Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 28 қазандағы N 421 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1765. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 (V064181) қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40   қаулысымен .
______________________________

      Екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI
      1. Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесi бекiтiлсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату iсiн бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына жiберсiн. 
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесiн Банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату iсiн бақылау басқармасынан алған күннен бастап төрт күндiк мерзiмде банктердiң сот шешiмiмен ерiксiз таратылатын тарату комиссияларына жiберсiн. 
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары К.А.Колпаковқа жүктелсін.  

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкi Басқармасының  
"Қазақстан Республикасында  
банктердi ерiксiз тарату  
ережесiн бекiту туралы"  
2001 жылғы 28 қазандағы  
N 421 қаулысымен    
"БЕКIТIЛГЕН"     

  Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату
ЕРЕЖЕСI 

      Осы Ереже банктi сот шешiмi бойынша, оның iшiнде банкроттық негiзiнде ерiксiз түрде тарату тәртiбiн (бұдан әрi - ерiксiз тарату), ерiксiз таратылатын банктiң тарату комиссиясы (бұдан әрi - тарату комиссиясы) қызметiнiң ерекшелiктерiн, таратылатын банктiң кредиторлар комитетiнiң қалыптасу және қызмет ерекшелiктерiн, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) тарату комиссиясының қызметiн бақылау жөнiндегi өкiлеттiктерiн, тарату iсiне қатысушылардың салымдарға (депозиттерге) мiндеттi түрде ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жөнiндегi ұйыммен (бұдан әрi - Кепiлдiк беру жөнiндегi ұйым) өзара iс-әрекет ету мәселелерiн белгiлейдi. 
       Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .

  1-тарау. Осы Ережеде қолданылатын жалпы ережелер
және негiзгi ұғымдар  

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметi туралы ", "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi туралы ", " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы ", " Акционерлік қоғамдар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .      

      2. Осы Ереже соттың шешiмi бойынша ерiксiз таратылатын екiншi деңгейдегi банктерге қолданылады. 
      Мемлекетаралық банктердi тарату ерекшелiктерi осы банктердi құру туралы халықаралық шарттармен (келiсiмдермен) және олардың құрылтай құжаттарымен белгiленедi. 

      3. Сот: 
      1) банктiң банкрот болуына; 
      2) уәкілетті органның банк заңнамасында көзделген негiздемелер бойынша банк операцияларын жүргiзуге банктiң лицензияларын қайтарып алуына; ( РҚАО-ның сілтемесі:   ХIV. бөлімді қараңыз .) 
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың заңнамалық кесiмдерде көзделген басқа да негiздемелер бойынша банк қызметiн тоқтату туралы өтiнiшiне (шағымына) байланысты банктi ерiксiз таратады.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

      4. Осы Ереженi пайдалану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады: 
      1) уақытша әкiмшiлiк (уақытша әкiмшiлiк басқарушысы) - банк мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету және банктi басқаруды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн банк операцияларын жүргiзуге лицензияларды қайтарып алу туралы шешiм қабылданған күннен бастап және уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейiн кезеңге уәкiлеттi орган тағайындайтын орган (тұлға); 
      2)  алынып тасталды
      3) тарату комиссиясы - еріксіз тарату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган тағайындайтын (босататын), тарату процесінде банктің істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында банктің мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын орган; 
      4) банк кредиторы - таратылатын банкке оның азаматтық-құқықтық және басқа да мiндеттемелерiнен туындайтын мүлiктiк талаптары бар тұлға; 
      5) кредиторлар талаптарының тізілімі - уәкілетті орган бекіткен, кредиторлардың белгіленген мерзімде өтініш жасалған және тарату комиссиясы таныған талаптарын, сондай-ақ депозиттерге ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жөніндегі ұйымның еріксіз таратылатын банк ұсынған есепке сәйкес сома көлемінде өтеуді төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау жөніндегі болашақ талаптарын көрсететін құжат;
      6) тарату iсi - банк iсiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын банктiң заңды тұлға ретiндегi қызметiн тоқтату рәсiмi; 
      7) кредиторлар комитетi - кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында таратылатын банктiң кредиторларынан құрылатын орган; 
      8) тарату массасы - таратылатын банктiң банк iсiн аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған активтерi; 
      9) қатысушы-банк - банктi ерiксiз тарату туралы сот шешiмiнiң заң күшiне ену сәтiне жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi түрде ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнiң қатысушысы болған таратылатын банк.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен 2005 жылғы 26 наурыздағы N 100   қаулысымен .

      5. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкiмшiлiк басқарушысын) тағайындау тәртiбi, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмшiлiк басқарушысының) өкiлеттiктерi уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес реттеледі.  (РҚАО-ның сілтемесі:   қараңыз .) 
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .

      6-13. <*> 
       Ескерту: 6-13-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

      14. Банктi ерiксiз таратқан жағдайда сот уәкілетті органға сот шешiмiнiң көшiрмесiн жiбередi.
       Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

      15. Банктi банкрот деп таныған жағдайда оны тарату осы Ережеге және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. ( РҚАО-ның сілтемесі:  9-бөлімді қараңыз .) 

      16. Банк заңнамада белгiленген тәртiппен соттың шешiмi бойынша ғана банкрот болып таныла алады. Дәрменсiз банктi оның кредиторлары және банктiң өзiнiң шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi. 

      17. Тараптардың банктiң банкрот болуы туралы iс жөнiндегi бiтiм келiсiмiн жасауға жол берiлмейдi. 

  2-тарау. Банктi ерiксiз тарату тәртiбi  

      18. Банктегi тарату iсiнiң басы банктi ерiксiз тарату туралы сот шешiмiнiң заң күшiне енгiзiлген күнi болып табылады. 

      19. Банктi ерiксiз тарату туралы сот шешiмiнiң заң күшiне енген күнiнен бастап және банктi тарату iсi аяқталғанға дейiн: 
      1) акционерлердiң жалпы жиналысының, ерiксiз таратылатын банктiң басқа да органдары мен лауазымдық тұлғаларының, оның iшiнде мүлiкке ие болу және мiндеттемелердi өтеу жөнiндегi өкiлеттiктерi, сондай-ақ олардың банктi басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатылады; 
      2) таратылатын банктiң атынан немесе соның есебiнен жүзеге асырылатын iс-әрекеттердiң егер оларды банктiң тарату комиссиясының төрағасы немесе төрағаның осы iс-әрекеттердi жасауға белгiленген тәртiппен сенiмхат берген тұлғасы жасаған жағдайда, заң күшi болады; 
      3) таратылатын банктiң барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмi бiткен болып саналады; 
      4) таратылатын банктiң кредиторлық берешегiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны (мүдденi) есептеу тоқтатылады; 
      5) таратылатын банктiң мүлкiне өндiрiп алуға заңнамада белгiленген барлық шектеулер алынып тасталады; 
      6) егер олар бойынша қабылданған шешiмдер заң күшiне енгiзiлмесе, таратылатын банктiң қатысуымен сотта қаралатын мүлiктiк сипаттағы даулар тоқтатылады; 
      7) Кепiлдiк беру жөнiндегi ұйымның қатысушы-банктiң салымшыларына (депозиторларына) өтеуi тиiс ақша сомасы мөлшерiндегi талаптарды қоспағанда банкке қатысты мүлiктiк сипаттағы барлық талаптар осы сәттен бастап банктiң тарату комиссиясының атына ғана берiле алады және осы Ережеде және қолданылып жүрген заңнамада белгiленген тәртiппен қаралады; 
      8) соттардың таратылатын банкке қойылатын мүлiктiк талаптарға қатысты атқару құжаттары тарату комиссиясына Банктер туралы заңда белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен орындау үшiн берiледi. 

      20. Банктi ерiксiз таратуға байланысты барлық шығыстар осы банктiң қаражаты есебiнен ғана жұмсалады. 
      Уәкiлеттi орган банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшілік басқарушысының) және тарату комиссиясының құрамына енгізілген қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жағдайларын қоспағанда уәкiлеттi орган банкті еріксіз тарату жөніндегі шығыстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымында банкте мүлік болмаған не егер оның құны осы шығыстарды өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім туралы жариялау шығыстарын өтеу үшін қаржыландыруға тыйым салынады.
       Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен 2005 жылғы 26 наурыздағы N 100   қаулысымен .

      21. Тарату iсiне байланысты, оның iшiнде тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ таратылатын банктiң негiзгi мiндеттерiн қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен туындайтын шығыстар кезексiз және тұрақты түрде кредиторлар комитетi бекiткен смета шегiнде таратылатын банктiң қаражатынан жүзеге асырылады. 
      Кредиторлар комитетi құрылғанға дейiн тарату шығыстарының, оның iшiнде тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне төлемдер мөлшерi кiретiн сметасын тарату комиссиясының төрағасы уәкілетті органмен келiсiм бойынша бекiтедi. 
      Тарату iсiнiң шығыстары туындауына қарай тарату массасынан төленедi. 
      Тарату массасын мақсатсыз жұмсауға , сондай-ақ тарату комиссияларының еңбегіне ақы төлеуге арналған қаражатты екі айдан аспайтын мерзімге резервтеуге жол берiлмейдi.
       Ескерту: 21-тармаққа өзгерту мен толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .

      21-1. Еріксіз таратылатын банктің тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және өзге тартылған қызметкерлерге төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселеген мөлшерінен аспауы тиіс.
       Ескерту: 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .      

  3-тарау. Тарату комиссиясы  

      22. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап оған таратылатын банктің мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттік өтеді.
      Тарату комиссиясы он күндік мерзімде уақытша әкімшіліктен (уақытша әкімшілік басқарушысынан) банктің банк операцияларын жүргізуге лицензияларының түпнұсқаларын, мүлкін және құжаттарын қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайды. 
      Тарату комиссиясы банктiң iстерiн, оның iшiнде кредиторлары және акционерлерiмен есеп айырысуды қамтамасыз ету жөнiндегi iстерiн аяқтау үшiн шаралар қолданады.
       Ескерту: 22-тармаққа өзгерту  енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .

      23. Тарату комиссиясы таратылатын банктiң атынан iс-әрекет етедi және өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiм қабылдау кезiнде дербес болады. 
      Тарату комиссиясының шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi. 

      24. <*> 
       Ескерту: 24-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .

      25. Қатысушы-банктi таратқан кезде Кепiлдiк беру жөнiндегi ұйымның өтiнiшi негiзiнде тарату комиссиясының құрамына оның өкiлi енгiзiлуi мүмкiн. 

      26. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес оның қызметiне дербес жауап бередi. 
      Тарату комиссиясының төрағасы жоқ кезде оның мiндеттерiн орынбасары орындайды. 

      27. Банктiң филиалдары не өкiлдiктерi бар болса, оларды сол жерде құрылған тарату комиссиясының бөлiмшесi (бұдан әрi - бөлiмше) таратады. 

      28. Бөлiмшенi тарату комиссиясы төрағасының тарату комиссиясы мүшелерiнiң iшiнен тағайындаған басшысы (бұдан әрi - бөлiмше басшысы) басқарады. 
      Бөлiмшенiң басшысы өзi қызметiн заңда белгiленген тәртiппен ресiмделген және тарату комиссиясының төрағасы оған берген сенiмхат негiзiнде жүзеге асырады. 
      Бөлiмшенiң басшысы және бөлiмше тұтастай алғанда тарату комиссиясының төрағасына есеп бередi. 

      29. Бөлiмше басшысы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес бөлiмшенiң қызметiне және филиалды не банктiң өкiлдiгiн таратуға жауап бередi. 

      30. Тарату комиссиясы мүшелерiнiң, бөлiмше басшысының, тарату комиссиясының жұмысқа тартылған қызметкерiнiң құқықтары және мiндеттерi, еңбекақы талаптарымен қоса тарату комиссиясының төрағасымен жасалынатын жеке еңбек шартында (келiсiм-шартта) белгiленедi. 

      31. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметiн жедел басқарады, бөлiмшенiң және оның басшыларының қызметiн бақылайды. 

      32. Төраға, бөлiмшенiң басшысы және тарату комиссиясының мүшелерi банкке келтiрiлген зиян үшiн және банктi тарату барысында жiберiлген өзге де тәртiп бұзушылықтар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi. 
      Асыра сiлтеу фактiлерi және өзге де заң бұзушылықтар байқалған кезде тарату комиссиясы бұл жөнiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына хабарлауы, сондай-ақ уәкілетті органға хабарлауы тиiс.
       Ескерту: 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .  

      33. Тарату комиссиясы мынадай iс-шаралар өткiзедi: 
      1) банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде шағым-талаптар (өтiнiштер) беру тәртiбiн, мерзiмiн және кредиторлардың өздерiнiң талаптарын беруге құқылы мекен-жайды мiндеттi түрде көрсете отырып, банктi ерiксiз тарату туралы ақпаратты мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде жариялайды; 
      2) тарату комиссиясына банкте тарату iсiн жүргiзу жөнiндегi мiндеттерiн жүктеудi растайтын құжаттармен бiрге банктiң басшылығына қол қойдыра отырып, таныстырады; 
      3) қабылдау-өткiзу туралы актiлердi жасай отырып банктiң басшылығынан не банктiң уақытша әкімшіліктен (уақытша әкімшілік басқарушысынан) банктiң мөртабандарын, мөрлерiн, электронды ақпарат тасымалдаушыларды, бағдарламалық қамтамасыз етудi, бланкiлердi және барлық басқа құжаттарды тез арада талап етедi; 
      4) қабылдау-өткiзу активтерi бойынша активтердi, оның iшiнде банктiң мүлкiн қабылдайды; 
      5) банк кассасын тез арада түгендейдi, ақша қалдығын таратылатын банктiң ағымдағы есепшотына есептейдi; 
      6) банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде банктiң корреспонденттiк есепшоттарын салыстырып тексередi, оларды жабады және таратылатын банктiң теңгемен және шетел валютасымен ағымдағы есепшотын ашады; 
      7) соттың банктi ерiксiз тарату және тарату комиссиясын тағайындау уәкілетті органның тағайындауы туралы қабылдаған шешiм жөнiнде хабарландыруды банктiң клиенттерiне көрiнетiн жерге iлiп қояды; 
      8) банк қызметкерлерiн еңбек заңдарына сәйкес жұмыстан босатады; 
      9) банктiң активтерiн анықтайды; 
      10) банк активтерiн оның таратылу мақсаттарына сәйкес басқарады; 
      11) банктiң атынан талап қояды және сотта сөз сөйлейдi; 
      12) бағдарламалық қамтамасыз етудiң және электронды ақпарат тасымалдаушылардың, сондай-ақ банктiң басқа ақпаратының сақталуын қамтамасыз етедi; 
      13) толық материалдық жауап беретiн адамдардың, оның iшiнде
бухгалтерлiк есеп жүргiзетiн және банктiң қаржылық және басқа есебiн өңдейтiн электронды жүйеге кiре алатын адамдардың шеңберiн белгiлейдi;
      14) тарату комиссиясы құрылатын күнгi электрон түрiндегi 
есеп-бухгалтерлiк ақпараттарын басып шығарады. Электрон түрiндегi осы ақпарат жоқ болғанда, қағаз түрiндегi ақпарат негiз етiп алынады;
      15) кредиторлардың тiзiмiн жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайын анықтайды және талдау есебiнiң деректерiмен салыстырып тексередi;
      16) кредиторлар туралы мәлiметтер жоқ болған жағдайда, қолдағы бар деректердi және жазбаша хабарлама жiберудiң мүмкiн еместiгiнiң себептерiн көрсете отырып акт жасайды;
      17) банктi ерiксiз тарату туралы банктiң әрбiр кредиторына жазбаша хабарлайды;
      18) таратылатын банк кредиторларының талаптарының заңдылығын 
анықтайды және оларды банктiң бекiтiлген аралық тарату баласына және кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;
      19) өзiнiң қызметi мен мiндеттерiн орындауға арналған келiсiм-шарт бойынша қажеттi қызметкерлер жалдайды;
      20) банктi таратудың барлық кезеңдерiнiң iшiнде банктiң мүлкi мен құжаттарын сақтау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      21) уәкілетті органның талап етуі бойынша тарату өндірісіне қатысты мәліметтер береді;
      22) тарату туралы есеп, банктің тарату балансын жасайды және оларды келісу үшін уәкілетті органға жібереді;
      23) банкті тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізеді және бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды;
      24) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктерi және мiндеттерi бар.
       Ескерту: 33-тармаққа өзгертулер мен толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .

      34. Уәкілетті орган берген лицензиялардың түпнұсқалары тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарылады.
       Ескерту: 34-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

      35. Таратылатын банктің ағымдағы шоты оның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті филиалындағы бас офисі орналасқан жерде ашылады. 
      Таратылатын банктiң, сондай-ақ филиалдарының не өкiлдiктерiнiң барлық ақшасы таратылатын банктiң ағымдағы шотына есептеледi. 
      Таратылатын банктiң берешектерi жоқ клиенттерiнiң жазбаша талаптары бойынша тарату комиссиясы банктi ерiксiз тарату туралы соттың шешiмi заң күшiне енгеннен кейiн таратылатын банкке, олардың банктiк есепшотына түсетiн ақшаны клиенттердiң жаңа деректемелерi бойынша тез арада (тапсырманы алған күннен бастап үш банктiк күн iшiнде) қайтарады. Банктiң корреспонденттiк есепшотына қате есептелген ақшаны тарату комиссиясы банктi ерiксiз тарату туралы шоттың шешiмiне дейiн, сондай-ақ күшiне енгеннен кейiн қате есептелгенiн растайтын барлық қажеттi құжаттарды алған күннен бастап үш банктiк күн iшiнде клиенттердiң жазбаша талаптары бойынша ақша жiберушiлерге қайтарады.
       Ескерту: 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .  

      36. Ерiксiз таратылатын банктiң тарату комиссиясы уәкілетті орган белгiлеген мерзiмде iстелiнген жұмыс туралы есеп бередi, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпарат бередi. 
      Банктiң филиалдарында және өкiлдiктерiнде өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын бөлiмше тарату комиссиясының төрағасына iстелiнген жұмыс туралы есеп бередi.
       Ескерту: 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

  4-тарау. Активтердi басқару және 
шағым-талаптарды қарау  

      37. Таратылатын банктердiң активтерiне банктiң меншiк мүлкi, заңды және жеке тұлғаларға берiлген заемдары, сондай-ақ банктiң басқа талаптары кiредi және тарату массасын жасау үшiн негiз болады. 

      38. Тарату комиссиясы осы Ережеге және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес таратылатын банктiң уәкiлеттi қызметкерлерiнiң қатысуымен банктiң мүлкiн (активтерiн), жеке есепшоттарын, кредиттiк және өзге де шарттарды түгендейдi, сондай-ақ баланстық есепшоттардағы және меморандум есепшоттарындағы барлық қалдықтарды салыстырып тексередi. Түгендеу нәтижелерi бойынша акт жасалынады. 

      39. Таратылатын банктiң түгендеу арқылы белгiленген барлық активтерi тарату массасына енгiзiлуi тиiс. Тарату басталғанда банктiң балансына енгiзiлмеген және түгендеу барысында анықталған активтер таратылатын банктiң аралық тарату балансында көрсетiлуi тиiс. 

      40. Барлық кредиттiк iстер, оның iшiнде кредиттiк шарттар, басқа мiндеттемелер бойынша шарттар қолдағы бар құжаттардың қосымшаларымен бiрге сипатталуы және есептiк-тiркеу құжаттарымен бiрге салыстырып тексерiлуi тиiс. Айырмашылықтар анықталған не құжаттар болмаған жағдайда себептерiн көрсете отырып акт жасалынады. 

      41. Тарату комиссиясы таратылатын банктiң мүлкiн бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны тарта отырып бағалайды. 
       Ескерту: 41-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

      42. Егер таратылатын банктегi бар ақша кредиторлар мен акционерлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы заңда белгiленген тәртiппен және кредиторлар комитетiнде бекiтiлген мүлiктi сату жоспарына сәйкес банктiң мүлкiн көпшiлiк сауда-саттықтарда сатады. 

      43. Таратылатын банктердiң алдындағы берешектердi өтеу үшiн банк дебиторларының мүлкiн, оның iшiнде сот шешiмiн орындау есебiнен беру мүлiк берiлетiн күнгi бағалау актiсi болса ғана жүзеге асырылады. 

      44. Ерiксiз тарату туралы соттың шешiмi заң күшiне енгенге дейiн орын алған, таратылатын банктiң қатысуымен жасалынған мәмiлелер аралық тарату балансы бекiтiлгенге дейiн орындалуы және құжаттамалық ресiмделуi белгiленген тәртiппен аяқталмаған болса өткiзiлмеген деп саналады. 

      45. Кастодиан банктi тарату кезiнде үшiншi тұлғаларға тиiстi сақтау үшiн және есебiн жүргiзу үшiн сенiп берiлген бағалы қағаздар және мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының меншiк капиталының қаражатын қоспағанда, мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi тарату массасына кiрмейдi және мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады. 
      Тарату массасына борышкердiң меншiк құқығына жатпайтын, оның iшiнде сенiмдi басқаруда немесе сақтауда болатын мүлiк енгiзiлмейдi.

      45-1. Банктің тарату конкурстық массасына ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлкі кірмейді: ипотекалық тұрғын үй заемы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды меншіктеу құқығы ұстаушыларда туындаған немесе оларға мәмілелер не Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге негіздер бойынша өткен жағдайларда мемлекеттік бағалы қағаздар. Аталған мүлікті тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарына сәйкес ипотекалық облигациялардың кредитор-ұстаушыларымен есеп айырысу үшін ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне өткізеді.
       Ескерту: 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

      46. Тарату комиссиясы соттың банктi ерiксiз тарату туралы шешiмi заң күшiне енген күнi орындалу мерзiмi аяқталмаған кредит шарттарына, борышкерлердiң нақтылығына және өтеудiң болашағына, мүлiктiк жағдайына талдау жүргiзуi тиiс және кредиттiк пакет жасайды, мұнда ол кейiннен мүлiктiк құқық ретiнде шеттетiлуi не тепе-теңдік принципі сақтала отырып кезектілік басталған кезде сәйкес кредитордың талабына жол беру бойынша берiлуi мүмкiн. Бұл орайда тарату комиссиясы кредиттiк пакеттiң талаптарына жол бермеу немесе жол беру жөнiндегi мәселелердi қарауды тарату комиссиясы кредиторлар комитетiнiң қарауына енгiзедi.
       Ескерту: 46-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

      47. Кепiлдiк беру жөнiндегi ұйымнан басқа заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, мүлiктiк құқықтары және заңды мүдделерi соттың банктi ерiксiз тарату туралы шешiм қабылдауы нәтижесiнде бұзылуы мүмкiн азаматтар банкпен дауды тiкелей реттеу мақсатында оның тарату комиссиясына жазбаша шағым-талаппен (өтiнiшпен) өтiнiм бередi. 
      Кредитор-жеке тұлғалар тарату комиссиясына растау құжаттарының көшiрмелерiмен қоса жазбаша өтiнiшпен өтiнiм бередi. 

      48. Кредиторлардың талаптарында талап етудiң мөлшерi туралы мәлiметтер болуы тиiс (негiзгi борыштың, сыйақының (мүдденiң), тұрақсыздық айыбының және басқа да айыппұл санкцияларының, шығындардың мөлшерi туралы жеке-жеке, талап ету негiздемесiн және мөлшерiн растайтын құжаттарды қоса отырып (заң күшiне енген сот шешiмдерi, шарттардың көшiрмелерi, борышкердiң борышты мойындауы және басқа да құжаттар). 

      49. Шағым-талап (өтiнiш) алған күннен бастап екi апталық мерзiмде, егер басқа мерзiм банк пен оның кредиторы арасында жасалған шартта айтылмаса, қаралуға тиiс. 

      50. Шағым-талапты (өтiнiштi) қараған кезде тарату комиссиясы ұсынылған талаптың заңдылығын және оның негiздiлiгiн тексеруi тиiс. 
      Егер шағым-талапқа (өтiнiшке) оны қарау үшiн қажеттi құжаттар қоса берiлмесе, олар почта жiберiлiмiнiң жолдағы уақытын есептемегенде кемiнде бес жұмыс күнi болатын ұсыну мерзiмiн көрсете отырып өтiнiш берушiден сұратылады. Талап етiлген құжаттар көрсетiлген мерзiмде алынбаған кезде шағым-талап (өтiнiш) қолда бар құжаттар бойынша қаралады. 

      51. Шағым-талап (өтiнiш) алған тарату комиссиясы өтiнiш берушiнiң негiздi талаптарын тануға және шағым-талапты (өтiнiштi) қарау нәтижелерi туралы жазбаша түрде хабар беруге мiндеттi. Шағым-талапқа (өтiнiшке) жауапта мыналар көрсетiледi: 
      1) шағым-талап (өтiнiш) өтiнiш берушiнiң және жауап жiберетiн тарату комиссиясының толық атауы, почта деректемелерi, жауап берiлетiн шағым-талаптың (өтiнiштiң) күнi мен нөмiрi; 
      2) шағым-талап (өтiнiш) толық не iшiнара танылған жағдайда мойындалған сома, немесе егер олар ақшалай бағалауға жатпаса шағым-талапты (өтiнiштi) қанағаттандыру мерзiмi және тәсiлi көрсетiледi; 
      3) шағым-талап (өтiнiш) толық не iшiнара керi қайтарылған жағдайда - шағым-талаптың (өтiнiштiң) керi қайтарылуын негiздейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдерге және құжаттарға сiлтемесi бар керi қайтарудың дәлелдерi; 
      4) жауапқа қоса берiлген құжаттардың және басқа дәлелдемелердiң тiзбесi. 

      52. Шағым-талап (өтiнiш) толық не iшiнара керi қайтарылған жағдайда өтiнiш берушiге шағым-талаппен (өтiнiшпен) бiрге алынған құжаттар қайтарылуы тиiс, сондай-ақ егер олар өтiнiш берушiде жоқ болса, шағым-талаптың (өтiнiштiң) керi қайтарылуын негiздейтiн құжаттар жiберiлуi тиiс. 

      53. Кредиторға жауап арнайы немесе бағалы хат, оның жiберiлуiн қамтамасыз ететiн басқа да байланыс құралдары арқылы жiберiледi. 

      54. Шағым-талапты (өтiнiштi) ұсыну мерзiмi баспасөзде банктi ерiксiз тарату туралы хабарлама жарияланған күннен бастап есептеледi және екi айдан кем болмауы тиiс. 

      55. Шағым-талапты (өтiнiштi) ұсыну мерзiмi өткеннен кейiн, сондай-ақ барлық ұсынылған шағым-талаптар (өтiнiштер) қаралғаннан кейiн тарату комиссиясы бiр айлық мерзiмде активтердiң және мiндеттемелердiң жүргiзiлген түгендеу нәтижелерiн ескере отырып аралық тарату балансын жасайды және ол таратылатын банк мүлкiнiң құрамы, кредиторлардың шағым-талаптары мен өтiнiштерiнiң тiзбесi, оларды қарау нәтижелерi және банк кредиторлары талап етпеген берешегi, кредиторлар талаптарының тізілімі туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс. Филиалдары және (немесе) өкiлдiктерi бар банктiң аралық тарату балансы банк филиалдары мен өкiлдiктерiнiң аралық тарату балансын ескере отырып жасалады.
       Ескерту: 55-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

      56. Егер шағым-талапты (өтiнiштi) берген кредитор бiр мезгiлде таратылатын банктiң борышкерi болып табылған жағдайда шағым-талап (өтiнiш) қарастырылған кезде тарату комиссиясы ұсынылған құжаттарға сәйкес аралық тарату балансын бекiткенге дейiн кредитор және борышкер бiр адам болғандықтан өзара талаптарды есепке алу туралы мәселенi қарауы және аралық тарату балансында пайда болған айырмашылық сомасын қосуы тиiс. 

      57. Аралық тарату балансын және оның қосымшаларын, оның iшiнде кредиторлар талаптары тізілімін уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша тарату комиссиясы жасайды. ( РҚАО-ның сілтемесі:   1, 3 қосымшаларды қараңыз.
       Ескерту: 57-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .

      58. Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі жасалғаннан кейін тарату комиссиясы оларды бекіту үшін уәкілетті органға береді.
       Ескерту: 58-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .

      59. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тізілімін жасайды және ол Банктер туралы заңның 74-2 бабы белгiлеген кезектiлiкке сәйкес болуы тиiс. 
      Кредиторлар талаптарының тізілімінде әрбiр кредитор, оның ақша мiндеттемелерi және (немесе) мiндеттi төлемдер жөнiндегi талаптарының мөлшерi, әр талапты қанағаттандыру кезектiлiгi туралы мәлiметтер көрсетiледi. 
      Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың талассыз болып табылатын талаптары, сондай-ақ тарату комиссиясы ерiксiз таратылатын банкке ұсынған есебiне сай ақша сомасы көлемiнде орнын толтыруды төлеу үшiн мiндеттемелердi орындау жөнiнде Кепiлдiк беру жөнiндегi ұйымның болашақ талаптары енгiзiледi. 
      Сот шешiмi бойынша таратылатын банктiң ағымдағы есепшотына талап етiлген, заң күшiне енген атқарушы құжаттар кредиторлардың талаптарын есепке алу үшiн тарату комиссиясының төрағасына берiледi. 
      Атқарушы құжаттар мойындалған талаптар болып табылады және кредиторлар талаптарының тізілімінде тиiстi кезектiлiкте орындалмаған сома мөлшерiнде есепке алынады. 
       Ескерту: 59-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .

      60. Таратылатын банктiң мiндеттемелерi жөнiндегi есеп айырысулар тек уәкілетті органның аралық тарату балансын және оның қосымшаларын бекiткеннен кейiн жүзеге асырылады.
       Ескерту: 60-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

      61. <*>
       Ескерту: 61-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .

  5-тарау. Таратылатын банк кредиторларының
талаптарын қанағаттандыру 

      62. Таратылатын банк кредиторларының, оның iшiнде банкрот болуына байланысты талаптарын қанағаттандыруды аралық тарату балансына сәйкес оны бекiткен күнiнен бастап Банктер туралы заңның 74-2 бабы белгiлеген тәртiппен және кезектiлiкте тарату комиссиясы жүргiзедi. 

      63. Әрбiр кезек талабы өткен кезек талаптарын толық қанағаттандырғаннан кейiн қанағаттандырылады. Бiр кезектiң барлық мойындалған талаптарын қанағаттандыру үшiн таратылатын банктiң мүлкi жеткiлiксiз болған кезде таратылатын банктiң ақшасы және (басқа) мүлкi осы кезектiң кредиторлары арасында қанағаттандыруға жататын талаптар сомасына тепе-тең бөлiнедi. 

      64. Тиiстi кезек келген кезде кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн тәсiлдермен, оның iшiнде ақша нысанында және (немесе) есеп айырысудың тепе-теңдiлiк принциптерiн сақтай отырып мүлiктi заттай тапсыру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн. 

      65. Тарату комиссиясы таныған тарату комиссиясы шағым талапты (өтiнiштi) беру үшiн белгiлеген мерзiмi өткеннен кейiн, бiрақ тарату балансын бекiткенге дейiн белгiленген мерзiмде берiлген кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған борышкердiң мүлкiнен қанағаттандырылады. 

      66. Тарату комиссиясы кредиторлар талаптарын қанағаттандырудан немесе оларды қараудан бас тартқан жағдайда кредитор банктiң тарату балансын бекiткенге дейiн тарату комиссиясына сотқа шағымдана алады. 
      Белгiленген мерзiмде берiлген, бiрақ тарату комиссиясы мойындамаған және оларды қанағаттандыру жөнiнде соттың шешiмi бар кредиторлардың талаптары кредиторлармен есептесу үшiн белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен орындалады. Көрсетiлген талаптарды толық қанағаттандырғанға дейiн есептесу жүргiзiлген кезектегi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру тоқтатыла тұрады. 

      67. Таратылатын банк мүлкiнiң жеткiлiксiздiгiнен, сондай-ақ тарату балансын бекiткенге дейiн берiлмеген кредиторлардың шағым-талаптары (өтiнiштерi) өтелген деп танылады. 
      Егер кредитор сотқа шағымданбаса және соттың шешiмiмен кредитордың талабы қанағаттандырылмаса тарату комиссиясы танымаған кредиторлардың талаптары өтелмеген деп есептеледi. 

      68. Шағым-талабын (өтiнiшiн) тарату комиссиясы таныған және кредиторлар талаптарының тізіліміне енгiзiлген кредитор алдындағы мiндеттемелердi орындау мүмкiн болмаған жағдайда, тарату комиссиясы осы кезектегi топпен есептесудi аяқтаған кезде кредиторға төленбеген соманы азаматтық заңнамада көзделген тәртiппен нотариус депозитiне аударуға құқылы.
       Ескерту: 68-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

      69. Тарату комиссиясы таратылатын банктiң кредиторларымен есеп айырысуды аяқтағаннан кейiнгi қалған мүлкiн акционерлiк қоғамдар туралы заңнама белгiлеген тәртiппен банк акционерлерi арасында бөледi. 

  6-тарау. Таратылатын банктiң кредиторлар комитетi  

      70. Банктi ерiксiз таратқан кезде кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады. 

      71. Кредиторлар комитеті құрамының тізімін тарату комиссиясы аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап он күндік мерзімде қалыптастырады, тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және бекіту үшін жедел түрде уәкілетті органға жіберіледі.
       Ескерту: 71-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

      72. Кредиторлар комитетiнiң құрамына Банктер туралы заңның 74-2 бабы көздеген әрбiр кредитор санатынан бiр өкiлден кем емес, кредиторлар талаптарының тізіліміне енгiзiлген талаптардың ең көп сомасы бар кредитор кiруге құқылы. 
      Қатысушы банктiң кредиторлар комитетiн құрған кезде Кепiлдiк беру жөнiндегi ұйымның өтiнiшi негiзiнде оның құрамына соның өкiлi қосылады. 
      Кредиторлар комитетiнiң құрамына таратылатын банктiң басшы қызметкерлерi кiре алмайды.
       Ескерту: 72-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

      73. Кредиторлар комитетi мүшелерiнiң жұп саны кемiнде үш адам болады. 
      Кредитор кредиторлар комитетiнiң жұмысына қатысудан бас тартуға құқылы.
      Кредиторлар комитеті мүшесінің талаптары толық қанағаттандырылған жағдайда, ол кредиторлар комитетінің құрамынан шығарылады. Бұл жағдайда тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің тізімін бекіту үшін кейіннен уәкілетті органға бере отырып кредиторлар комитетінің құрамын өзгерту жөніндегі жұмысты жүргізеді.
       Ескерту: 73-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

      74. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетiнiң барлық мүшелерiне комитеттiң бiрiншi мәжiлiсiн өткiзу орны мен күнi жөнiнде хабардар етедi. 
      Кредиторлар комитетiнiң бiрiншi мәжiлiсi кредиторлар комитетiнiң құрамы бекiтiлген күннен бастап он күннен кешiктiрмей өткiзiлуi тиiс. Бiрiншi мәжiлiсте кредиторлар комитетi комитеттiң төрағасын сайлауға мiндеттi және оған дауыс беру рәсiмiнде дауыстар тең болған кезде шешушi дауыс құқығы берiледi. Кредиторлар комитетiнiң төрағасы комитеттiң жұмыс жоспарын жасайды және бекiтедi. 

      75. Кредиторлар комитетiнiң кейiнгi мәжiлiстерi комитет белгiлеген тәртiппен және мерзiмде шақырылады. 

      76. Кредиторлар комитетi: 
      1) банктi тарату барысында жасалатын барлық құжаттармен танысуға; 
      2) кредиторлардың өз құқықтары мен мүдделерi бұзылғаны туралы шағымдарын қарауға қатысуға; 
      3) уәкілетті орган пен сотты банктi тарату барысында кредиторлардың құқықтары мен мүдделерi бұзылғаны туралы, оның iшiнде тарату комиссиясының өз мiндеттерiн дұрыс орындамағандығы туралы хабардар етуге; 
      4) сотқа және уәкілетті органға тарату комиссиясының қызметiн қайта қарауға шағым беруге; 
      5) кез келген тарату рәсiмдерiн жасау кезiнде, мүлiктi сату жөнiндегi аукциондар мен тарату комиссиясының мәжiлiсiн қосқанда, оларға қатысуға құқығы бар кредиторлар комитетi мүшелерiнiң iшiнен кредиторлардың өкiлдерiн сайлауға; 
      6) тарату комиссиясынан таратылатын банктiң қаржылық жағдайы жөнiнде ақпаратты ұсынуын талап етуге;
      7) таратылатын банктiң өтеуге мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң көлемiн бекiтуге;
      8) тарату комиссиясы ұсынған банктiң тарату массасын сату жоспарын бекiтуге;
      9) банктің қаржылық жай-күйін ескере отырып тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне негiзгi және қосымша төлемдер мөлшерiн қосқанда тарату шығыстарының сметасын бекiтуге;
      10) тарату комиссиясының жекелеген кредиторларды хабардар етудiң мүмкiн еместiгi туралы актiсiн бекiтуге;
      11) тарату комиссиясының мүлiктi банктiң балансынан есептен шығару актiсiн бекiтуге құқылы.
       Ескерту: 76-тармаққа өзгерту мен толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .

      77. Кредиторлар комитетiнiң мәжiлiсi хаттамамен ресiмделедi. Кредиторлар комитетiнiң шешiмi жай басым дауыспен қабылданады.

      78. Банктiң барлық қалған кредиторларының кредиторлар комитетiнiң мәжiлiсiне қосалқы дауыс беру құқығымен қатысуға құқығы бар.

  7-тарау. Уәкілетті органның ерiксiз таратылатын
банктердiң тарату комиссияларының қызметiне 
бақылау жөнiндегi өкiлеттiктерi

       Ескерту: 7-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .

      79. Банк заңнамасына сәйкес уәкілетті орган тарату комиссиясының қызметiне бақылау жасайды.
       Ескерту: 79-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .

      80. Уәкілетті орган:
      1) тарату комиссиясының есептi және қосымша ақпаратты ұсыну нысанын, мерзiмiн және кезеңдiлiгiн белгiлейдi;
      1-1) еріксіз таратылатын банктің тарату комиссиясын тағайындайды;
      2) банктің тарату комиссиясы еріксіз таратылатын банктің келісу үшін ұсынған аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекітеді;
      3) банктің тарату комиссиясы ұсынған кредиторлар комитеті құрамының тізімін бекітеді; 
      4) кредиторлар комитетiнiң, жекелеген кредиторлардың немесе банк акционерлерiнiң хабарласуы бойынша, сондай-ақ өз бастамасы бойынша тарату комиссиясының қызметiн тексередi;
      4-1) тарату комиссиясы ұсынған еріксіз таратылатын банкті тарату туралы есепті және тарату балансын қарайды және келіседі; 
      5) банктiң тарату комиссиясының қызметiн бақылау бойынша осы Ережеде және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерде көзделген басқа өкiлеттiктерi бар.
       Ескерту: 80-тармаққа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

      81. Егер тарату комиссиясының қызметiн тексеру немесе уәкілетті органға ұсынылған мәлiметтердi талдау нәтижесiнде банк кредиторларының және акционерлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылғаны байқалса, сондай-ақ тарату процесiн жүргiзудiң заңмен реттелген тәртiбi бұзылса, уәкілетті орган тарату комиссиясына мiндеттi түрде орындау үшiн көрсетiлген заң бұзушылықтарды жою жөнiнде жазбаша ескертпе жiбередi және ұйғарымның орындалу мерзімін белгілейді.
       Ескерту: 81-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

      82. Тарату комиссиясы жазбаша ескертпенi орындамаған жағдайда  уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмдi қабылдаған сотқа немесе бұзылған құқықты және кредиторлардың заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау жөнiндегi прокуратура органдарына хабарласуға құқылы.
       Ескерту: 82-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 100   қаулысымен

  8-тарау. Тарату iсiне қатысушылардың Кепiлдiк беру
жөнiндегi ұйыммен өзара iс-әрекетi  

      83. Осы тарау қатысушы-банктердiң тарату комиссияларына қолданылады. 

      84. Тарату комиссиясы Кепiлдiк беру жөнiндегi ұйымға салымшылардың (депозиторлардың) тiзiмiн, кепiлдiк берiлетiн салымдарды (депозиттердi) қайтару бойынша мiндеттемелердi, сондай-ақ жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерде бекiтiлген мерзiм iшiнде Кепiлдiк беру жөнiндегi ұйым бекiткен нысан бойынша ерiксiз тарату туралы сот шешiмi күшiне енген күнгi жағдай бойынша салымдар (депозиттер) бойынша өтеу есебiн ұсынады. 

      85. Салымдар (депозиттер) бойынша өтеудi есептеу қатысушы банктiң тарату комиссиясы жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес өткiзуге тиiстi. 

      86. Қатысушы-банктiң тарату комиссиясы салымшыларға (депозиторларға) өтемақы төлеу бойынша мiндеттемелердi орындауға қажеттi есеп айырысуды жасағаннан кейiн Кепiлдiк беру жөнiндегi ұйымды кредиторлар талаптарының тізілімінiң үшiншi кезегiне салымшыларға төленуге тиiстi өтемақы мөлшерiнде кiргiзедi.
       Ескерту: 86-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен

      87. Кепiлдiк беру жөнiндегi ұйыммен есеп айырысу теңбе-теңдiк принципi сақтала отырып, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың үшiншi кезегi басталған кезде жүргiзiледi. 

      88. Ерiксiз таратылатын қатысушы банктiң iсi бiткеннен және тарату комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейiн банктi тарату және тарату балансы туралы есептi жасау кезiнде Кепiлдiк беру жөнiндегi ұйым және қатысушы-банктiң тарату комиссиясы екi данадан, әрбiр тарап үшiн бiр данадан, есеп айырысуларды салыстырып тексеру актiсiне қол қояды. 

  9-тарау. Таратуды аяқтау 

      89. Таратылатын банктің кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысу аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы уәкілетті органмен келісілген тарату туралы есепті және тарату балансын сотқа ұсынады.
      Сот тарату туралы есепті және тарату балансын бекітеді және тарату өндірісінің аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.
       Ескерту: 89-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .

      90. Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшірмесін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге алатын әділет органдарына және уәкілетті органға жібереді.
       Ескерту: 90-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .

      91. Ерiксiз таратылған жағдайда банктердiң қызметiн тоқтатуын тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңнамада анықталған тәртiппен жүргiзiледi.
      

92. Әдiлет органының банктiң таратылуын тiркеу туралы бұйрығы 
алынғаннан, банктiң құжаттарды архивке сақтауға тапсырғаннан және бұл жөнiнде уәкілетті органға хабарлағаннан кейiн тарату комиссиясының өкiлеттiктерi тоқтатылады.
       Ескерту: 92-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7   қаулысымен .     

  10-тарау. Қорытынды ережелер

      93. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнама нормаларына сәйкес шешiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады