Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемелекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 6 маусымдағы N 02-2-4/98 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 14 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1544. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.03.2013 № 06-7/32 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялау күнінен бастап, бірақ 2013 жылдың 26 наурызынан ерте емес қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 4 маусымдағы "Мемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы"  Z990453_ Заңына және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 11 мамырдағы N 605  U010605_ Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Әдiлет министрлігiнде 1999 жылғы 30 қарашада N 986  V990986_ тiркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегi агенттiгi төрағасының 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына төмендегідей толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      Көрсетілген Бұйрықпен бекiтiлген Бос әкiмшілiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзудiң қағидасына: 
      2-тармақ "(одан әрi - уәкiлеттi органы)" деген сөздерден кейiн "лауазымдардың сәйкестi санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн" деген сөздермен толықтырылсын; 
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "17. Конкурсты орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi және ведомоствалар өткiзген кезде хабарландырулар ресми басылымдарда жарияланады. Жергiлiктi мемлекеттiк органдардың конкурс өткiзу туралы хабарландырулары облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) мәслихаттары мен әкiмдерi ресми жарияланымдар үшiн белгіленген газеттер мен өзге де мерзiмдi басылымдарда жарияланады.";
      19-тармақта:
      бiрiншi абзац алынып тасталсын;
      екiншi абзацтағы "бiр жолы" және "жоғарыда аталған мемлекеттiк органдармен" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшiншi абзац алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрық жарияланған күннен бастап күшiне енедi. 

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады