"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы
Заңының
27-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 19 тамыздағы N 03-5-ОД
бұйрығымен
бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 16 қарашада N 645 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының табиғи монополия, субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және жүргізу ережесіне мынадай өзгеріс енгізілсін:
9-тармақтағы:
"және оның рыноктағы үстем жағдайын тану" деген сөздер алып тасталсын.
2. Монополияға қарсы саясат, шағын бизнесті қолдау және құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Ұйымдастыру-инспекторлық басқармасы осы бұйрықты Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төрағаның орынбасары С.Ш. Құрманғалиевқа жүктелсін.
Төрағаның міндетін атқарушы