Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (зейнетақы төлемдерiн алушылардың) құқықтары мен мүдделерiн қорғау, зейнетақы активтерiн бағалы қағаздарға орналастыру кезiнде зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компаниялардың инвестициялық мүмкiндiктерiн кеңейту мақсатында, "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне банк қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 02 наурыздағы
заңының
қабылдануына, рейтингi агенттiгі атауының өзгеруiне және "Мооdу's" рейтинг агенттігінiң рейтингтiк бағалаулар шкаласының өзгеруiне байланысты, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы
заңының
6-бабы 2-тармағы 9) тармақшасының, 32-бабы 2-тармағының және 51-бабының негiзiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11
қаулысына
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 қарашада 641-нөмiрмен тiркелген Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметiн жүзеге асыру
қағидаларында
(Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегі нормативтiк актiлердiң жинағы, 2001 ж., 4-том, 207-209-беттер;)
2-тармақта:
1) тармақша "50 %-дан кем емес" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссияланған, айналыс мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр жыл қалған бағалы қағаздарға - кемiнде 5 %" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "депозиттерiне" деген сөз "салымдарына (депозиттерiне)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-тармақтағы "оның депозиттерiндегi" деген сөз "ондағы салымдарға (депозиттерге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
"(депозиттер)" деген сөз алып тасталсын;
"депозиттiк сертификаттарына (депозиттерiне)" деген сөздерден кейiн "екiншi деңгейдегi бiр банктiң салымдарына (депозиттерiне) деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
бiрiншi азатжолда:
"депозит" деген сөз "салым (депозит)" деген сөзбен ауыстырылсын;
"депозиттiң мерзiмiне ұқсас инвестициялау кезеңiндегі депозит ставкасының (депозиттiк сертификаттың)" деген сөздер "салымның (депозиттiң) мерзiмiне ұқсас инвестициялау кезеңiндегi салым (депозит, депозиттiк сертификат) бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "депозитке (депозиттiк сертификатқа)" деген сөздер "салымға (депозитке, депозиттiк сертификатқа) деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "депозитке (депозиттiк сертификатқа)" деген сөздер "салымға (депозитке, депозиттiк сертификатқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-2-тармақта:
"депозитке" деген сөз "салымға (депозитке)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"депозиттiң" деген сөз "салымның (депозиттiң)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1998 жылғы 12 қарашада 642-нөмiрмен тiркелген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметiн жүзеге асыру
қағидаларына
(Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегі нормативтiк актiлердiң жинағы, 2001 ж., 4-том, 202-206-беттер;):
2-тармақта:
1) тармақша "40 %-дан кем емес" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссияланған, айналыс мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр жыл қалған бағалы қағаздарға - кемiнде 5 %" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "депозиттерге" деген сөз "салымдарға (депозиттерге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1) тармақшада:
"мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына" деген сөздерден кейiн "және шетелдiк мемлекеттердiң осы Қағидалардың 3-3-тармағының шарттарына сәйкес келетiн бағалы қағаздарына" деген сөздермен толықтырылсын;
"10 %" рәмiздерi "15 %" рәмiздерiмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
"3-2) Қазақстан Республикасы ұйымдарының "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тiзiмiне енгiзiлген ипотекалық облигацияларына 5 %-дан аспайтын;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
4) ипотекалық облигациялармен қатар, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тiзiмiне "А" санаты бойынша енгізiлген, Қазақстан Республикасы ұйымдарының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарылған мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарына, сондай-ақ қатысушылары "акционерлерi" тек қана Қазақстан Республикасының SPV ("Special Purpose Vеhiсlеs"/"Арнайы кәсiпорындар") деп аталатын ұйымдары болып табылатын шетелдiк ұйымдар шығарған мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарға - 45 %-дан кем емес (осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген шектеулермен қоса);
3-1-тармақшадағы "депозиттерге" деген сөз "салымдарға (депозиттерге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-2-тармақта:
"IВСА, Duff & Рhеlрs" деген сөздер алып тасталсын;
"Аа" рәмiздерi "Аа2" рәмiздерiмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
3-3. Компания шетелдiк мемлекеттердiң несиелiк рейтингтiң халықаралық шкаласы бойынша "Аа"-дан ("Srandart & Poor's және Ғitсh" жiктемесi бойынша) немесе "Аа2"-дан ("Мооdу's" жiктемесi бойынша) төмен емес рейтингтiк бағалауы бар бағалы қағаздарын сатып алуға құқылы.";
5-тармақта:
"депозиттерге" деген сөз "салымдарға (депозиттерге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
"Компания "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тiзiмiне енгiзiлген мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды бастапқы рынокта (оларды орналастыру кезiнде) сатып алуға құқылы емес, егер "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ы осы бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұрған жағдайда.";
6-тармақта:
бiрiншi азатжолда:
"депозит" деген сөз "салым (депозит)" деген сөзбен ауыстырылсын;
"депозиттiң мерзiмiне ұқсас инвестициялау кезеңiндегi депозит ставкасының (депозиттiк сертификаттың)" деген сөздер "салымның (депозиттiң) мерзiмiне ұқсас инвестициялау кезеңiндегі салым (депозит, депозиттiк сертификат) бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "депозитке (депозиттiк сертификатқа)" деген сөздер "салымға (депозитке, депозиттiк сертификатқа) деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "депозитке (депозиттiк сертификатқа)" деген сөздер "салымға (депозитке, депозиттiк сертификатқа) деген сөздермен ауыстырылсын;
6-2-тармақта:
"депозитке" деген сөз "салымға (депозитке)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"депозиттiң" деген сөз "салымның (депозиттiң)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап, мына ерекшелiктердi қоспағанда, 15 күнтiзбелiк күннен кейiн қолданысқа енетiндігі белгiленсiн:
1) осы Қаулының 1-тармағының 1) тармақшасының үшiншi азатжолы және 2) тармақшасының үшiншi азатжолы (Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссияланған, айналыс мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр жыл қалған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарына қатысты) 2001 жылғы 01 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi;
2) осы Қаулының 1-тармағының 2) тармақшасының сегізiншi азатжолы (Қазақстан Республикасы ұйымдарының "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тiзiмiне енгiзiлген ипотекалық облигацияларына қатысты) Ұлттық комиссия Директоратының жеке қаулысымен қолданысқа енгiзiледi.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау департаментiнiң Инвестициялық қызметтi реттеу басқармасы:
1) осы Қаулыны (ол қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн) Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң және кастодиан - банктердiң назарына жеткiзсiн;
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Комиссияның мүшелері