Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру куәлігін (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегі нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 28 сәуір N 127 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 16 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1574. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 24 Қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 24 Қаулысымен.

      Сақтандыру заңнамасын жетiлдiре түсу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
 
                             ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 V001080_ қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және осы қаулымен бiрге Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.).
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысына өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 15

 

ақпандағы N 33 қаулысына өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан

Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне,

аумақтық филиалдарына және сақтандыру ұйымдарына жiберсiн.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық

Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.



     Ұлттық Банк

      Төрағасы





                                    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi



                                    Басқармасының 2001 жылғы 28 сәуiрдегi

                                    N 127 қаулысымен бекiтiлген



 
 
         Сақтандыру куәлігін (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi
                      нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар
 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 15 ақпандағы N 33 қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру куәлігін (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Нұсқаулықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық"
      Барлық мәтiн бойынша:
      "сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын)", "сақтандыру куәлігі (полисi, сертификаты)" "сақтандыру куәлiгiнiң (полисiнiң, сертификатының)", "сақтандыру куәлiгiнде (полисiнде, сертификатында)" деген сөздер "сақтандыру полисiн", "сақтандыру полисi" "сақтандыру полисiнiң", "сақтандыру полисiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 2-тармақта:
      "Банкiне" деген сөзден кейiн (бұдан әрi - уәкiлетті мемлекеттік орган) деген сөздермен толықтырылсын;
      "Ережелерде сақтандыру түрлерi бойынша" деген сөздер "сақтандыру ұйымының сақтандыру ережелерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3. 3-тармақта:
      қазақ тiлiнде "болуы тиiс" деген сөздер өзгермейдi.
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) сақтандыру түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына

 

уәкiлеттi мемлекеттік орган берген мемлекеттiк лицензияның берiлген күнi,

сериясы және номерi туралы мәлiметтер;"

     6) тармақшадағы "сақтандыру өтемiн төлеу" деген сөздер "сақтандыру

төлемiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

     7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

     "7) сақтандыру сыйлықақысының (егер ақы мәулетпен төленетiн болса,

сақтандыру жарнасының) мөлшерi, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi;";

     екiншi бөлiкте:

     қазақ тiлiнде "берсе" деген сөз өзгермейдi.

     "(өкiлдiк)" деген сөз алынып тасталсын;

     "делдал (агент, брокер)" деген сөздер "агент" деген сөзбен

ауыстырылсын;

     қазақ тiлiнде "болуы тиiс" деген сөздер өзгермейдi.

     "(өкiлдiк)", "сақтандырушы брокер" деген сөздер алынып тасталсын;


 
       үшiншi бөлiкте "куәлiктiң (полистiң, сертификаттың)" деген сөздер "сақтандыру полисiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4. 4-тармақта "куәлiк (полис, сертификат)" деген сөздер "сақтандыру полисi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5. 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Сақтандырудың ерiктi түрлерi бойынша сақтандыру полистерiнiң бланкiлерiн полиграфия өнiмiн шығару қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар жасайды.
      Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру полистерiнiң бланкiлерiн жалған бланкi жасаудан қорғаудың кемiнде үш дәрежесi, олардың ішiнде мiндеттi түрде микротекст, УК-сәулелендiру арқылы байқалатын көзге көрiнбейтiн элемент және тангер сеткасы болуы тиiс.
      Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру талондарының бланкiлерiн жалған бланкi жасаудан қорғаудың кемiнде екi дәрежесi, олардың iшiнде мiндеттi түрде микротекст және тангер сеткасы болуы тиiс. Сақтандыру талонының бланкiне мынадай жазба жасалуы тиiс: "____жылғы "__ N___ сақтандыру полисiне берiлген сақтандыру талоны".
      Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру полистерi мен талондарының бланкiлерiн бағалы қағаздар бланкiлерiн шығаруға лицензиялары болған жағдайда жоғарыда аталған заңды тұлғалар шығара алады. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру полистерi мен талондарының бланкiлерiн бағалы қағаздар бланкiлерiн шығаруға лицензиялары жоқ заңды тұлғалардың шығаруына мынадай талаптар сақталған жағдайларда жол берiледi.
      Сақтандыру ұйымы осы тұлғалар ұсынған, баспаханалық әдiспен дайындаған сақтандыру полисi мен талоны бланкiлерiнiң үлгiлерiнде жалған бланкi жасаудан қорғаудың барлық элементтерiнiң бар екендiгi туралы уәкiлеттi мемлекеттік органның тиiстi бөлiмшесiнiң қорытындысын алғаннан кейiн ғана сақтандыру полисiнiң және оған берiлетін талонның әр түрiнiң таралымын бағалы қағаздар бланкiлерiн шығаруға лицензиясы жоқ заңды тұлғалардың дайындауына (шығаруына) болады. Мұндай жағдайда уәкiлетті мемлекеттік органның аталған бөлiмшесi берiлген қорытындылардың, сақтандыру полистерi мен оған берiлетiн талондардың есебiн жүргiзедi және қорытынды берiлген үлгiлерге сәйкес дайындалатын полистер мен оған берiлетiн талондарға номер бередi.
      Осы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмейтiн сақтандыру полистерi мен талондарын бергенi үшiн сақтандыру ұйымдарына уәкiлеттi мемлекеттiк органдар сақтандыру туралы заңдарда көзделген санкцияларды қолданады."
      6. 6-тармақта "қазақ" деген сөз "мемлекеттiк" деген сөзбен

 

ауыстырылсын;

     7. 7-тармақта "сақтандыру төлемiнiң" деген сөздер "сақтандыру

сыйлық-ақысының" деген сөздермен ауыстырылсын;

     8. 9-тармақта:

     "Куәлiктiң (полистiң, сертификаттың)" деген сөздер "Сақтандыру

полисiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

     "делдал (агент, брокер)" деген сөздер "агент" деген сөзбен

ауыстырылсын;

     "талаптарымен" деген сөз "ережелерiмен" деген сөзбен ауыстырылсын;

     9. 12-тармақта "тәртiбiн сақтандыруды қадағалауға уәкiлеттi

мемлекеттiк орган белгiлейдi" деген сөздер "тәртiбi заңдарда айқындалады"

деген сөздермен ауыстырылсын.



     Төраға



     Мамандар:

         Омарбекова А.Т.

         Балабекова Г.Ғ.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады