Алматы қаласындағы қылмыспен күрес және құқық тәртiбiн қамсыздандыру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Алматы қалалық Мәслихатының шешімі IІ сайланған X сессиясының 2001 жылғы 4 шілдедегі Алматы қалалық Әділет басқармасында 2001 жылғы 20 шілдеде N 364 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 309 хатымен

       Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 309 хатымен
      
      Алматы қаласының құқық қорғау органдарының жұмыс жағдайын қарап, Алматы қаласының Әкiмi В.В. Храпуновтың "Алматы қаласындағы қылмыспен күрес және құқық тәртiбiн қамсыздандыру жөнiндегi шаралар туралы" баяндамасын тыңдап талқылай келе Алматы қалалық Мәслихаты Алматы қаласы құқық қорғау органдарының заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қауiпсiздiгiн сақтау, қорғау және құқық тәртiбiн қамсыздандыру бойынша жұмысты тұрақты жетiлдiрiп келе жатқандығын атап өтедi. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев қойған мiндеттердi орындауға, халықты қылмыспен, жемқорлықпен, есiрткi саудасымен және браконьерлiкпен күреске көтеруге, қылмысты ескерту бойынша сақтандыру жұмыстарына баса назар аударылады. Қалада қалалық штаб құрылды, ерiктi халық жасақшыларының жұмысы жанданды, патрульдiк полицияның полкі құрылды, қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтеруге, құқық қорғау органдарына мамандарды таңдау мен даярлауға назар аударылады. 
      Қала құқық қорғау органдарының материалдық техникалық базасын жақсарту бойынша шаралар қабылданды, атап айтқанда, жедел басқару орталығы жұмыс iстей бастады, қосымша автомобильдер бөлiндi, бөлiмшелер компьютерлермен жабдықталды, участкелiк инспекторларға қызмет пәтерлерi бөлiндi. 
      Сонымен қатар, заңдылықтың орындалмауы байқалуда, бұл қаладағы құқық тәртiбi мен қылмыстық ахуалдың нашарлануына алып келуде. Бұл көп жағдайда экономикалық тұрақсыздықпен, қоғамдағы әлеуметтiк шиеленiспен түсiндiрiледi және соның салдары ретiнде меншiкке қарсы қылмыс санының өсуi байқалады, олардың үлес салмағы барлық тiркелген қылмыстың 65,2 пайызын құрайды, қылмыс жасаған адамдардың 81,4 пайызы - жұмыс iстемейтiндер. 2001 жылдың 5 айында қалада 8492 қылмыс тiркелдi, бұл 2000 жылдың осы мерзiмдегi деңгейiнен 13,7 пайызға жоғары (7466) және қылмыс жасаған 3423 адам анықталды, бұл 2000 жылдың өткен 5 айымен салыстырғанда 5,6 пайызға артық (3240). Тiркелген қылмыстардың жалпы құрылымында ауыр және өте ауыр қылмыстардың үлесi жоғары. 2001 жылдың 5 айында олардың саны 2000 жылдың осы мерзiммен салыстырғанда 41,2 пайызға өстi. Азаматтардың мүлiгiн ұрлау саны 45,9 пайызға алаяқтық 47,8 пайызға өстi. Белгiленген келiп-кету тәртiбiн бұзғандығы үшiн 10258 адам, жол қозғалыс тәртібiн бұзғандығы үшiн 112967 адам әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды. Қалада есiрткiнiң заңсыз айналымы елеулi мәселе болып отыр, оның өсу бағыты әлi де сақталуда. Қараусыз және қамқорлықсыз қалған балалар саны өсе түсуде, қылмысты жауапкершiлiкке тартылған кәмелетке толмағандардың 60 пайыздан астамы еш жерде оқымайды және жұмыс iстемейдi. 
      ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихат 
                               ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ: 
      1. Алматы қаласының Әкiмi В.В. Храпуновтың "Алматы қаласындағы қылмыспен күрес және құқық тәртiбiн қамсыздандыру жөнiндегi шаралар туралы" баяндамасы назарға алынсын; 
      2. "2001-2005 жылдарға арналған Алматы қаласында жедел ахуалды тұрақтандыру, құқық тәртiбiн нығайту, iшкi iстер органдарының материалдық техникалық, әлеуметтiк және кадрлық қамсыздандыру жөнiндегi алғашқы кезектегi шаралар" бағдарламасы бекiтiлсiн, N№1 қосымша; 
      3. "Алматы - үлгiлi құқық тәртiбi қаласы" ережесi әзiрленсiн және Алматы қалалық Мәслихатының келесi сессиясына бекiту ұсынылсын; 
      4. Алматы қалалық Мәслихатының тұрақты комиссиялары құқық қорғау органдарымен бiрлесе отырып заңдылықты сақтау жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Мәслихаттың, қала Әкiмiнiң нормативтiк актiлерiмен қала тұрғындарын таныстыру бойынша жұмысты жандандырып, бұл үшiн бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiгiн барынша пайдаланатын болсын; 
      5. Құқық қорғау органдарының басшыларына қызметкерлердi таңдау, даярлау, қайта даярлау, олардың бiлiктiлiгiн, абырой-беделiн көтеру бойынша жұмысты күшейту ұсынылсын. Тұрғылықты жерi бойынша учаскелiк инспекторлардың жұмысын күшейту, өзiн-өзi басқару органдарымен, бiлiм беру, еңбек, ғылыми, оқу ұжымдарымен ықпалдастық арқылы халықтың, әсiресе жастардың заңдарды бiлуi мен орындауына қол жеткiзiлсiн. Халықаралық терроризмдi, есiрткi саудасын ауыздықтау бойынша таяу және алыс шетел құқық қорғау органдарымен тәжiрибе алмастыруды және ынтымақтастықты жалғастыратын болсын. Құқық тақырыбына жазатын бұқаралық ақпарат құралдары журналистерiмен ынтымақтастық тереңдетiлсiн; 
      6. Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу және әкiмшiлiктiк 

 

заңнамасын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар келiсiлсiн және олар белгiленген 

тәртiппен Қазақстан Республикасының Парламентi мен Үкiметiне жолдансын,  

N 2 қосымша;

     7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау заңдылық, құқық қорғау және 

жергiлiктi өзiн-өзi басқару мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық 

комиссияға жүктелсiн (Е.М. Мұқыжанов).

