Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн, басшы қызметкер лауазымына сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидаттарды келiсу тәртiбi және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттіктерi туралы ереженi бекiту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) тиiстi қызметкерлердi келiсу және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттіктерi туралы ереженi бекiту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 328 қаулысының және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) тиiстi қызметкерлердi келiсу және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженiң күшi жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 53 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 20 сәуiрде тіркелді. Тіркеу N 1473. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159 қаулысымен. V042955

      "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126-II ҚРЗ Қазақстан Республикасының  Заңын  жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн, басшы қызметкер лауазымына сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидаттарды келiсу тәртiбi және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереже бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн, басшы қызметкер лауазымына сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидаттарды келiсу тәртiбi туралы және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн, басшы қызметкер лауазымына сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидаттарды келiсу тәртiбi туралы және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн. 
      3. Осы қаулы және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн, басшы қызметкер лауазымына сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидаттарды келiсу тәртiбi туралы және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереже күшiне енгiзiлген күннен бастап: 
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) тиiстi қызметкерлердi келiсу және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженi бекiту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 328  қаулысының
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 328  қаулысымен  бекiтiлген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) тиiстi қызметкерлердi келiсу және сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженiң күшi жойылды деп танылсын. 
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.Марченкоға жүктелсiн.  

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 3 наурыздағы
N 53 қаулысымен бекiтiлген

  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы
қызметкерлерiн, басшы қызметкер лауазымына сайлауға
(тағайындауға) ұсынылатын кандидаттарды келiсу
тәртiбi және сақтандыру қызметiн реттеу және 
қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның
бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi
туралы ереже

      Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126-II Қазақстан Республикасының  Заңына  (бұдан әрi - Заң) және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi, сақтандыру қызметiн реттейтiн және қадағалайтын уәкiлеттi мемлекеттiк органымен (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (бұдан әрi - сақтандыру ұйымы) басшы қызметке сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидаттарды келiсу тәртiбiн, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының (бұдан әрi - бiлiктiлiк комиссиясы) өкiлеттiктерiн белгiлейдi. 

      1. Сақтандыру ұйымының басшы қызметкерi (бұдан әрi - басшы қызметкер) және сақтандыру ұйымының басшы қызметiне сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидат (бұдан әрi - кандидат) Заңда белгiленген ең төменгi талаптарға сай болуы тиiс. 

      2. Басшы қызметкердi және кандидатты келiсу үшiн сақтандыру ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органға мынадай құжаттарды ұсынады: 
      1) басшы қызметкердi немесе кандидатты сайлауға (тағайындауға) келiсiм беру туралы өтiнiш; 
      2) басшы қызметкердi немесе кандидатты сайлау (тағайындау) туралы сақтандыру ұйымының уәкiлеттi органының шешiмi (кандидат үшiн - осындай шешiм болған жағдайда); 
      3) осы Ереженiң Қосымшасына сәйкес ұсынылған басшы қызметкер немесе кандидат туралы деректер. 

      3. Сақтандыру ұйымы ұсынған толық құжаттар топтамасы болуын және дұрыс ресiмделгендiгiн қызметіне сақтандыру ұйымының басшы қызметкерлерін келісу мәселелері кіретін уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі (бұдан әрі - уәкілетті бөлімше) тексередi. 
       Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 328   қаулысымен .

      4. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға ұсынылған құжаттар осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, құжаттар сақтандыру ұйымына қайта ресiмдеуге қайтарылады. 
      Құжаттардың осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органға толық құжаттар топтамасының түскен күнi келiсуге ұсынған күн болып саналады. 

      5. Уәкілетті бөлімше біліктілік комиссиясының қарауына қарастырылатын әрбір кандидат бойынша осы Ереженің қосымшасында көзделген нысан бойынша басшы қызметкер немесе кандидат туралы деректерді ұсынады. 
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 328   қаулысымен .

      6. Сақтандыру ұйымының басшы қызметкерiн сайлауға (тағайындауға) келiсiм беру туралы немесе келiсiм беруден бас тарту туралы шешiмдi бiлiктiлiк комиссиясы қабылдайды. 

      7.  Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 328   қаулысымен .

      8. Бiлiктiлiк комиссиясының құрамы уәкiлеттi мемлекеттiк орган басшысының бұйрығымен бекiтiледi. 

      9. Басшы қызметкердiң немесе кандидаттың кәсiби талаптарға сәйкестiгi туралы мәселенi шешкенде бiлiктiлiк комиссиясы уәкiлеттi мемлекеттiк органды немесе оның бөлiмшелерiн инспекциялық тексерген кезде алынған қосымша мәлiметтердi, сондай-ақ  Заңның  34-бабының 4-тармағында көзделген мәлiметтердi зерделеуге құқылы. 

      10. Бiлiктiлiк комиссиясы басшы қызметкердiң немесе кандидаттың сәйкестiгі туралы мәселенi қарайды және толық құжаттар топтамасын ұсынған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны сайлауға (тағайындауға) келiсiм беру туралы немесе келiсiм беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. 

      10-1. Біліктілік комиссиясы кандидатты келісу туралы шешімді:
      1) тесттен өту үшін оны шақырмай-ақ;
      2) тесттен өту үшін оны шақыра отырып;
      3) тесттен және біліктілік комиссиясының жиналысында әңгімелесуден өту үшін оның шақыра отырып қабылдай алады.
       Ескерту: 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 328   қаулысымен .

      10-2. Біліктілік комиссиясы төмендегідей жағдайлардың біреуі болғанда кандидатты шақырмай-ақ келісе алады:
      1) кандидаттың жоғары білімі (бас бухгалтер үшін - жоғары экономикалық немесе жұмыс кәсібіне сәйкес келетін орта арнайы білімі) және қаржы саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар;
      2) кандидат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы басшы қызметіне бұрын келісілген болса және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы басшылық қызметі кезеңінде уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан санкциялар қолданылмады.
       Ескерту: 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 328   қаулысымен .

      10-3. Ереженің 10-1 тармағының 2) және 3)-тармақшаларында көзделген жағдайларда кандидат тестілеу рәсімінен өтеді.
      Тесттен өту кандидаттың тест сұрақтарының ұсынылған жауаптарының бірін таңдауы арқылы компьютерлік немесе жазбаша сұрау нысанында жүзеге асады.
      Тест сұрақтарының жауаптары біреуі дұрыс болып табылатын кемінде үш варианттан тұруға тиіс.
      Кандидатты тесттен өткізу кезінде тест өткізушімен бір жерде уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерлерінің ғана болуына рұқсат етіледі.
      Кандидаттарға тесттен өту кезінде қандай да бір жазбаша, электронды немесе басқа да ақпараттық материалдарды пайдалануға тыйым салынады.
       Ескерту: 10-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 328   қаулысымен .

      10-4. Уәкілетті бөлімше қажет болған жағдайда алдын ала жіберілген жазбаша өтінім бойынша тесттен өткізушіге мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерін білетін аудармашыны ұсынады.
       Ескерту: 10-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 328   қаулысымен .

      10-5. Тесттен өтудің теріс нәтижесі кандидатты қызметіне сәйкес емес деп тануға және оны сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартуға негіз болып табылады.
      Егер кандидат тест сұрақтары жауаптарының жетпіс және одан да көп процентіне дұрыс жауап берген жағдайда тесттен өту нәтижесі оң болып танылады.
      Уәкілетті бөлімше кандидатты тесттен өту нәтижелерін басқа қажетті материалдармен бірге біліктілік комиссиясының қарауына ұсынады.
      Біліктілік комиссиясы уәкілетті бөлімше ұсынған тестілеу нәтижелері мен құжаттарды қарау барысында біліктілік комиссиясының жиналысында кандидатпен әңгіме өткізу қажеттігі туралы шешім қабылдай алады.
       Ескерту: 10-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 328   қаулысымен .

      11. Бiлiктiлiк комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, осы мәселе бойынша сақтандыру ұйымдарымен хат жазысуды қоса алғанда, оның қызметiнiң нәтижелерiн ресiмдеудi уәкілетті бөлімше жүзеге асырады.
       Ескерту: 11-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 328   қаулысымен

      12. Бiлiктiлiк комиссиясы өз мәжiлiстерiн қажетiне қарай өткiзедi және мәжiлiске оның құрамының кем дегенде 2/3 қатысса, заңды болып табылады. Шешiм мәжiлiске қатысушылардың қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыс тең болғанда - бiлiктiлiк комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады. Бiлiктiлiк комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда мәжiлiстi оның орынбасары өткiзуге құқылы. 
      Бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiстерiне хаттама жүргiзу үшiн бiлiктiлiк комиссиясының құрамына кiрмейтiн хатшы қатысады. 

      13. Бiлiктiлiк комиссиясының шешiмi хаттамаға енгiзiледi. Егер бiлiктiлiк комиссиясы мүшесiнiң қаралып отырған мәселе бойынша ерекше пiкiрi болса, ол хаттамада көрсетiледi. 

      14. Бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiсiне шақырылған басшы қызметкер немесе кандидат келмей қалған жағдайда, оны келiсу туралы мәселе бiлiктiлiк комиссиясының келесi мәжiлiсiне қалдырылады. Екiншi рет келмеген жағдайда, бiлiктiлiк комиссиясы бұл тұлғаны келiсу туралы мәселенi сақтандыру ұйымы бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiсiне келмеу себептерiн көрсетiп, қосымша өтiнiш жасағанға дейiн қарамай қалдыруға құқылы. 

      15.  Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 328   қаулысымен

      16. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган  Заңның  34-бабында көзделген негiздер бойынша: 
      1) басшы қызметкердiң лауазымына сәйкес емес деп тану туралы шешiм қабылдауға; 
      2) басшы қызметкердi немесе кандидатты сайлауға (тағайындауға) берiлген келiсiмдi қайта қарауға құқылы. 

      16-1. Сақтандыру ұйымының басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) бұрын берілген келісімді қайта қарауға негіз болған жағдайда уәкілетті бөлімше сақтандыру ұйымына қажет болған жағдайда қажетті құжаттарды ұсыну талаптарымен қоса анықталған фактілер туралы жазбаша хабар береді. Сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органға екі апта ішінде талап етілген құжаттармен бірге жазбаша түсініктеме ұсынады және оны қаралатын мәселеге қатысты құжаттар пакетімен толықтыра алады.
      Уәкілетті бөлімше басшы қызметкер кандидаты бойынша оны сайлауға (тағайындауға) бұрын берілген келісімді қайта қарау туралы мәселені қарау үшін жазбаша қорытынды жасайды және осы мәселе жөніндегі құжаттармен бірге біліктілік комиссиясының кезекті отырысында оны қарау үшін сақтандыру ұйымының басшы қызметкерін біліктілік комиссиясының жиналысында оны сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді қайта қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органға шақыру туралы жазбаша хабарламаны ұсынады.
       Ескерту: 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 328   қаулысымен .

      17. Уәкілетті бөлімше он күндiк мерзiмде сақтандыру ұйымына уәкiлеттi мемлекеттік орган қабылдаған шешiм туралы хабарлауға мiндеттi. 
       Ескерту: 17-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 328   қаулысымен

      17-1. Басшы қызметкерді сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартылған жағдайда көрсетілген қызметкер сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз басшы қызметкерінің лауазымдық міндеттемелерін орындаудың рұқсат етілген ең ұзақ мерзімін міндетті сақтаған жағдайда сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның шешімін алған күннен бастап 30 күннен аспайтын мерзімде қызметінен босатылады.
       Ескерту: 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 328   қаулысымен .

      18. Басшы қызметкерлердi сипаттайтын деректердi есепке алу мақсатында уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлер құрамы бойынша мәлiметтер тiзбесiн жасайды. 

      19. Бiлiктiлiк комиссиясының шешiмiне сақтандыру ұйымы, басшы қызметкер немесе кандидат шешiм қабылданған күннен бастап он күндiк мерзiм iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органның жоғары органына не сотқа шағым беруiне болады. 

      20. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi. 

       Төраға 

Сақтандыру (қайта сақтандыру)  
ұйымдарының басшы қызметке    
ұсынылатын қызметкерлерін,    
басшы қызметкерлердің       
лауазымдарына сайлануға      
(тағайындалуға) ұсынылатын    
кандидаттарды келісу және     
сақтандыру қызметін реттеу және 
қадағалау жөніндегі уәкілетті  
мемлекеттік органның біліктілік 
комиссиясының өкілеттіліктері  
туралы ережеге қосымша     

       Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 328   қаулысымен .

Басшы қызметкер немесе кандидат туралы деректер
(баспалық форматта ресімделеді, шрифт 14)

___________________________________________________________________
          (кандидат тағайындалатын лауазым көрсетіледі)
___________________________________________________________________
          (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

___________________________________________________________________
Аты-жөні
___________________________________________________________________ 
Туған күні, айы, жылы 
___________________________________________________________________ 
Білімі                           (оқу бітірген жылы, жоғары
                                 оқу орнының атауы, мамандығы)
___________________________________________________________________
Қаржы рыногындағы жұмыс
стажы:
___________________________________________________________________
1) сақтандыру қызметін;
2) басқа қаржы ұйымдарындағы
қызметін;
3) аудиторлық қызметін;
4) бухгалтерлік саладағы
қызметін қосқанда
___________________________________________________________________

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

___________________________________________________________________
 N |   Жұмыс кезеңі(ай, жыл)    | Ұйымның атауы, лауазымдары
___________________________________________________________________
1.
2.
3.
___________________________________________________________________

      Жақын туыстары мен тумалары (әкесі, анасы, балалары, 
аға-інілері, апа-сіңлілері, жұбайы; жұбайының әкесі, анасы,
аға-інілері, апа-сіңлілері):
___________________________________________________________________
 N |   Аты-жөні  | Туған жылы  | Туыстық қатысы  | Жұмыс орны және
   |             |             |                 |    қызметі
___________________________________________________________________
1.
2.
3.
___________________________________________________________________

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы:
___________________________________________________________________
 N |  Атауы және    | Заңды тұлғаның жарғылық |  Сіздің қатысу
   |орналасқан жері |   қызметінің түрлері    |  сомаңыз және
   |                |                         |    үлесіңіз
___________________________________________________________________
1.
2.
3.
4.
5.
___________________________________________________________________

      Алынған заемдары туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
N |Заем берген  |  Заем   |Заем | Заемды | Ағымдағы | Заем бойынша
  |  адамның    | бойынша |беру |  өтеу  |  кезеңге |сыйақы ставкасы
  |атауы немесе | негізгі |күні |  күні  |  берешек | (процентпен,
  |  аты және   |борыштың |     |        |  сомасы  |   жылдық)
  | мекен-жайы  |  атауы  |     |        |          |
___________________________________________________________________

      Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген және алынбаған 
сотталғандығы бар ма   -         иә/жоқ
      Сақтандыру қызметіне байланысты құқық бұзушылықтар үшін
әкімшілік жауапкершілікке тартылды ма    -       иә/жоқ
      Бұрын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе еріксіз
таратылған, оның ішінде банкрот болып танылған басқа заңды тұлғаның
(ұйымның атауы, қызметі, жұмыс кезеңі, таратылу/банкрот болу 
себептері) басшы қызметкері болып табылды ма     -    иә/жоқ
      Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпараттар
      Мен, __________________________, осы ақпаратты тексергенімді,
оның шынайы әрі толық болып табылатындығын растаймын және мен берген
мәліметтерде жалған мәліметтердің болуы менің сайлануыма 
(тағайындалуыма) берілген келісімді қайта қарауға негіздеме болып
табылатындығын және бұдан кейін маған қатысты Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес санкциялар қолдануға әкеп соғуы
мүмкін екендігін мойындаймын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады