Бұйрықтың күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 13 тамыздағы № 466 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ядролық сынақтардан, Чернобыльдегі және басқа радиациалық апаттардан зардап шеккен адамдардың ауруларының себептік байланысын анықтау жөніндегі ведомствоаралық сараптау кеңестері жұмысының тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 14 наурыздағы № 240 бұйрығының күші жойылсын (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 сәуірде тіркелді. Тіркеу № 1453).
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      5. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің міндетін
            атқарушы                                    Е.Байжүнісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады