ҚР МКМ 1999 жылғы 4 қарашадағы N 1336а бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 21 ақпандағы N 174 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 26 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1435. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 293 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 293   бұйрығымен.

Үзінді:

       "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      1) ...
      2)«ҚР МКМ 1999 жылғы 4 қарашадағы N 1336а бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2001 жылғы 21 ақпандағы N 174 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1435болып тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Рахметов Н.Қ.) бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарға жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр
 

              Салық төлеушілердің барлық санаттарының арасында салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдерді төлеудің маңыздылығын насихаттау және Қазақстан Республикасының салық заңдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 4 қарашадағы "Салық төлеушілердің мемлекетпен өзара қатынасын бағалау рейтингі туралы Ережелерді бекіту туралы" N 1336а  V990979_ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген салық төлеушілердің мемлекетпен өзара қатынасын бағалау рейтингі туралы Ереже, қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 
      2. Әкімшіліктендіру департаменті (Елшібеков С.К.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Министр 

                                        ҚР МКМ 2001 жылғы 21 ақпан
                                          N 174 бұйрығына қосымша
                                      ҚР МКМ 1999 жылғы 4 қарашадағы
                                       N 1336а бұйрығымен бекітілді 

       Салық төлеушілердің мемлекетпен өзара қатынасын бағалау рейтингісі туралы Ереже   

Рейтингті айқындау тәртібі     

      Салық төлеушілердің мемлекетпен өзара қатынасын бағалау жекелеген өлшемдер бойынша алынған рейтингтердің сомасы сияқты айқындалатын жинақталған рейтинг негізінде жүргізіледі.
      Өлшемдер (төртінші, тоғызыншы) бойынша бағалау мынадай формула бойынша айқындалады:

      Оr=Об+(-)Ок, бұл жерде
      Оr - осы өлшем бойынша салық төлеушінің бағасы
      Об - базалық коэффициент,
      Ок - өсу (түсу) қарқынының коэффициенті.
      1) Салық жүктемесінің коэффициенті (%):
      Акцизделген өнімдерді өндіруші және сатушы (төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша) кәсіпорындардан басқа, салық жүктемесінің коэффициенті (%)

     R1-

____________________________________________________________________

Төленген салықтар бойынша          <-5 -5 -3  Базалық      +3 +5 >+5

салық жүктемесінің коэффициенті(%)              коэффициент

____________________________________________________________________

Бағасы (балл)                       -3 -2 -1     10        +1 +2 +3

____________________________________________________________________ 

     Акцизделген өнімдерді өндіруші және сатушы кәсіпорындар үшін

     R1-

____________________________________________________________________

Төленген салықтар бойынша         <-5 -5 -3   Базалық      +3 +5 >+5
салық жүктемесінің коэффициенті(%)          коэффициент       1,8

____________________________________________________________________ Бағасы (балл)                     -3 -2 -1      10        +1 +2 +3 

____________________________________________________________________        Осы өлшемді айқындау кезінде есеп беру кезеңіндегі кәсіпорынның жылдық жиынтық кірісіне өткен кезеңдердегі жойылған берешек сомаларын есепке алмай салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерінің сомасы арасындағы қатынасты табу қажет.

                өткен кезеңдердегі өтелген берешек сомаларын есепке алмағанда,                                 

Салық жүктемесіне=( төленген салықтардың сомасы  ) х100%.                                   жиынтық жылдық кіріс   

     Әрбір есеп беру кезеңі бойынша базалық коэффициенті ҚР МКМ беріледі.

     2) Өткен кезеңмен (жылмен) салыстыру бойынша салық түсімдерінің өсу қарқыны.

     Шағын бизнес кәсіпорны үшін

     R2-

____________________________________________________________________

Өсім қарқыны, түсімнің         <-10 -5 -3  Базалық     +3 +5 >+10

         төмендеуі (%)                           коэффициент

____________________________________________________________________

Бағасы (балл)                    -10 -5 -3      20       +3 +5 +10

       Шағын бизнестен басқа салық төлеушілер үшін

     R2-

____________________________________________________________________

Өсім қарқыны,    <-20 -15 -10 -5 -3   Базалық     +3 +5 +10 +15 >+20

түсімнің  төмендеуі (%) 

____________________________________________________________________ 

Бағасы (балл)    -10 -7 -5 -2 -1         20       +1 +2  +5  +7  +10

____________________________________________________________________

     Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімінің өсу (төмендеу) қарқынын айқындау үшін өткен кезеңде (жылы) түскен салық сомаларына есеп беру кезеңінде (жылы) бюджетке түскен салық сомалары арасындағы қатынасты табу қажет.

                 Есеп беру кезеңінде түскен салық сомасы
Өсу қарқыны=(_____________________________________________ ) х 100%.
                     Өткен кезеңде түскен салық сомасы

     Әрбір есеп беру кезеңі бойынша базалық коэффициенті ҚР МКМ беріледі.

     3) Аймақтық (Алматы қаласынан басқа) бюджетке қатысу үлесі

     R3-
________________________________________________________________

     Кәсіпорынның аймақтық           >10   5   3   2   1   0,5
     бюджетке қатысу үлесі (%)

________________________________________________________________ 

         Бағасы (балл)                15   10  5   3   2   1,5

________________________________________________________________

     Алматы қаласының аймақтық бюджетке қатысу үлесі

     R3-
____________________________________________________________________

      Кәсіпорынның аймақтық       >5   3   2,5  2  1,5  1  0,7  0,5
      бюджетке қатысу үлесі (%) 

____________________________________________________________________

      Бағасы (балл)               15   9   7,5  6  4,5  3   2   1,5
____________________________________________________________________

      Осы коэффициент аймақ бойынша бюджетке нақты түскен салық сомаларына салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерінің барлық төленген сомаларына қатысы сияқты есептеледі.
            Салық төлеушінің төленген салық сомалары
Үлесі=(__________________________________________________ ) х 100%.                 Аймақ бойынша нақты түскен салық сомасы

Кәсіпорынның аймақ бюджетіне қатысу үлесі 0,5% аз болмау керек.

     4) Өткен кезеңмен салыстыру бойынша салық борышының төмендеуі

     R4-
________________________________________________________________ 

     Салық борышының төмендеу   100  >50  40  30  20  15  10  5
          қарқыны(%) ________________________________________________________________    

        Бағасы (балл)           20   10   8    6   4   3   2  1________________________________________________________________ 

     Алдыңғымен салыстыру бойынша есеп беру кезеңінде кәсіпорынның салық борышының төмендеу қарқынын айқындау кезінде өткен кезеңдегі салық борышы сомасына есеп беру кезеңіндегі салық борышы сомасы арасындағы қатынасты табу керек.
                          Есеп беру кезеңіндегі салықтар 
Төмендеу қарқыны =100% -[(       бойынша салық борышы      ) х 100%]                            Өткен кезеңдегі салықтар бойынша                                              салық борышы

      5) Кәсіпорындардың ҚШҚ тексеру нәтижелері
      Осы көрсеткіш құжаттық (кешендік) тексеру жүргізгеннен кейін міндетті түрде айқындалады.

     R5-

Тексеру нәтижелері
бойынша есептелген
cомалар (осындай
қарқында)

Есептеу-
лер жоқ

Өткен жылдың
осындай кезеңі үшін
көрсеткіштен
аз есептелді

Өткен кезең
үшін тексе-
рулер жүр-
гізілмеген

Өткен жылдың
осындай кезеңі
үшін көрсет-
кіштен артық
есептелді

Бағасы (балл)

5

2

0

-5

      R6-
____________________________________________________________________

Сатылған өнімдердің көлеміне қатысы     10    7     5      2      0
жөніндегі тексерулер нәтижелері бойынша
есептелген сомалардың үлес салмағы (%) ____________________________________________________________________

    Бағасы (балл)                     0    +1    +3     +5     +10
____________________________________________________________________

                      Кәсіпорынның ҚШҚ нәтижелері
Үлес салмағы =(         бойынша есептелген сомалар         ) х 100%                  Салық төлеушінің сатқан өнімдерінің көлемі

     6) Салық декларациясы мен есептерін берудің өз уақыттылығы

     R7-
____________________________________________________________________

Есеп беру жылында декларацияны   Жағдайлар болған   Есептерді уақытында бермеу жағдайларының         жоқ          уақытында бермеу
саны                                                жағдайлары болды
____________________________________________________________________

    Бағасы (балл)                     +5                    -5

____________________________________________________________________

      7) Салық заңдарына насихат жүргізу

      R8-

      Осы өлшем бойынша бағалау есепті сапалы жүргізетін және салық  заңдарын жетілдіруге және насихаттауға қатысушы салық төлеушілер үшін қосымша марапаттау болып табылады (марапаттаудың шекті коэффициенті "+5").

      8) Алдыңғы кезеңмен (жылы) салыстыру бойынша кәсіпорындарда жұмыс істеушілердің санының өсу қарқыны

      R9-
_______________________________________________________________           Жұмысшылар санының    <-20  -20  -10  100  +10  +20   >+20           өсу қарқыны (%) 

_______________________________________________________________     

     Бағасы (балл)          -4   -3   -2    5   +2   +3     +4

_______________________________________________________________

     Рейтингтің осы өлшемі бойынша бағаны айқындау кезінде - алдыңғы кезеңмен салыстыру бойынша есеп беру кезеңінде өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылардың саны арасындағы қатынасты табу қажет.

                      Есеп беру кезеңіндегі жұмысшылардың
Санының өсу қарқыны =(                саны                   ) х 100%                         Өткен кезеңдегі жұмысшылардың саны

      9) Еңбек ақы төлеу бойынша берешектің төмендеуі

      R10-     

_________________________________________________     

Еңбек ақы төлемдері    100    >20     20     10
бойынша берешектің 
  төмендеуі (%) 

_________________________________________________          

Бағасы (балл)           5      3      2       1

_________________________________________________     

      Осы өлшемді айқындау кезінде өткен кезеңдегі берешектерге жыл  қортындысы бойынша есеп беру кезеңінде кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ақысы бойынша берешектерінің қатынасын есептеу қажет.      

ЕА бойынша берешектің            Есеп беру жылындағы
төмендеу қарқыны      = 100%- [(   ЕА бойынша берешек   ) х 100%]                                       Өткен кезеңдегі ЕА                                                    бойынша берешек

      Рейтингтік бағалау үш кезеңде жүргізіледі: аудандық деңгейде, одан кейін облыстық деңгейде және соңында республикалық деңгейде. 
      Әрбір кезеңде келесі кезеңдегі жарысқа қатысатын, рейтингтің ең жоғарғы сомасын алған үш салық төлеуші айқындалады. 
 

                 Рейтинг нәтижелері бойынша ақпараттар әзірлеу 
 

        Аудандар бойынша салық комитеттері аудан деңгейіндегі рейтинг өткізеді және облыс бойынша салық комитеттеріне аудандардың рейтингтерінде салық төлеушілердің жетістіктері туралы келесі салық жылының 15 сәуіріне дейін өлшемдер қимасында мәліметтер береді. 
      Облыстар бойынша салық комитеттері облыс деңгейіндегі рейтинг өткізеді және рейтингтердегі жетістіктер нәтижелері туралы мәліметті келесі салық жылының 20 сәуіріне өлшемдер қимасында ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігіне береді.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі республикалық қортынды рейтингті келесі салық жылының 30 сәуірінде өткізеді.

Рейтинг нәтижелерін пайдалану

      Аудандық және облыстық деңгейлерде өткізілген рейтингтердің  нәтижелері аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
      Республикалық рейтингтің қортындысы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс Министрлігінің Жаршысында" және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 

           Мамандар:

              Омарбекова А.Т.

              Жұманазарова А.Б.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады