Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 51 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы 7 мамырдағы N 239 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 18 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1548

                             БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменi бекiту туралы" бұйрығына келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне:
      1) бюджет кiрiстерiнiң жiктемесiне:
      1 "Салықтық түсiмдер" санатында 7 "Басқа да салықтар" сыныбында 1 "Басқа да салықтар" iшкi сыныбында:
      9-ерекшелiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Республикалық бюджетке түсетiн басқа да салықтық түсiмдер"; мынадай мазмұндағы ерекшелiкпен толықтырылсын:
      "10 Жергiлiктi бюджетке түсетiн басқа да салықтық түсiмдер";
      2 "Салыққа жатпайтын түсiмдер" санаты 1 "Кәсiпкерлiк пен меншiктен түсетiн кiрiстер" сыныбы 2 "Заңды тұлғалардан және қаржы мекемелерiнен түсетiн салыққа жатпайтын түсiмдер" iшкi сыныбы мынадай мазмұндағы ерекшелiктермен толықтырылсын:
      "34 Үкiметтiң сыртқы заемдары есебiнен республикалық бюджеттен несиелер бергенi үшiн алынған сыйақылар (мүдделер)
      35 Инвестициялық жобаларды бiрлесiп қаржыландыру шеңберiнде республикалық бюджеттен несиелер бергенi үшiн алынған сыйақылар (мүдделер)";
      5 "Бюджеттен берiлген несиелердi өтеу" санатында 1 "Бюджеттен берiлген несиелердi өтеу" сыныбында:
      2 "Банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге

асыратын ұйымдарды қоспағанда, ұйымдардың өтеуi" iшкi сыныбында:
     мынадай мазмұндағы ерекшелiкпен толықтырылсын:
     "1 Жергiлiктi бюджеттен берiлген директивалық несие бойынша мерзiмi 
өткен берешектердi қайтару";
     2-ерекшелiк мынадай мазмұнда жазылсын:
     "Республикалық бюджеттен берiлген директивалық несие бойынша мерзiмi 
өткен берешектердi қайтару";
     5 "Бюджеттен берiлген басқа несиелердi өтеу" iшкi сыныбында мынадай 
мазмұндағы ерекшелiктермен толықтырылсын:
     "5 Үкiметтiң сыртқы заемдары есебiнен республикалық бюджеттен 
берiлген несиелердi өтеу
     6 Инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру шеңберінде 
республикалық бюджеттен берілген несиелерді өтеу
     7 Ретроактивтік несиелендіру негізінде республикалық бюджеттен 
берілген несиелерді өтеу";
     2) бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесіне:
     7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
     1 "Тұрғын үй шаруашылығы" кіші функциясы мынадай мазмұндағы 
мем.мекеме-бағдарлама әкімшісімен және бағдарламамен толықтырылсын:
     "275 Астана қаласын дамыту бағдарламасына әкімшілік ету департаменті
     35 Мемлекеттік қызметшілер үшін Астана қаласында тұрғын үй салу";


      3 "Сумен жабдықтау" кіші функциясы мынадай мазмұндағы

мем.мекеме-бағдарлама әкімшісімен және бағдарламалармен толықтырылсын:
     "275 Астана қаласын дамыту бағдарламасына әкімшілік ету департаменті
     33 Вячеслав су қоймасынан бастап Астана қаласына дейін суағардың 
үшінші желісі құрылысын салу жобасын іске асыру
     34 "Қ.Сәтпаев атындағы Ертіс-Қарағанды" каналынан бастап Есіл өзеніне 
дейін суағар салу".
     2. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Б. Сұлтанов) 
департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2001 жылғы 1 
қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
     
     
     Министрдің
     міндетін атқарушы
     
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады