Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.
Үзінді:
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның
27-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 179 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының күшін жойған кейбір
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. ........ .
2. ........ .
3. ........ .
4. ........ .
5. ........ .
6. ........ .
7. ........ .
8. ........ .
9. ........ .
10. ........ .
11. ........ .
12. ........ .
13. ........ .
14. ........ .
15. ........ .
16. ........ .
17. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 5 тамыздағы N 404 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруалар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 6 шілдедегі N 334 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1607 болып тіркелді,»"Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзгеде мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде" жарияланды, 2001 ж., N 29, 464-құжат).
18. ........ .
19. ........ .
20. ........ .
21. ........ .
22. ........ .
23. ........ .
24. ........ .
25. ........ .
26. ........ .
27. ........ .
28. ........ ."
_____________________________________
Аудиторлыққа кандидаттардың аттестациясына қойылатын біліктілік талаптарын "Аудиторлық қызмет туралы" Z980304_ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Z010139_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 қаңтардағы Заңына сәйкес келтіру мақсатында
1. "Аудиторлыққа кандидаттардың аттестациясына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 5 тамыздағы N 404 бұйрығына мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторға кандидаттардың аттестациясы бойынша біліктілік талаптарында:
1) 2-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"2. Аттестаттауға экономикалық, қаржылық, есептік-талдау, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында соңғы жеті жылдың бес жылы ішіндегі жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысатын және осы аталған салаларда соңғы бес жылдың ішінде кемінде екі жыл практикалық жұмыс стажы бар адамдар жіберіледі.";
2) 4-тармақ "өткізудің тәртібін" деген сөздерден кейін "уәкілетті мемлекеттік органмен келісімі бойынша" сөздермен толықтырылсын.
2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрі Е.А.Досаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр