Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақ жөнiндегi мемлекеттiк бақылау ұйымдастыру ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің 2001 жылғы 4 сәуірдегі N 80-П бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1498. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 206-ө бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1693  P991693_  қаулысымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функциясын қамтамасыз ету ретiнде, БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтың мемлекеттiк бақылау ұйымдастыру жөнiндегi қоса берiлiп отырған ережелерi бекiтiлсiн. 
      2. Қоршаған ортаны қорғау бас мемлекеттiк инспекциясы Департаментiне және облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау аумақтық басқармаларына осы ереже iске асырылсын және қолданылсын. 
      3. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы Комитетiне /Аманбаев А.К./, облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармаларына және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басшыларына ерекше қорғалатын табиғи аумақты тексерiс барысында көмек берсiн. 
      4. Қоршаған ортаны қорғау бас мемлекеттiк инспекциясы Департаментiне осы Бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнде тiркеудi қамтамасыз етсiн. 
      5. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министiрiнiң 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 504-П "Қазақстан Республикасы ерекше қорғалатын табиғи аумақ жөнiндегi мемлекеттiк бақылау ұйымдастыру ережелерiн бекiту туралы". 
      6. Осы бұйрықтың орындау барысы қоршаған ортаны қорғау бас мемлекеттiк инспекциясы Департаментiне /Елеушов Б.С./ жүктелсiн.

      Министр
      __________________
      Жiберiлсiн: iске, қоршаған ортаны қорғау бас мемлекеттiк инспекциясына, ұйымдастыру және кадрлер жұмысының басқармасы, орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiне, облыстық жануарлар және өсiмдіктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау аумақтық басқармаларына, облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармаларына     

Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар
және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң
2001 жылғы 04 сәуiрдегі N 80-П шыққан  
бұйрығына қоса берiлiп отыр     

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи
аумақ жөнiндегі мемлекеттiк бақылау ұйымдастыру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер Қазақстан Республикасының  Z970162_  "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңының 9 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2000 жылғы 12 қарашаның 1693 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi туралы  P991693_  үлгi ережесi /әрi - Министрлiк/, Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң жанындағы Қоршаған ортаны қорғау бас мемлекеттiк инспекциясы Департаментi /әрi - Департамент/, ерекше қорғалатын табиғи аймақ /әрi - ЕҚТА/, облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк аумақтық бақылау басқармалары /әрi - облыстық бақылау басқармасы/ туралы үлгi ережелерiне арнайы белгiленген және ЕҚТА-да жүргiзілетiн мемлекеттiк бақылау жұмыстарын анықтайды. 
      2. Министрлiк тарапынан ЕҚТА-ны тексеру жұмыстары 1. тармақта көрсетiлген құжаттар арқылы Департаменттің орталық аппаратындағы және облыстық бақылау басқармасындағы лауазым адамдар атқарады.

2. Бақылау жұмысын жобалау және ұйымдастыру  

      3. Облыстық бақылау басқармалары ЕҚТА-тың қызметiн мемлекет бақылау бойынша бiр мақсатпен, сондай-ақ түгел жағын қамтитын бiртұтас немесе негiзгi жұмыстарға байланысты тексерiс жылдық жоспарлармен жүзеге асырылады. 
      Тексеру мерзiмi жылсайын. Шаруашылық субъектiлердi тексеру актiлерi прокуратуралар органдарында тiркелуi керек. 
      4. Қажет болған жағдайда ЕҚТА-ны тексеру жөнiнде белгiленген тәртiп бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау-зерттеу және басқа ұйымдардың мамандарын қатыстыруға болады. 
      5. Директор немесе директордың орынбасары облыстық бақылау басқармасының жылдық жұмыс жоспарын, облыстық бақылау басқармасының басшылары - мемлекеттiк инспекторлардың жұмыс жоспарын бекiтедi. 
      6. Жоспарда мемлекеттiк бақылау ретiнде болатын шаралардың аты, оны тексеру барысында қолданылатын қаулы, бұйрық, үкiм немесе басқадай нормативтiк құжаттар, оған жауапты адамдар, уақыты көрсетiледi. 
      7. ЕҚТА-ты тексеру жүргiзу шаралары жоспарда бөлекше көрсетiледi. 
      8. Жұмыс жоспарында осыдан бұрынғы тексеру бойынша ұсыныстардың қалай орындалып жатқанын бақылау барысы көзделедi. 
      9. ЕҚТА-тың құқық сақтау iсiнің бағдарламасын Директор немесе Департамент директорының орынбасары бекiтедi. 
      10. Инспекциялық қызмет жөнiнде бекiтiлген жоспар және бағдарлама тексерiлетiн ЕҚТА-қа және арнайы шақырылған немесе бақылаушы және үстiнен қарайтын мемлекет органдарына тексерiс басталатын күннен бiр ай бұрын мәлiмет етiледi. 
      11. ЕҚТА-ны тексерiс басшының немесе оның тағайындаған өкiлiнiң қатысуымен өтедi. Ұйымның басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам қажет болса мiндеттi түрде тексеру мақсатында баратын жерге көлiк, сондай-ақ сұраған құжаттарды және материалдарды беруге мiндеттi. 
      12. Проверка осуществляется путем изучения отчетных документов и осмотра объектов на месте. Кроме того, проверке подлежат вопросы определяемые перечнем, который утверждается органом, осуществляющим государственный контроль за особо охраняемыми природными территориями. <*> 
       РҚАО-ның ескертуі: Тармақтың қазақша аудармасы толық болмағандықтан мәтін орысшада беріліп отыр.  
      13. По результатам проведенной в порядке госконтроля на месте проверки составляется акт в 3-х экземплярах, в котором характеризуется деятельность проверяемой ООПТ. Руководителю проверяемой ООПТ под расписку дается предписание установленной формы об устранении недостатков и нарушений. <*> 
       РҚАО-ның ескертуі: Тармақтың қазақша аудармасы толық болмағандықтан мәтін орысшада беріліп отыр.  
      14. Ұйым бастығы актiмен келiспесе ол өзiнің көзқарасын ерекше жазбаша жазып актiге қосады. 
      15. Ерекше көзқарас нұсқама жасауға кедергi болмайды, оның бiр данасы тексерiлген ЕҚТА-ға, екiншiсi - тексерiлген ұйымнан жоғарғы тұрған органға берiледi. Нұсқама бойынша iстелген жұмыстар туралы тексерiлген ЕҚТА мiндеттi түрде тексерген органға мәлiмет беруi керек. 
      16. Егерде тексеру барысында ЕҚТА-да табиғат қорғау заңдылығы
бұзылғаны анықталса, мемлекеттiк инспектор хаттама жасайды және
белгiленген тәртiп бойынша әкiмшiлiк iс қарайтын болады.
      17. Мемлекеттiк бақылау ретiнде жүргiзген тексерiс жүзеге асыру үшiн алған мәлiметтер тексерiс кiтабына тiркеледi.
      18. Тексерiс бойынша алынған мәлiметтер жүзеге асыру үшiн тiзбе және статистикалық қорытынды есеп, сондай-ақ мемлекеттiк бақылау қызметкерлерi тексерудiң қорытындысы бойынша жазбаша түсiнiктеме бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады