Облыс әкімінің 1999 жылғы 18 қазандағы N 205 "Жергілікті атқарушы органдардың резерв қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімінің шешімі 2000 жылғы 29 ақпандағы N 367 Атырау облысының әділет басқармасында 2000 жылғы 7 қыркүйекте N 271 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 30.03.2009 N 15 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 P001408_қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 230 P000230  қаулысына сәйкес шешім етемін:
      Облыс әкімінің 1999 жылғы 18 қазандағы N 205 V99T114  "Жергілікті атқарушы органдардың резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың резерв қаражаттарын пайдалану Ережесіндегі:
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) облыс әкімінің шешімімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығыстар";
      тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
      15-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) бөлінетін несие сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметі тиісті қаржы жылына белгілеген жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу лимитінің сомасынан аспауы тиіс";
      мынадай мазмұндағы 5-1 бөліммен толықтырылсын:
      "5-1. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу
      17-1. Жергілікті атқарушы органдардың резервінен басқа күтпеген шығындарға қаржы бөлу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, аудандар және Атырау қаласы әкімдері облыстық қаржы басқармасына тиісті негіздемелері мен есептері бар қаражат бөлу туралы өтініш ұсынады.
      17-2. Облыстық қаржы басқармасы ұсынылған өтініштің негізінде жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлу мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
       17-3. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы облыс әкімі шешімінің жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен аталған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі дайындайды.
      17-4. Аудандар және Атырау қаласы әкімдерінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы облыс әкімі шешімінің жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен облыстық қаржы басқармасы дайындайды."

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады