Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiн ауыстыру туралы" 2000 жылғы 20 шiлдедегi N 300 қаулысына өзгерiстердi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 29 қыркүйек N 378 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 9 қарашада тіркелді. Тіркеу N 1670. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 мамырдағы № 86 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.05.2017 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi филиалдарының заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдау мерзiмiн ұзарту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы

      ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiн ауыстыру туралы" 2000 жылғы 20 шiлдедегi N 300 V001231_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      6-тармақтың үшiншi және төртiншi бөлiктерiндегi "5 (бес) жыл" деген сөздер "10 (он) жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):

      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан


      Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу

      шараларын қабылдасын;

      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк

      тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi

      бөлiмшелерiне, филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық

      Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.

      Ұлттық Банк

      Төрағасы

      Мамандар:

      Омарбекова А.Т.

      Қасымбеков Б.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады