Жергілікті атқарушы органдары резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімінің шешімі 1999 жылғы 18 қазандағы N 205 Атырау облысының әділет басқармасында 1999 жылғы 11 қарашада N 114 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2011 жылғы 28 шілдедегі N 28 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 28.07.2011 N 28 шешімімен.
      "Бюджет жүйесі туралы" Z990357_ 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 P001408_ қаулысын іске асыру мақсатында шешім етемін:
      1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органдары резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібі бекітілсін.
      2. Мынаның күші жойылды деп танылсын:
      1) "Облыс әкімі резервтік қорының қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" облыс әкімінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 90а шешімі.
      3. Атырау қаласының және аудандар әкімдері жергілікті атқарушы органдары резервінің қаражатын пайдалану кезінде осы тәртіпті басшылыққа алсын, бұдан бұрын аудандар және Атырау қаласы әкімдері резервінің қаражаттарын пайдалану бойынша қабылданған шешімдерінің күші жойылсын.
      4. Облыс әкімінің ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімі белгіленген тәртіппен облыстық әділет басқармасында осы Тәртіпті тіркесін.
      5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      Облыс әкімі

  Облыс әкімінің 1999 жылғы 18 қазандағы N 205 шешімімен бекітілген

Атырау облысы жергілікті атқару органдары резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібі

      Осы тәртіп Атырау облысы жергілікті атқарушы органдарының резерв қаражатын бөлудің және пайдаланудың ретін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      жергілікті атқарушы органдарының резерві - тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген және бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін облыс, қала, аудандар әкімдерінің шешімі немесе жарлығы бойынша бөлінетін қаражат;
      көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар;
      облыс, қала және аудандар әкімдерінің, жергілікті атқару органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті атқарушы органдары резервінің құрамындағы қаражат - жергілікті атқарушы органдары резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша облыс, қала, аудандар әкімдерінің немесе жергілікті атқару органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінетін қаражат;
      төменгі тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резерв - жергілікті бюджетке түсетін ағымдағы түсімдермен және ағымдағы қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген бекітілген жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландыруға арналған қайтарымды негізде төмен тұрған бюджеттерге бөлінетін облыстық жергілікті атқарушы органдары резервінің құрамында көзделетін облыстық бюджет қаражаты;
      жергілікті атқарушы органының резерв қаражатын алушы - жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі не Атырау қаласының және аудандардың әкімдері.
      2. Жергілікті атқарушы органының резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға мынадай шаралар:
      1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, бұлар:
      төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
      зардап шеккендер үшін уақытша тұруға және тамақтануға орындар дайындау және ұстау;
      шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтіру бөлімшелерін құтқарудың техникалық құралдарымен, жабдықтармен және жарақтармен қосымша жарақтандыру;
      төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдардың тасымалдануын қамтамасыз ету;
      2) сот шешімдері бойынша облыс, қала, аудандар және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу;
      3) төмен тұрған бюджеттерді ағымдағы қаржы жылы ішінде несиелендіру жатады;
      4) облыс әкімінің шешімімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығыстар.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімінің 29.02.2000 N 367 шешімімен. V00T271_
      3. Жергілікті атқарушы органдарының резерв қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі
      4. Жергілікті атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлуді облыс, қала және аудандар әкімдерінің шешімі негізінде заңдармен белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің шығыстары мен несиелендіруі құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшерлер шегінде тиісті қаржы басқармасы жүзеге асырады. Шешімде (өкімде) алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда, оларды берудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
      5. Жергілікті атқарушы органдарының резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Тәртіпте және резервтен қаражат бөлу туралы облыс, қала және аудандар әкімдерінің шешімінде көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
      6. Жергілікті атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлу туралы облыс, қала және аудандар әкімдерінің шешімдерін (өкімдерін) дайындаған кезде мынадай шарттар:
      1) жергілікті бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының болмауы;
      2) сот шешімдері бойынша облыс, қала, аудандар және жергілікті атқару органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарының резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы ескеріледі.
      7. Бөлінген несие толық өтелгеннен кейін күшін жоятын, облыстық жергілікті атқарушы органдарының арнайы резервінен, төмен тұрған бюджеттерге несие бөлу туралы облыс әкімінің шешімдерін (өкімдерін) қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлу туралы облыс, қала, аудандар әкімдерінің шешімдері (өкімдері) облыс, қала, аудандар әкімдерінің тиісті шешімдерінің (өкімдерінің) негізінде жыл аяқталғанға дейін күшін жояды.

3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу

      8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, облыстық жергілікті атқарушы органының резервінен қаражат бөлу туралы өтініштерді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы қарайды. Бұл ретте туындаған төтенше жағдайдың аймақтық ауқымы болуы керек.
      9. Негіздемелік материалдарды берудің тәртібін және олардың тізбесін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы айқындайды.
      10. Аймақтық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған кезде, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражатты бөлу туралы шешімнің (өкімнің) жобасын заңдармен белгіленген тәртіппен облыс өкіміне енгізеді.
      11. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қала және аудандар жергілікті атқарушы органдардың резервтер қаражатының есебінен қаржыландырылуы керек.

4. Сот шешімдері бойынша облыс, қала, аудандар әкімдерінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу

      12. Сот шешімдері бойынша облыс, қала, аудандар әкімдерінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдардың резерв қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
      13. Облыс, қала, аудандар әкімдерінің міндеттемелерін өтеуге жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлу туралы облыс, қала, аудандар әкімдерінің шешімінің (өкімінің) жобасын тиісті қаржы органдары заңдармен белгіленген тәртіппен дайындайды.
      14. Жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге жергілікті атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлу туралы облыс, қала, аудандар әкімдерінің шешімінің (өкімінің) жобасын атқарушы орган заңдармен белгіленген тәртіппен дайындайды.

5. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражат бөлу және оларды пайдалану

      14. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге арнайы резервтен қаражат бөлу үшін Атырау қаласы және аудандар әкімдері облыстық қаржы басқармасына тиісті негіздемелерімен және есептемелерімен бірге облыстық атқарушы органының резервінен қаражат бөлу туралы өтініш тапсырады.
      15. Облыстық қаржы басқармасы берілген өтініштің негізінде, сондай-ақ ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылданған облыс әкімінің шешімдерімен (өкімдері) төмен тұрған бюджеттерге бұрын берілген несиелер туралы деректерді ескере отырып, төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражат бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
      Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге арнайы резервтен қаражат бөлу үшін:
      1) ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте Атырау қаласы және аудандар бюджеттерін несиелендіру үшін көзделген сомалардың болуы;
      2) жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілген және жергілікті бюджетке түсетін ағымдағы түсімдермен және белгілі бір есепті кезең үшін жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландыруға бөлінетін қаражаттың бағыты;
      3) облыстық бюджеттен берілген несие бойынша жергілікті атқарушы органдардың мерзімі өткен берешегінің болмауы міндетті шарттар болып табылады;
      4) бөлінетін несие сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметі тиісті қаржы жылына белгілеген жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу лимитінің сомасынан аспауы тиіс.
      Ескерту. Шешім 15-тармақпен толықтырылды - Атырау облысы әкімінің 29.02.2000 N 367 шешімімен. V00T271_
      16. Атырау қаласы, аудандар әкімдерінің өтініші бойынша оң қорытынды болған кезде, облыстық қаржы басқармасы төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін облыстық атқарушы органның арнайы резервінен ақша бөлу туралы шешімінің (өкімнің) жобасын облыс әкімінің қарауына енгізеді.
      17. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін облыстық атқарушы органның арнайы резервінен несие берудің және қайтарудың тәртібі мен шарттарын облыс әкімі белгілейді.
      5-1. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу
      Ескерту. 5-1-бөліммен толықтырылды - Атырау облысы әкімінің 29.02.2000 N 367 шешімімен. V00T271
      17-1. Жергілікті атқарушы органдардың резервінен басқа күтпеген шығындарға қаржы бөлу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, аудандар және Атырау қаласы әкімдері облыстық қаржы басқармасына тиісті негіздемелері мен есептері бар қаражат бөлу туралы өтініш ұсынады.
      17-2. Облыстық қаржы басқармасы ұсынылған өтініштің негізінде жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлу мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
      17-3. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы облыс әкімі шешімінің жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен аталған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі дайындайды.
      17-4. Аудандар және Атырау қаласы әкімдерінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы облыс әкімі шешімінің жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен облыстық қаржы басқармасы дайындайды.

6. Бақылау және есептілік

      18. Жергілікті атқарушы органдарының резервінен бөлінген қаражатты алушылар облыстық қаржы басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімде олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі керек.
      19. Облыстық қаржы басқармасы ай сайын облыс әкіміне облыстық атқарушы органы резерв қаражатының пайдаланылуы және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпарат береді.
      20. Қалалық және аудандық қаржы бөлімдері ай сайын қала және аудандар әкімдеріне облыстық атқарушы органының резервінен қаражаттың пайдаланылуы және тиісті жылға оның қалдығы туралы мәлімет береді.
      21. Облыстық атқарушы органының резервінен бөлінетін қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуы үшін алушы Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген тәртіппен жауап береді.
      22. Жергілікті атқарушы органдардың резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды облыстық қаржы басқармасы, облыстық қазынашылық басқармасы және олардың аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады