" Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", " Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы заңдарына және Алматы қаласының Әкiмiнiң ұсынысына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады :
"Алматы қаласының коммуналдық меншiгiндегi ғимараттарды мүлiктiк жалдау жөнiндегi тарифтiк ставкалардың ең төменгi көлемiн бекiту туралы" II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты VIII-сессиясының 2001 жылғы 19 қаңтардағы шешiмiнiң қосымшасына толықтырылу енгiзiлсiн: екiншi азат жолдағы "жалдық төлемнен мемлекеттiк мекемелер босатылады" сөздерiнен кейiн "жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау және бiлiм коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары" сөздерiмен толықтырылсын, бұдан әрi мәтiн бойынша.
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының Х-сессиясының
төрағасы
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы