Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң тiркелген контингентi арасында ВИЧ/ЖҚТБ таралуының алдын алу жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Iшкі істер министрі 2001 жылғы 12 сәуірдегі N 313 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 12 сәуірдегі N 334 біріккен бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1506. Ескерту: Бірлескен бұйрықтың 2002 жылғы 1 қаңтарынан бастап күші жойылды - Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 140, ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 862, Денсаулық сақтау министрінің 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 1122 бірлескен бұйрығымен. ~V011717

      "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Z946000_ , "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Z970111_ Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң Z970208_ 97-бабына сәйкес
                              БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң тiркелген контингентi арасында ВИЧ/ЖҚТБ таралуының алдын алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру тәртiбi бекiтiлсiн.
      2. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық орталықтың директоры:
      1) Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң тiркелген контингентi арасында ВИЧ/ЖҚТБ-ның алдын алу, оны анықтау мен емдеу жөнiндегi әдiстемелiк көмектi қамтамасыз етсiн;
      2) Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң қабылдау-тарату орындарындағы, Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және ақтау орталықтарындағы, тергеу изоляторларындағы және түзеу мекемелерiндегi контингенттi ВИЧ/ЖҚТБ-ның болуына ақысыз тексерудi қамтамасыз етсiн;
      3) Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiмен (П.Н. Посмаков), Қамауда ұстау орындары департаментiмен (М.М. Баймұхамбетов), Қоғамдық қауiпсiздiк департаментiмен (Қ.С. Тыныбеков), Медициналық басқармасымен (Б.Х. Әлiбеков) бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Iшкіісминi ведомстволық денсаулық сақтау мекемелерiнiң медициналық қызметкерлерiн ВИЧ/ЖҚТБ проблемалары бойынша оқытуды қамтамасыз етсін;
      4) Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiмен (П.Н. Посмаков), Медициналық басқармасымен (Б.Х. Әлiбеков) бiрлесе отырып, ВИЧ-инфекциясының алдын алу жөнiндегi бiлiм беру бағдарламаларын және Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң тiркелген контингентiн даярлауға арналған әдiстемелiк құралдар әзiрлесiн.
      3. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi (П.Н. Посмаков), Қамауда ұстау орындары департаментi (М.М. Баймұхамбетов), Медициналық басқармасы (Б.Х. Әлiбеков):
      1) қабылдау-тарату орындарында, Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және ақтау орталықтарында, тергеу изоляторларында және түзеу мекемелерiнде ұсталатын азаматтардың ВИЧ/ЖҚТБ-ны анықтау үшiн тексерiлуiн ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн;
      2) ВИЧ-инфекциясын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын, туберкулезбен тiркескен ВИЧ-инфекциясын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын сотталғандарды негiзгi массадан оқшау ұстасын;
      3) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық орталықпен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Iшкіісминi оқу орындарының жеке құрамын, курсанттары мен тыңдаушыларын, Қазақстан Республикасының Iшкіісминi тергеу изоляторларының және қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң контингентiн жыл бойы арнайы оқыту сағаттарын бөлу арқылы "ВИЧ/ЖҚТБ проблемасы және оның алдын алу" атты бiлiм беру

бағдарламасы бойынша оқытуды қамтамасыз етсiн.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi 
iстер вице-министрi iшкi қызмет генерал-майоры Н.А. Власовқа және 
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi 
төрағасының бiрiншi орынбасары А.Т. Айдархановқа жүктелсiн.
     
     Қазақстан Республикасының               Қазақстан Республикасының
        Ішкі істер министрі                     Денсаулық сақтау ісі
      Ішкі әскерлер қолбасшысы                жөніндегі агенттігінің
          генерал-майор                             төрағасы
     
     
     Қазақстан Республикасы                      Қазақстан Республикасы
     Ішкіісминінің                               Денсаулық сақтау iсi 
     2001 жылғы 12 сәуірдегі N 313               жөнiндегi агенттiгiнiң
     бұйрығымен бекiтiлген                       2001 жылғы 12 сәуірдегі
                                                 N 334 бұйрығымен          
                                                 бекiтiлген
  
  
        Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң тiркелген контингентi
         арасында ВИЧ/ЖҚТБ таралуының алдын алу жөнiндегi жұмысты
                                ұйымдастыру
                               
                                 ЕРЕЖЕЛЕРI
                    
                            1. Жалпы ережелер


      1. Жұқтырылған қорғаныс тапшылығы белгiсi (бұдан әрi - ЖҚТБ) қорғаныс және жүйке жүйелерiн зақымдау арқылы өтетiн, ауыр инфекциялық, паразитарлық аурулар мен қатерлi жаңадан пайда болулардың дамуымен байқалатын вирустық этиология ауруы болып табылады. Қазiргi кезде инфекцияны жұқтырудың мынадай жолдары анықталған: жыныстық, парентеральдық (терi және шырышты жамылғының тұтастығы бұзылған кезде), трансфузиондық (донор қанын және оның препараттарын қайта құю кезiнде), сондай-ақ анасынан нәрестесiне (жүктi болу, туу, төсiнен емiзу кезiнде).
      Ауру көбiне инъекциялық нашақорлар, ретсiз жыныстық қатынастар жасаушы адамдар, гомонәпсiқұмарлар арасында тiркеледi.
      Республикамызда пенитенциарлық мекемелерге келiп түсу кезiнде анықталатын адамның иммунтапшылығы вирусын (бұдан әрi - ВИЧ) жұқтырған адамдар санының өсуi байқалып отыр. Пенитенциарлық мекемелерге келiп түсетiн адамдардың көпшiлiгi тексеру сәтiнде ВИЧ-инфекциясының лабораторлық әдiспен анықталмайтын жасырын түрде өтуi кезеңiнде (серонегативтiк кезең) болуы мүмкiн, алайда, бас бостандығынан айыру жағдайларында олар маңайындағыларға үлкен қауiп төндiредi.
      Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-мен ауру жағдайлары санының өсуi және бұл инфекцияның эпидемиологиялық ерекшелiктерi денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiне ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан ВИЧ-инфекциясын жұқтырған адамдарды дер кезiнде анықтауды ұйымдастыру, инфекция жұқтырғандарды бақылау, ЖҚТБ-ның одан әрi таралуына кедергi жасайтын эпидемиологиялық қадағалау iс-шараларын жүргiзу қажеттiлiгiн талап етiп отыр.
           2. Денсаулық сақтау ұйымдарының ЖҚТБ-ның алдын алу және
              оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтардың мiндеттерi

      2. Денсаулық сақтау ұйымдарының ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтардың негiзгi мiндеттерi:
      1) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтар зертханаларының материалдарды қабылдап алуы мен ВИЧ-инфекциясына зерттеудi иммуноферменттiк анализ (бұдан әрi - ИФА) әдiсiмен жүргiзуi, қажет болғанда ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық орталыққа ВИЧ-инфекциясына қарсы денелердi анықтау жөнiндегi зерттеулер жүргiзушi зертхана жүзеге асыратын иммуноблотинг әдiсiмен анализдер немесе басқа да тереңдетiлген зерттеулер жүргiзу үшiн материалдар жеткiзу;
      2) Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң ведомстволық денсаулық сақтау қызметтерiне тергеу изоляторларында (бұдан әрi - ТИ), түзеу колонияларында (бұдан әрi - ТК), қабылдау-тарату орындарында, Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және ақтау орталықтарындағы (бұдан әрi - КТУОБАО) ұсталатын, ВИЧ-инфекциясы табылған және ЖҚТБ-мен ауырған адамдар туралы уақытылы ақпарат беру;
      3) анықталған ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға бiлiктi кеңес берудi қамтамасыз ету;
      4) iшкi iстер органдарына ЖҚТБ бойынша сол аумақтағы эпидемиологиялық жағдай туралы, сондай-ақ қатерлi топтар бойынша эпидскрининг нәтижелерi туралы ақпарат беру;
      5) Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң ведомстволық денсаулық сақтау қызметтерiне ВИЧ/ЖҚТБ-ның алдын алу мәселелерi бойынша тiркелген контингенттi оқыту жөнiнде әдiстемелiк көмек көрсету болып табылады;
      6) ТИ-де, ТК-да, қабылдау-тарату орындарында, УҰИ-да, КТУОБАО-да ұсталатын адамдарды ВИЧ-инфекциясына тексеру (ИФА, иммуноблотинг) "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Z946000_ , "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Z970111_ Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен жүзеге асырылады.

                    3. Iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң
                    ЖҚТБ-ның алдын алу жөнiндегi мiндеттерi

      3. Алматы қаласы IIББ-нiң, облыстардағы IIББ-IIБ-нiң, облыстардағы ҚАЖ Комитетi басқармаларының медициналық қызметтерi (бұдан әрi - МҚ):
      1) ВИЧ/ЖҚТБ-ның алдын алу мәселелерi бойынша медициналық-ағарту жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      2) мыналарға:
      ведомстволық емдеу-алдын алу мекемелерiнiң стерилизациялау бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастыруға және дезинфекциялық-стерилизациялау режимдерiнiң Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерi талаптарына қатаң сәйкестiкте болуына;
      ЖҚТБ-ны жұқтырғандарға жататын контингенттiң Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес тексеру жүргізуге толық қамтылуына;
      ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң статистикалық есеп берудi дер кезiнде ұсынуына;
      ВИЧ-инфекциясын жұқтырған сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң арнайы мекемелерiне этаптау кезiндегi құпиялылықтың сақталуына бақылау орнатады.
      4. Алматы қаласы IIББ-нiң, облыстардағы IIББ-IIБ-нiң, облыстардағы ҚАЖ Комитетi басқармаларының Санитарлық-эпидемиологиялық станциялары (бұдан әрi - СЭС):
      1) мыналарға:
      қатерлi топқа жататын адамдарды анықтауға, есепке алуға және олардың толық тексерiлуiне;
      медициналық персонал қанмен жұмыс iстеген кезде дезинфекциялық режимнiң сақталуына және оларды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлуiне;
      серопозитивтiк адамдарды есепке алуға, диспансерлiк бақылауға және қайта тексеруге;
      ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандармен немесе ЖҚТБ-мен ауыратындар-ауыратындармен байланыста болғандарды есепке алу және байланыстан кейiн 3 және 6 ай өткен соң, ал одан әрi ерiктi түрде лабораторлық тексеруге;
      ведомстволық емдеу-алдын алу мекемелерiнiң ВИЧ-инфекциясын жұқтырғанды анықтаудың әрбiр жағдайына белгiленген нысандардағы төтенше хабарламаларды уақытылы жiберуiне;
      ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң статистикалық есеп берудi дер кезiнде ұсынуына;
      анықталған инфекция жұқтырған адамдардың немесе ЖҚТБ-мен ауыратындардың инфекциялық ауруларды белгiленген үлгiдегi есепке алу журналында тiркелуiне және төтенше хабарлардың Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң және Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң тиiстi медициналық басқармаларына (бұдан әрi - медициналық басқарма) жiберiлуiне бақылау орнатады;
      2) медициналық басқармаға ВИЧ-инфекциясын жұқтырудың әрбiр анықталған жағдайы жөнiндегi жазбаша ақпаратты мынадай схема бойынша ұсынады:
      төлқұжат деректерi (Т.А.Ә.), туған датасы мен жылы, мекен-жайы, инфекция жұқтырған ұсталатын мекеме;
      келiп түскен датасы, бап, қатерлi топқа қатысы, байланыста болған адамдары туралы мәлiметтер (жыныстық партнерлерi, нашақор-партнерлерi, ауру адамға қаны құйылған донорлар туралы, ауру адам қанының реципиенттерi, медициналық байланыстар туралы);
      тексеру: анализдiң нөмiрi көрсетiлген ИФА мен иммуноблотинг нәтижесi, жүргiзiлген датасы, клиникалық диагнозы;
      ауруға (жұқтырушыға) ЖҚТБ-ны бiле тұра жұқтырғаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiк туралы ескертудiң жасалған-жасалмағаны;
      мамандандырылған мекемеге жiберiлген датасы;
      3) статистикалық есеп берудi медициналық басқармаға есептiк кезеңнен кейiнгi айдың 10 күнiне қарай ұсынуды қамтамасыз етедi;
      4) аумақтық денсаулық сақтау мекемелерiмен (облыстық ЖҚТБ орталықтарымен, наркологиялық диспансерлермен, терi-венерологиялық диспансерлермен және т.б.) ақпарат алмасу және ВИЧ/ЖҚТБ-ның алдын алуға бағытталған iс-әрекеттердi үйлестiру бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
      5) ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырғандар Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң мекемелерiнен босатылған жағдайда есепке қою және диспансерлiк бақылауға алу үшiн олар кеткен жердегi республикалық және аумақтық (облыстық, Астана, Алматы қалаларының) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтарға жазбаша түрде хабарлайды.
      5. ТИ мен ТК-ның бастықтары:
      1) мекеме бойынша бұйрықпен медициналық, жедел-режимдiк және тәрбиелеу қызметтерiнен қатерлi топқа жататын контингенттi анықтау мен есепке алуға жауапты қызметкерлердi, олардың дер кезiнде және толық тексерiлуiн, есеп берудi ұсынуды, есеп беру-есепке алу құжаттамасын жүргiзудi, санитарлық-ағарту жұмысын ұйымдастыруды тағайындайды;
      2) Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң нормативтiк құқықтық кесімдерiне V011418_ сәйкес мекемеде тергеудегілер мен сотталғандар қатарындағы контингенттiң тексерiлуiн ұйымдастырады;
      3) статистикалық есеп берудiң МҚ-ға есептiк кезеңнiң 5 күнiне қарай уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етедi;
      4) ЖҚТБ-ға қан алу үшiн жеке кабинет бөлiп, оны жабдықтайды, алынған материалды оның сапасына кепiлдiк беретiн талаптарды сақтай отырып, аумақтық диагностикалық зертханаларға мекеме көлiгiмен жеткiзедi.
      Қан немесе қан сарсуы үлгiлерiне мекеменiң атауы, тексерiлушiнiң Т.А.Ә., туған жылы, жынысы, материалды алу датасы, қатерлi тобы көрсетiлген бланк қоса берiледi, клиникалық көрсетулер бойынша тексеру кезiнде - диагнозы көрсетiледi;
      5) тергеудегi және сотталған ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратындарды, сондай-ақ қатерлi топқа жататын адамдарды медициналық бөлiмде жүргiзiлетiн журналда (1-қосымша) есепке алуды қамтамасыз етедi.
      Қатерлi топ контингентiн ғана картотекалық есепке алуды мекеменiң жедел бөлiмi жүргiзедi, онда мiндеттi түрде ВИЧ/ЖҚТБ-ға тексеру туралы (2-қосымша) белгi болуы тиiс. ВИЧ/ЖҚТБ-ға тексерiлетiндердiң картотекасы жедел бөлiмде сақталады, оны жедел және медициналық бөлiмдердiң қызметкерлерi толтырады. Тергеудегi немесе сотталған адамды бiр мекемеден екiншi мекемеге ауыстырған кезде есепке алу карточкасы жеке iсiне қосылады.
      Қатерлi топтың инфекция жұқтырмаған адамдары тек олардың жаза мерзiмi аяқталғаннан кейiн ғана есептен шығарылған болып саналсын. ВИЧ-инфекциясын жұқтырған адамдар өмiрiнiң барлық кезеңiнде диспансерлiк бақылауда болады.
      6. Қоғамдық қауiпсiздiк қызметтерi арнайы мекемелерiнiң бастықтары:
      1) қабылдау-тарату орындарына, КТУОБАО-ға келiп түсетiн барлық контингенттi ВИЧ-ке тексерудi дерматовенеролог, ал әйел жынысты жасөспiрiмдердi - қажет болғанда гинеколог алдын ала қарағаннан кейiн ұйымдастырады;
      2) медициналық столмен, тоңазытқышпен, қол жууға арналған раковинамен, медициналық қызметкерге арналған ауыстырылып отыратын белгi салынған санитарлық киiммен және аяқ киiммен қамтамасыз етiп, ЖҚТБ-ға қан алу үшiн жұмыс орнын бөледi;
      3) қан немесе қан сарсуы үлгiлерiн мекеме көлiгiмен диагностикалық зертханаға дер кезiнде (бiр тәулiк iшiнде) жеткiзудi қамтамасыз етедi;
      4) ТИ-ға, бiлiм берудiң арнаулы ұйымдарына жiберiлетiн адамдардың жеке iсiне ЖҚТБ-ға тексерудiң датасы мен нәтижесi және қатерлi топқа қатысы (ол анықталған жағдайда) көрсетiле отырып, белгiленген үлгiдегi анықтаманы қоса бередi.

                   4. Тексеру әдiстемесi мен тәртiбi

      7. ВИЧ-ке қарсы денелерi бар адамдардың қанын ИФА әдiсiмен зертханалық тексеру оларды анықтаудың негiзгi әдiсi болып табылады.
      Қан ИФА-дағы бастапқы серодиагностикалау үшiн күре тамырдан 3-5 мл. мөлшерiнде алынып, дәл сол күнi зерттеу үшiн ВИЧ-ке қарсы денелердiң болуын анықтайтын аумақтық денсаулық органдарының зертханасына жiберiледi. Тез арада жеткiзу мүмкiндiгi болмаған жағдайда қан сарсуын бөлiп алып, оны стерильдi флаконға ауыстыру керек. Кейiннен зертханаға жеткiзу арқылы оны жетi тәулiктен аспайтын мерзiм iшiнде плюс төрт градус температурада сақтау керек.
      8. Тексерiлушi ВИЧ-ке оң нәтиже берген болса, ол алғаш рет тексерiлiп отырған жағдайда бастапқы оң нәтиженiң дұрыстығын растау үшiн қан сарсуын комиссиялы түрде қайта алу қажет.
      Нәтиженiң ақырғы расталуын ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық орталықтың референс-зертханасы иммуноблотингi реакциясы арқылы жүргiзедi.
      9. Иммуноблотингында күдiктi нәтижелерi бар адамдар анықталған жағдайда оларға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес бақылау жүргiзiледi.

                    5. Медико-деонтологиялық шарттар

      10. ВИЧ инфекциясын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауыратын адам ВИЧ-инфекциясын жұқтырғаны және ЖҚТБ-ның диагнозы туралы, өзiнiң отбасына және онымен байланыста болатын адамдарға төндiретiн қаупi, жұқтыруды болдырмау шаралары туралы бiлуi, сондай-ақ айналасындағыларға жұқтырғаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiк туралы ескертiлуi керек.

                      6. Диспансерлiк бақылау тәртiбi

      11. ВИЧ-ке қарсы денелер болуының оң нәтижелерiнен кейiн (ИФА) барлық ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандар және ЖҚТБ-мен ауыратындар диспансерлiк есепке алынады: iшкi iстер органдарының жеке құрамы - Iшкіісминнiң, ІІББ-ІІБ-нiң емханасында, тергеу қамауындағылар - ТИ-дiң медициналық бөлiмдерiнде, сотталғандар - мамандандырылған мекемелерде.
      12. ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандар және ЖҚТБ-мен ауыратындарды диспансерлiк бақылауды ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi аумақтық орталықтардың мамандары инфекционист-дәрiгермен немесе пенитенциарлық мекеменiң ВИЧ/ЖҚТБ бойынша жауапты дәрiгерiмен бiрлесiп жүргiзедi, ал аумақтық орталықтардың диспансерлiк бақылау мүмкiндiктерi болмағанда (қашық орналасуы) ВИЧ-инфекциясын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адам ұсталатын түзеу мекемесiнiң дәрiгерi жүргiзедi. Диспансерлiк бақылауға клиникалық көрiнулерiне қарай 6 айда 1 рет: бастапқы көрiнулер кезеңiнде - 3 айда 1 рет, ЖҚТБ-мен ауыратындар - клиникалық көрсетулерi бойынша аурудың жағдайына қарай кемiнде жүргiзiлетiн зертханалық және клиникалық тексеру жатады. ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған адамдарға тексеру байланыстан кейiн 3 және 6 ай өткен соң, одан әрi - ерiктi түрде жүргiзiледi.
      13. Зерттеулердiң нәтижелерi мен клиникалық статусындағы өзгерiстер диспансерлiк бақылау картасында ескерiледi.
      14. ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандардың және ЖҚТБ-мен ауыратындардың медициналық құжаттамасына (сыртқы бетiне) "ВИЧ" немесе "ЖҚТБ" деген жазба белгiлерi жасалуы тиiс.
      15. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нiң емханаларына бекiтiлген контингент қатарындағы иммуноблотингтiң оң нәтижелерi және ЖҚТБ-ның клиникалық көрiнулерi бар адамдар денсаулық сақтау органдары мекемелерiнiң арнайы бөлiнген бөлiмшелерiндегi

госпитальға жатқызылады.
     Иммуноблотингтiң оң нәтижелерi бар сотталғандар Iшкіісмин 
қылмыстық-атқару жүйесiнiң мамандандырылған түзеу мекемелерiнде 
сотталғандардың негiзгi ортасынан оқшау ұсталады.
     
     
                                                                1-қосымша
     
     ВИЧ жұқтырушылыққа тексерілген қатерлі топқа жататын адамдарды
                                есепке алу
      
                                  ЖУРНАЛЫ  
     
___________________________________________________________________________
NN   Т.А.Ә.  Туған  Есепке  ИФА.   Диспан. Иммуно-  Қашан  Ақпарат  Дерек. 
             күні,   алу    дағы   серлік  блотинг   және   қашан    терді 
             айы,   датасы  зерт.  есепке  әдісімен  қайда  және    толтыр.
             жылы   (айы,   хана.   алу    зертхана. кетті  кімге    ған   
                     жылы)   лық   датасы  лық зерт.        жібе.   медқыз.
                            зерт.          теу дата.        рілді   меткер.
                             теу           сы  мен                   дің 
                            датасы         нәтижесі                  қолы  
                             мен
                            нәти.
                            жесі
___________________________________________________________________________
1     2       3        4      5       6       7         8      9       10  
___________________________________________________________________________
     
     
                                  
                                                                2-қосымша
     
                         ЖҚТБ-ға тексерілетін адамның
                            ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
     
     Жедел бөлім толтырады:
     
     1. Тегі
        ______________________________________ 
     2. Аты
        ______________________________________      
     3. Әкесінің аты
        ______________________________________ 
     4. Туған күні, айы, жылы
        ______________________________________ 
     5. Қатерлі тобы      
        ______________________________________ 
     6. Тұтқындалғанға немесе сотталғанға
     дейінгі мекен-жайы (жеке ісіндегі
     деректер бойынша)      
        ______________________________________ 
     Медициналық бөлім толтырады:
______________________________________________________________________     
  Мекеме,    Қан алу    ИФА-дағы    Иммуно-   Диспансерлік    Кеткен     
  келген     датасы    зертханалық  блотинг    есепке алу     немесе
  датасы                 зерттеу    датасы       датасы     босатылған
                       датасы мен     мен                     датасы
                        нәтижесі    нәтижесі             
______________________________________________________________________    
    1          2           3           4            5            6         
______________________________________________________________________     
    
     Мамандар:
        Икебаева А.Ж.
        Жұманазарова А.Б.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады