған "Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшiн 2000 жылғы төлемдер мөлшерiн бекiту туралы" N№1143 ~V99r087 шешiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бірінші орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсiн.
Алматы қаласының Әкiмi В.Храпунов
Алматы қаласы Әкімінің
2000 жылғы 05 желтоқсандағы
N 1133 шешіміне
N 1 қосымша
Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны ластағаны
үшін 2001 жылға арналған
ТӨЛЕМДЕР МӨЛШЕРІ
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Төлем мөлшерлері |
---|---|---|---|
1. |
Тұрақты көздердің ластағаны үшін |
теңге/ш.т |
469 |
2. |
Жылжымалы көздердің жұмыс істегенде ластағаны үшін: |
||
этилденбеген бензин жанармайымен |
теңге/т |
677 |
|
сонымен қатар, ластауды төмендететін әдістерді пайдаланған кезде |
теңге/т |
569 |
|
дизель жанармайымен |
теңге/т |
1070 |
|
сонымен қатар, ластауды төмендететін әдістерді пайдаланған кезде |
теңге/т |
900 |
|
сұйытылған мұнай газымен |
теңге/т |
607 |
|
сығылған табиғи газбен |
теңге/1000 м3 |
410 |
|
этильденген бензин жанармайымен |
теңге/т |
8330 |
|
3. |
Су көздерін ластайтын заттарды тастағаны үшін |
теңге/ш.т. |
5000 |
4. |
Тұтыну және өндіріс қалдықтарын орналастырғаны үшін: |
||
улылығы V сыныпты ластаушы |
теңге/т |
525 |
|
улылығы ІV сыныпты ластаушы |
теңге/т |
1050 |
|
улылығы ІІІ сыныпты ластаушы |
теңге/т |
2100 |
|
улылығы ІІ сыныпты ластаушы |
теңге/т |
8400 |
|
улылығы І сыныпты ластаушы |
теңге/т |
16800 |
|
Радиоактивтік қалдықтарды орналастырғаны үшін: |
теңге/Гбк |
23 |
|
5. |
Айрықша қорғалатын табиғи аймаққа (АҚТА) кіргені үшін: |
||
жеңіл автокөліктері |
теңге/көлік |
150 |
|
жүк және автобус көліктері |
теңге/көлік |
400 |
|
Проксимити-карталар алатын автокөлік иелері |
теңге/көлік |
Көп рет өткен үшін 10% жеңілдік (кемінде 10 рет) |
|
АҚТА аймағында тұратын немесе саяжай учаскелері бар автокөлік иелеріні |
теңге/тоқсан |
200 |
|
АҚТА аумағында жұмыс істейтін автокөлік иелері |
теңге/тоқсан |
500 |
|
АҚТА аумағында ұйымдардың автокөліктері |
теңге/тоқсан |
1000 |
|
Арнаулы автокөліктер және дипломатиялық корпустың автокөліктері |
теңге/көлік |
АҚҚОҚБ беретін рұқсаттамалары бойынша тегін |
|
ҰОС мүгедектерінің, қатысушыларының еңбек ардагерлерінің, зейнеткерлердің автокөліктері |
теңге/көлік |
Құжаттарын көрсетсе, тегін |
|
6. |
Қаланың атмосфералық ауасын бөгде көліктердің ластағаны үшін: |
||
бензин жанармайымен жұмыс істейтін жеңіл көлік |
теңге/көлік |
392 |
|
сонымен қатар, ластауды төмендететін әдістерді пайдаланған кезде |
теңге/көлік |
329 |
|
бензин жанармайымен жұмыс істейтін жүк және автобус көлігі |
теңге/көлік |
738 |
|
сонымен қатар, ластауды төмендететін әдістерді пайдаланған кезде |
теңге/көлік |
658 |
|
дизель жанармайымен жұмыс істейтін жүк және автобус көлігі |
теңге/көлік |
940 |
|
сонымен қатар, ластауды төмендететін әдістерді пайдаланған кезде |
теңге/көлік |
790 |
|
Тракторлар |
теңге/көлік |
1175 |
|
газ отынымен жұмыс істейтін көліктер |
теңге/көлік |
157 |
|
7. |
Қала аумағындағы жасыл желектерді сындырғаны үшін (қалпына келтіру) төлем ақысы: |
||
жеке тұрған құнды ағаштарды |
теңге/дана |
28171 дейін |
|
жеке тұрған ағаштарды |
теңге/дана |
20021 дейін |
|
бұташаларды |
теңге/дана |
1051 дейін |
|
жасыл бауларды |
теңге/1к.м. |
804 дейін |
|
көк желектерді |
теңге/1ш.м |
296 дейін |
|
гүлзарларды |
теңге/1ш.м |
804 дейін |
Алматы қалалық қоршаған
ортаны қорғау қорының
директоры Ж.Жубатов