Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлдігінде 2001 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1695. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 17 маусымдығы N 72 бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009.06.17 N 72 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Тіркеу қызметі комитетiнiң жылжымайтын мүлiк жөнiндегi Орталықтары" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының ақпараттық қызмет көрсету қызметiн тәртiпке келтiру және жетiлдiру мақсатында
                                   БҰЙЫРАМЫН:
 
      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2000 жылғы 29 қаңтардағы "Ақпараттық қызмет көрсету Ережесiн бекiту туралы" N 6 V001035_ бұйрығына келесi өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң жылжымайтын мүлiк жөнiндегi Орталықтарының ақпараттық қызмет көрсету Ережесi:
      мына мазмұндағы 15-1 тармақпен толықтырылсын:
      "15-1. Ақпараттық анықтамалардың түрлерi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетiмен бекiтiледi.";
      16 тармақта:
      мына мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) жылжымайтын мүлiктiң қаржы лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк";
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң теңестiрулiк, техникалық сипаттары туралы анықтамалар";
      мынадай мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:
      "17-1. Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң теңестiрулiк, техникалық сипаттары туралы анықтамаларда жылжымайтын мүлiк объектiсiне қатысты құқықтар, шектеулердiң (шек қою) бары немесе жоғы туралы мәлiметтер болмау керек";
      20 тармақта:
      "ақпараттық қызметтердiң" деген сөздерден кейiн ", жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң теңестiрулiк, техникалық сипаттары туралы анықтамалардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен "Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң теңестiрулiк, техникалық сипаттары туралы анықтамалардағы мәлiметтер 15 күнге дейiн берiлген сәтiнен жарамды болып табылады" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң теңестiрулiк, техникалық сипаттары туралы анықтамалардағы мәлiметтерiнiң нысаны және жылжымайтын мүлiктiң қаржы лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын Тiркеу қызметi комитетi осы бұйрық күшiне енгеннен кейiн бiр апталық мерзiмде бекiтедi. 3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi. Министр Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады