Ядролық сынақтардан, Чернобыльдегі және басқа радиациалық апаттардан зардап шеккен адамдардың ауруларының себептік байланысын анықтау жөніндегі ведомствоаралық сараптау кеңестері жұмысының тәртібі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 14 наурыздағы N 240 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 сәуірде тіркелді. Тіркелді N 1453. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 13 тамыздағы № 466 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 13.08.2013 № 466 бұйрығымен.

      Радиациялық әсерден зардап шеккен адамдарға медициналық қызмет көрсетуді жақсарту үшін, сондай-ақ "Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында 1949-1990 жылдардағы ядролық сынақтардан зардап шеккен халықты медициналық оңалту бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 17 наурыздағы 1997 жылғы N 336 P970336_ қаулысын орындау мақсатында,
                              БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
      1) радиациялық әсерден зардап шеккен адамдардың ауруларының себептік байланысын анықтау жөніндегі ведомствоаралық орталық сараптау кеңестері туралы қағида;
      2) радиациялық әсерден зардап шеккен адамдардың ауруларының себептік байланысын анықтау жөніндегі ведомствоаралық аймақтық сараптау кеңесі туралы қағида;
      3) радиациялық әсерден зардап шеккен адамдардың ауруларының себептік байланысын анықтау жөніндегі ведомствоаралық аймақтық сараптау кеңестерінің және оларға бекітілген әкімшілік аумақтарының тізбесі, 1-қосымша;
      4) ядролық сынақтардың, Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттардың салдарына байланысты радиациялық факторлардың әсерінен болған немесе асқынған аурулардың тізбесі, 2-қосымша;
      5) ядролық сынақтардың, Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттардың салдарына байланысты радиациялық факторлардың әсерінен болған немесе асқынған аурулардың тізбесін пайдалану туралы методикалық нұсқау, 3-қосымша;
      6) радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың сырқаттануына, мүгедек және қайтыс болуына байланысты себептерді анықтау жөніндегі сараптау Кеңесінің төрағасына арыздың үлгісі, 4-қосымша;
      7) радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың сырқаттануына, мүгедек және қайтыс болуына байланысты себептерді анықтау жөніндегі сараптау Кеңесінің қорытындысының үлгісі және хаттамасы, 5-қосымша;
      8) радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың сырқаттануына, мүгедек және қайтыс болуына байланысты себептерді анықтау жөніндегі сараптау Кеңесінің жұмысы туралы есептің үлгісі бекітілсін, 6-қосымша.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұйымдастыру және халыққа медициналық көмектің сапасын бақылау департаментіне жүктелсін.
 
      Төраға
 

                                       Қазақстан Республикасы денсаулық



                                       сақтау істері жөніндегі агенттігінің

                                       2001 ж. 13 наурыздағы N 240

                                       бұйрығына сәйкес бекітілді



 
 
                  Радиациялық әсерден зардап шеккен адамдардың
              ауруларының себептік байланысын анықтау жөніндегі
                  ведомствоаралық орталық сараптау кеңесі
                             туралы қағида
 
      1. Радиациялық әсерден зардап шеккен адамдардың ауруларының себептік байланысын анықтау жөніндегі ведомствоаралық орталық сараптау кеңесі (бұдан әрі - ВОСК) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Ұйымдастыру және халыққа медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің жанынан құрылады.
      2. ВОСК-ті Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің Ұйымдастыру және халыққа медициналық көмектің сапасын бақылау департаменті басшысы басқарады.
      Сараптау Кеңесінің жұмысына қатысуға қажетіне қарай әр түрлі бейіндегі мамандар тартылады.
      3. ВОСК-тің негізгі міндеті Семей ядролық полигонындағы сынақтарға және Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі - ЧАЭС) апатын жою кезінде радиациялық әсерден зардап шеккен адамдардың ауруларының, сондай-ақ ата-аналарының бірі радиациялық сәулеленумен генетикалық жағынан байланысты балалар ауруларының себептерін қарау мен шешім шығару болып табылады.
      4. ВОСК Аймақтық сараптау кеңесінің шешімінен кейін ғана облыстық және қалалық денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің), ведомствоаралық аймақтық сараптау кеңестерінің жолдамалары бойынша радиациялық әсерден зардап шегуші адамдардың ауруларының себепті байланыстарын анықтау жөніндегі аса күрделі және даулы жағдайларды қарайды.
      5. ВОСК-тің қорытындысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарына мүгедектіктің (қайтыс болудың) радиацияның әсерімен себептік байланысы туралы мәселесін анықтауына негіз болып табылады.
      6. Денсаулық сақтау органының, қоғамдық ұйымның өтінішіне мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) ЧАЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар үшін:
      ЧАЭС-дағы апаттың зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарға келу мерзімдері және алған сәулелену мөлшері көрсетілген әскери билеттің (еңбек кітапшасының, ЧАЭС-қа іссапарға жіберілгендігі туралы бұйрықтың, іссапарлық куәліктің) көшірмесі;
      ЧАЭС-тағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушы куәлігінің көшірмесі;
      амбулаториялық картадан хронологиялық тәртіппен сырқаттарының диагноздары, асқыну жиіліктері, еңбекке жарамсыздығы көрсетілген егжей-тегжейлі көшірме;
      мүгедектігі болған жағдайда зейнеткерлік куәліктің көшірмесі;
      ауру тарихынан, оның ішінде радиологиялық тексерулердің деректері бар соңғы ауруханаға жатқандығы көрсетілген көшірме.
      2) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдарынан радиациялық әсерге ұшыраған адамдар үшін:
      радиациялық қауіп аймағына енетін жерде тұратындығын (жұмысы, оқуы, Қарулы Күштердегі қызметі) растайтын құжаттар;
      радиациялық қауіп аймағында жұмыс істейтіндер үшін - еңбек кітапшасының, іссапар туралы бұйрықтардың, іссапарлық куәліктің көшірмелері;
      Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдарынан радиациялық әсерге ұшырағандарға жеңілдіктер беретін куәліктің көшірмесі;
      амбулаториялық картадан хронологиялық тәртіппен сырқаттарының диагноздары, асқыну жиіліктері, еңбекке жарамсыздығы көрсетілген егжей-тегжейлі көшірме;
      мүгедектігі болған жағдайда зейнеткерлік куәліктің көшірмесі;
      ауру тарихынан, оның ішінде радиологиялық тексерулердің деректері бар соңғы ауруханаға жатқандығы көрсетілген көшірме.
      7. Ұсынылған материалдарды ВОСК сырттай қарайды. Материалдармен алдын

 

ала танысқаннан кейінгі аса күрделі жағдайларда ВОСК мүшелерінің істерді

бетпе-бет қарауына жол беріледі.

     8. 6-шы тараптағы көрсетілген құжаттардың біреуі жетіспесе ВОСК

түскен құжаттарды қарауға қабылдамайды.

     9. ВОСК-тің мәжілістері құжаттардың түсуіне қарай, түсу уақытынан

бастап екі ай мерзімі ішінде қаралады.

     10. Ведомствоаралық орталық сараптау Кеңесі өз мәжілістерінде мынадай

қорытынды шығаруға құқылы:

     сырқат радиациялық әсермен байланысты;

     сырқаттың радиациялық әсермен байланысы жоқ;

     қосымша мәліметтерді (көрсетіледі) ұсына отырып, қайтадан қарау

(мерзімі көрсетіледі) қажет етіледі;

     ұдайы қадағалауды қажет етеді;

     істі кейін қайта қарай отырып, қосымша тексеру мен консультация

жүргізу үшін Отан соғысының мүгедектеріне арналған Республикалық

клиникалық госпиталіне жатқызуды қажет етеді.

     11. ВОСК-тің қорытындысы 3 данада толтырылады: 1-шісі өтініш

берушіге, 2-сі - денсаулық сақтау органына жіберіледі, ал 3-ші данасы істе

сақталады.

     12. Ведомствоаралық орталық сараптау Кеңесінің құқығы:

     медициналық құжаттаманың түпнұсқаларын өтініш иесінен сұрауға;

     ВОСК-сі мәжілісінің жұмысына қатысу үшін ауру адамды қадағалауға және

емдеуге қатысқан медициналық қызметкерлерді шақыруға;

     ВОСК-сі қабылдаған шешімдерді растауға немесе бұзуға құқығы бар.

     13. ВОСК-тің сырқаттың радиациялық әсермен байланысы туралы

қорытындысы түпкілікті болып табылады. Өтініш беруші ВОСК-тің

қорытындысымен келіспеген жағдайда ол заңнамада белгіленген тәртіппен

шағымдануы мүмкін.

     14. Ведомствоаралық орталық сараптау Кеңесі өз қызметі туралы

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің

алдында есеп береді.



                                       Қазақстан Республикасы денсаулық



                                       сақтау істері жөніндегі агенттігінің

                                       2001 ж. 14 наурызда N 240

                                       бұйрығына сәйкес бекітілді



 
 
       Радиациялық әсерден зардап шеккен адамдардың ауруларының себептік
      байланысын себептерді анықтау жөніндегі ведомствоаралық аймақтық
                        сараптау кеңесі туралы қағида
 
      1. Радиациялық әсерден зардап шеккен адамдардың ауруларының себептік байланысын анықтау жөніндегі ведомствоаралық аймақтық сараптау кеңесі (бұдан әрі - ВАСК) облыстық денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) немесе мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінің, ұйымдарының (негізінен радиологиялық бейіндегі) базасында осы бұйрықтың N 1 қосымшасына сәйкес құрылады.
      2. ВАСК-ті облыстық денсаулық сақтау органының басшыларының бірі немесе базасында сараптау кеңесі жұмыс істейтін мекеменің басшысы басқарады.
      ВАСК-тің жұмысына қатысуға қажетіне қарай әр түрлі бейіндегі мамандар тартылады.
      3. ВАСК-тің негізгі міндеті Семей ядролық полигонындағы сынақтарға және Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі - ЧАЭС) апатты жою кезінде радиациялық әсерден зардап шеккен адамдардың ауруларының, сондай-ақ ата-аналарының бірі радиациялық сәулеленумен генетикалық жағынан байланысты балалар ауруларының себептерін қарау мен шешім шығару болып табылады.
      4. ВАСК радиациялық әсерге ұшыраған адамдарды диспансерлеуді, ауруханаға жатқызуды және оңалтуды қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты жүргізеді.
      Радиациялық медицина және экология ғылыми зерттеу институты жанындағы ВАСК-сі (Семей қаласы) бас ұйымдастыру-әдістемелік орталықтың функциясын атқарады.
      5. ВАСК-тің қорытындысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарына мүгедектіктің (қайтыс болудың) радиацияның әсерімен себептік байланысын анықтауына негіз болып табылады.
      6. Радиациялық әсерден зардап шеккен адамдардың өтінішіне, денсаулық сақтау органының, қоғамдық ұйымның өтінішіне мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) ЧАЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар үшін:
      ЧАЭС-дағы апаттың зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарға келу мерзімдері және алған сәулелену мөлшері көрсетілген әскери билеттің (еңбек кітапшасының, ЧАЭС-қа іссапарға жіберілгендігі туралы бұйрықтың, іссапарлық куәліктің) көшірмесі;
      ЧАЭС-тағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушы куәлігінің көшірмесі;
      амбулаториялық картадан хронологиялық тәртіппен сырқаттарының диагноздары, асқыну жиіліктері, еңбекке жарамсыздығы көрсетілген егжей-тегжейлі көшірме;
      мүгедектігі болған жағдайда зейнеткерлік куәліктің көшірмесі;
      ауру тарихынан, оның ішінде радиологиялық тексерулердің деректері бар соңғы ауруханаға жатқандығы көрсетілген көшірме.
      2) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдарынан радиациялық әсерге ұшыраған адамдар үшін:
      радиациялық қауіп аймағына енетін жерде тұратындығын (жұмысы, оқуы, Қарулы Күштердегі қызметі) растайтын құжаттар;
      радиациялық қауіп аймағында жұмыс істейтіндер үшін - еңбек кітапшасының, іссапар туралы бұйрықтардың, іссапарлық куәліктің көшірмелері;
      Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдарынан радиациялық әсерге ұшырағандарға жеңілдіктер беретін куәліктің көшірмесі;
      амбулаториялық картадан хронологиялық тәртіппен сырқаттарының диагноздары, асқыну жиіліктері, еңбекке жарамсыздығы көрсетілген егжей-тегжейлі көшірме;
      ауру тарихынан, оның ішінде радиологиялық тексерулердің деректері бар соңғы ауруханаға жатқандығы көрсетілген көшірме.
      7. ВАСК-тің мәжілістері құжаттардың түсуіне қарай, бірақ екі айда бір реттен кем емес уақытта өткізіледі.
      8. 6-шы тараптағы көрсетілген құжаттардың біреуі жетіспесе ВАСК-сі түскен құжаттарды қабылдамайды.
      9. ВАСК-тің шешімі 3 данада толтырылады: 1-сі - өтініш берушіге беріледі, 2-сі - денсаулық сақтау органына, ал 3-ші дана істе сақталады.
      10. ВАСК-тің медициналық құжаттаманың түпнұсқаларын сұрауға, ВАСК-тің

 

мәжілісінің жұмысына қатыстыру үшін пациентті қадағалауға және емдеуге

қатысқан медициналық қызметкерлерді шақыруына құқығы бар.

     11. ВАСК өз мәжілістерінде мынадай қорытындылар шығаруға құқылы:

     сырқат радиациялық әсермен байланысты;

     сырқаттың радиациялық әсермен байланысы жоқ;

     қосымша мәліметтерді (көрсетіледі) ұсына отырып, қайтадан қарау

(мерзімі көрсетіледі) қажет етіледі;

     ұдайы қадағалауды қажет етеді;

     істі кейін қайта қарай отырып, қосымша тексеру мен консультация

жүргізу үшін Отан соғысының мүгедектеріне арналған Республикалық

клиникалық госпиталіне жатқызуды қажет етеді.

     12. Жыл сайын, 25 желтоқсанға дейін, ВАСК-тер жыл ішінде атқарылған

жұмысы туралы белгіленген нысан бойынша Ведомствоаралық орталық сараптау

кеңесіне есеп береді.

     13. Өтініш беруші Аймақтық ведомствоаралық сараптау Кеңесінің

қорытындысымен келіспеген жағдайда, ол бір ай мерзімі ішінде Орталық

ведомствоаралық сараптау Кеңесіне шағымдануына болады.






                                       Қазақстан Республикасы денсаулық   



                                       сақтау істері жөніндегі агенттігінің

                                       2001 ж. 14 наурыздағы N 240

                                       бұйрығына 1-қосымша




 

     Радиациялық әсерден зардап шеккен адамдардың ауруларының себептік

      байланысын анықтау жөніндегі ведомствоаралық аймақтық сараптау

        кеңестерінің және оларға бекітілген әкімшілік аумақтарының

                             тізбесі


     1. Астана қаласы, Ведомствоаралық орталық сараптау Кеңесі (Қазақстан

Республикасы денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі).


     2. Астана қаласы, Аймақтық ведомствоаралық сараптау Кеңесі (Отан

соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь).

     Астана қаласы

     Ақмола облысы

     Қостанай облысы

     Солтүстік Қазақстан облысы.


     3. Алматы қаласы, Аймақтық ведомствоаралық сараптау Кеңесі (Отан

соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальдің

филиалы).

     Алматы қаласы

     Алматы облысы.


     4. Ақтөбе қаласы, Аймақтық ведомствоаралық сараптау Кеңесі (облыстық

клиникалық аурухана)

     Ақтөбе облысы

     Атырау облысы,

     Батыс Қазақстан облысы

     Маңғыстау облысы.


     5. Қарағанды қаласы, Аймақтық ведомствоаралық сараптау Кеңесі

(облыстық клиникалық аурухана)

     Қарағанды облысы


     6. Семей қаласы, Аймақтық ведомствоаралық сараптау Кеңесі

(радиациялық медицина және экология ғылыми зерттеу институты)

     Шығыс Қазақстан облысы

     Павлодар облысы.


     7. Шымкент қаласы, Аймақтық ведомствоаралық сараптау Кеңесі (облыстық

клиникалық аурухана)

     Жамбыл облысы

     Қызылорда облысы

     Оңтүстік Қазақстан облысы.



                                       Қазақстан Республикасы  денсаулық



                                       сақтау істері жөніндегі агенттігінің

                                       2001 ж. 14 наурызда N 240

                                       бұйрығына 2-қосымша



 
 
       Ядролық сынақтардан, Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттардың
      салдарына байланысты радиациялық факторлардың әсерінен болған немесе
                          асқынған аурулардың тізбесі
 
      Аурудың радиациялық факторлардың тікелей әсерімен байланысы оған тән клиникалық деректер мен сәулелену мөлшерінің шамасына: созылмалы сәуле ауруы, сәуле катарактасы, сәуле дерматиті, онкологиялық, оның ішінде гемобластоз аурулары негізінде жеке қаралуы тиіс.
      Басқа аурулармен байланысы туралы мәселені сәулелік емес барлық басқа факторлар кешенімен (шұғыл жағдай, жұмыстық және саналық (психикалық) күш түсу факторлары, эндемиалық және тағы басқа) бірге қарастыру керек.
      Олардың себепті байланысы анықталған кезде қарастырылуы мүмкін радиациялық және өзге де зиянды факторлардың нәтижесінде туындайтын немесе асқынатын аурулардың тізбесі:
      1. онкологиялық аурулар, оның ішінде гемобластоздар (созылмалы лимфлейкоздан басқасы)
      2. эндокриндік аурулар (аутоиммунный тиреоидит, торапты жемсау)
      3. дамудың туа біткен кемістіктері (микроцефалия, бет сүйегі мен сүйек-бұлшық ет жүйесі дамуының кемістіктері)
      4. агранулоцитоз (дәрілік және интоксикациялықтан басқа)
      5. дамудың аутоиммундық және иммуннокешендік тетіктері бар жүйелік аурулар, коллагеноздар
      6. олигофрения (жарыместік, ақымақтық, нақұрыстық)
      7. парциалдық қызылклеткалы аплазия, гипо және апластикалық анемия
      8. жүректің ишемиалық ауруы асқыну сатысындағы стенокардия, миокард инфарктысы Q тісімен және Q тісінсіз.
      9. ІІ-ІІІ сатыдағы гипертониялық ауру (церебралдық нысан, қатерлі ағым)
      10. сүйек-бұлшық ет жүйесімен байланыстыру тканьдерінің дегенерациялық-дистрофиялық зақымдануы (инфекциялық, травматологиялық генезден басқа)
      11. ангиопатиамен, нейропатиямен және гепатопатиямен асқынған 1 және ІІ-үлгідегі қант диабеті
      12. шұғыл жағдаймен соматоформның бұзылуына байланысты неврологиялық аурулар (шұғыл жағдайға жедел қимыл, бейімделудің бұзылуы, тұлғаның апаттың салдарынан болған созылмалы өзгерісі).
 
      Ядролық сынақтардың және басқадай радиациялық апаттардан зардап шеккен адамдардың ауруының себептік байланысын анықтап, сараптаған кезде әрбір жеке адамның ауруының түрі, жалпы жағдайы, клиникалық лабораториялық және медициналық құралдармен тексерістері, жұмысқа қабілеттілігі ескеріледі. Сонымен қатар, барлық жалпы соматикалық аурулар үшін басты шекті мөлшері (критерий) қанды микроядерлық әдіспен (тестирование) анықтау болып табылады.
 

                                       Қазақстан Республикасы денсаулық



                                       сақтау істері жөніндегі агенттігінің

                                       2001 ж. 14 наурызда N 240

                                       бұйрығына 3-қосымша



 
 
       Ядролық сынақтардан, Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттардың
       салдарынан болатын радиациялық факторлардың әсерінен болған немесе
        асқынған аурулардың тізбесін пайдалану туралы методикалық нұсқау
 

                                   КІРІСПЕ



 
 
       Семей полигонында ядролық және термоядролық қаруларды сынау (1949-1989 жылдары) Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары аумақтарының радиоактивтік заттармен жаппай немесе жарым-жартылай ластануына алып келді.
      Кейбір аудандардың ядролық бөліністің ұзақ сақталатын заттарымен ластану деңгейінің нақты ядролық жарылыстардың эпицентрінен шалғайлығына тәуелділігі анықталған.
      Халықтың сәулеленген бөлігі үшін 90 % тиімді эквиваленттік мөлшерлерді жасау атмосфералық сынақтар кезеңінде жүргізілді. Халықтың сәулелену сипаты радиоактивтік бұлттардың көшуі және түскен радиоактивтік жауын-шашындардың есебінен сыртқы жедел гамма әсерімен, сондай-ақ ядролық бөліністің ұзақ сақталатын заттарының тағам тізбектерімен және жұтылатын ауамен түсу есебінен созылмалы ішкі сәулеленумен байланысты.
      Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі - ЧАЭС) апаттың зардаптарын жоюға Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан 36000-нан астам азамат қатысты, оның ішінде Семей аймағының тұрғындары бар.
      Полигонға жақын орналасқан радиациялық қауіп аймағын бөлудің құқықтық негізін "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегуші азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы құрайды.
      Радиациялық қауіптің 4 аймағы бөлінеді:
      халықтың сәулеленген бөлігінің зиянды эквиваленттік мөлшерлері 1 және одан да жоғары Зв құрайтын елді мекендер кіретін төтенше радиациялық қауіп аймағы;
      халықтың сәулеленген бөлігінің зиянды эквиваленттік мөлшерлері 0,35-1 Зв құрайтын елді мекендер кіретін барынша көп радиациялық қауіп аймағы;
      халықтың сәулеленген бөлігінің зиянды эквиваленттік мөлшерлері 0,07-0,35 Зв құрайтын елді мекендер кіретін жоғары радиациялық қауіп аймағы;
      халықтың сәулеленген бөлігінің зиянды эквиваленттік мөлшерлері 0,07 Зв-ға дейін құрайтын Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының елді мекендері кіретін барынша аз радиациялық қауіп аймағы;
      Радиациялық қауіптің әр түрлі аймақтарында тұратын халықтың сәулеленуінің соматико-стохастикалық байланысын бағалау радиациялық қауіпті болжау мен халыққа көрсетілетін көмекті жоспарлаудың тұжырымдамасы негізінде жүзеге асырылады.
 
                Сәулеленген және зардап шеккен халықты тіркеу
 
      Халықты қажетті медициналық, радиациялық және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ядролық қаруды сынаудың, сондай-ақ атом электр станциясындағы (бұдан әрі - АЭС) апаттың және басқа радиациялық апаттың нәтижесінде иондаушы әсері бар жекелеген соматико-стохастикалық әсердің байланысын анықтау жөніндегі сараптаманы жүргізуді қамтамасыз ету үшін екі:
      сәулеленген және зардап шеккен адам құқықтық ұғымы енгізіледі.
      сәулеленген болып ядролық қаруды сынау нәтижесінде зиянды эквиваленттік мөлшер 0,05 Зв-дан асқан немесе созылмалы сәулеленудің зиянды эквиваленттік мөлшері 0,07 Зв-ден аса құраған адам танылады.
      Жеке дозиметрдің деректері болмаған жағдайда, жинақталған зиянды эквиваленттік мөлшер нақты адамның ластанған аумақта тұрған уақыты ішіндегі жылдық орташа есептік зиянды эквиваленттік мөлшердің сомасы бойынша анықталады.
      зардап шеккен сәулелену нәтижесінде радиацияның әсеріне тікелей тәуелді детерминделген әсер (өткір және созылмалы сәуле ауруы, сәулелік дерматит, сәулелік катаракта, өткір радиациялық микседема, өткір радиациялық тиреоидит) немесе клиникалық жағынан сәулеленумен себеп-салдарлы байланысы анықталған кейбір басқа аурулар пайда болған адамдар болып табылады.
      Сәулеленудің терминделмеген соматико-стохастикалық әсерлері ерте кезеңде де (сәулеленгеннен кейінгі күндер, айларда), ұзақ мерзімде де (жылдар, онжылдықтарда) пайда болуы мүмкін.
      Жоғарыда аталған құқықтық ұғымдарды пайдалану кез келген деңгейдегі сараптау комиссияларының алдына радиациялық қауіп топтарының зиянды эквиваленттік мөлшерлердің әртүрлі диапозонымен шек қоя міндетін радиациялық әсерге берілгіштігіне қарай сәулеленудің ұзақ соматико-стохастикалық әсерлерін саптау қажеттігі міндетін қояды.
      Радиациялық факторлардың әсерінен болатын аурулардың, мүгедектіктің және қайтыс болудың себепті байланыстарын анықтау жөніндегі Ведомствоаралық Сараптау Кеңестері өз жұмысын мынадай екі бағытта жүзеге асырады:
      радиациялық қауіптің әр түрлі аймақ тұрғындарының ішінен өтініш жасаған халықтың арасындағы сәулеленгендер мен зардап шеккендерді анықтайды;
      иондалған сәулелердің әсерінен болатын аурулардың, мүгедектіктің және қайтыс болудың себепті байланыстарын белгілейді.
      Барлық сәулеленгендер мен зардап шеккендер радиациялық қауіп топтарына жатады. Тікелей сәулеленуге ұшыраған адамдарды бөлектейді (І ұрпақ). Бұл топты 0,05 Зв-дан кем емес зиянды эквиваленттік мөлшері бар 1963 жылға дейін туғандар құрайды. Радиациялық қауіп топтарына ата-аналары ашық ядролық сынақтар кезеңінде тікелей сәулеленуге ұшыраған адамдар да жатады (ІІ-ІІІ ұрпақ).
      Сырқаттың сәулеленумен себепті байланысын белгілеу мүмкіндігін анықтайтын басты шарт белгілі бір адамның радиациялық қауіп аймақтарының бірінде (есептелген зиянды эквиваленттік мөлшермен) заңды түрде расталған тұру және тұру ұзақтығы фактісі болып табылады.
      Халықтың сәулеленген бөлігі үшін 0,069-дан 0,349 Зв-ға дейінгі диапозонда сәулеленудің зиянды эквиваленттік мөлшерлер төменгі және жоғары радиациялық қауіп аймағы аумақтарында атмосферадағы сынақтардың барлық кезеңінде (1949-1962 жылдары) тұрған жағдайда қалыптасуы мүмкіндік мөлшері белгіленеді.
      Төтенше және барынша көп радиациялық қауіп аймағында тұратын, 0,35 және одан да жоғары Зв-ға сәйкес келетін сәулеленгендер мен зардап шеккендер үшін тұру нормасы:
      атмосферадағы сынақтардың барлық кезеңінде (1949-1962 жылдары) тұрақты тұру;
      1949, 1951, 1953, 1954, 1955, 1956 жылдары толық жыл бойы тұру;
      АЭС-тегі апатты жоюшының немесе ядролық қаруды сынауға қатысушының куәлігінің болуы болып табылады.
 
            Ядролық қаруды сынау нәтижесінде радиациялық әсері бар
             радиациялық қауіп топтарының (І ұрпақ) арасындағы
                   онкологиялық және жалпы соматикалық
                      патологияның байланысын анықтау
 
      Тікелей сәулеленуге ұшыраған адамдар (І ұрпақ)
      Иондалған сәулелердің әсерінен кейін ұзақ мерзімде қалыптасқан барлық соматико-стохастикалық әсерлердің зиянды эквиваленттік мөлшердің шамасына статикалық мәнді тиімділігі бар. Адамның сәулеленуінің ұзақ мерзімді зардаптарының сипаты мен көлемі "мөлшер-әсер" заңдылығымен анықталады.
      Ұзақ мерзімді сәуледен кейінгі әсерлердің көлемдері мен пайда болуы

 

тканьдердің сезгіштігіне, органдар мен органдар жүйесінің иондаушы

сәуленің әсеріне тәуелді болады. Радиацияға берілгіш тканьдер, органдар

мен органдар жүйесі сәулелену әсерлерін мейлінше ерте мерзімде іске

асырады. Алайда бұзылған функцияларды қалпына келтіру әсіресе қатты

сәулелену созылмалы сәулеленумен үйлескен жағдайдағы сәулелену көп реттік

сипатта болған кезде дәл осындай тәуелділікпен анықталмауы мүмкін.


        Төтенше радиациялық қауіп аймағы - 1 және одан да жоғары Зв       

               мөлшердегі тікелей сәулеленуге ұшыраған адамдар


     Онкологиялық аурулар

     1. Өткір лейкоздың барлық нысандары

     2. Созылмалы миелолейкоз

     3. Созылмалы моноциталдық миелолейкоз

     4. Көп миелома

     5. Қатерлі лимфома

     6. Миелодиспластикалық синдром

     7. Асқазан-ішек жүйесіндегі: өңеш, асқазан, ішек рагы

     8. Өкпе рагы

     9. Сүт безінің рагы

     10. Жатыр, жатыр мойыны, анабез рагы

     11. Жыныс және зәр шығару органдарының рагы

     12. Бүйрек рагы

     13. Қалқанша бездің рагы

     14. Сілекей безінің рагы

     15. Ұйқы безінің рагы

     16. Бауыр рагы

     Қауіптің осы аймағының тұрғындары үшін иондаушы әсері бар рактың

басқа орналасуларының байланысы алынған тиімді эквиваленттік мөлшер мен

кәсіби бағытты ескере отырып, жеке тәртіппен белгіленеді.


     Жалпы соматикалық аурулар

     Гипотиреоз және аутоиммундық тиреоидит

     Тораптық жемсау

     Парциалды-қызылклеткалы аплазия, гипо- және апластикалық анемия

     Агранулоцитоз (дәрілік және интоксикациялықтан басқа)

     Дамудың аутоиммундық және иммунокешендік тетіктері бар жүйелік

аурулар, коллагеноздар:

     Дамудың туа біткен ақаулары (микроцефалия, бет сүйегі мен

сүйек-бұлшық ет жүйесі дамуының ақаулары).

     Олигофрения (жарыместік, ақымақтық, нақұрыстық).


 
       Ақыл-ой дамуының бұзылуы, энцелофалопатиямен (травматикалық және жұқпалы этиологиямен) байланысты сенсорлық, моторлық және мнестикалық афазия есепке алынбайды.
      Жүректің ишемиялық ауруы- асқыну сатысындағы стенокардия, миокард инфарктісі Q тісімен және Q тісінсіз
      ІІ-ІІІ сатыдағы гипертониялық ауру (церебралдық нысан, қатерлі ағым)
      Ангиопатиямен, нейропатиямен және гепатопатиямен асқынған І және ІІ-үлгідегі қант диабеті
      Шұғыл жағдаймен соматофрмның бұзылуына байланысты неврологиялық

 

аурулар (шұғыл жағдайға жедел қимыл, бейімделудің бұзылуы, тұлғаның

апаттың салдарынан болған созылмалы өзгерісі).

     Сүйек-бұлшық ет жүйесімен байланыстыру тканьдерінің

дегенерациялық-дистрофиялық зақымдануы (инфекциялық, травматологиялық

генезден басқа).

     Жалпы соматикалық аурулардың байланысы радиациялық мөлшердің шекті

мөлшерден асуымен, органдар функцияларының айқын бұзылуы болған жағдайда

және бұзылулардың көп жүйелілігімен үйлесе отырып жеке анықталады.


      Барынша көп радиациялық қауіп аймағы - 0,35-тен 0,99 Зв-ға дейінгі  

              мөлшердегі тікелей сәулеленуге ұшыраған адамдар


     Онкологиялық аурулар

     Өткір лейкоздың барлық нысандары

     Созылмалы миелолейкоз

     Созылмалы моноциталдық миелолейкоз

     Көп миелома

     Қатерлі лимфома

     Миелодиспластикалық синдром

     Асқазан-ішек жүйесіндегі: өңеш, асқазан, ішек рагы

     Өкпе рагы

     Сүт безінің рагы

     Қалқанша бездің рагы

     Ұйқы безінің рагы

     Бауыр рагы

     Жыныс және зәр шығару органдарының рагы

     Қауіптің осы аймағының тұрғындары үшін иондаушы әсері бар рактың

басқа орналасуларының байланысы алынған тиімді эквиваленттік мөлшер мен

кәсіби бағытты ескере отырып, жеке тәртіппен белгіленеді.


     Жалпы соматикалық аурулар

     Гипотиреоз және аутоиммундық тиреоидит

     Тораптық жемсау

     Парциалдық қызылклеткалы аплазия, гипо- және апластикалық анемия

     Агранулоцитоз (дәрілік және интоксикациялықтан басқа)

     Дамудың аутоиммундық және иммунокешендік тетіктері бар жүйелік

аурулар, коллагеноздар:

     Дамудың туа біткен ақаулары (микроцефалия, бет сүйегі мен

сүйек-бұлшық ет жүйесі дамуының ақаулары)

     Травматикалық, жұқпалы генездің энцефалопатиясымен түсіндірілмейтін

олигофрения

     Жүректің ишемиялық ауруы - асқыну сатысындығы стенокардия, миокард

инфарктысы Q тісімен және Q тісінсіз

     ІІ-ІІІ сатыдағы гипертониялық ауру (церебралдық нысан, қауіпті ағым)


 
       Шұғыл жағдаймен соматоформның бұзылуына байланысты неврологиялық

 

аурулар (шұғыл жағдайға жедел қимыл, бейімделудің бұзылуы, тұлғаның

апаттың салдарынан болған созылмалы өзгерісі)

     Сүйек-бұлшық ет жүйесімен байланыстыру тканьдерінің

дегенерациялық-дистрофиялық зақымдануы (инфекциялық, травматологиялық

генезден басқа).

     Жалпы соматикалық аурулардың байланысы радиациялық мөлшердің шекті

мөлшерден асуымен, органдар функцияларының айқын бұзылуы болған жағдайда

және бұзылулардың көп жүйелілігімен үйлесе отырып жеке анықталады.


         Жоғарғы радиациялық қауіп аймағы - 0,07-ден 0,35 Зв-ға дейінгі   

                мөлшердегі тікелей сәулеленуге ұшыраған адамдар


     Онкологиялық аурулар

     Өткір лейкоздың барлық нысандары

     Созылмалы миелолейкоз

     Қатерлі лимфома

     Миелодиспластикалық синдром

     Өкпе рагы

     Сүт безінің рагы

     Қалқанша бездің рагы

     Жыныс және зәр шығаратын органдардың рагы

     Бауыр рагы

     Қауіптің осы аймағының тұрғындары үшін иондаушы әсері бар рактың

басқа орналасуларының байланысы алынған тиімді эквиваленттік мөлшер мен

кәсіби бағытты ескере отырып, жеке тәртіппен белгіленеді.


     Жалпы соматикалық аурулар

     Гипотиреоз және аутоиммундық тиреоидит

     Тораптық жемсау


 
       Қалқанша бездің аурулары үшін иондаушы әсермен байланыс тек басқа жүйелердің тарапынан қызметтік бұзылулар мен асқынулар болған кезде ғана расталуы мүмкін.
      Травматикалық, жұқпалы генездің энцефалопатиясымен түсіндірілмейтін олигофрения
      Жүректің ишемиялық ауруы: асқыну сатысындағы стенокардия және инфарктен болған кардиосклероз
      Сүйек-бұлшық ет жүйесімен байланыстыру тканьдерінің дегенерациялық-дистрофиялық зақымдануы (инфекциялық, травматологиялық генезден басқа).
      Дамудың туа біткен кемістіктері (микроцефалия, бет сүйегі мен сүйек-бұлшық ет жүйесі дамуының кемістіктері)
      Жалпы соматикалық аурулардың байланысы радиациялық мөлшердің шекті мөлшерден асуымен, органдар функцияларының айқын бұзылуы болған жағдайда және бұзылулардың көп жүйелілігімен үйлесе отырып жеке анықталады.
 
      Ең аз радиациялық қауіп аймағы - 0,069 Зв-ға дейінгі мөлшердегі
                   тікелей сәулеленуге ұшыраған адамдар
 
      Халықтың бұл топтары үшін онкологиялық және жалпы соматикалық аурулардың (аурулар тізбесі бойынша) иондаушы радиация әсерімен байланысы төтенше, ең көп және жоғары радиациялық қауіп аймақтарында болу мүмкіндігі радиологиялық бағытын ескере отырып, жеке тәртіппен анықталады.
 

 

     Тікелей сәулеленуге ұшыраған адамдардың әулеттері (ІІ-ІІІ ұрпақ)


     Радиациялық қауіптің бұл санатынан төтенше және ең көп қауіп

аймақтарындағы атмосфералық сынақтың барлық кезеңінде тұрған халықтың

сәулеленген бөлігінің арасындағы 0,35 және одан да жоғары Зв мөлшеріндегі

тікелей сәулеленуге ұшыраған адамдардың (ІІ-ІІІ ұрпақ) әулетін бөлектейді.

     Радиациялық қауіптің бұл тобын тіркеу ата-аналардың төтенше және ең

көп қауіп аймақтарындағы атмосфералық сынақтың барлық кезеңінде тұру

фактісін заңды түрде растайтын құжаттардың негізінде жүргізіледі.


     Онкологиялық аурулар

     1. Өткір лейкоздың барлық нысандары

     2. Созылмалы лейкоз (созылмалы лимфолейкоздан басқасы)

     3. Миелодиспластикалық синдром

     4. Сүт безінің рагы

     5. Қалқанша бездің рагы

     Басқа онкологиялық аурулардың байланысы ата-аналардың радиациялық

және кәсіби бағытын ескере отырып жеке анықталады.


     Жалпы соматикалық аурулар және генетикалық патология

     Даму кемістіктері, кемтарлық: микроцефалия, бет сүйегінің даму

кемістіктері, сүйек-бұлшық ет жүйесінің мүгедектікке соқтыратын ауыр

кемістіктері

     Жұқпалы аурумен травматологиялық генездің энцефалопатиясымен

түсіндірілмейтін олигофрения.





                                                 Қазақстан Республикасы



                                                 денсаулық сақтау істері

                                                 жөніндегі агенттігінің

                                                2001 жылғы 14 наурыздағы

                                                N 240 бұйрығына 4-қосымша




                                Өтініш



 
 
       Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың сырқаттануының, мүгедектігінің

 

және қайтыс болуының себептік байланысын белгілеу жөніндегі сараптамалық

Кеңестің төрағасына

__________________________________________________________________________

(өтініш берушінің аты-жөні немесе өтініш беруші ұйымның аты көрсетіледі)

__________________________________________________________________________

(өтініш жасаушы ұйым өтініш берген жағдайда кім жөнінде (аты-жөні) өтініш

берілгені көрсетіледі)

туған жылы

мына мекен-жай бойынша тұратын

радиациялық ласталған жерде тұрған уақыттағы мекен-жайы және жұмысының,

оқуының, Чернобыльдегі, басқадай радиациялық апатты жоюға қатысқандағы

және тағы басқадай тұрған орыны (жылдар

бойынша____________________________________________________________________

__________(ұйымның қысқартусыз атауы)_____________________

куәландыратын құжат_______________________________________________

сериясы ________нөмірі ____________ берілген күні________________


Семей ядролық полигонындағы ядролық жарылыстардың салдарынан зардап шеккен адамға, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушыға берілетін құқықтарды растайтын куәлік.

 

N________кім берген _____________берілген күні_________________


                               Өтініш

     Сізден менің (ұйым жүгінген жағдайда зардап шегушінің аты-жөні

көрсетіледі) радиациялық жағынан ласталған жерде тұру, жұмыс істеу, оқу,

Қарулы Күштерде қызмет ету, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты

жою жөніндегі жұмыстарды орындау және тағы басқадай (көрсету керек)

нәтижесінде радиациялық әсерден болған сырқатымның (сырқаттың негізгі

диагнозы көрсетіледі) себептік байланысын анықтау мәселесін қарауыңызды

өтінемін.

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

                               (жылдар бойынша)


Қоса беремін:

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

Қолы___________




                                   үлгі



                                               Қазақстан Республикасы



                                               денсаулық сақтау істері

                                               жөніндегі агенттігінің

                                               2001 жылғы 14 наурыздағы

                                               N 240 бұйрығына 5-қосымша



 
 
                      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ

 

                       САҚТАУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ


      Радиациялық әсерден зардап шеккен адамдардың сырқаттарының себептік

байланысын анықтау жөніндегі орталық ведомствоаралық сараптама кеңесі


Астана қаласы

Москва көшесі,66                                               тел.33-77-15

___________________________________________________________________________

                                               Мекен-жайы__________________

                                            _______________________________

                                             ______________________________



                           САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ


Орталық ведомствоаралық сараптама Кеңесі 200___ жылғы "____"___________

N___ мәжілісінде жолдас_______________________

_________________________________________________________________________


 
                  (немесе ұйымнан, директивалық органдардан)

 

түскен өтінішті Семей ядролық полигонында, Чернобыль атом электр

станциясында және тағы басқа тұру, жұмыс істеу, оқу, (Қарулы Күштер

қатарында қызмет ету және басқа жағдайлардың радиоактивтік ласталған жер,

жоғары радиациялық аймақ немесе  басқадай радиациялық апат зардаптарын жою

жөніндегі жөндеу жұмыстарын орындау - көрсету керек) нәтижесінде 

радиациялық әсерден болған сырқаттың (мүгедектіктің, қайтыс болудың)

себептік байланысын анықтау туралы ұсынылған медициналық және басқадай

деректі құжаттамаларды қарады_____________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

Мынадай диагноз қойылды:__________________________________________________

___________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

Қорытынды:





Сараптама кеңесінің

төрағасы                                                                  

                                           _______________________________





                                үлгі


     Радиациялық әсерден зардап шеккен адамдардың сырқаттарының себептік  

     байланысын анықтау жөніндегі орталық ведомствоаралық сараптама       

     кеңесінің 2000 жылғы "_____"____________N___   мәжілісінің



                              ХАТТАМАСЫ

                                                            Астана қаласы

__________________________________________________________________________

N р/б   Сараптама        Сырқат          сырқат

        Кеңесінің      радиациямен     радиациямен     қалыс қалды

        мүшелері       байланысты      байланысты

                                          емес

__________________________________________________________________________

1.   

2.   

3.   

4.   

5.   

6.   

7.   

8.   

9.   


ОВСК мәжілісінде ауру адамның (тегі)____________________ радиациялық әсер

аймағындағы кезең ішінде (тұру, жұмыс істеу, оқу, Қарулы Күштерде қызмет

ету, Чернобыль атом электр станциясындағы және басқадай  радиациялық

апаттарды жою жөніндегі жұмыстарды орындау) алған сырқатының себептік

байланысын анықтау үшін ұсынылған медициналық және басқада құжаттары

қаралды.


Ұсынымдар:






Сараптама кеңесінің

төрағасы                                                                  

                                        _______________________________




                                               Қазақстан Республикасы     



                                               денсаулық сақтау істері

                                               жөніндегі агенттігінің

                                             2001 жылғы 14 наурыздағы

                                             N 240 бұйрығына 6-қосымша



 
 
                    Ведомствоаралық сараптама кеңесінің

 

                             Есебі_________

________________________________________________________________________


                      Кеңес қызметінің жалпы сипаттамасы

_________________________дан ___________ға дейінгі кезең ішінде Сараптама

Кеңесінің мәжілістерінде Семей ядролық сынағынан зардап

шеккендердің -          , Чернобыль атом электростанциясының апатының

зардабын жоюға қатысқандардың -

және басқа радиациялық апаттардан зардап шеккендердің - 

өтініштері мен мәлімдемелері қаралды.

                          Жеке-жеке толтырылады.

1. Семей ядролық сынағынан зардап шеккендер.

2. Чернобыль атом электростанциясы апатының зардабын жоюға қатысқандар.

3. Басқа радиациялық апаттардан зардап шеккендер.

__________________________________________________________________________

Мәжілістің  Күні       Іс қаралды      Шешім шығарылды

   саны          _________________________________________________________

                  Алғашқы   Қайталап   Дұрыс    Қарсы    Кейінге қалдырылды

__________________________________________________________________________




__________________________________________________________________________

Барлығы: ______



                  Сырқаттардың мынадай нысандары қаралды

1. Семей ядролық сынағынан зардап шеккендер.

2. Чернобыль атом электростанциясы апатының зардабын жоюға қатысқандар.

3. Басқа радиациялық апаттардан зардап шеккендер.

__________________________________________________________________________

Сырқат                               Шешім қабылданды

атауларының N   __________________________________________________________

(МКБ-Х бойынша)     Дұрыс   Қарсы    Кейінге қалдырылды       Барлығы

__________________________________________________________________________





     Сараптама кеңесінің

     төрағасы



      Мамандар:

              Омарбекова А.Т.         

              Икебаева Ә.Ж.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады