Ретроактивтiк несиелендiру негiзiнде инвестициялық жобаның жаңғыртылып отыратын шоты бойынша операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы 11 шілдедегі N 344 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2001 жылғы 13 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1626. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 304 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 304 бұйрығымен.

--------------Бұйрықтан үзінді------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi (Шәженова Д.М.) бiр апта мерзiмде қабылданған шешiм туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне және "Заң" Медиа-корпорация" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрiнiң   
2006 жылғы 16 тамыздағы
N 304 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының
тiзбесi

      ...
      5. "Ретроактивтiк несиелендiру негiзiнде инвестициялық жобаның жаңғыртылып отыратын шоты бойынша операцияларды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi N 344 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1626 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенiнде жарияланған, 2001 ж., N 34, 500-құжат)...
-------------------------------- 

      Ретроактивтiк несиелендiру негiзiнде инвестициялық жобаны іске асыру, сондай-ақ үкіметтік сыртқы заемдардың қайтарымды қаражатын есептеу және пайдалану жөніндегі тәртіпті реттеу мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Ретроактивтік несиелендіру негізінде инвестициялық жобаның жаңғыртылып отыратын шоты бойынша операцияларды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігінің  
2001 жылғы 11 шілдедегі
N 344 бұйрығымен    
бекітілген      

Ретроактивтiк несиелендiру негiзiнде инвестициялық
жобаның жаңғыртылып отыратын шоты бойынша
операцияларды жүзеге асыру
ЕРЕЖЕСI  

      1. Осы Ереже ретроактивтiк несиелендiрудi пайдалана отырып iске асырылатын инвестициялық жобаның жаңғыртылып отыратын шоты бойынша қаржылық операцияларды жүргiзу тәртiбiн (бұдан әрi - Ереже) анықтайды. 
      2. Ереженiң мақсаты: 
      үкiметтiк сыртқы заемдардың қайтарымды қаражатын есептеу және пайдалану кезiнде Жаңғыртылып отыратын шот бойынша жасалатын операциялардың реттелген тәртiбiн; 
      инвестициялық жобаның жаңғыртылып отыратын шоты бойынша ақшалай қаражаттың жұмсалуын бақылауды; 
      инвестициялық жобаның жаңғыртылып отыратын шоты бойынша жасалатын операциялар есебi мен есептiлiгiнiң бiрлiгiн қамтамасыз ету болып табылады. 

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР  

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
      инвестициялық жобаның жаңғыртылып отыратын шоты (бұдан әрi - жаңғыртылып отыратын шот) - қатысушы қаржы мекемелерiнiң қайтарған қаражатын, бұрын оларға iшкi несиелердi беруге бөлiнген ішкі заемдарды жинақтау үшiн, көрсетiлген инвестициялық жоба шеңберiнде қатысушы қаржы мекемелерiн осы қаражаттан кейiннен несиелендiру үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң (бұдан әрi - Қаржы министрлiгi) атына ашылатын валюталық шот; 
      қосалқы заем - iшкi несие келiсiмiне сәйкес қаржы мекемесiнiң қатысушысына Қаржы министрлiгi беретiн заем; 
      қатысушы қаржы мекемесi (бұдан әрi - ҚҚМ) - Заем туралы келiсiмнiң шарттарына сәйкес инвестициялық жобаға қатысуға таңдалып алынған және заемшы ретiнде әрекет ететiн қаржылық мекеме; 
      iшкi несие келiсiмi (бұдан әрi - IНК) - құқықтық қатынастарды тiркейтiн құжат осыған байланысты ҚҚМ қосалқы заем алады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң алдында оның қайтарылуы және негiзгi борышқа қызмет көрсету бойынша жауапты болады; 
      ретроактивтiк несиелендiру - бұрын берiлген қосалқы заемдар бойынша негiзгi борышты өтеу есебiнен ҚҚМ-дан түскен қаражат есебiнен ҚҚМ-ны несиелендiру. 
      Осы анықтамалар тек осы ережеде ғана қолданылады. 
      4. Жаңғыртылып отыратын шотты ашуды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiнде жүргiзедi.
      Жаңғыртылып отыратын шотты ашу мақсаттары үшiн Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi (бұдан әрi - Қазынашылық комитеті) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес берген рұқсат нысаны пайдаланылады. 
      5. Жаңғыртылып отыратын шот Заем туралы келiсiмде және IНК-де келiсiлген шетел валютасында жүргiзiледi. 
      6. Жаңғыртылып отыратын шот бойынша операциялар бюджеттік сыныптамасының тиiстi коды бойынша "Бұрын бюджеттен берiлген несиелер бойынша негiзгi борышты өтеу", "Несиелендiру" бөлiмдерi бойынша әрбiр жылдың республикалық бюджетiнде олардың мiндеттi көрсетiлуiне жатады. 
      7. Жаңғыртылып отыратын шотты жабуды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен екiншi деңгейдегi банк жүргiзедi.

2. ЖАҢҒЫРТЫЛЫП ОТЫРАТЫН ШОТ БОЙЫНША
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТIБI  

      8. Қосалқы заемдар бойынша негiзгi борышты өтеу және оған қызмет көрсету бойынша төлемдер IНК шарттарына және осы Ережеге сәйкес ҚҚМ жүргiзедi. 
      9. Тиiстi IНК-нiң шеңберiнде ҚҚМ-ға берiлген қосалқы заемдар бойынша негiзгi борышты өтеу есебiнен ҚҚМ-дан алынатын барлық төлемдер IНК-да көзделген мерзiмдерде жаңғыртылып отыратын шотқа есептеуге жатады. 
      10. Жаңғыртылып отыратын шотқа қосалқы заемдар бойынша негiзгi борышты өтеу есебiне ғана төлемдер есептеледi. 
      11. Ағымдағы айда ҚҚМ-нiң несие қаражатын беруге жаңартылып отыратын шоттың қаражатын жұмсау жөнiндегi операцияны жүргiзу мақсатында бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi (бұдан әрi - әкiмшi) осы Ережеге 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарлама жөнiндегi ретроактивтiк қаржыландыруға арналған өтiнiмдi қаржыландыру сұралатын айдың алдындағы айдың 10-ы күнiнен кешiктiрмей Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк қарыз алу департаментiне (бұдан әрi - МҚД) беруге тиiс. 
      12. МҚД ретроактивтiк қаржыландыруға арналған өтiнiмдi IНК-нiң шарттарына және республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемелерiне сәйкестiгiн тексередi және қаржыландыру сұралатын айдың алдындағы айдың 15-i күнiне келiсiлген белгiсiн соғып, оны Қазынашылық комитетiне жiбередi. 
      13. Қазынашылық комитетi МҚД ұсынған ретроактивтiк қаржыландыруға арналған өтiнiмнiң негiзiнде әкiмшiге белгіленген тәртiппен жұмсау құқығынсыз қазынашылық рұқсат бередi. 
      14. Осылайша әкiмшiге берiлген қазынашылық рұқсат ретроактивтi несиелендiру негiзiнде тиiстi инвестициялық жобаны оның шеңберiнде әкiмшi iске асыруды жүзеге асыруға құқығы бар тиiстi есептi кезеңге бекiтiлген лимит болып табылады. 
      15. Жаңғыртылып отыратын шоттан қаражат алуды тиiстi қазынашылық рұқсат шеңберiнде Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қоса бере отырып, әкiмшiмен мақұлданған ҚҚМ өтiнiмiнiң негiзiнде Қаржы министрлiгi жүргiзедi. Несие қаражатын беруге арналған ҚҚМ-нiң өтiнiмiн әкiмшi тиiстi инвестициялық жоба шеңберiнде ҚҚМ-ды несиелендiруге арналған әкiмшiнiң ресми мақұлдауы болып табылатын несие қаражатын беруге арналған ҚҚМ-дiң өтiнiмiн iлеспе хатпен Қаржы министрлiгiне жiбередi. 
      16. МҚД 10 күн iшiнде несие қаражатын беруге арналған ҚҚМ-ның өтiнiмiн IНК-нiң шарттарына және республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемелерiне сәйкестігiн тексередi және осы Ереженiң 15-тармағына сәйкес жаңғыртылып отыратын шоттан қаражат алуды оларды ҚҚМ-нiң есебiне есептеу жолымен осы өтiнiмдi қанағаттанарлықтай қараған кезде жүргiзедi. Бұл ретте МҚД әрбiр операция бойынша төлем құжаттарының көшiрмелерiн және жаңартылып отыратын шоттан банктiк үзiндi көшiрменi жiбередi. 
      ҚҚМ-нiң шотына қаражат есептеу үшiн осы өтiнiмдi қанағаттанарлық деп тапқан кезде жүргiзедi. 
      17. МҚД осы Ереженiң 15-тармағына сәйкес әкiмшi жiберген несие қаражатын беруге арналған ҚҚМ-ның өтiнiмiн мына жағдайда: 
      егер ұсынылған өтiнiм IНК-нiң немесе заем туралы келiсiмнiң мақсаттары мен шарттарына қайшы келсе; 
      егер ұсынылған өтiнiм нысансыз сипатта болса; 
      тиiстi қазынашылық рұқсатпен әкiмшiлiкке бекiтiлген лимиттер жоқ немесе жетiспейтiн болса; 
      әкімшi Қазақстан Республикасының заңнамасында, IНК-де немесе заем туралы келiсiмде көзделген тиiстi ережелер мен ресiмдердi бұзғанда; 
      ұсынылған өтiнiмде сәйкессiздiктер мен қателер болғанда оларды ҚҚМ жойғанға дейiн кейiнге қалдыруға құқығы бар. 
      18. Банктiк шоттың шартына сәйкес жаңғыртылып отыратын шотқа қызмет көрсететiн екiншi деңгейдегi банктiң жаңғыртылып отыратын шот қаражатының қалдығына есептелген сыйақысы (мүддесi), сондай-ақ, банктiк шот шартының ережелерiн бұзған кезде осы банк төлейтiн өсiмақы Қазақстан Республикасы Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша республикалық бюджетке екiншi деңгейдегi банкке есептеуге жатады. Бұл ретте мұндай төлемдердi республикалық бюджетке есептеу шарты мен тәртiбi жаңғыртылып отыратын шотқа қызмет көрсетуге арналған Қаржы министрлiгiнiң екiншi деңгейдегi банкпен жасасқан банктiк шот шартында көзделуi тиiс. 
      19. Қосалқы заемдар бойынша негiзгi борышты өтеу жөнiндегi төлемдердi қоспағанда, IНК сәйкес ҚҚМ төлеген сыйақылар (мүдделер), сондай-ақ IНК жөнiндегі басқа төлемдер IНК-де көзделген мерзiмде Қазақстан Республикасының Бiрыңғай Бюджеттік сыныптамасының тиiстi коды бойынша ҚҚМ республикалық бюджетке аударуға жатады. 
      20. Есептi жылдың соңында қалып қалған жаңғыртылып отыратын шоттың қаражаты келесi жылға көшiрiледi және тиiстi бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде тиiстi инвестициялық жоба толық аяқталғанға дейiн ретроактивтi несиелендiру негiзiнде ҚҚМ қаржыландыру үшiн Қаржы министрлiгi пайдаланады. 
      21. Инвестициялық жоба аяқталғаннан кейiн жаңғыртылып отыратын шоттағы қаражаттың қалдығы қорытынды айналымдарға белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының тиiстi коды бойынша республикалық бюджетке есептеледi. 

3. ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕПТIЛIК  

      22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1998 жылғы 15 мамырдағы N 217  V980517_  бұйрығымен бекiтiлген енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып, Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есептiлiгiнiң жылдық, тоқсандық көлемi және нысаны туралы нұсқаулықта белгiленген тәртiппен және мерзiмде бухгалтерлiк есептi Қазынашылық комитетiне ұсынады. 
      23. ҚҚМ тоқсан сайын есептiден кейiнгi айдың 8-i күнiнен кешiктiрмей осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айдың 1-i күнгi жағдай бойынша республикалық бюджетке мемлекеттiк сыртқы заем қаражатын қайтару жөнiндегi ақпаратты МҚД-ға ұсынады. 
      24. МҚД ай сайын осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес төлем құжаттарының негiзiнде жаңартылып отыратын шоттың үзiндi көшiрмесiнiң негiзiнде есептi айдан кейiнгi айдың 1-i күнгi жағдай бойынша жаңартылып отыратын шот қаражатының түсуi және жұмсалуы туралы есеп жасайды және ағымдағы айдың 6-сы күнiнен кешiктiрмей осы есептi әкiмшiнiң келiсуiне бередi. 
      25. Әкiмшi есептi айдан кейiнгi айдың 8-i күнiнен кешiктiрмей осы Ереженiң 24-тармағына сәйкес МҚД ұсынған жаңартылып отыратын шот қаражатының түсуi және жұмсалуы туралы есептi келiсiлген белгi соғып, МҚД-не қайтарады. 
      26. МҚД жаңартылып отыратын шот қаражатының түсуi және жұмсалуы туралы келiсiлген есептi әкiмшiден алып, есептiден кейiнгi айдың 10-ы күнiнен кешiктiрмей оны Қазынашылық комитетiне ұсынады. 
      27. Қазынашылық комитетi МҚД-нiң жаңғыртылып отыратын шот қаражатының түсуi және жұмсалуы туралы есебiнiң деректерiн республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы ай сайынғы есепке енгiзедi, 1 сәуiрдегi, 1 шілдедегi, 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы Ереженiң 22-тармағына сәйкес әкiмшi беретiн әкiмшiнiң бухгалтерлiк есебiнiң деректерiмен салыстырады. 

Ретроактивтiк несиелендiру негiзiнде
инвестициялық жобаның жаңғыртылып  
отыратын шоты бойынша операцияларды 
жүзеге асыру ережесiне       
1-қосымша            

_____________________________
(ҚР ҚМ Қазынашылық комитетi)
                                    ________________________________
                                  (екiншi деңгейдегi банктiң атауы)

          Инвестициялық жобаның жаңғыртылып отыратын шотын 
                ашуға (қолданыс мерзiмiн ұзартуға)
                         РҰҚСАТ

________________________бюджетте ұсталатын
____________________________________________
     (бюджеттiң атауы)

________________________________________________________________________

                       (мемлекеттiк мекеменiң атауы)

________________________________________________________________________

                       (кәсiпорынның, ұйымның атауы)

қайта несиелендiруге жататын

_________________________________________________________________________

                       (түскен қаражат түрiнiң атауы)

қайтарымды қаражатты шоғырландыру үшiн

_________________________________________________________________________

                 (валютаның атауы (теңге немесе шет.валют. түрi)

жаңғыртылып отыратын шотын ашуға (инвестициялық жобаның жаңғыртылып 

отыратын шотының әрекет ету мерзiмiн ұзартуға) рұқсат етiледi. Көрсетiлген 

қаражатты шоғырландыру және қайта несиелендiру

_________________________________________________________________________

(осы қаражатты алу мүмкiндiгiн шарттайтын Заем туралы келісiмнiң немесе    

               басқа да құқықтық кесiмдердiң нөмiрi және күнi)

     

Рұқсат _____________________________________________ дейін әрекет етеді.

             (мерзiмi көрсетiледi)

 

     ҚР ҚМ Қазынашылық комитетiнiң төрайымы____________________ (қолы)

     

М.О. Түсiмдердi есепке алу және бөлу

     басқармасының бастығы ____________________________________ (қолы)

 

                    ЕКIНШI ДЕҢГЕЙДЕГI БАНКТIҢ БЕЛГIЛЕРI

 

Рұқсат 200__ ж. "___"__________ алынды

Шот ашылды N __________

 

Операциялық басқарманың бастығы ____________________

                                      (қолы)

 

 

                                      Ретроактивтiк несиелендiру негiзiнде

                                       инвестициялық жобаның жаңғыртылып

                                       отыратын шоты бойынша операцияларды

                                       жүзеге асыру ережесiне

                                       2-қосымша

                               Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi

                                    Мемлекеттiк қарыз алу департаментi

 
                 РЕТРОАКТИВТIК ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ӨТIНIМ 

 
                          200__ ж. "___"_________(айы) 

 

Мекеменiң атауы:

 

Жобаның нөмiрi:

 

Бюджеттiк бағдарламаның атауы:

   

     200__ жылға арналған республикалық бюджетте көзделген шығыстарды 

ретроактивтiк қаржыландыру үшiн соманы қазынашылық рұқсатқа мынадай 

ерекшелiктер бойынша енгiзудi сұраймыз:

___________________________________________________________________________

  Бюджеттiк     Бір жылға    Бұрын    Ағымдағы    Жыл басында     Ескерту

сыныптаманың    арналған     рұқсат    рұқсат   рұқсат етілгені

    коды         жоспар     етілгені   

___________________________________________________________________________

     1              2          3          4            5              6  

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

 

Мекеменiң басшысы

__________________________________________________________________________

           (Тегi, аты-жөнi, Қолы)                             М.О.

 

Қаржы бөлiмшесiнiң басшысы

________________________________________________________________________

           (Тегi, аты-жөнi, Қолы)

 

Ескерту: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк қарыз алу

департаментiне ағымдағы айдың 10 күнiнен кешiктiрiлмей ұсынылады;

1-бағанда мекеменiң кодын, бағдарламасын, кiшi бағдарламасын және 

шығыстардың ерекшелiгiн көрсету қажет.

 

                                      Ретроактивтiк несиелендiру негiзiнде

                                       инвестициялық жобаның жаңғыртылып

                                       отыратын шоты бойынша операцияларды

                                       жүзеге асыру ережесiне

                                       3-қосымша 

 

     ----------------------- фирмалық бланкiде------------------

 

                                                Қазақстан Республикасының

                                                Қаржы министрлiгi

 

                                            Бағдарлама әкiмшiсiнің атауы

 

                   Несие қаражатын беруге арналған өтiнiм

 

Жобаның атауы:____________________________________________________________

 

     Осымен (ҚҚМ-нiң атауы) қосалқы жоба бойынша (қосалқы жобаның атауы) 

несие беру үшiн (күнi) Iшкi Несие Келiсiмiне сәйкес қосалқы заем шотына 

(сомасы санмен және жазба түрiнде) сомасында ақшалай қаражатты аударуды 

өтiнедi.

    

     Осы өтiнiмге қосымша:

 

     1) Ақшалай қаражатты алуға арналған Қаржы вице-министрлiгiнiң атына   

        берiлген сертификат - 1 дана

     2) ҚҚМ мен ҚР ҚМ арасындағы қосымша несие келiсiмi - 2 дана

     3) Қосалқы жобаның ақпарат парағы - 1 дана

     4) Растайтын құжаттардың көшiрмелерi _

     5) Бағдарлама әкiмшiсiнiң мақұлдауы - 1 дана _

                                               3

     6) Дүниежүзiлiк банктің мақұлдауы - 1 дана

 

     Аталған соманы мына деректемелер бойынша аударуды өтiнемiз

 

 

     (Қаражатты АҚШ долларында аудару үшiн банктің толық деректемелерi)

 

     күні

     

     ҚҚМ басшысы _________________                    __________ 

                 (тегi, аты-жөнi)                        қолы              

                     

                                                              

     М.О.

 

     1-50.000 АҚШ долларынан асатын қосалқы жобаларға қоса берiледi;

     2-50.000-нан 150.000 АҚШ долларына дейiнгi қосалқы жобаларға қоса     

     беріледi;

     3-350.000 АҚШ долларынан асатын қосалқы жобаларға қоса берiледi.

     

     

                                      Ретроактивтiк несиелендiру негiзiнде

                                       инвестициялық жобаның жаңғыртылып

                                       отыратын шоты бойынша операцияларды

                                       жүзеге асыру ережесiне

                                       4-қосымша    

 

Заемның N    

Заемның атауы

Заемшы     

Қаржыландыру көздері (ішкі заем немесе РБ-тен қоса қаржыландыру есебінен)

Несие келісімінің күні және N

ІНК бойынша несие сомасы

Негізгі борышты өтеу күнінің басталуы

%-дық ставка

 

 

      2001 ж. ______  жағдай бойынша республикалық бюджеттік мемлекеттік   

         сыртқы заем қаражатын қайтару жөніндегі ақпарат (тоқсандық)   

 

___________________________________________________________________________

Заем.   Қосалқы заемды  о.і.жаңғыртылып   Қосалқы заем мерзімі басталғаннан

шының     іс жүзінде    отыратын шоттан     іс жүзінде өтелгені (өсумен)

атауы    игеру сомасы   алынатын қаражат

                            есебінен 

      ____________________________________________________________________ 

         бар.    о.і.    бар.   о.і.      негізгі   сыйақы.   комиссиялар

         лығы   есепті   лығы   есепті    борыш      лар        бойынша

                кезең           кезең     бойынша   бойынша

                үшін            үшін 

___________________________________________________________________________

 А        1       2       3       4         5          6           7     

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

Жиыны     

___________________________________________________________________________

     

     Басшы

     Орындаушы

     Тел.

     

     

     Ескерту

     1 және 2-бағ. қатысты игеру жүргізілген заемдар бойынша 1, 2-бағ. 

     толтырылатынын;

     қаражаты толық игерілген заемдар бойынша 1-бағ. толтырылатынын        

     түсіндіреміз; 

     3 және 4-бағандарда игерудің жалпы сомасында жаңғыртылып отыратын     

     шоттың қаражаты есебінен игерілген сомалар көрсетіледі.

     

   

     Таблицаның жалғасы  

                                         (заем валютасындағы өлш. бірл.)   

___________________________________________________________________________

  о.і. есепті кезеңде іс     Есепті кезеңнің аяғындағы    Борыш.  Ескерту  

    жүзінде өтелгені             борыштың қалдығы          тың

                                                          барлы.

                                                           ғы 

___________________________________________________________________________

негізгі  сыйақы.  комиссия.   негізгі  сыйақы.  Комиссия.  бағ.  __________

борыш     лар       лар       борыш      лар      лар      (11+

бойынша  бойынша  бойынша    бойынша   бойынша  бойынша    12+1+

                                                             3)        

___________________________________________________________________________

  8        9         10         11        12       13        14      15  

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________ 

    

     

     

                                      Ретроактивтiк несиелендiру негiзiнде

                                       инвестициялық жобаның жаңғыртылып

                                       отыратын шоты бойынша операцияларды

                                       жүзеге асыру ережесiне

                                       5-қосымша        

 
         Жаңғыртылып отыратын қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есеп 

 

              2001 жылғы ______________________________ айына

     

Функционалдық тон     ХХ                  Заем N                   ХХХХ

Мекеме               ХХХ                  Донор                    ХХХХ

Бағдарлама            ХХ                  Қызмет көрсететін банк   ХХХХ    

Кіші бағдарлама       ХХ                  Шот N                    ХХХХ

 

Есепті кезеңнің басындағы ақшалай қаражаттың қалдығы 

_____ мың теңгемен (заем валютасында)  _____ мың теңгемен

___________________________________________________________________________

Республикалық бюджетте көрсетілетін     Республикалық бюджетте көрсетілетін

ҚҚМ-дан алынатын өтеу сомасының түсуі              несиелендіру 

___________________________________________________________________________

Қара. Шетел валюта.  Теңгемен сомасы  Қара. Шетел валюта. Теңгемен со. Ес. 

жат.   сындағы сома  (мың теңгемен)   жат.  сындағы сома  масы (мың    кер.

тың   (мың теңгемен)                  ты     (мың тең.    теңгемен)    ту*

түсу                                  есеп.   гемен) 

күні                                  тен

     ________________________________ шыға.___________________________

      айына   жыл    айына    жыл     ру     айына   жыл   айына  жыл

            басынан         басынан   күні         басынан      басынан 

___________________________________________________________________________

     

___________________________________________________________________________

БАР.                                  БАР. 

ЛЫҒЫ                                  ЛЫҒЫ

___________________________________________________________________________

     

Есепті кезеңнің басындағы ақшалай қаражаттың қалдығы

________ мың теңгемен (заем валютасында) __________ мың теңгемен

 

* - бұл жерде қосалқы жобаның атауы және ҚҚМ-ның атауы көрсетіледі

 

 

Ақпаратты берген                                     "Келісілді"

ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесінің           

атауы ______________________                  ____________________________ 

         (аты-жөні, қолы)                               (қолы)

                                             Мекеменің басшысы (бюджеттік

                                              бағдарламаның әкімшісі)

                                              ____________________________

                                                        (аты-жөні)    

                                               М.О.

 
      Мамандар: 
              Омарбекова А.Т. 
              Багарова Ж.А. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады