Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) әзiрлеу ережелерi туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімінің шешімі 2001 жылғы 14 мамырдағы N 111 Павлодар облысының әділет басқармасында 2001 жылғы 8 маусымда N 751 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 3 шешімімен.

      Облыс бюджетiнiң жобасын әзiрлеу рәсiмiн ретке келтiру мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын: 1. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар мен кiшi бағдарламаларды әзiрлеудiң қоса берiлiп отырған ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) бекiтiлсiн. 2. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмгерлерi бюджеттiк бағдарламалар мен кiшi бағдарламаларды әзiрлеген кезде жоғарыда көрсетiлген Ережелердi басшылыққа алсын. 3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсiн. Облыс әкімі Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 2001 жылғы 14 мамырдағы N 111 бекiтiлдi Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) әзiрлеу Ереже
      Осы Ережелер Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi  Z990357_"Бюджет жүйесi туралы" Заңына сәйкес әзiрленген және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) әзiрлеу тәртiбiн мен шарттарын анықтайды.
 
           1. Бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) және
                         оның түрлерiн анықтау
 
      1. Бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) - бюджеттiк қаржыны пайдаланып, белгiлi мiндеттердi орындауға бағытталған белгiлi бiр мемлекеттiк қызметтердi орындау жөнiндегi iс-шаралар кешенi. Орындалынатын iс-шараларды немесе мiндеттердi нақтылау үшiн кейбiр бюджеттiк бағдарламалар бюджеттiк бағдарламаның құрылымдық бөлiктерi ретiнде кiшi бағдарламаларға бөлiнедi. Бағдарламалардың нақты мақсаттары, мiндеттерi мен айқындалған нәтижелерi болуы керек.
      2. Бағдарламалардың әкiмгерлерi әр бағдарламаның алдына қойылған мақсаттарына сай жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаны мақсатты немесе функционалдық бағдарлама сияқты анықтайды.
      3. Мақсатты бюджеттiк бағдарлама - бұл облыстың дамуы стратегиясы мен басымдық мақсаттарымен және оның орындалу қажеттiлiгiмен, облыс экономикалық және әлеуметтiк дамуы бағдарламаларымен және оның жоғарыда аталған құқықтық құжаттарымен бекiтiлген мерзiмде iске асырылатынын анықтайтын бағдарлама.
      4. Функционалдық бюджеттiк бағдарлама - бұл iске асырылу қажеттiлiгi заңнамалық кесiмдермен анықталған және тұрақты мемлекеттiк функционалдың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама.
      5. Күрделi активтердi және негiзгi қорларды құруға қатысты бюджеттiк бағдарламалар күрделi және ағымдағы бағдарламаларға бөлiнедi.
      Күрделi бюджеттiк бағдарлама - бұл нәтижесiнде күрделi активтер құрылатын бағдарлама.
      Ағымдағы күрделi бағдарлама - бұл нәтижесiнде күрделi активтер құрылмайтын бағдарлама.
      6. Бюджеттiк бағдарламаның мазмұнына байланысты және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерiнiң қызметтерiне сәйкес мыналардың бiрi осы бағдарламаның iске асырылу нысаны болуы мүмкiн:
      1) мемлекеттiк мекемелердi ұстау - бюджеттiк мекеменiң толық түрiнде бюджеттiк қаржы есебiнде болуын қарастыратын бюджеттiк бағдарламаны iске асыру нысаны;
      2) мемлекеттiк тапсырыс - бюджеттiк бағдарламалар мемлекеттiк қызметтердi сатып алу (товарларды жеткiзiп беру, жұмыстарды орындау) түрiнде орындалатын бюджеттiк бағдарламаны iске асыру нысаны, ал мемлекеттiк органдар тапсырыс берушi болып табылады;
      3) iс-шара - нақты әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу жөнiнде тiкелей мемлекеттiк органдардың белгiлi iс-шаралар өткiзуiн болжайтын бюджеттiк бағдарламаны iске асыру нысаны;
      4) қаражаттандыру - мемлекеттi дамыту стратегиясы мен артықшылықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл бағдарламасында, облысты экономикалық және әлеуметтiк дамыту бағдарламаларында айқындалған мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес коммерциялық ұйымдарға өтеусiз және қайтарылысу қаржылық қолдау жасауды қарастыратын бюджеттiк бағдарламаны iске асыру нысаны;
      5) несие беру - бюджеттен төменгi бюджеттерге, заңды және жеке тұлғаларға қайтарылып берiлетiн қаржының бөлiнуi;
      6) әлеуметтiк төлемдер - заңды кесiмдерде қарастырылған зейнетақылар, жәрдемақылар, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, арнайы мемлекеттiк жәрдемақы, өтемақы және басқа да әлеуметтiк төлемдерге қаражат бөлудi қарастыратын бюджеттiк бағдарламаның нысаны;
      7) ақшалай төлемдер - тұлғаларға заңдарға сәйкес әлеуметтiк төлемдерден басқа қаражат бөлудi қарастыратын бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру нысаны.
 
             1. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды ұстап тұру және
                                әзiрлеу тәртiбi
 
      7. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмгерi осы Ереженiң 2-21 тармақтарымен бекiтiлген тәртiп бойынша бюджеттiк бағдарламаларды құрастырады. 8. Әр бюджеттiк бағдарламаларының iшiнде: 1) бағдарламаның және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен бюджеттiк жiктеуi бойынша кодтары көрсетiлген бағдарлама әкiмгерiнiң аталуы; 2) бағдарламаның iске асырылу мерзiмi - орындалу жылының басы мен аяғы (тек қана мақсатты бюджеттiк бағдарламалар үшiн); 3) бағдарламаның күрделi немесе ағымдағы бағдарламаға жатуын көрсету (тек қана мақсатты бюджеттiк бағдарламалар үшiн); 4) бағдарламаның iс-шаралары; 5) бағдарламаның iске асырылуының құқықтық негiздемесi; 6) қаржыландырудың көздерi; 7) бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) iске асырылу нысаны; 8) бағдарламаның орындалуы бiрнеше жылға қарастырылатын жағдайда (тек қана мақсатты бюджеттiк бағдарламалар үшiн) бағдарламаның iске асырылу кезеңдерiн баяндау; 9) қаржыландыру көздерi мен iске асыру кезеңдерi бойынша болжамдалатын шығындар көлемi; 10) бағдарламаны орындау үшiн қолда бар ресурстардың тiзбесi (тек қана функционалдық бюджеттiк бағдарламалар үшiн); 11) тиiмдiлiк критерийiн көрсетiп, бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтиже; 12) бағдарламаның өткен жылдардағы орындалу нәтижесi.
      9. "Бағдарламаның iске асырылу мерзiмi" атты тармағында осы бағдарламаның қажеттiлiгiн анықтайтын нормативтiк құқықтық кесiмдермен бекiтiлген бағдарламаның iске асыру жылының басталуы мен аяқталуы көрсетiледi. Бағдарламаның iске асыру мерзiмi тек қана мақсатты бюджеттiк бағдарламаларға үшiн ғана анықталады.
      10. "Күрделi немесе ағымдағы" атты тармағында негiзгi қорларды құру бойынша анықталған бағдарламаның күрделi немесе ағымдағы екендiгi көрсетiледi. Тек мақсатты бюджеттiк бағдарламалар үшiн ғана күрделi немесе ағымдағы бағдарламаларға жататын болып бекiтiледi.
      11. "Бағдарламаның iс-шаралары" атты тармақта осы бағдарламаның мақсаты, сондай-ақ оны iске асыру үшiн жүргiзiлетiн жұмыстар мен iс-шаралар көрсетiледi.
      12. "Бағдарламаны iске асырудың құқықтық негiзi" атты тармақта осы бағдарламаның iске асыру қажеттiлiгiн қарастыратын нормативтiк құқықтық кесiмдер (Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулылары, жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi) көрсетiледi.
      13. "Бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) болуы мүмкiн құрамдық бөлiктерi" атты тармақта бағдарламаның мазмұнын ескере отырып өткiзiлетiн iс-шаралар мен жұмыстарды айқындайтын бағдарламаның құрамды бағыты көрсетiледi.
      14. "Қаржыландырудың көздерi" атты тармақта осы бағдарламаның iске асырылу қажеттiлiгiн анықтайтын нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен бекiтiлген бағдарламаны қаржыландыру көздерi көрсетiледi.
      15. "Бюджеттен iске асырылатын бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) нысаны" атты тармақта бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) iске асырылу нысанының бiр түрi көрсетiледi.
      16. "Бағдарламаның орындалуы бiрнеше жылға арналған жағдайдағы бағдарламаның iске асырылу кезеңдерi" атты тармақта бағдарламаның орындалуы бiрнеше жылға арналған жағдайда бағдарламаны iске асырудың уақыт бөлшектерi көрсетiледi. Бағдарламаның iске асырылу кезеңi тек қана мақсатты бюджеттiк бағдарламалар үшiн анықталады.
      17. "Қаржыландыру көздерi мен iске асырылу кезеңдерi бойынша кетуi мүмкiн қаржы шығындарының көлемi" атты тармақта әр қаржыландыру көздерi мен iске асырылу кезеңi бойынша бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi қаражат сомасы көрсетiледi.
      18. "Бағдарламаны орындау үшiн қажеттi қолда бар ресурстар" атты тармақта бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi қолда бар материалдық, техникалық, адам және басқа ресурстар көрсетедi. Осы параметрлер тек функционалдық бюджеттiк бағдарламалар үшiн ғана анықталады.
      19. "Бағдарламаны, соның iшiнде бағдарламаны орындау тиiмдiлiгi критерийлерiн көрсете отырып, кезең-кезеңмен орындаудан күтiлетiн нәтиже" атты тармақта әр кезеңдi орындаудың жоспарлы нәтижелерi, әр кiшi бағдарлама мен бағдарламаны тұтас жүзеге асыру, сондай-ақ бағдарлама мен әрбiр кiшi бағдарламаны орындау тиiмдiлiгiнiң критерийлерi көрсетiледi. Бұл тармақта қойылған мақсаттарға неғұрлым тиiмдi жолмен қол жеткiзу көрсеткiштерi, мемлекеттiк функцияларды орындау үшiн нәтижелердiң мемлекет тарапынан талап етiлуi, бағдарламаны жүзеге асырудан келетiн әлеуметтiк және экономикалық тиiмдiлiк көрсетiледi. Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) орындау тиiмдiлiгiнiң критерийiн салалық ерекшелiктердi көрсете отырып, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаның әкiмгерi анықтайды.
      Жалпы түрде критерийлер мынадай топтарға бөлiнедi:
      1) сандық критерийлер - бұл қандай товарлардың (жұмыстар, қызметтердi көрсету) және қандай көлемде көрсетiлуi (орындалу, қызмет көрсету) көрсеткiштерi;
      2) сапалық критерий - алынған нәтижелердiң сапасы қалай бағаланатынын анықтайды;
      3) дер кезiнде көрсетiлу критерийi - бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижелерi қай мерзiмде алынғанын және алынатынын немесе көрсетiлетiн қандай да бiр қызметтер мен жұмыстарды орындаудың орташа ұзақтылығының қандай болатынын анықтайды;
      4) тиiмдiлiк критерийi - бұл орындалатын жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бiрлiгiне кететiн шығындар сомасының өлшемi. Тиiмдiлiк критерийi бағдарлама қаншалықта үнемдi, аз шығынмен орындалатынын анықтауы керек.
      20. "Өткен жылдары бағдарламаның орындалу нәтижесi" атты тармақта бағдарламаның тұтасымен орындалуы және егер ол өткен жылдары басталған жағдайда әр кiшi бағдарламаның орындалу нәтижелерi көрсетiледi.
      21. Бюджеттiк бағдарламаларға бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылу шығындарының құрылымы қоса берiледi. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылу нысанына байланысты шығындар құрылымы осы Ереженiң 1,2,3- қосымшаларында көрсетiлген нысандары бойынша құрастырылады
      22. Шығындар құрылымының нысандарында жылы (болжамдалынатын жыл), бағдарламалар әкiмгерлерiнiң (кiшi бағдарламалардың) атаулары мен кодтары көрсетiледi. Бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығындар құрылымындағы деректер өткен жыл есебi, ағымдағы жылдың нақтыланған жоспары, жоспарланатын жылға арналған болжам бойынша көрсетiледi.
      23. Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмгерлерiне 1-қосымша бойынша арнайы нысан толтырылады.
      Бұл нысан 2 бөлiмнен тұрады:
      1) бiрiншi бөлiмде 161 немесе 163 ерекшелiктерi бойынша, шығындар сомасы толық түрiнде көрсетiлуi, сондай-ақ негiзгi шығындар түрлерi бойынша жазылуы көрсетiледi;
      2) екiншi бөлiмде бюджеттiк бағдарлама бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындаудың негiзгi сандық көрсеткiштерi аталынады, мысалы, жолдардың ұзындығы, оқып жүргендердiң саны, iс-шаралар саны, зерттеулер және басқа да көрсеткiштер.
      Әр бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша қаржыландыру негiзiнде бағдарламалардың мына топтардың бiрiне жататынын анықтау үшiн қолданылатын мемлекеттiк тапсырыс құнын есептеу принципi көрсетiледi:
      1) орындалған жұмыстарының (көрсетiлген қызметтерiнiң) көлемiне сәйкес қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар);
      2) мемлекеттiк тапсырыс құнының бiрлiгi есебiнен қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар).
      24. Қаражаттандыру түрiнде қаржыландырылатын бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығындар құрылымы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiледi.
      Бұл нысан 4 бөлiмнен тұрады.
      Бiрiншi бөлiмде қаражаттандырылатын ұйымдардың шаруашылық қызметiнiң түсетiн кiрiстiң жалпы сомасы көрсетiледi.
      Екiншi бөлiмде түскен негiзгi шығындар түрлерi атап көрсетiлiп, шығындардың жалпы сомасы көрсетiледi.
      Үшiншi бөлiмде қаражаттандырылатын ұйымдар кiрiсiнiң үстiндегi шығындардың жалпы сомасы, яғни бюджеттен бөлiнетiн сомасы көрсетiледi.
      Төртiншi бөлiмде осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша негiзгi сан көрсеткiштерi берiледi.
      25. Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде қаржыландырылатын және қаражаттандыру түрiндегi бағдарламалардан (кiшi бағдарламалардан) басқа бағдарламалар бойынша шығындар құрылымы 3-қосымшаға сәйкес берiледi.
      Бiрiншi бөлiкте шығындардың жалпы сомасы, оның iшiнде шығындарды экономикалық жiктеу ерекшелiгi бөлiгiнде көрсетiледi.
      Екiншi бөлiкте осы бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) орындалу нәтижесiн көрсететiн негiзгi сандық көрсеткiштерi аталады.
      Шығындар құрылымы қолданылып жүрген еңбекақы төлеу жүйесiнде қолданылып жүрген нормативтерге (тамақтандыру дәрi-дәрмектер, киiндiру, жанар-жағар материалдар шығындары, электр, жылу қуаты шығындары нормалары және басқа) сәйкес әр шығындардың экономикалық жiктеу ерекшелiгi бойынша шығындарды есептеуге сәйкес құрастырылады. 26. Облыстық бюджетке енгiзуге ұсынылатын бағдарламалар бойынша шығындар құрылысын қарау мен келiстiрудi облыс қаржы департаментi жүзеге асырады ұсынысын қарастыру мен келiсiмiн қамтамасыз етедi. 27. Бағдарлама облыс қаржы департаментiне қажеттi есептеулердi қоса отырып, белгiленген талаптар бойынша қағазға және магнитке жазылып ұсынылады. Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 2001 жылғы 14 мамырдағы N 111 1-қосымша Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде қаржыландырылатын бағдарламалар бойынша шығындар құрылымы Кодтар ________________________________ Жыл | | |______________________________| Бағдарламалардың әкiмгерi | | |______________________________| Бағдарлама | | |______________________________| Кiшi бағдарлама | | |______________________________| Өлшем бiрлiгi - мың теңге ___________________________________________________________________________ N | Атауы | 2000 жылғы есеп | 2001 |Мына жылдарға | | | | болжам | |--------------------| жылға |--------------- | |кассалық| нақты |арналған|2002|2003|2004 | |шығындар| шығындар | бюджет |жыл |жыл | жыл __|__________________________|________|___________|________|____|____|_____ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 __|__________________________|________|___________|________|____|____|_____ 1. (161,163) ерекшелiктер бойынша шығындар жиынтығы 2. Сандық көрсеткiштер ___________________________________________________________________________ Басшы Бас бухгалтер (ҚЭБ-нiң бастығы) Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 2001 жылғы 14 мамырдағы N 111 2-қосымша Қаражаттандыру бағдарламалары бойынша шығындар құрылымы Кодтар ________________________________ Жыл | | |______________________________| Бағдарламалардың әкiмгерi | | |______________________________| Бағдарлама | | |______________________________| Кiшi бағдарлама | | |______________________________| Өлшем бiрлiгi - мың теңге ___________________________________________________________________________ N | Атауы | 2000 жылғы есеп | 2001 |Мына жылдарға | | | | болжам | |--------------------| жылға |--------------- | |кассалық| нақты |арналған|2002|2003|2004 | |шығындар| шығындар | бюджет |жыл |жыл | жыл __|__________________________|________|___________|________|____|____|_____ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 __|__________________________|________|___________|________|____|____|_____ 1. Барлық кiрiстер 2. Барлық шығындар оның iшiнде шығындар түрлерi бойынша 3. Кiрiстер үстiнен өсетiн шығындар (311- ерекшелiк) 4. Сандық көрсеткiштер ___________________________________________________________________________ Басшы Бас бухгалтер (ҚЭБ-нiң бастығы) Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 2001 жылғы 14 мамырдағы N 111 3-қосымша Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде қаржыландырылатын және қаражаттандыру түрiндегi бағдарламалардан (кiшi бағдарламалардан) басқа бағдарламалар бойынша шығындар құрылымы Кодтар ________________________________ Жыл | | |______________________________| Бағдарламалардың әкiмгерi | | |______________________________| Бағдарлама | | |______________________________| Кiшi бағдарлама | | |______________________________| Өлшем бiрлiгi - мың теңге ___________________________________________________________________________ N | Атауы | 2000 жылғы есеп | 2001 |Мына жылдарға | | | | болжам | |--------------------| жылға |--------------- | |кассалық| нақты |арналған|2002|2003|2004 | |шығындар| шығындар | бюджет |жыл |жыл | жыл __|__________________________|________|___________|________|____|____|_____ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 __|__________________________|________|___________|________|____|____|_____ 1. Шығындар барлығы оның iшiнде экономикалық жiктеу ерекшелiктер бойынша 2. Сандық көрсеткiштер ___________________________________________________________________________ Басшы Бас бухгалтер (ҚЭБ-нiң бастығы) Оқығандар: А.Татарков В.Подолян
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады