Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттігінiң 2000 жылғы 30 қарашадағы N 761 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2001 жылғы 26 қарашадағы N 1075 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 25 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1703. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 310 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 № 310 Бұйрығымен.

      Қолданыстағы заңды орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Емдеу препараттарын дайындауға және сатуға байланысты қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 P001624_ қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 30 қарашадағы N 761 V001353_ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      барлық мәтін бойынша "лицензияны қолданудың мерзімі" деген сөздер алынып тасталсын;
      бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасында "жүргізу" деген сөз алынып тасталсын;
      бұйрықтың 3), 4), 5) тармақшалары алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6-1) Дәрі-дәрмек құралдарын бөлшек және көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын лицензиаттар туралы Деректер базасын жүргізу нысаны (7-қосымша);
      6-2) Дәрiхана жағдайында дәрі-дәрмектерді дайындауды жүзеге асыратын лицензиаттар туралы деректер базасын жүргізудің нысаны (8-қосымша);";
      7) тармақша мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
      "Фармацевтикалық қызметке берілген, күшін тоқта тұрған, қайта жаңартылған, қайта шығарылған және күші жойылған Мемлекеттік лицензиялардың Мемлекеттік тізілімін жасауды" (9-қосымша);
      Бұйрықтың 2, 3-тармақшалары алынып тасталсын;
      Бұйрықтың 6-тармағында 2) тармақша "және Объектіге Мемлекеттік лицензияға қосымша" деген сөздер алынып тасталсын;
      Бұйрықтың 1-қосымшасында "заңды мекен-жайы" деген және "қоса беріліп

 

отырған Қосымшаға сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;

     Бұйрықтың 6, 7, 8-қосымшаларында:

     4-тармақ алынып тасталсын;

     6-тармақтарда 1-бағанның атауы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:

     "1-баған - объектіге құқығын белгілеген құжаттармен расталған меншік

нысаны - жеке, мемлекеттік"

     Бұйрықтың 9-қосымшасында:

     4-бөлімінің 3, 13, 14-тармақшаларында "Лицензияға қосымшаның нөмірі"

деген сөздер алынып тасталсын;

     1-тармақтағы "Фармацевтикалық қызметке Мемлекеттік лицензияға қосымша

(бұдан әрі мәтін бойынша - Лицензияға қосымша және" деген сөздер алынып

тасталсын;

     2-тармақтағы "(лицензияның нысаны 1-қосымшамен берілген" деген сөздер

алынып тасталсын;

     3-тармақ, сондай-ақ 3-бөлім алынып тасталсын;

     4-бөлімдегі 6-тармақтағы 1) тармақша мынадай мазмұндағы редакцияда

жазылсын:

     "1) 1-баған объектіге құқығын белгілеген құжаттармен расталған

меншік нысаны - жеке, мемлекеттік";

     12-тармақта 1), 2), 3) тармақшалардағы "лицензияланатын объектінің

қызметі", деген сөздер "лицензияға", "лицензия", "лицензияны" деген сөздер

оған сәйкес ауыстырылсын.

     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде

мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.


     Министр



     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Икебаева Ә.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады