Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40
қаулысымен
.
______________________________
Банктердi мәжбүрлеп тарату тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 421 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 1765 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 5 басылымдарында 2002 жылғы 25 ақпанда - 10 наурызда жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 2712 тiркелген, Агенттiк Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 7 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесiнде:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) уақытша әкiмшiлiк (уақытша әкiмшiлiк басқарушысы) - банк мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету және банктi басқаруды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн банк операцияларын жүргiзуге лицензияларды қайтарып алу туралы шешiм қабылданған күннен бастап және уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейiн кезеңге уәкiлеттi орган тағайындайтын орган (тұлға);";
20-тармақтың екiншi абзацындағы "Ұлттық Банктiң" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
82-тармақта:
"Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тарату комиссиясын құрған сотқа" деген сөздер "банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмдi қабылдаған сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
3. Қаржылық ұйымдарды тарату департаментi (Бадырленова Ж.Р.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және мәжбүрлеп таратылатын банктердiң тарату комиссияларына жiберсiн.