Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 293 бұйрығымен.
Үзінді:
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) Салық төлеушілер мен мемлекеттің өзара қарым-қатынастарын бағалау рейтингі туралы ережені бекіту туралы»1999 жылғы 4 қарашадағы N 1336а бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 979 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2000 ж., N 2, 192-құж. жарияланған);
2) ...
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Рахметов Н.Қ.) бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарға жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасындағы салық төлеушілердің барлық санаттары арасында салық заңдарына құрметпен қарауды насихаттау мақсатында Бұйырамын :
1. Салық төлеушілердің мемлекетпен өзара қарым қатынастарын бағалау рейтингі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрықты үйлестіру мен бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Әкімшіліктендіру департаментіне (С.К.Елшібеков) жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
министрлігінің
1999 жылғы 4 қараша N 1336а
бұйрығымен бекітілген
Салық төлеушілердің мемлекетпен өзара қатынасын бағалау рейтингісі туралы Ереже<*>
Ескерту: Ереже жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
министрінің 2001 жылғы 21 ақпандағы N 174
бұйрығымен. V011435_
Рейтингті айқындау тәртібі
Салық төлеушілердің мемлекетпен өзара қатынасын бағалау жекелеген өлшемдер бойынша алынған рейтингтердің сомасы сияқты айқындалатын жинақталған рейтинг негізінде жүргізіледі.
Өлшемдер (төртінші, тоғызыншы) бойынша бағалау мынадай формула бойынша айқындалады:
Оr=Об+(-)Ок, бұл жерде
Оr - осы өлшем бойынша салық төлеушінің бағасы
Об - базалық коэффициент,
Ок - өсу (түсу) қарқынының коэффициенті.
1) Салық жүктемесінің коэффициенті (%):
Акцизделген өнімдерді өндіруші және сатушы (төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша) кәсіпорындардан басқа, салық жүктемесінің коэффициенті (%)
R1-
____________________________________________________________________
Төленген салықтар бойынша <-5 -5 -3 Базалық +3 +5 >+5салық
жүктемесінің коэффициенті(%) коэффициент
____________________________________________________________________
Бағасы (балл) -3 -2 -1 10 +1 +2 +3
____________________________________________________________________
Акцизделген өнімдерді өндіруші және сатушы кәсіпорындар үшін
R1-
____________________________________________________________________
Төленген салықтар бойынша <-5 -5 -3 Базалық +3 +5 >+5
салық жүктемесінің коэффициенті(%) коэффициент
1,8
____________________________________________________________________ Бағасы (балл) -3 -2 -1 10 +1 +2 +3
____________________________________________________________________
Осы өлшемді айқындау кезінде есеп беру кезеңіндегі кәсіпорынның жылдық жиынтық кірісіне өткен кезеңдердегі жойылған берешек сомаларын есепке алмай салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерінің сомасы арасындағы қатынасты табу қажет.
өткен кезеңдердегі өтелген берешек сомаларын есепке
Салық жүктемесіне=( алмағанда, төленген салықтардың сомасы )х100%
жиынтық жылдық кіріс
Әрбір есеп беру кезеңі бойынша базалық коэффициенті ҚР МКМ беріледі.
2) Өткен кезеңмен (жылмен) салыстыру бойынша салық түсімдерінің өсу қарқыны.
Шағын бизнес кәсіпорны үшін
R2-
____________________________________________________________________
Өсім қарқыны, түсімнің <-10 -5 -3 Базалық +3 +5 >+10
төмендеуі (%) коэффициент
____________________________________________________________________
Бағасы (балл) -10 -5 -3 20 +3 +5 +10
Шағын бизнестен басқа салық төлеушілер үшін
R2-
____________________________________________________________________
Өсім қарқыны, <-20 -15 -10 -5 -3 Базалық +3 +5 +10 +15 >+20
түсімнің төмендеуі (%)
____________________________________________________________________
Бағасы (балл) -10 -7 -5 -2 -1 20 +1 +2 +5 +7 +10
____________________________________________________________________
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімінің өсу (төмендеу) қарқынын айқындау үшін өткен кезеңде (жылы) түскен салық сомаларына есеп беру кезеңінде (жылы) бюджетке түскен салық сомалары арасындағы қатынасты табу қажет.
Өсу қарқыны =( Есеп беру кезеңінде түскен салық сомасы )х 100%.
Өткен кезеңде түскен салық сомасы
Әрбір есеп беру кезеңі бойынша базалық коэффициенті ҚР МКМ беріледі.
3) Аймақтық (Алматы қаласынан басқа) бюджетке қатысу үлесі
R3-
________________________________________________________________
Кәсіпорынның аймақтық >10 5 3 2 1 0,5
бюджетке қатысу үлесі (%)
________________________________________________________________
Бағасы (балл) 15 10 5 3 2 1,5
________________________________________________________________
Алматы қаласының аймақтық бюджетке қатысу үлесі
R3-
____________________________________________________________________
Кәсіпорынның аймақтық >5 3 2,5 2 1,5 1 0,7 0,5
бюджетке қатысу үлесі (%)
____________________________________________________________________
Бағасы (балл) 15 9 7,5 6 4,5 3 2 1,5
____________________________________________________________________
Осы коэффициент аймақ бойынша бюджетке нақты түскен салық сомаларына салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерінің барлық төленген сомаларына қатысы сияқты есептеледі.
Үлесі=( Салық төлеушінің төленген салық сомалары ) х 100%.
Аймақ бойынша нақты түскен салық сомасы
Кәсіпорынның аймақ бюджетіне қатысу үлесі 0,5% аз болмау керек.
4) Өткен кезеңмен салыстыру бойынша салық борышының төмендеуі
R4-
________________________________________________________________
Салық борышының төмендеу 100 >50 40 30 20 15 10 5
қарқыны(%)
________________________________________________________________
Бағасы (балл) 20 10 8 6 4 3 2 1
________________________________________________________________
Алдыңғымен салыстыру бойынша есеп беру кезеңінде кәсіпорынның салық борышының төмендеу қарқынын айқындау кезінде өткен кезеңдегі салық борышы сомасына есеп беру кезеңіндегі салық борышы сомасы арасындағы қатынасты табу керек.
Есеп беру кезеңіндегі салықтар
Төмендеу қарқыны =100%-[( бойынша салық борышы )х 100%]
Өткен кезеңдегі салықтар бойынша
салық борышы
5) Кәсіпорындардың ҚШҚ тексеру нәтижелері
Осы көрсеткіш құжаттық (кешендік) тексеру жүргізгеннен кейін
міндетті түрде айқындалады.
R5-
________________________________________________________________________
Тексеру нәтижелері Есептеулер Өткен жылдың Өткен кезең Өткен жылдың
бойынша есептелген жоқ осындай кезеңі үшін осындай ке-
сомалар (осындай үшін тексерулер зеңі үшін
қарқында) көрсеткіштен жүргізілмеген көрсеткіш-
аз есептелді тен артық
есептелді
___________________________________________________________________________
Бағасы (балл) 5 2 0 -5
___________________________________________________________________________
R6-
___________________________________________________________________________
Сатылған өнімдердің көлеміне қатысы 10 7 5 2 0
жөніндегі тексерулер нәтижелері бойынша
есептелген сомалардың үлес салмағы (%)
___________________________________________________________________________
Бағасы (балл) 0 +1 +3 +5 +10
___________________________________________________________________________
Кәсіпорынның ҚШҚ нәтижелері бойынша есептелген сомалар
Үлес салмағы=(_______________________________________________) х 100%
Салық төлеушінің сатқан өнімдерінің көлемі
6) Салық декларациясы мен есептерін берудің өз уақыттылығы
R7-
___________________________________________________________________________
Есеп беру жылында декларацияны Жағдайлар болған Есептерді уақытында
уақытында бермеу жағдайларының жоқ бермеу жағдайлары
саны болды
___________________________________________________________________________
Бағасы (балл) +5 -5
___________________________________________________________________________
7) Салық заңдарына насихат жүргізу
R8-
Осы өлшем бойынша бағалау есепті сапалы жүргізетін және салық заңдарын жетілдіруге және насихаттауға қатысушы салық төлеушілер үшін қосымша марапаттау болып табылады (марапаттаудың шекті коэффициенті "+5"). 8) Алдыңғы кезеңмен (жылы) салыстыру бойынша кәсіпорындарда жұмыс істеушілердің санының өсу қарқыны
R9-
_______________________________________________________________
Жұмысшылар санының <-20 -20 -10 100 +10 +20 >+20
өсу қарқыны (%)
_______________________________________________________________
Бағасы (балл) -4 -3 -2 5 +2 +3 +4
_______________________________________________________________
Рейтингтің осы өлшемі бойынша бағаны айқындау кезінде - алдыңғы кезеңмен салыстыру бойынша есеп беру кезеңінде өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылардың саны арасындағы қатынасты табу қажет.
Санының өсу қарқыны=( Есеп беру кезеңіндегі жұмысшылардың саны ) х 100%
Өткен кезеңдегі жұмысшылардың саны
9) Еңбек ақы төлеу бойынша берешектің төмендеуі
R10-
_________________________________________________
Еңбек ақы төлемдері 100 >20 20 10
бойынша берешектің
төмендеуі (%)
_________________________________________________
Бағасы (балл) 5 3 2 1
_________________________________________________
Осы өлшемді айқындау кезінде өткен кезеңдегі берешектерге жыл
қортындысы бойынша есеп беру кезеңінде кәсіпорын жұмысшыларының еңбек
ақысы бойынша берешектерінің қатынасын есептеу қажет.
ЕА бойынша берешектің Есеп беру жылындағы
төмендеу қарқыны = 100%-[( ЕА бойынша берешек ) х 100%]
Өткен кезеңдегі ЕА
бойынша берешек
Рейтингтік бағалау үш кезеңде жүргізіледі: аудандық деңгейде, одан кейін облыстық деңгейде және соңында республикалық деңгейде.
Әрбір кезеңде келесі кезеңдегі жарысқа қатысатын, рейтингтің ең жоғарғы сомасын алған үш салық төлеуші айқындалады.
Рейтинг нәтижелері бойынша ақпараттар әзірлеу
Аудандар бойынша салық комитеттері аудан деңгейіндегі рейтинг өткізеді және облыс бойынша салық комитеттеріне аудандардың рейтингтерінде салық төлеушілердің жетістіктері туралы келесі салық жылының 15 сәуіріне дейін өлшемдер қимасында мәліметтер береді.
Облыстар бойынша салық комитеттері облыс деңгейіндегі рейтинг өткізеді және рейтингтердегі жетістіктер нәтижелері туралы мәліметті келесі салық жылының 20 сәуіріне өлшемдер қимасында ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігіне береді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі республикалық қортынды рейтингті келесі салық жылының 30 сәуірінде өткізеді.
Аудандық және облыстық деңгейлерде өткізілген рейтингтердің нәтижелері аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады. Республикалық рейтингтің қортындысы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс Министрлігінің Жаршысында" және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева А.Ж.