 

     II-сайланған Алматы қалалық

     Мәслихатының Х-сессиясының

     төрағасы

 

     II-сайланған Алматы қалалық

     Мәслихатының хатшысы 

                                ІІ-ші сайланған Алматы қалалық

                                 Мәслихаты Х-шы сессиясының 

                                 2001 жылғы 4 шілдедегі

                                 шешіміне N№1 қосымша

 
            Жедел жағдайды тұрақтандырудың құқық тәртібін 

 

            нығайтудың басты шаралары, Алматы қаласында 

            қылмысқа қарсы күресуді күшейту, ішкі істер 

         органдарын 2001-2005 ж.ж. материалдық-техникалық, 

             әлеуметтік және кадрлармен қамтамасыз ету

                           БАҒДАРЛАМАСЫ

 

                      Алматы қаласы 2001 жыл

 

     Бағдарламаның паспорты

     

     1. Құқық тәртібі мен заңдылықтың жәй-күйін талдау

     2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеті

     3. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

     4. Күтілетін нәтиже

     5. Шаралар:

     5.1 Қылмысты ескерту және құқық тәртібін қорғау жөніндегі 

         алдын алу шаралары

     5.2 Қылмыстылықпен күресті және құқық тәртібін қорғау жөніндегі 

         ұйымдық шаралар

     5.3 Ұйымдық және кадрлық қамсыздандыру

     5.4 Алматы қаласы ішкі істер органдарын материалдық-техникалық

         қамсыздандыру, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу.

 

     1. Құқық қорғау мен заңдылықтың жәй-күйін талдау

 

 
      Еліміздегі шиеленіскен әлеуметтік-экономикалық жағдайда қылмыспен күрес мәселесі қылмыстың алдын алу және жазадан құтылмау қағидасын қамсыздандыруға бағытталған түбегейлі шараларды қолдануды талап етеді. 
      Қылмыс Алматы қаласында тұрақсыздық факторларының біріне айналып, қоғамдық тәртіп сақтауға, қоғамдық қауіпсіздікке ықпалын тигізіп отыр. 
      Алматы қаласында 2000 жылы қылмыстықтың өсуінің барлық түрінің деңгейі 17,0 пайызды (14736-дан 17248 дейін) құрайды, ал қылмыстық іздеу жағынан 17,5 пайызға (13926-дан 16368 дейін). 
      Қылмыстық деңгейінің өсуі бөтеннің мүлкін ұрлаудың (+1375 немесе 27,3 пайыз) негізінен және есірткіге (+1031 немесе 30,0 пайызды) байланысты қылмыстардың анықталуынан болып отыр. Талдау қазіргі заманның қылмыстары күш көрсету және пайдакүнемдік бағытында көбірек жасалатынын көрсетіп отыр. 
      Жасалған қылмыстың негізгі бөлігін тонау мен ұрлау құрайды. Атыс қаруының заңсыз айналымы мен оны қолдана отырып жасалған қылмыс саны арта түсуде. 
      Еліміздегі экономиканың күрт түсуіне байланысты жұмыссыздықтың өсуі, әсіресе ауылдағы жұмыссыздық ауыл жастарының қалаға қарай ағылуының басты себебі болды, бірінші кезекте Алматы қаласына. Мұнда олар жұмыс таба алмағандықтан, тұрақты тұрағы жоқтықтан қылмыс жасауға бағытталған топтарға бірігеді. 
      Жылдан-жылға қылмыстың ұйымдасқан түрі сипат алуда. Ұйымдасқан қылмыс спирттік, ішімдік өнімдерді шығару, түрлі-түсті металл өнімдерін алып сату салаларында көрінуде. 
      Соңғы уақытта Алматы қаласында есірткімен айналысу қылмысы үлкен бағыт алуда. Тек 2000-жылдың ішінде ресми деректерден белгілі болған 623 адам есірткіні шектен тыс қолданғаны үшін қайтыс болған. ІІББ-ның жедел есебінде есірткімен ұсталынған 14000 астам адам тұр. Өткен жылы есірткіге байланысты 4464 қылмыстық іс қозғалған, заңсыз айналымнан 3 мың килограммнан астам есірткілік заттар алынған. 
      Қылмыстық ортаның мүдделері барған сайын осы саламен тоқайласуда. ТМД кеңестігіндегі шекаралардың ашықтығы мен елдердің географиялық орналасуының өзі халықаралық есірткі мафияларының Қазақстанға қызығушылығын тудырып отыр. Жақын шетелдерден (Қазақстан, Өзбекістан, Тәжікстан) Шу жазығынан контрабандалық жолдармен тасылынып жатқан есірткі заттар - өзекті мәселелердің бірі. Алматы қаласында аймақ аралық байланыстарымен едәуір материалдық ресурстарға ие Қазақстан аумағында, сондай-ақ одан тыс жерлерде есірткі тарату жолдарын қалыптастырудың қадамдарын жасап жатқан қылмыстық топтар бар. Жастар арасында медициналық емес есірткіні қолдану кең таралуда. Орта мектептер мен колледж жастарының арасында да есірткі қолдану үлкен мазасыздық тудырып отыр. Есірткілік заттарды дискотекаларда, түнгі клубтарда, казиноларда пайдалануда мәселені күрделендіріп отыр қалыптасқан жағдайларды талдау нақты шаралар қабылдауды, есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы бірыңғай стратегиялық бағытқа негізделген күрес жүргізуді қажет етеді. 
      Терроризмге байланысты Орта Азия мен Ресей мемлекеттеріндегі оқиғалары да тұрақтылыққа елеулі қауіп төндіруде. Діни экстремизм мен терроризмді өздеріне қару еткен халықаралық қылмыстық ұйымдар тарапынан төнген қауіпте өсе түсуде. 
      Құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудегі халықтың әлеуметтік беделділігі де күрт төмендеп кетті. Құқық қорғау органдарының халықпен бұрынырақта қалыптасқан тығыз байланыстары жоғалып кетті. 
      Құқық бұзушылықпен алдын алу шараларын қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық мекемелердің қызметі шашыраңқы және жүйесіз сипатта. 
      Балалардың едәуір бөлігі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмен түсуіне байланысты өмірдегі және тәрбиедегі қолайсыз жағдайларды қалуда, қараусыз балалар көбейіп кеткен, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету шешілмеген. 
      Қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандардың 60 пайыздан астамы оқымайды не жұмыс түрімен қамтылмаған. Жауапкершілік жасқа толмай тұрып қылмыстық жазалынатын іс-әрекеттерді жасайтын балалар мен жасөспірімдердің қатары азаймай отыр, олардың 70 пайыздан астамы тұрмысы нашар жанұядан шыққандар. 
      Алматы қаласындағы кәмелетке толмаған жастардың саны - 316,461 мың адам - бұл бүкіл Қазақстан қалаларындағы кәмелетке толмаған жастардың 19 пайызы. Жасөспірімдердің соңғы жылдары жасаған қылмыстарын талдауы көрсетіп отырғандай кәмелетке толмағандардың қылмыс жасау бетбағысы төмендемей тұр. 
      Маңызды әлеуметтік мәселелер - маскүнемдік пен нашақорлық. Сонымен бірге алдын алу жұмысының деңгейі де өте төмен. 
      Маскүнемдер мен нашақорларды емдеу-оңалту мекемелері жетіспейді, салауатты өмір салтын мақсатты түрде насихаттау жұмыстары жоқ. 
      Қайта жасалынатын қылмыстардың саны төмендемей отыр, осы жылдың 4-айы ішінде осы түрдегі қылмыс саны 2,1 есеге көбейді. 
      Сонымен бірге бас бостандығынан айыру орындарынан босаған, тұрақты тұрағы жоқ азаматтарды әлеуметтік бейімдеу қанағаттанарлықсыз шешілуде. 
      Қылмысқа қарсы күресуде және алдын алу жұмыстарында әлі де болса ішкі істер басқармасының материалдық-техникалық базасы жетіспеушілігі қол байлау болуда. 
      Соңғы жылдары ішкі істер органдарының қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі төмендеп кетті, олардың ақшалай қаражаты қызметтік жүктемесіне сәйкес келмейді. Білікті, іскер мамандар әлеуметтік қорғанышының нашарлығынан, коммерциялық мекемелерге ауысып кетті. 
      Ішкі істер органдарының жұмыстарына тиісті ақпараттық қолдаудың жоқтығы, сондай-ақ халықта жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша белсенді қызметтің жүргізілмеуі көпшіліктің заңға және әділдікке деген сенімінің жоғалуына алып келді. 
      Қылмыспен тиімді күресуді жалғастыру үшін барлық мемлекеттік және жергілікті билік органдары мен басқармалардың күш-жігерін үйлестіруге негізделген және заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің сенімді жүйесін құруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру қажет. Алдын алу жұмыстарын күшейтіп, жұртшылықты қылмысты ауыздықтауға белсенділігін арттыру керек. Жұртшылықпен жұмысты негізінен төмендегі үш бағытта жүргізу тиімді болмақ: полицияның жұртшылықпен тікелей байланысын қолдау және дамыту; жергілікті бақылау жүйесін ұйымдастыру; полицияның басқа ұйымдармен өзара іс-әрекеті. Бұл жағдайда екі негізгі міндеттің орындалуына назар аудару қажет; халыққа жеке және мүліктік қауіпсіздігі бойынша кеңес беру; қылмыспен күресу үшін құрылған әртүрлі қоғамдық құрылымдарды ұйымдастыру және басшылық ету. 

 
      2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеті 

 
      Негізгі мақсаттары: 
      - заңдылық пен құқық тәртібін одан әрі нығайту. Қылмысқа қарсы күресте бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу; 
      - қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, бұл жұмысқа барлық мемлекет органдарын, қоғамдық құрылымдар мен тұрғындарды қамту, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстыққа қарсы күресте жергілікті атқару органдарының ролі мен жауапкершілігін арттыру; 
      - құқық бұзушылықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесін құру; 
      - қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, оның ұйымдасқан түрлерімен және жемқорлықпен, есірткі қылмыстарымен, терроризм және діни экстремизммен қарсы күресті күшейту. 

 
      Негізгі міндеттері: 
      - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, құқық тәртібін сақтауда және қылмыспен қарсы күрес жүргізудегі жергілікті атқарушы органдардың ролін арттыру. 
      - құқық бұзушылықтан белгілі мақсатқа бағытталған сақтандыру, соның ішінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдар мен тұрғылықты жері жоқ адамдарды; 
      - бас бос бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдар мен тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік ақтауды жүзеге асыру; 
      - ұйымдасқан қылмыспен, есірткі бизнесімен, жемқорлықпен күресті одан әрі нығайту, терроризмге қарсы әрекет етудің, заңсыз көші-қон, діни және саяси экстремизмнің таралуына қарсы әрекеттердің сенімді жүйесін құру; 
      - ішкі істер органдар қызметін техникалық қайта жарақтау мен ақпараттық қамсыздандыруды жүзеге асыру; 
      - ішкі істер органдарының қызметін қылмыспен күрестің негізгі бағыттарына жұмылдыру; 
      - ішкі істер органдарын олардың қызмет саласындағы жүргізген саясатына ақпараттық қолдау көрсету және халықтың сенімін қалыптастыру, қылмыстыққа қарсы күреске азаматтардың мүдделілігін көтеру; 
      - құқық қорғау органдарының беделін көтеру, халықтың құқық қорғау 

 

органдарына сенімін арттыру;

     - құқық қорғау органдарындағы тәртіп пен заңдылықты нығайту;

     - ішкі істер органдарын кадрмен қамтамасыз ету, қызметкерлердің 

біліктілігі мен іскерлігін арттыру, әлеуметтік-тұрмыстық және қаражат 

жағдайларын жақсарту.

                  

     3. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көзі

     

     Бағдарламаны қаржыландыру мемлекеттік бюджетте көрсетілген қаражат 

шегінде жүзеге асырылады. Ұйымдар мен халықтың демеушілік көмегін тарту 

көзделіп отыр.

     Бюджет қаражатының көлемі жыл сайын нақтыланып отырады.

     

     4. Күтілетін нәтиже

     

     Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

     - барлық қылмыстың ахуалы жақсарады, қылмысқа қарсы күрес күшейеді, 

ауыр қылмыстың төмендеу бетбағыты пайда болады, қылмысты ашудың деңгейі 

жоғарлайды;

     - қаладағы қоғамдық тәртіптің жағдайы жақсарады;

     - құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу жүйесінің негізі құрылып;   

     - құқық бұзушылық әрекеттерге бейім азаматтарды бақылау күшейеді;

     - халықтың құқықтық сана-сезім деңгейі көтеріліп, мемлекет пен ішкі 

істер органдарына деген сенімі артады;

     - халықтың қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуы 

жақсарады.

     

     Жедел ахуалды тұрақтандыру, құқық тәртібін нығайту,

     Алматы қаласындағы қылмыспен күресті күшейту, ішкі істер органдарын 

     материалды-техникалық, әлеуметтік және кадрмен қамтамасыз етудегі 

     2001-2005 жж. арналған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша бірінші      

     кезектегі  

                              Ш а р а л а р 

 

     5.1. Қылмысты ескерту күресті және құқық тәртібін қорғау жөніндегі

          алдын алу шаралары

---------------------------------------------------------------------------

5.1.1. 2001-2005 жылдарға арналған  !Қала әкімшілігі,  ! 2001 жылдың 

"Досуг" кәмелетке толмағандар мен   !білім басқармасы, ! 3 тоқсаны

жастар үшін жалпы қалалық           !ІІББ              !  

мәдени-тәрбиелік шараларының кешенді!                  ! 

жоспарын жасау. Мұнда алдын алу     !                  !  

сипатындағы кешенді шаралар         !                  !

қарастырылсын.                      !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.2. Балаларға арналған           !Білім департаменті! 2001 ж. 

"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз!ІІББ              ! 4 тоқсаны  

ету", ата-аналармен, мұғалімдерге   !                  !

жеке буклет ретінде кеңес -         !                  !

ұсыныстарды жасау.                  !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.3. Аулалық балалар клубтарын    !Қалалық, аудандық ! 2002 ж.     

қайта жандандыру мәселесін шешу.    !әкімшіліктер      !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.4. Жастарды полицияның және     !Қалалық әкімшілік ! Ұдайы

басқада құқық қорғау органдарының,  !                  !

әскердің тегін спорттық секцияларына!                  !   

тарту.                              !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.5. Әрбір ауданда соғыс, еңбек,  !Қалалық, аудандық ! 2002 ж. 

құқық қорғау органдары              !әкімшіліктер      !

интернационалист-жауынгерлер        !                  !

ардагерлерінің және ПИК өкілдерінің !                  ! 

қатысуымен қоғамдық ұйым            !                  ! 

мәртебесімен "Патриот" атты         !                  !

жастармен, кәмелетке толмаған       !                  ! 

балалармен жұмыс істейтін клубтар   !                  !

ұйымдастыру.                        !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.6. Компьютерлік ойындар мен     !Қалалық әкімшілік ! 2001 ж.

ойын автоматтар салондарының жұмыс  !                  ! 

жағдайы мен тәртібі туралы ережені  !                  ! 

жасау. Кәмелетке толмағандардың     !                  ! 

кешкілік уақыттардағы кіру уақытын  !                  !

шектеуді қарастыру (жазғы уақыт     !                  !

22.00 сағ. дейін, қыста 20.00 сағ.  !                  !  

дейін).                             !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.7. Жоғарғы оқу және арнайы орта !Прокуратура, ІІББ,! 2001-2002 ж. 

оқу орындарында "Тәрбие және жастар !Білім департаменті! 1 тоқсаны

арасындағы қоғамға қарсы қылықтардың!                  !

алдын алу" атты тақырыппен семинар  !                  !

өткізу.                             !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.8. "Көршінің қырағылығы" атты   !Қалалық әкімшілік ! 2001 ж. 

қозғалыс ұйымдастыру.               !аудан әкімдері,   ! 1 тоқсаны

                                    !ПИК               !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.9. Құқық қорғау органдары мен   !Аудан әкімдері,   ! 2001 ж.   

әскер зейнеткерлерінің, аула        !ПИК, ІІББ         ! 4 тоқсаны

жұмысшыларының, ПИК мүшелері және   !                  !     

еріктілер қатарынан жұмыс күндері   !                  !

азаматтардың пәтерлерін бақылау     !                  !

үшін жекеменшік пәтер иелерінің     !                  !   

кооперативінің жанынан "Қадағалау"  !                  !

атты аула тобын құру.               !                  !  

---------------------------------------------------------------------------

5.1.10. Жеке және мүліктік          !ІІББ              ! 2001 ж. 

қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қиын- !                  ! 3 тоқсаны 

қыстау жағдайлар кезінде азаматтарды!                  ! 

кепілдікке алу немесе ұрлау және    !                  ! 

т.б. орын алған сәтте азаматтарды   !                  !

осындай шұғыл жағдайларда өзін-өзі  !                  !

дұрыс ұстай білуге үйрету үшін      !                  !

тәжірибелі полиция қызметкерлерінен !                  !  

ақыл-кеңес беретін консультациялық  !                  !

кеңес құру.                         !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.11. Такси, жеке және қоғамдық   !ІІББ              ! Ұдайы 

көлік жүргізушілерін қылмыстың      !                  !

алдын алу үшін, қылмысқа қатысы бар !                  ! 

күдікті адамдар туралы хабарлар беру!                  !

жұмыстарына тартып, қылмысты ашуда  !                  !

септілік тигізген ақпараты үшін     !                  !

сыйақы белгілеу.                    !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.12. Жетім балаларды, бас        !Қалалық әкімшілік ! 2002 ж. 

бостандығынан айырған жерлерден     !                  ! 1 тоқсаны

босатылып келген азаматтарға, жасы  !                  ! 

18-ден асқан, жұмысы нақты тұрағы   !                  ! 

жоқ жастарға әлеуметтік, жұмысқа    !                  ! 

тұруына көмек беру мақсатында       !                  !

кәсіпкерлердің ассоциациясын құру.  !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.13.  Алматыда бас бостандығынан !Қалалық әкімшілік ! 2002 ж.

айырған жерлерден босатылып         !еңбек және        !    

келгендер және қоғаммен әлеуметтік  !жұмыспен          !

пайдалы байланыстарын жоғалтқан     !қамтамасыз ету    !

адамдар үшін әлеуметтік бейімдеу    !басқармасы        !                  

орталығын ашу туралы мәселені шешу. !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.14. Құқық бұзуға бейімі бар     !ІІББ, білім       ! 2002 ж. 

адамдарды, нашақорларды,            !департаменті,     ! 1 тоқсаны

маскүнемдерді, баспанасыздарды,     !еңбек және        !

қаңғыбастарды және жағдайы дұрыс    !жұмыспен          !

қалыптаспаған жанұядан шыққан       !қамтамасыз ету    !

балаларды әлеуметтік оңалту жүйесін !департаменті,     !

құру.                               !денсаулық сақтау  !  

                                    !департаменті.     !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.15.  Мектеп дезадаптациясын     !Білім департаменті! 2002 ж.    

түзету, алдын алу, балаларды        !еңбек және        ! 3 тоқсаны  

әлеуметтік бейімдеу, сауықтыру      !жұмыспен          ! 

мәселелері бойынша ұйымдық-         !қамтамасыз ету    ! 

әдістемелік орталық құру.           !департаменті,     ! 

                                    !денсаулық сақтау  !

                                    !департаменті      !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.16. Бас бостандығынан айырылған !Қалалық әкімшілік,! 2002 ж.    

жерлерден және ішкі істер           !еңбек және        ! 1 тоқсаны 

органдарының қабылдап тарату        !жұмыспен          ! 

орындарынан босатылып келген        !қамтамасыз ету    !

азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін!басқармасы        !

квота белгілеу бойынша базалық      !                  !

кәсіпорындарымен жұмысты жалғастыру.!                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.17. Құқық тәртібін және құқық   !Қалалық және      ! 2002 ж. 

қорғау шараларының мән-жайы туралы  !аудандық          !

қоғамдық пікірді жүйелі түрде       !әкімшіліктер      !

зерттеу үшін қала әкім аппаратының  !                  !

және аудан әкімдерінің жанында      !                  !

әлеуметтік топтар құрып, оған       !                  !

тәжірибелі, практикасы бар құқық    !                  !

қорғау органдарының                 !                  !     

қызметкерлерінің, мұғалімдердің,    !                  !

психологтардың, экономистерінің,    !                  !

қоғам қайраткерлерінің қатысуын     !                  !

ұйымдастыру.                        !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.18. Кәсіпорын және мекеме       !Қалалық және      !2001 - 2002 жж.

қызметкерлерінен ЖОО студенттерінен !аудандық          !

құрылған қаланың қоғамдық           !әкімшіліктер      !

құрылымдарды ұйымдастыру (қайта     !                  !

жандандыру) бойынша кешенді         !                  !

шараларды жүзеге асыру бойынша      !                  !

жұмыстарды жалғастыру.              !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.19. Ерекше күзетілетін          !Прокуратура, ІІББ ! 2001 ж.

объектілерде төтенше жағдайлардың   !                  !   

алдын алу немесе болдырмау          !                  !  

мақсатында, осы объектілердің       !                  !

техникалық жабдықталу және          !                  !

күзетілу жағдайларын зерттеу. Осы   !                  ! 

объектілерді сенімді күзету және    !                  !

қызмет етушілердің қауіпсіздігін    !                  !  

қамтамасыз ету, кемшіліктерді жою   !                  !

шараларын қабылдау.                 !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.20. Алматы қаласындағы кредит-  !ІІББ              ! 2001 ж.  

банкілік саласындағы ұйымдарға құқық!                  ! 4 тоқсаны

қорғау органдарына материалдық-     !                  ! 

техникалық көмек беру жөнінде ұсыныс!                  !  

жасау.                              !                  !  

---------------------------------------------------------------------------

5.1.21.  Маскүнемдер мен            !Қалалық әкімшілік,! 2001-2002 жж. 

нашақорларды емдейтін қалалық       !денсаулық сақтау  ! 

наркологиялық бөлімшелерді          !басқармасы,       ! 

материалдық-техникалық тұрғыдан     !қаражат басқармасы! 

нығайту және қосымша қаржымен       !                  !

қамтамасыз ету мәселесін шешу.      !                  ! 

Осы категорияға жататын             !                  !

жасөспірімдер мен балаларға         !                  !   

арналған стационарлық бөлімшелер    !                  !

ашу.                                !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.22. Кәмелетке толмағандардың    !Прокуратура, ІІББ ! 2002 ж.   

қылмыс жасаулары себебі мен жағдайын!                  ! 4 тоқсаны

зерттеу.                            !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.23. Экологиялық қылмыстарды     !Прокуратура, ІІББ ! 2003 ж.

жасаудың себептері мен жағдайларын  !                  ! 4  тоқсаны

зерттеу.                            !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.24. Маскүнемдікпен,             !Қалалық әкімшілік,! 2001-2005 жж.

нашақорлықпен күрес және жол        !ІІББ              !

қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз  !                  !

ету мәселелері бойынша баспа        !                  !  

басылымдарын, плакаттарды,          !                  !

брошюралар мен басқа да үгіт        !                  !

насихат материалдарын шығаруды      !                  !

кеңейту және оларды жастар арасында !                  !

ақысыз таратуды ұйымдастыру.        !                  !  

---------------------------------------------------------------------------

5.1.25. Жанұядағы жанжалды,         !Қалалық әкімшілік,! 2002 ж. 

көршілер арасындағы ұрыс-керісті    !Әділет басқармасы ! 1 тоқсаны     

шешумен және басқару органдары мен  !                  !

іс жүргізу кезінде жағдайы төмен    !                  ! 

жанұяларға көмек берумен айналысатын!                  !

"Азаматтарды қорғау тобы" қоғамдық  !                  !

ұйым құру.                          !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.1.26. Ғалымдардың, құқық қорғау   ! "Алматы ақшамы"  ! 2001 ж. 

органдары қызметкерлерінің назар    !"Вечерний Алматы" ! 3 тоқсаны

аударылатын ұсыныстарын басылымдарға! газеттері        !  

басып шығару үшін "Енгізілу үшін    !                  !  

ұсынылады" атты рубрика ашу, оны    !                  !

міндетті түрде құқық қорғау         !                  !  

органдарының үйлестіру кеңесінде    !                  !  

талқылау.                           !                  !

---------------------------------------------------------------------------

  

           5.2. Қылмыстылықпен күресті күшейту және тәртіп

                   қорғау жөніндегі ұйымдық шаралары

---------------------------------------------------------------------------

5.2.1. Құқық қорғау органдарының    !Қалалық әкімшілік ! 2001-2005 жж.  

қызметі бойынша жүйелі түрде        !ІІББ              !

баспасөз мәслихаттың (брифингтер)   !                  !

өткізіп тұру. Азаматтардың          !                  !   

тұрғылықты мекен-жайы бойынша, оқу  !                  !

орындарында, еңбек ұжымдарының      !                  !

басшыларымен жүйелі түрде заңдылықты!                  !

түсіндіру жөнінде кездесулер,       !                  !

әңгімелесулер, баяндамалар жасау,   !                  !  

құқық қорғау органдарының жұмысы    !                  !

туралы қоғамда оң пікірді           !                  !

қалыптастыру, түрлі құқық           !                  !    

бұзушылықтарға мойынсынбау          !                  ! 

жағдай қалыптастыру.                !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.2.2. І-ші шақырылған Алматы       !Қалалық әкімшілік,! 2001 ж.           

қалалық Мәслихатының 18.09.98 ж.    !ІІББ              ! 3 тоқсаны   

ХХІ сессиясының шешімімен           !                  !

бекітілген "Қазақстаннан тыс        !                  !

жерлерде тұратын азаматтардың       !                  !

Алматы қаласына келіп кету          !                  !

Ережесіне" бұрын паспорт-виза       !                  !

ережелерін бұзған азаматтарын бір   !                  !

рет тіркеу бөліміне өзгеріс енгізу  !                  ! 

мәселесін қарау.                    !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.2.3.  Учаскелік тіректер мен      !Қалалық әкімшілік,! 2001-2005 жж.

полицияның учаскелік                !ІІББ, тиісті      !  

инспекторларының үй құрылысын       !жылдың бюджетін   !

салуды жүзеге асыру және оларды     !қалыптастыру      !

учаскелік тіректер ретінде          !кезінде           ! 

пайдалану (біріктірілген үй жайлар).!                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.2.4. Полицияның кәмелетке         !Қалалық әкімшілік,! 2001 ж.     

толмағандармен жұмыс бөліміне       !ІІББ              ! 1 жартыжылдығы 

учаскелік тірек үшін 9 орынжай бөлу.!                  ! 

---------------------------------------------------------------------------

5.2.5. Көп қабатты тұрғын үйлердің  !Қалалық әкімшілік,! 2001-2002 жж.  

подъездерін жабылатын қалыптармен,  !Тұрғын үй         !

кодты құлыптармен, үй дауыстармен   !шаруашылық бөлімі !

және пәтерлерді темір есікпен       !                  !

қамтамасыз етуді жалғастыру.        !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.2.6. Подъездердегі, кварталдағы,  !Қалалық әкімшілік,! 2001 ж. 

көшелердегі және аулалардағы        !"Алматыгорсвет"   !   

жарықтандыруларды тексеріп, олардың !                  !

дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету. !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.2.7. Жол полициясының барлық      !ІІББ              ! 2002-2003 жж.  

қызметтерін компьютерлендірудің     !                  !

және оларды бірыңғай қалалық жүйеге !                  !  

қосудың кешендік шараларын жүзеге   !                  !

асыру.                              !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.2.8. Қолдағы бар қаражаттарды     !Қалалық әкімшілік ! 2002 ж. 

пайдаланып Алматы қаласының Әкімі   !                  !

жанындағы ақпарат жүйесі Орталығы   !                  !

мемлекеттік кәсіпорнының қызметін   !                  !

жандандыру және кешенді             !                  !

автоматтандыру бойынша шаралар      !                  !

қолдану.                            !                  ! 

---------------------------------------------------------------------------

5.2.9. Автокөлік оқиғасы іздерін    !Қалалық әкімшілік,! 2002-2003 жж.

сақтау үшін (кемінде 4 бірлік)      !ІІББ              !

ЖПБ кезекшілік бөлімінде ЖКО        !                  ! 

зерттеу жөніндегі сарапшы тобын     !                  !

құру.                               !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.2.10. ЖПБ аумағында арнайы        !Денсаулық         ! 2002 ж.

фотоаппараттар орнатылған           !басқармасы,       !  

наркологиялық пункттер ашудың       !ІІББ              !

тиімділігі туралы мәселені          !                  !

пысықтау.                           !                  ! 

---------------------------------------------------------------------------

5.2.11. Ақылы автотұрақтар мен      !Қалалық әкімшілік,! 2002 ж. 

кооперативті көлік-жайда көлік      !ІІББ              !             

құралдарын сақтауға қабылдау        !                  !

тәртібі туралы Ережені бекіту.      !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.2.12. Қаланың әрбір аудандарында  !Қалалық әкімшілік,! 2002 ж. 

ЖПБ тіркеу-емтихандық тіректерін    !ІІББ              !

және АІІБ жол полициясы бөлімшелерін!                  !

орналастыру үшін қызметтік орынжай  !                  !

бөліп беру немесе салу мәселесін    !                  !

шешу.                               !                  !

---------------------------------------------------------------------------

     

               5.3 Ұйымдық және кадрлық қамсыздандыру.

---------------------------------------------------------------------------

5.3.1. Қызметкерлер және олардың    !Қалалық әкімшілік ! 2001-2005 жж. 

отбасы мүшелері үшін ведомстволық   !                  !  

сауықтыру орындарына жеңілдіктермен !                  !  

жолдамалар беруді қарастыру.        !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.3.2. ІІО қызметкерлері үшін       !Қалалық әкімшілік ! 2001-2005 жж. 

"Тұрғын үй сертификаттарын"         !Тиісті жылдың     ! 

белгілеу туралы мәселені қарау.     !бюджетін          ! 

                                    !қалыптастыру      !

                                    !кезінде           !

---------------------------------------------------------------------------

5.3.3 Қызметкерлердің               !Қалалық әкімшілік ! 2001-2005 жж.

жауапкершілігін арттыру, тәртіпті   !                  !

күшейту және қызметтік              !                  ! 

міндеттемелерді орындау кезінде     !                  !

заңдылықты бұзуды болдырмау         !                  !

мақсатында жеке құрамды             !                  !

аттестациялауды жалғастыру. Осы     !                  !

жұмысты жүргізу кезінде формализмге,!                  ! 

қате пікірге, қызметкердің қасиетін !                  !

асыра мақтауға, мінездеме           !                  !

мәліметтерінің жасандылығына        !                  !

жол бермеу. Аттестацияның           !                  !

қорытындысы бойынша өз лауазымына   !                  !

сәйкес келмейтін және тәртіп бұзатын!                  !

қызметкерлерді лауазымынан босатып  !                  !

аттестациялық тәртіппен қызметке    !                  !  

лайықсыздығы бойынша ішкі істер     !                  !   

органынан шығарып жіберу.           !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.3.4 Полиция қызметінде құқықтық   !ІІББ              ! Ұдайы

мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын  !                  !

жалғастыру.                         !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.3.5. Жүйелі түрде резервтегі      !ІІББ              ! Ұдайы      

кадрларды жоғарлатуды қарау.        !                  !

Жоғарлату резервіне келешегі бар    !                  ! 

кәсіби сауатты, ұйымдастыру         !                  !

қабілеті бар қызметкерлерді қосу.   !                  ! 

Жоғарлатуға берілген резервтегі     !                  !

кадрларды жасалынып, бекітілген     !                  !

жоспарларға сәйкес оқумен           !                  !

қамтамасыз ету.                     !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.3.6. Кадрлер дайындау жүйесін     !Қалалық әкімшілік,! 2002 ж. 

жетілдіру барысында Алматы          !ІІББ              ! 

қаласында заманға сәйкес соңғы      !                  !  

ғылыми техникамен жарықтандырылған, !                  !  

тренажерлармен қамтамасыз етілген,  !                  ! 

шынайы қылмыстық ахуалға жақын      !                  !  

жағдайларда сабақ өткізуге арналған !                  !

оқу полигонын құру мәселесін        !                  !

қарастыру.                          !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.3.7. ІІББ бөлімшелерінің          !Қалалық әкімшілік,! 2001-2005 жж.  

қызметкерлерінің санын кезең        !ІІББ. Тиісті      ! 

бойынша көбейту.                    !жылдың бюджетін   !

                                    !қалыптастыру      !

                                    !кезінде.          !

---------------------------------------------------------------------------

                5.4 Алматы қаласы ішкі істер органдарын 

                 материалдық-техникалық қамсыздандыру, 

                 әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу.

---------------------------------------------------------------------------

5.4.1. Заңнамаға сәйкес құқық қорғау!Аудан             ! 2001-2005 жж.

органдарының қызметкерлерінің тұрғын!әкімшіліктері     ! 

үй және саяжай құрылысы үшін жер    !                  !

учаскелерін беру туралы арыздарын   !                  !

барынша қанағаттандыру.             !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.4.2 ІІО қызметкерлерінің балаларын!Қалалық әкімшілік,! 2001-2005 жж.

жеңілдіктермен мектепке дейінгі     !білім             !  

балалар мекемелеріне орналастыру    !департаменті      !  

туралы сұрауларын қамтамасыз ету.   !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.4.3 Қазақстан Республикасында     !Қалалық әкімшілік.! 2002 ж.  

қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002   !Тиісті жылдың     ! 

жж. арналған Бағдарламасын жүзеге   !бюджетін          !

асыру мақсатында (33 тармақ)        !қалыптастыру      !   

жол қозғалысын реттеудің техникалық !кезінде.          ! 

құралдарын жаңартуға жыл сайын      !                  ! 

қаржы бөлуді қарастыру.             !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.4.4. Алматы ІІББ-на автокөлік     !Қалалық әкімшілік.!   

сатып алу үшін кезеңмен қаржы бөлу. !Тиісті жылдың     !  

                                    !бюджетін          !

                                    !қалыптастыру      ! 

                                    !кезінде.          !

---------------------------------------------------------------------------

5.4.5. ІІББ барлық патрульдік       !Қалалық әкімшілік.! 

автокөліктерін кезеңмен борттық     !ІІББ, тиісті      ! 

компьютерлермен жабдықтау           !жылдың бюджетін   ! 

мүмкіндігін іздестіру:              !қалыптастыру      !

1 кезең - жол полициясын;           !кезінде.          ! 2002 ж. 

2 кезең - патрульдік полицияны;     !                  ! 2003 ж.           

3 кезең - қалған қызметтерді.       !                  ! 2004 ж.

---------------------------------------------------------------------------

5.4.6. ІІББ үшін қазіргі заманға    !Қалалық әкімшілік.! 2001-2005 жж.

сай арнайы, компьютерлік техника    !Тиісті жылдың     !

сатып алуды қамтамасыз ету.         !бюджетін          !

Компьютерлік техника, пейджерлер,   !қалыптастыру      !

Ксерокстер, сканерлер,              !кезінде.          ! 

радиостанциялар, факстер,           !                  !

электромегофондар ұстап жүретін     !                  !

радиостанцияларға транкингті типті, !                  !

конвенцивті типті аккумуляторлық    !                  !

батареялар.                         !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.4.7  Әуеден бақылау үшін тік ұшақ !Қалалық әкімшілік.! 2001-2002 ж.

алу.                                !                  !

---------------------------------------------------------------------------

5.4.8. ІІББ жеке құрамын, жергілікті!Қалалық әкімшілік.! 2002 ж.

бюджет есебінен ұсталатын құрылымдық!                  !

бөлімшелерін нысанды киім - кешекпен!                  !

қамтамасыз ету.                     !                  !

---------------------------------------------------------------------------

     Алматы қ. ІІББ  -  Алматы қаласы Ішкі істер бас басқармасы

     УПИ   -   учаскелік полиция инспекторы

     ЕМПО - Ерекше мақсаттағы полиция отряды

     ІІО  - Ішкі істер органдары

     КІБ - кәмелетке толмағандар істері бойынша бөлімше

     ЖПБ - жол полициясы басқармасы

     ЖПБ ТЕБ - жол полициясы басқармасы тіркеу-емтихан бөлімі

     ЖКО - жол-көлік оқиғасы

     ПИК - пәтер иелері кооперативтері.

     

     ІІ сайланған Алматы қалалық

     Мәслихаты Х сессиясының 

     төрағасы

     

     ІІ сайланған Алматы қалалық

     Мәслихатының хатшысы

                                   II-сайланған Алматы қалалық 

                                    Мәслихаты Х-сессиясының 

                                    2001 жылғы 4 шiлдедегi 

                                    шешiмiне N 2 қосымша

 
      Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер 
             мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi ұсыныстар 

 
      1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу Кодексiне өзгерiс енгiзiлсiн: 
      1.1. 134 баптың 1 тармағында "Аспайтын мерзiмде" сөздерiнен кейiн "үш" сөзi "жиырма төрт" сөзiмен алмастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы" Кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      2.1. 56 баптың 2 тармағы мына редакцияда мазмұндалсын: 
      "2 Әкiмшiлiктiк шығару облыс (республикалық маңыздағы қала) IIБ төл 

 

құжат және виза жұмыстары басқармасының бастығына жүктеледi".

     2.2. 541 баптың 1 тармағында "394,396" цифрлары алынсын, 543 баптың   

2 тармағының 6 тармақшасында "баптарында қарастырылған" сөздерiнен 

кейiн "394,396" цифрларымен толықтырылсын;

     2.3. мына мазмұндағы 341 - 1 бабымен толықтырылсын:

     "341-1 Қайыр тiлеу бабы

     Авариялық ахуал туғызуға ықпал ететiн жолдың өтетiн бөлiгiнде қайыр 

тiлеумен шұғылдану - үш айлық есептемелiк көрсеткiшке дейiн айыппұлға алып 

келедi."

     3. Босқындар мәртебесiн анықтайтын заң қабылдансын.

 

     II-сайланған Алматы қалалық 

     Мәслихатының Х-сессиясының 

     төрағасы

 

     II-сайланған Алматы қалалық

     Мәслихатының хатшысы

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады