Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1473 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметке ұсынылатын қызметкерлерін, басшы қызметкерлердің лауазымдарына сайлануға(тағайындалуға) ұсынылатын кандидаттарды келісу және сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіліктері туралы ережені бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 328 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 53 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 328 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2510. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159 қаулысымен. V042955

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметке ұсынылатын қызметкерлерін, басшы қызметкерлердің лауазымдарына сайлануға (тағайындалуға) ұсынылатын кандидаттарды келісу және сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіліктері туралы ережені бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 328  қаулысының  күші жойылды деп тану туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 53  қаулысына  (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1473 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2001 жылғы 16 шілде - 29 шілде аралығындағы N 15 (212) "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметке ұсынылатын қызметкерлерін, басшы қызметкерлердің лауазымдарына сайлануға (тағайындалуға) ұсынылатын кандидаттарды келісу және сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіліктері туралы ережеге:

      3-тармақтағы "уәкілетті мемлекеттік органның сақтандыруды қадағалау бөлімшесі" деген сөздер "қызметіне сақтандыру ұйымының басшы қызметкерлерін келісу мәселелері кіретін уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі (бұдан әрі - уәкілетті бөлімше)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Уәкілетті бөлімше біліктілік комиссиясының қарауына қарастырылатын әрбір кандидат бойынша осы Ереженің қосымшасында көзделген нысан бойынша басшы қызметкер немесе кандидат туралы деректерді ұсынады.";

      7-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4 және 10-5 тармақтармен толықтырылсын:

      "10-1. Біліктілік комиссиясы кандидатты келісу туралы шешімді:
      1) тесттен өту үшін оны шақырмай-ақ;
      2) тесттен өту үшін оны шақыра отырып;
      3) тесттен және біліктілік комиссиясының жиналысында әңгімелесуден өту үшін оның шақыра отырып қабылдай алады.

      10-2. Біліктілік комиссиясы төмендегідей жағдайлардың біреуі болғанда кандидатты шақырмай-ақ келісе алады:
      1) кандидаттың жоғары білімі (бас бухгалтер үшін - жоғары экономикалық немесе жұмыс кәсібіне сәйкес келетін орта арнайы білімі) және қаржы саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар;
      2) кандидат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы басшы қызметіне бұрын келісілген болса және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы басшылық қызметі кезеңінде уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан санкциялар қолданылмады.

      10-3. Ереженің 10-1 тармағының 2) және 3)-тармақшаларында көзделген жағдайларда кандидат тестілеу рәсімінен өтеді.
      Тесттен өту кандидаттың тест сұрақтарының ұсынылған жауаптарының бірін таңдауы арқылы компьютерлік немесе жазбаша сұрау нысанында жүзеге асады.
      Тест сұрақтарының жауаптары біреуі дұрыс болып табылатын кемінде үш варианттан тұруға тиіс.
      Кандидатты тесттен өткізу кезінде тест өткізушімен бір жерде уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерлерінің ғана болуына рұқсат етіледі.
      Кандидаттарға тесттен өту кезінде қандай да бір жазбаша, электронды немесе басқа да ақпараттық материалдарды пайдалануға тыйым салынады.

      10-4. Уәкілетті бөлімше қажет болған жағдайда алдын ала жіберілген жазбаша өтінім бойынша тесттен өткізушіге мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерін білетін аудармашыны ұсынады.

      10-5. Тесттен өтудің теріс нәтижесі кандидатты қызметіне сәйкес емес деп тануға және оны сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартуға негіз болып табылады.
      Егер кандидат тест сұрақтары жауаптарының жетпіс және одан да көп процентіне дұрыс жауап берген жағдайда тесттен өту нәтижесі оң болып танылады.
      Уәкілетті бөлімше кандидатты тесттен өту нәтижелерін басқа қажетті материалдармен бірге біліктілік комиссиясының қарауына ұсынады.
      Біліктілік комиссиясы уәкілетті бөлімше ұсынған тестілеу нәтижелері мен құжаттарды қарау барысында біліктілік комиссиясының жиналысында кандидатпен әңгіме өткізу қажеттігі туралы шешім қабылдай алады.";

      11-тармақтағы "уәкілетті мемлекеттік органның сақтандыруды қадағалау бөлімшесі" деген сөздер "уәкілетті бөлімше" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 16-1 тармақпен толықтырылсын:
      "16-1. Сақтандыру ұйымының басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) бұрын берілген келісімді қайта қарауға негіз болған жағдайда уәкілетті бөлімше сақтандыру ұйымына қажет болған жағдайда қажетті құжаттарды ұсыну талаптарымен қоса анықталған фактілер туралы жазбаша хабар береді. Сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органға екі апта ішінде талап етілген құжаттармен бірге жазбаша түсініктеме ұсынады және оны қаралатын мәселеге қатысты құжаттар пакетімен толықтыра алады.
      Уәкілетті бөлімше басшы қызметкер кандидаты бойынша оны сайлауға (тағайындауға) бұрын берілген келісімді қайта қарау туралы мәселені қарау үшін жазбаша қорытынды жасайды және осы мәселе жөніндегі құжаттармен бірге біліктілік комиссиясының кезекті отырысында оны қарау үшін сақтандыру ұйымының басшы қызметкерін біліктілік комиссиясының жиналысында оны сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді қайта қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органға шақыру туралы жазбаша хабарламаны ұсынады.";

      17-тармақтағы "Уәкілетті мемлекеттік органның сақтандыруды қадағалау бөлімшесі" деген сөздер "Уәкілетті бөлімше" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төмендегідей мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:
      "17-1. Басшы қызметкерді сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартылған жағдайда көрсетілген қызметкер сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз басшы қызметкерінің лауазымдық міндеттемелерін орындаудың рұқсат етілген ең ұзақ мерзімін міндетті сақтаған жағдайда сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның шешімін алған күннен бастап 30 күннен аспайтын мерзімде қызметінен босатылады.";

      қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Сақтандыру (қайта сақтандыру)  
ұйымдарының басшы қызметке    
ұсынылатын қызметкерлерін,    
басшы қызметкерлердің       
лауазымдарына сайлануға      
(тағайындалуға) ұсынылатын    
кандидаттарды келісу және     
сақтандыру қызметін реттеу және 
қадағалау жөніндегі уәкілетті  
мемлекеттік органның біліктілік 
комиссиясының өкілеттіліктері  
туралы ережеге қосымша     

Басшы қызметкер немесе кандидат туралы деректер
(баспалық форматта ресімделеді, шрифт 14)

___________________________________________________________________
          (кандидат тағайындалатын лауазым көрсетіледі)
___________________________________________________________________
          (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
___________________________________________________________________
Аты-жөні 
___________________________________________________________________ 
Туған күні, айы, жылы      
___________________________________________________________________
Білімі                           (оқу бітірген жылы, жоғары
                                 оқу орнының атауы, мамандығы)
___________________________________________________________________
Қаржы рыногындағы жұмыс
стажы:
1) сақтандыру қызметін;
2) басқа қаржы ұйымдарындағы
қызметін;
3) аудиторлық қызметін;
4) бухгалтерлік саладағы
қызметін қосқанда
___________________________________________________________________

      Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
 N |   Жұмыс кезеңі(ай, жыл)    | Ұйымның атауы, лауазымдары
___________________________________________________________________
1.
2.
3.
___________________________________________________________________

      Жақын туыстары мен тумалары (әкесі, анасы, балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері, жұбайы; жұбайының әкесі, анасы, аға-інілері, апа-сіңлілері):
___________________________________________________________________
 N |   Аты-жөні  | Туған жылы  | Туыстық қатысы  | Жұмыс орны және
   |             |             |                 |    қызметі
___________________________________________________________________
1.
2.
3.
___________________________________________________________________

      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы:
___________________________________________________________________
 N |  Атауы және    | Заңды тұлғаның жарғылық |  Сіздің қатысу
   |орналасқан жері |   қызметінің түрлері    |  сомаңыз және
   |                |                         |    үлесіңіз
___________________________________________________________________
1.
2.
3.
4.
5.
___________________________________________________________________

      Алынған заемдары туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
N |Заем берген  |  Заем   |Заем | Заемды | Ағымдағы | Заем бойынша
  |  адамның    | бойынша |беру |  өтеу  |  кезеңге |сыйақы ставкасы
  |атауы немесе | негізгі |күні |  күні  |  берешек | (процентпен,
  |  аты және   |борыштың |     |        |  сомасы  |   жылдық)
  | мекен-жайы  |  атауы  |     |        |          |
___________________________________________________________________

      Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген және алынбаған сотталғандығы бар ма   -         иә/жоқ
      Сақтандыру қызметіне байланысты құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды ма    -       иә/жоқ
      Бұрын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе еріксіз таратылған, оның ішінде банкрот болып танылған басқа заңды тұлғаның (ұйымның атауы, қызметі, жұмыс кезеңі, таратылу/банкрот болу себептері) басшы қызметкері болып табылды ма     -    иә/жоқ
      Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпараттар
      Мен, __________________________, осы ақпаратты тексергенімді, оның шынайы әрі толық болып табылатындығын растаймын және мен берген мәліметтерде жалған мәліметтердің болуы менің сайлануыма (тағайындалуыма) берілген келісімді қайта қарауға негіздеме болып табылатындығын және бұдан кейін маған қатысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санкциялар қолдануға әкеп соғуы мүмкін екендігін мойындаймын.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады