Халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының эмиссияларын мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы директоратының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 777 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 26 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1436. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 272 қаулысымен

  ---------------Қаулыдан үзінді---------------

       Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік)  Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы Директоратының "Халықаралық қаржы ұйымдарының эмиссиясының облигацияларын  мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы" 2001 жылғы 15 ақпандағы N 777  қаулысының күшін жойғандығы танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1436 тіркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында 2001 жылы жарияланған, N 12)...

      Төраға
_________________________________

      Халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасында орналастыруға және айналыста болуына жобаланған облигацияларының эмиссияларын мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындау мақсатында "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755  жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженің 4-тармағы 22) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты 
                               ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. Ұлттық комиссия халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының эмиссияларын мемлекеттік тіркеу кезінде "Облигациялар шығарылымын тіркеу және өтеу тәртібі туралы" Ережені бекіту туралы" Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156  қаулысымен  бекітілген Облигациялар шығарылымын тіркеу және өтеу тәртібі туралы ережеде белгіленген нормалардың (аталған Ереженің 20, 22, 48 және 50 тармақтарын, осындай-ақ оның 1а, 2 және 6 қосымшаларын қоспағанда) қолданылатындығы белгіленсін. 
      2. Халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының эмиссияларын мемлекеттік тіркеу үшін Ұлттық комиссияға мынадай құжаттардың ұсынылу керек екендігі белгіленсін: 
      1) еркін үлгіде жазылған, мазмұнында ұсынылған құжаттардың тізімдемесі бар өтініш; 
      2) мазмұнында: 
      осы облигациялар эмитентінің атауы, орналасқан жері және коммуникациялық деректемелері туралы мәлімет; 
      осы облигациялардың атаулы құны, олардың эмиссиядағы саны туралы, эмиссияның көлемі және валютасы, осы облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәсілі (купон немесе дисконт түрінде) туралы, осы облигацияларды орналастырудың және айналысының мерзімі туралы, оларды өтеудің шарттары туралы, егер осы облигациялар бойынша сыйақы купон түрінде төленетін жағдайда - осындай купонның ставкасы туралы, осы облигацияларды орналастырудың ерекшеліктері (оларды дисконтпен немесе сыйлықпен орналастыруға жол беріле ме әлде жоқ па) туралы, купонды төлеудің кезеңділігі, мерзімдері және шарттары туралы мәліметтер; 
      осы облигациялар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі туралы және осы облигацияларды орналастырудың нәтижесінде алынатын ақшаларды пайдалану бағыттары туралы мәліметтер; 
      осы облигациялар эмитентінің заң кеңесшісінің (консультантының) осы облигацияларды шығару туралы шешім қабылдау кезінде заңда және осы эмитенттің нормативтік актілерінде белгіленген нормалардың сақталысы туралы қорытындысы; 
      осы облигациялар эмитентінің пікірі бойынша олардың әлуетті сатып алушылары үшін мүддені білдіретін немесе мәні бар өзге де мәліметтер бар эмиссия проспектісі ("циркуляр"); 
      3) осы облигациялар эмитентінің тиісті органының оларды шығару туралы шешімінің нотариалды расталған көшірмесі. 
      3. Осы Қаулыға сәйкес Ұлттық комиссия облигацияларының эмиссиясын тіркеген халықаралық қаржы ұйымының Ұлттық комиссияға осы облигацияларды орналастырудың әрбір алты айдағы қорытындылары бойынша (әрбір алты ай аяқталғаннан кейін бір ай ішінде), сондай-ақ оларды орналастыру ақталғаннан кейін бір ай ішінде жоғарыда аталған Ереженің 4-қосымшасындағы үлгі бойынша осы облигацияларды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептер беруге міндетті екендігі белгіленсін. 
      4. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енетіндігі белгіленсін.
      5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар департаменті:
      1) осы Қаулыны Еуропа қайта құру және даму банкінің және Қазақстан Республикасында өкілдіктері бар басқа да халықаралық қаржы ұйымдарының назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.

      Ұлттық комиссияның
          Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады