Қазақстан Республикасының табиғи монополия субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiмiн қалыптастыру және жүргiзу Ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің 1998 жыл 19 тамыз N 03/5 ОД бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 16 қарашада тіркелді. Тіркеу N 645. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-ОД бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының табиғи монополия
субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiмiн қалыптастыру
және жүргiзу Ережелерiн бекiту туралы

      Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" заңның  13-шi бабын басшылыққа алып бұйырамын:
      1. 1998 жылдың 14 тамыздан Алқада мақұлданған Қазақстан Республикасының табиғи монополия субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiмiн қалыптастыру және жүргiзу N 2/8 Ережелерi бекiтiлсiн.
      2. Нұсқаулықты белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу монополияларды реттеу басқармасына (Попандопуло Е.Н.) жүктелсiн.
      3. Ұйымдық-кадрлар бөлiмi осы Нұсқаулықпен барлық аумақтық комитеттердi таныстырсын.
      4. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Комитет Төрағасы орынбасарының мiндетiн атқарушы Е.Н. Пушкареваға жүктелсiн.

      Төраға-Министр

Қазақстан Республикасының Табиғи
монополияларды реттеу және  
бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi
комитетiнiң         
1998 жылғы 19 тамыздағы N 03/5-ОД
бұйрығымен бекiтiлген    

Қазақстан Республикасының табиғи монополия субъектiлерiнiң
Мемлекеттiк тiзiмiн қалыптастыру және жүргiзу
Ережелері

1. Жалпы қағидалар

      1. Осы ережелер " Табиғи монополиялар туралы ",
" Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрленген.
      2. Қазақстан Республикасының табиғи монополия субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiмi (бұдан әрi Тiзiм ) - бұл табиғи монополия субъектiлерiнiң аты аталған тiзiмi.
      3. Табиғи монополия субъектiлерi болып, меншiктiк түрiне қарамай, табиғи монополия саласында тауар өндiру және оны сату, жұмыс немесе қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлғалар немесе жеке кәсiпкерлер.
      4. Табиғи монополия - бұл белгiлi бiр қызмет (тауар, жұмыс) түрiне деген сұранысты қанағаттандыруға бәсекелестiк шарттарын жасап беру мүмкiншiлiгi болмаған немесе өндiрiстiң технологиялық ерекшелiгiне байланысты және қызметтiң (тауардың, жұмыстың) осы түрiн көрсету экономикалық жағынан тиiмсiз болған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жағдайы.
      5. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар саласына
қызметтердiң мына түрлерi жатады:
      магистралдық құбырлармен мұнай және мұнай өнiмдерiн тасымалдау;
      магистралдық және тарқатқыш құбырлармен газ және газ конденсатын тасымалдау;
      электр және жылу қуатын беру және тарқату;
      темiржол желiлерiн пайдалану;
      аэронавигация, порттар, әуе порттарының қызметтерi;
      жергiлiктi желiлер тармағын пайдалану арқылы телекоммуникациялар қызметi;
      су шаруашылығы және канализация жүйелерiнiң қызметi;
      пошта байланысының қызметтерi;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген басқа да қызмет түрлерi.
      6. Тiзiмдi табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн бақылайтын және реттейтiн (бұдан әрi - Өкiлеттi орган), Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi Комитетi қалыптастырады және жүргiзедi.
      7. Осы ережелер табиғи монополия субъектiлерiнiң құрылымын және оларды Тiзiмге енгiзу және шығару тәртiбiн белгiлейдi.

2. Тiзiмдi қалыптастыру және жүргiзу тәртiбi

      8. Тiзiм Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне және "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi құрастыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Мемлекеттiк тiзiмi негiзiнде қалыптастырылады.
      9. Субъектi Тiзiмге кiргiзуге табиғи монополия саласына қатысты болған қызмет түрiн көрсетуi негiз бола алады.
      Табиғи монополия саласына жатқызылған, бiрақ тек өз қажетiне арналған объектiлердi пайдаланумен байланысты болған заңды тұлғалар Тiзiмге енгiзiлмейдi.
      Ескерту: 9-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі
агенттігінің 2001 жылғы 12 ақпандағы N 20-ОД бұйрығымен

      10. Тiзiмнiң республикалық тарауын Орталық Өкiлеттi орган қалыптастырады және жүргiзедi және республикалық нарықта, бұл жерде- шекарасы бiр облыс аумағынан шығатын нарықта, табиғи монополия саласына жатқызылған қызмет түрлерiн көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiн қамтиды.
      11. Тiзiмнiң жергiлiктi тарауларын аумақтық Өкiлеттi органдар қалыптастырады және жүргiзедi және шекарасы бiр облыс, қала, аудан, тұрақты мекен, немесе шағын басқа бiр аумақ шекарасымен шектелген нарықта табиғи монополия саласына жатқызылған қызмет түрлерiн көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiн қамтиды.
      12. Тiзiмнiң республикалық тарауына кiргiзудi және шығаруды Орталық Өкiлеттi орган табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтер нарығының жағдайы туралы қорытынды негiзiнде жүзеге асырады және өз қаулысымен рәсiмдейдi.
      Тiзiмнiң жергiлiктi тарауына кiргiзудi және шығаруды аумақтық Өкiлеттi органдар нарықтың жағдайы туралы қорытынды негiзiнде жүзеге асырады және республикалық Өкiлеттi органды хабардар еткен соң, өз қаулысымен рәсiмдейдi.
      13. Тiзiмге өзгертулер мынадай негiз болғанда енгiзiледi:
      заңды актiлерде белгiленген тәртiпте субъекттiң қызметiнiң түрiн табиғи монополия саласына жатқызу немесе шығару;
      табиғи монополия субъектiсiнiң құрылуы, қайта құрылуы, тарқалуы, қайта тiркеуден өткiзiлуi;
      табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтер нарығы жағдайының өзгеруi;
      субъекттiң табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтi тоқтатуы.
      14. Өкiлеттi органның субъектi Тiзiмнiң тиiстi тарауына кiргiзуi немесе шығаруы туралы шешiмi қабылданғаннан соң 10 күндiк мерзiмде Өкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiн Тiзiмге кiргiзгенi (шығарғаны) туралы хабардар етуге мiндеттi.
      15. Бекiтiлген Тiзiмдi Өкiлеттi орган жылына бiр рет 1-шi сәуiрден кешiктiрмей ресми баспасөз құралдарында жариялайды.
      16. Тiзiмге енгiзiлген өзгерiстер Өкiлеттi органның қаулысы
қабылданған күннен бастап 20 күннiң iшiнде ресми баспасөз  құралдарында жариялануы тиiс.

3. Табиғи монополия субъектiсiн Тiзiмге
енгiзудiң салдары

      17. Тiзiмге енгiзiлген табиғи монополия субъектiсi табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн және олардың құқығы мен мiндеттерiн белгiлейтiн "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және басқа да нормативтi-құқықтық актiлердiң әсерiне ұшырайды.
      Табиғи монополия субъектiсiнiң мiндеттерi:
      1) өкiлеттi органның талабына орай өткiзiлетiн жылдық аудиторлық тексерудiң қорытындысын Өкiлеттi органға беру;
      2) өкiлеттi органға тоқсандық және бiр жылдық статистикалық есебiн берiп тұру:
      - бухгалтерлiк балансын;
      - қаржылық-шаруашылық қызметiнiң қорытындысы туралы есеп;
      - ақшалай қаржыларының жылжуы туралы есеп;
      - өнiмдi өндiру және сату шығындары туралы есеп;
      - еңбек етуi туралы есеп;
      - өндiрiстiк қаржылық қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi туралы есеп (1-ПФ нысаны).
      Тоқсандық есептер есеп беру мерзiмi бiткеннен соң бiр айдан кешiктiрiлмей, ал бiр жылдық - есеп беру жылынан соң келетiн 1 сәуiрден кешiктiрiлмей табыс етiлуi керек;
      3) бухгалтерлiк балансын және жылдың қорытындысы бойынша қаржылық-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есебiн әр жылы ресми баспасөз құралдарында жариялап тұру.
      18. Мемлекет Тiзiмге енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн Өкiлеттi орган арқылы реттейдi және қадағалайды.

4. Тiзiмге енгiзуге шағымдану тәртiбi

      19. Табиғи монополия субъектiсiнiң мынадай құқығы бар:
      - Тiзiмнен шығару туралы Өкiлеттi органға өтiнiш беруге;
      - Тiзiмге енгiзу және шығару мәселелерi бойынша Өкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жоғарғы органға немесе соттасу тәртiбiнде шағымдануға.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады